ТРУДОУСТРОЙСТВО - комплекс организационных, экономических и правовых мероприятий, призванных способствовать обеспечению трудовой занятости населения (ст. 1 ЗРК «О занятости населения» от 23 января 2001 года № 149)
|
ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ - халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені («Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 ҚРЗ 1-бап)
|
ТРУДОУСТРОЙСТВО - комплекс организационных, экономических и правовых мероприятий, призванных способствовать обеспечению трудовой занятости населения (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)
|
ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ - халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)
|
ТУР - комплекс туристских услуг, включающий путешествие по определенному маршруту в рамках определенных сроков (ст. 1 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ТУР - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені («ҚР Туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 1-бап)
|
ТУРАГЕНТ - физическое или юридическое лицо, осуществляющее деятельность по продвижению и реализации туристского продукта на основании лицензии (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности туроператора и турагента» от 31 декабря 2003 года № 513)
|
ТУРАГЕНТ - лицензияның негізінде туристік өнімді жылжыту мен сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға («Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 513 ҚРЗ 1-бап)
|
ТУРИЗМ - путешествие физических лиц продолжительностью от двадцати четырех часов до одного года либо меньше двадцати четырех часов, но с ночевкой в целях, не связанных с оплачиваемой деятельностью в стране (месте) временного пребывания (cт. 1 3PK «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ТУРИЗМ - жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 1-бап)
|
ТУРИЗМ САМОДЕЯТЕЛЬНЫЙ - путешествия с использованием активных способов передвижения, организуемые туристами самостоятельно (cт.1 3PK «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ӨЗ БЕТІНШЕ ТУРИЗМ - туристер өз бетімен ұйымдастыратын, жүріп-тұрудың белсенді тәсілдері пайдаланылатын саяхат («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 1-бап)
|
ТУРИСТ - физическое лицо, посещающее страну (место) временного пребывания на период от двадцати четырех часов до одного года и осуществляющее не менее одной ночевки в ней (в нем) в оздоровительных, познавательных, профессионально-деловых, спортивных, религиозных и иных целях без занятия оплачиваемой деятельностью (ст. 1 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ТУРИСТ - жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі мерзім кезеңінде уақытша болатын елді (жерді) аралап көретін және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнеп шығатын жеке тұлға («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 1-бап)
|
ТУРИСТСКАЯ АГЕНТСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ (ТУРАГЕНТСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ) - деятельность физических и (или) юридических лиц, имеющих лицензию на данный вид деятельности, по продвижению и реализации туристского продукта (ст. 1 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ТУРИСТІК АГЕНТТІК ҚЫЗМЕТ (ТУРАГЕНТТІК ҚЫЗМЕТ) - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі қызметі («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211ҚРЗ 1-бап)
|
ТУРИСТСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ - деятельность физических и юридических лиц по предоставлению туристских услуг (ст. 1 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ - жеке және заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі қызметі («ҚР турситік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 1-бап)
|
ТУРИСТСКАЯ ИНДУСТРИЯ - совокупность средств размещения туристов, транспорта, объектов общественного питания, объектов и средств развлечения, объектов познавательного, оздоровительного, делового, спортивного и иного назначения; организаций, осуществляющих туристскую деятельность, а также организаций, предоставляющих экскурсионные услуги и услуги гидов (гидов переводчиков) (cт.4 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯ - туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де мақсаттағы объектілердің, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметін көрсететін ұйымдардың жиынтығы («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 4-бап)
|
ТУРИСТСКАЯ ОПЕРАТОРСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ (ТУРОПЕРАТОРСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ) - деятельность юридических лиц, имеющих лицензию на данный вид деятельности, по формированию, продвижению и реализации своих туристских продуктов туристским агентам и туристам (ст. 1 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ТУРИСТІК ОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ (ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ) - қызметтің осы түріне лицензиясы бар заңды тұлғалардың (бұдан әрі - туроператор) өздерінің туристік өнімдерін қалыптастыру, ұсыну және туристік агенттер мен туристерге өткізу жөніндегі қызметі («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 1-бап)
|
ТУРИСТСКАЯ ПУТЕВКА - документ, подтверждающий право на получение комплекса туристских услуг (ст. 1 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ТУРИСТІК ЖОЛДАМА - туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын құжат («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 1-бап)
|
ТУРИСТСКИЕ ОРГАНИЗАЦИИ - юридические лица, основным видом деятельности которых является туристская деятельность (ст. 1 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ТУРИСТІК ҰЙЫМДАР - қызметінің негізгі түрі туристік қызмет болып табылатын заңды тұлғалар («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 1-бап)
|
ТУРИСТСКИЕ РЕСУРСЫ - природно-
климатические, исторические, социально-культурные, оздоровительные объекты, включающие объекты туристского показа, а также иные объекты, способные удовлетворить духовные потребности туристов, содействовать восстановлению и развитию их физических сил (ст.1 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ТУРИСТІК РЕСУРСТАР - туристік көрсету объектілерін қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға жәрдемдесетін өзге де объектілер («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 1-бап)
|
ТУРИСТСКИЕ УСЛУГИ - услуги, необходимые для удовлетворения потребностей туриста, предоставляемые в период его туристского путешествия и в связи с этим путешествием (размещение, перевозка, питание, экскурсии, услуги инструкторов туризма, гидов (гидов-переводчиков) и другие услуги, оказываемые в зависимости от целей поездки) (ст. 1 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ - өзінің туристік саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты туристің қажеттерін қанағаттандыру үшін берілетін қажетті қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты басқа да қызмет көрсетулері) («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 1-бап)
|
ТУРИСТСКИЙ ВАУЧЕР - документ, подтверждающий право туриста на услуги, входящие в состав тура, и факт их оплаты (ст. 1 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ТУРИСТІК ВАУЧЕР - турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 1-бап)
|
ТУРИСТСКИЙ ИНФОРМАЦИОННЫЙ ЦЕНТР - организация, создаваемая в порядке, определяемом Правительством РК, для формирования и распространеҒния информации о Казахстане и его туристском потенциале, для продвижения туристского продукта на международном туристском рынке и внутри государства (ст. 14 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ТУРИСТІК АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ - туристік ақпарат орталығы Қазақстан және оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату үшін, туристік өнімді халықаралық туристік рынокта және мемлекет ішінде ұсыну үшін ҚР Yкіметі белгілейтін тәртіппен құрылған ұйым болып табылады («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 14-бап)
|
ТУРИСТСКИЙ ПРОДУКТ - совокупность туристских услуг, достаточных для удовлетворения потребностей туриста в ходе путешествия (ст.1 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ТУРИСТІК ӨНІМ - саяхат барысында туристің қажетін қанағаттандыру үшін жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 1-бап)
|
ТУРИСТСКИЙ РЫНОК - обращение товаров (работ, услуг) и денег в области туристской деятельности (ст. 1 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ТУРИСТІК РЫНОК - туристік қызмет саласында тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) және ақша айналысы («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 1-бап)
|
ТУРОПЕРАТОР - юридическое лицо, получившее в порядке, установленном законодательством РК, лицензию на право занятия деятельностью по формированию, продвижению и реализации своих туристских продуктов турагентам и туристам (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности туроператора и турагента» от 31 декабря 2003 года № 513)
|
ТУРОПЕРАТОР - өзінің туристік өнімін қалыптастыру, жылжыту және турагенттер мен туристерге сату жөніндегі қызметпен айналысу құқығына ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлға («Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 513 ҚРЗ 1-бап)
|
ТЫЛ - воинские части, осуществляющие тыловое и техническое обеспечение Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований (ст.1 ЗРК «Об обороне и Вооруженных Силах РК» от 7 января 2005 года № 29)
|
ТЫЛ - Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тыл және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын әскери бөлімдер («ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 ҚРЗ 1-бап)
|
ТЫЛОВОЕ ОБЕСПЕЧЕНИЕ - комплекс мероприятий, направленных на удовлетворение материальных, транспортных, бытовых и иных потребностей Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований в целях поддержания их боевой готовности (ст. 1 ЗРК «Об обороне и Вооруженных Силах РК» от 7 января 2005 года № 29)
|
ТЫЛ ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұрысқа әзірлігін ұстап тұру мақсатында олардың материалдық, көліктік, тұрмыстық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шаралар кешені («ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 ҚРЗ 1-бап)
|
ТЯЖЕЛОВЕСНОЕ ТРАНСПОРТНОЕ СРЕДСТВО - транспортное средство с грузом или без груза, полная масса или распределение нагрузки по осям которого превышает величины предельно допустимых нагрузок для данной категории дорог и сооружений на них (ст. 1 ЗРК «Об автомобильных дорогах» от 17 июля 2001 года № 245)
|
АУЫР САЛМАҚТЫ КӨЛІК ҚҰРАЛЫ - толық массасы немесе жүктеменің оның осі бойынша бөлінуі осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшін рұқсат етілген шекті жүктеме мөлшерінен асатын, жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы («Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 ҚРЗ 1-бап)
|
ТЯЖЕЛЫЕ РАБОТЫ - виды деятельности работника, связанные с подъемом или перемещением тяжестей вручную, либо другие физические работы с расходом энергии более 250 ккал/час (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)
|
АУЫР ЖҰМЫСТАР - қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруіне немесе жылжытуына байланысты қызмет түрлері не 250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да қол жұмыстары (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)
|
ТЯЖЕЛЫЙ НЕДОСТАТОК - психический и (или) физический недостаток, выраженный в такой степени, что образование в соответствии с государственными (в том числе специальными) образовательными стандартами является недоступным и возможности обучения ограничиваются овладением навыками самообслуживания, элементарными знаниями об окружающем мире и простыми трудовыми навыками или узкой профессиональной подготовкой (ст. 1 ЗРК «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» от 11 июля 2002 года № 343)
|
АУЫР КЕМІСТІК - мемлекеттік (оның ішінде арнаулы) білім беру стандарттарына сәйкес білім беру қолжетімді болмайтын және оқыту мүмкіндіктері өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдерді және қарапайым еңбек дағдыларын, немесе аясы тар кәсіби даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежедегі психикалық және (немесе) дене кемістігі («Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 ҚРЗ 1-бап)
|
ТЯЖКИЕ ПРЕСТУПЛЕНИЯ - умышленные деяния, за совершение которых максимальное наказание, предусмотренное Уголовным кодексом РК, не превышает двенадцати лет лишения свободы (ст. 10 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)
|
АУЫР ҚЫЛМЫС - жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 10-бап)
|