Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет108/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   124

ТВОРЧЕСКИЙ РАБОТНИК - физическое лицо, чья про фессиональная или любительская творческая деятельность направлена на создание художественных ценностей, воспроизведение или интерпретацию (перевод) произведения литературы и искусства (ст. 1 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)

ШЫҒАРМАШЫЛ ҚЫЗМЕТКЕР - кәсіби немесе әуесқой шығармашылық қызметі көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған жеке адам («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 1-бап)

ТВОРЧЕСКИЙ СОЮЗ - общественное объединение профессиональных творческих работников одного или нескольких жанров культуры, создаваемое на основе их индивидуального членства (ст. 1 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚ - мәдениеттің бір немесе бірнеше жанры кәсіби шығармашыл қызметкерлерінің өздерінің жеке мүшелігі негізінде құрылатын қоғамдық бірлестігі («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 1-бап)

ТЕАТРЫ - зрелищные организации (драматические, музыкально-драматические, музыкальные, хореографические, кукольные, пантомимы, сатиры и юмора, для детей и юношества, молодежные, экспериментальные и иные), осуществляющие сценические представления произведений литературы и искусства (ст. 22 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)

ТЕАТРЛАР - әдебиет және өнер туындыларының сахналық көрсетілімдерін (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомима, сатира және юмор, балалар мен жасөспірімдерге арналған, жастарға арналған, эксперименттік және өзгелері) жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 22-бап)

ТЕКУЩИЙ СЧЕТ - банковский счет, открываемый банком клиенту на основании договора текущего счета, по которому выполняются операции, связанные с: обеспечением наличия и использованием банком денег клиента; принятием (зачислением) денег в пользу клиента; выполнением распоряжения клиента о переводе денег в пользу третьих лиц в порядке, предусмотренном договором банковского счета; исполнением распоряжения третьих лиц об изъятии денег клиента по основаниям, предусмотренным законодательными актами РК и (или) договором; осуществлением приема от клиента и выдачи ему наличных денег в порядке, установленном договором банковского счета; выплатой вознаграждения в размере и порядке, определяемых договором банковского счета; предоставлением по требованию клиента информации о сумме денег клиента в банке и произведенных операциях в порядке, предусмотренном договором банковского счета; осуществлением иного банковского обслуживания клиента, предусмотренного договором, законодательством РК и применяемыми в банковской практике обычаями делового оборота (ст. 6 ЗРК «О платежах и переводах денег» от 29 июня 1998 года № 237)

АҒЫМДАҒЫ ШОТ - ағымдағы шоттың шарты негізінде банктің клиентке ашатын банк шоты, ол бойынша: клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуге және банктің оны пайдалануына; клиенттің пайдасына ақша қабылдауға (есептеуге); банк шотының шартында көзделген тәртіппен үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы клиенттің өкімін орындауға; ҚР заң актілерінде және (немесе) шартта көзделген негіздер бойынша клиенттің ақшасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындауға; банк шотының шартында белгіленген тәртіппен клиенттен қолма-қол ақша қабылдауды және оған беруді жүзеге асыруға; банк шотының шартында айқындалған мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге; клиенттің талап етуі бойынша банк шотының шартында көзделген тәртіппен клиенттің банктегі ақшасының сомасы және жасалған операциялар туралы ақпарат беруге; клиентке шартта, ҚР заңдарында және банк тәжірибесінде қолданылатын іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар орындалады («Ақша төлемімен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237 ҚРЗ 6-бап)

ТЕЛЕ-, РАДИО-, ВИДЕО-, КИНОХРОНИКАЛЬНАЯ ПРОГРАММА - совокупность периодических аудиовизуальных сообщений и передач, имеющая полное название и выходящая в эфир не реже одного раза в полугодие (ст. 1 ЗРК «О средствах массовой информации» от 23 июля 1999 года № 451-І)

ТЕЛЕДИДАР, РАДИО, БЕЙНЕ, КИНОХРОНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ - толық атауы бар және кемінде жылына бір рет эфирге шығатын мерзімді дыбыс бейне хабарлары мен берілімдерінің жиынтығы («Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілде № 451 ҚРЗ 1-бап)

ТЕМАТИЧЕСКИЙ КОНТРОЛЬ - проверка и оценка деятельности объекта государственного финансового контроля по отдельным вопросам за конкретный период сплошным методом (ст. 134 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҚЫЛАУ - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 134-бап)

ТЕНДЕР - при конкурсных торгах в форме тендера его инициатор (организатор) обязуется на основе предложенных им исходных условий заключить договор (в качестве продавца, покупателя, заказчика, подрядчика, арендодателя, арендатора и т. п.) с тем из участников тендера, кто предложит лучшие для инициатора тендера условия договора (ст. 915 ГК РК от 1 июля 1999 года № 409)

ТЕНДЕР - тендер нысанындағы конкурстық саудаластық кезінде оның бастамашысы (ұйымдастырушы) өзі ұсынған бастапқы шарттардың негізінде тендер бастамашысы үшін шарттың ең жақсы талаптарын ұсынған тендер қатысушысымен шарт жасасуға (сатушы, сатып алушы, тапсырысшы, мердігер, жалға беруші, жалға алушы және т.б. ретінде) міндеттенеді (1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-І ҚР АК 915-бап)

ТЕРМИНОЛОГИЧЕСКАЯ КОМИССИЯ - консультативно-совещательный орган, вырабатывающий предложения в области терминологической лексики казахского языка по всем отраслям экономики, науки, техники, культуры (ст. 1 ЗРК «О языках в РК» от 11 июля 1997 года № 151)

ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ КОМИССИЯ - экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттің барлық салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзірлейтін консультативтік-кеңесші орган («ҚР тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 ҚРЗ 1-бап)

ТЕРРИТОРИАЛЬНАЯ ОБОРОНА - совокупность мероприятий, осуществляемых Правительством РК в целях защиты населения, объектов и коммуникаций РК от действий противника, диверсионных или террористических актов, а также введения и обеспечения режимов чрезвычайного или военного положения (ст. 1 ЗРК «Об обороне и Вооруженных Силах РК» от 7 января 2005 года № 29)

АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС - ҚР халқын, объектілерін және коммуникацияларын қарсы жақтың іс-қимылынан, диверсиялық немесе террорлық актілерінен қорғау мақсатында ҚР Үкіметі жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу және қамтамасыз ету («ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 ҚРЗ 1-бап)

ТЕРРИТОРИАЛЬНОЕ ПОДРАЗДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРАЛЬНОГО ИСПОЛНИТЕЛЬНОГО ОРГАНА - структурное подразделение центрального исполнительного органа, осуществляющее в пределах соответствующей административно-территориальной единицы функции центрального исполнительного органа (ст. 1 ЗРК «О местном государственном управлении в РК» от 23 января 2001 года № 148)

ОРТАЛЫҚ АТҚАРУШЫ ОРГАННЫҢ АУМАҚТЫҚ БӨЛІМШЕСІ - тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс шегінде орталық атқарушы орган міндеттерін жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі («ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ТЕРРИТОРИАЛЬНЫЕ ПОДРАЗДЕЛЕНИЯ УПОЛНОМОЧЕННОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО ОРГАНА ПО ТРУДУ - структурные подразделения уполномоченного органа по труду, осуществляющие в пределах соответствующей административно-территориальной единицы полномочия в сфере трудовых отношений в соответствии с законодательством РК (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ЕҢБЕК ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННЫҢ АУМАҚТЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІ - еңбек жөніндегі уәкілетті органның тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ТЕРРИТОРИЯ ГРАДОСТРОИТЕЛЬНОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ - территория, в пределах которой осуществляется какая-либо архитектурная, градостроительная и строительная деятельность (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН РЕТТЕУ АУМАҒЫ - шегінде қандай да болсын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жүзеге асырылатын аумақ («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 ҚРЗ 1-бап)

ТЕРРИТОРИЯ ИНДИВИДУАЛЬНОЙ ЖИЛОЙ ЗАСТРОЙКИ - часть территории населенного пункта (район, квартал, улица), используемая для индивидуального жилищного строительства, в комплексе с объектами культурно-бытового обслуживания граждан, а также инженерной и транспортной инфраструктурой (ст. 1 ЗРК «Об индивидуальном жилищном строительстве» от 3 ноября 1994 года № 213)

ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫ - елді мекен (аудан, махалла, көше) аумағының азаматтарға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, сондай-ақ инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектілері бар кешенімен жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланатын бөлігі («Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» 1994 жылғы 3 қарашадағы № 213 ҚРЗ 1-бап)

ТЕРРИТОРИЯ НАСЕЛЕННОГО ПУНКТА - пространство в пределах установленной границы (черты) городского или сельского населенного пункта (ст.1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ЕЛДІ МЕКЕННІҢ АУМАҒЫ - қалалық немесе селолық елді мекеннің белгіленген шекара (ішкі) шегіндегі кеңістік («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 ҚРЗ 1-бап)

ТЕРРИТОРИЯ С ЛЬГОТНЫМ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКИМ СТАТУСОМ - территория (в пределах границ административных районов), прилегающая к зоне минимального радиационного риска, на которой эффективная эквивалентная доза облучения в силу различных причин ниже 0,1 бэp за весь период испытаний, но имеет место существенное отрицательное воздействие психоэмоциональных нагрузок, связанных с проживанием вблизи pадиационно- и сейсмо-опасных районов. К этой зоне относятся Баянаульский район Павлодарской области (ст. 9 ЗРК «О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне» от 18 декабря 1992 года № 1787)

ЖЕҢІЛДІКТІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘРТЕБЕСІ БАР АУМАҚ - бүкіл сынақ кезеңінде тиімді эквивалент сәулелену мөлшері әртүрлі себептерден 0,1 бэрден төмен болған, бірақ радиациялық қауіпті және сейсмикалық қауіпті аудандарға жақын тұруға байланысты елеулі психикалық-эмоциялық теріс әсері бар ең төмен радиациялық қауіпті аймаққа таяу жатқан аумақ (әкімшілік аудандардың шекарасы шегінде). Бұл аймаққа Павлодар облысының Баянауыл ауданы жатады («Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787 ҚРЗ 9-бап)

ТЕРРОРИЗМ - совершение взрыва, поджога или иных действий, создающих опасность гибели людей, причинения значительного имущественного ущерба либо наступления иных общественно опасных последствий, если эти действия совершены в целях нарушения общественной безопасности, устрашения населения либо оказания воздействия на принятие решений государственными органами РК, иностранным государством или международной организацией, а также угроза совершения указанных действий в тех же целях (ст. 233 УК РК от 16июля 1997 года № 167)

ТЕРРОРИЗМ - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не ҚР мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатын-да жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 233-бап)

ТЕРРОРИЗМ - противоправное уголовно наказуемое деяние или угроза его совершения в отношении физических лиц или организаций в целях подрыва общественной безопасности, устрашения населения, оказания воздействия на принятие государственными органами РК, иностранными государствами и международными организациями решений либо с целью прекращения деятельности государственных либо общественных деятелей, или из мести за такую деятельность (ст. 1 ЗРК «О борьбе с терроризмом» от 13 июля 1999 года № 416)

ТЕРРОРИЗМ - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, ҚР мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет, не қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту («Терроризмге қарсы күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-І ҚРЗ 1-бап)

ТЕРРОРИСТ - лицо, участвующее в осуществлении террористической деятельности (ст.1 ЗРК «О борьбе с терроризмом» от 13 июля 1999 года № 416)

ТЕРРОРИСТ - террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам («Терроризме қарсы күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-І ҚРЗ 1-бап)

ТЕРРОРИСТИЧЕСКАЯ АКЦИЯ - непосредственное совершение акта терроризма либо иных предусмотренных уголовным законодательством РК преступлений, преследующих террористические цели (ст. 1 ЗРК «О борьбе с терроризмом» от 13 июля 1999 года № 416)

ТЕРРОРИСТІК АКЦИЯ - терроризм актісін не ҚР қылмыстық заңдарында көзделген террористік мақсаттарды қудалайтын өзге де қылмыстарды тікелей жасау («Терроризмге қарсы күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-І ҚРЗ 1-бап)

ТЕРРОРИСТИЧЕСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ - деятельность, направленная на совершение преступлений террористического характера и включающая в себя любое из нижеуказанных деяний: распространение идеологии терроризма; организацию, планирование, подготовку и совершение террористических акций; подстрекательство к проведению террористических акций, призывы к насилию в террористических целях; организацию незаконных военизированных формирований или преступных организаций с целью совершения террористических акций, аравно участие в них; вербовку, вооружение или использование террористов в террористических акциях, атакже обучение их террористическим навыкам; финансирование террористической организации или террористов; пособничество в подготовке и совершении террористической акции (ст. 1 ЗРК «О борьбе с терроризмом» от 13 июля 1999 года № 416-І)

ТЕРРОРИСТІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР - террористік сипат-тағы қылмыстарды жасауға бағытталған және төменде аталған әрекеттердің кез келгенін қамтитын іс-әрекет: терроризм идеологиясын тарату; террористік акцияларды ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау және жасау; террористік акцияларды жасауға айдап салу, террористік мақсатта зорлық-зомбылық жасауға шақыру; террористік акцияларды жасау мақсатымен әскерилендірілген заңсыз құрамаларды немесе қылмысты ұйымдарды құру, сондай-ақ оларға қатысу; террористік акцияларға террористерді тарту, қаруландыру немесе пайдалану, сондай-ақ оларды террористік дағдыларға үйрету; террористік ұйымдарды немесе террористерді қаржыландыру; террористік әрекетті дайындау мен жасауға жәрдемдесу («Терроризмге қарсы күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-І ҚРЗ 1-бап)

ТЕРРОРИСТИЧЕСКАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - организация, созданная в целях осуществления террористической деятельности или признающая возможность использования в своей деятельности терроризма. Организация признается террористической, если хотя бы одно из ее структурных подразделений осуществляет террористическую деятельность с ведома одного из руководящих органов данной организации (cт.1 ЗРК «О борьбе с терроризмом» от 13 июля 1999 года № 416)

ТЕРРОРИСТІК ҰЙЫМ - террористік іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзінің іс-әрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым. Ұйым, егер осы ұйымның басқарушы органдарының бірінің келісімімен оның құрылымдық бөлімшелерінің бірі террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын болса, террористік ұйым деп танылады («Терроризмге қарсы күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-І ҚРЗ 1-бап)

ТЕХНИЧЕСКАЯ ДИСПЕТЧЕРИЗАЦИЯ - услуга, оказываемая системным оператором по осуществлению централизованного оперативно-диспетчерского управления режимами производства и потребления электрической энергии в единой электроэнергетической системе РК (ст. 1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)

ТЕХНИКАЛЫҚ ДИСПЕТЧЕРЛЕНДІРУ - ҚР біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөнінде көрсететін қызмет («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)

ТЕХНИЧЕСКАЯ ДОКУМЕНТАЦИЯ НА ПИЩЕВЫЕ ПРОДУКТЫ, МАТЕРИАЛЫ И ИЗДЕЛИЯ - совокупность документов, необходимых и достаточных для непосредственного использования на каждой стадии жизненного цикла продукции (ст. 1 ЗРК «О качестве и безопасности пищевых продуктов» от 8 апреля 2004 года № 543)

ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНЕ, МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА - өнімнің тіршілік циклінің әрбір сатысында тікелей пайдалану үшін қажетті және жеткілікті құжаттар жиынтығы («Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 543 ҚРЗ 1-бап)

ТЕХНИЧЕСКАЯ СЛОЖНОСТЬ ОБЪЕКТА - уровень ответственности объекта строительства по степени технических требований к надежности и прочности оснований и конструкций, устанавливаемых государственными и (или) межгосударственными (международными) нормативами в зависимости от функционального назначения объекта, особенностей его несущих и ограждающих конструкций, количества этажей (конструктивных ярусов), сейсмической опасности или иных особых геологических, гидрогеологических, геотехнических условий места (района) строительства, которые подразделяются на: первый уровень ответственности - повышенный; второй уровень ответственности - нормальный; третий уровень ответственности - пониженный (ст.1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ОБЪЕКТІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ КҮРДЕЛІЛІГІ - объекітінің функционалдық қызметіне, оның тірек және қоршау конструкцияларының ерекшеліктеріне, қабаттар (конструкциялық қатарлар) санына, сейсмикалық қауіптілігіне немесе салынатын жерінің (ауданының) өзге де айрықша геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық жағдайларына қарай мемлекеттік және (немесе) мемлекетаралық (халықаралық) нормативтермен белгіленетін, табандары мен конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша құрылыс объектісінің жауапкершілік деңгейі, олар: жауапкершіліктің бірінші деңгейі - күшейтілген; жауапкершіліктің екінші деңгейі - қалыпты; жауапкершіліктің үшінші деңгейі - төмендетілген болып бөлінеді («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 ҚРЗ 1-бап)

ТЕХНИЧЕСКАЯ ЭКСПЛУАТАЦИЯ АВТОТРАНСПОРТНЫХ СРЕДСТВ - комплекс мероприятий, технических воздействий (диагностирование, техническое обслуживание, ремонт), направленных на организацию и обеспечение безопасной эксплуатации автотранспортных средств (ст. 1 ЗРК «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 года № 476)

АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ - автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар, техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет ету, жөндеу) кешені («Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 ҚРЗ 1-бап)

ТЕХНИЧЕСКАЯ ЭКСПЕРГИЗА - анализ технического состояния (технических характеристик) задействованных активов и необходимости проведения работ, обеспечивающих поддержание активов в рабочем состоянии, эффективности технологического процесса, включая соответствие установленных норм материальных, трудовых затрат, технологии производства, оценки необходимости осуществления инвестиционных программ и (или) инвестиционных проектов, уровня задействованности и правильности распределения основных средств по видам предоставляемых регулируемых услуг (товаров, работ) (ст. 3 ЗРК «О естественных монополиях» от 9 июля 1998 года № 272)

ТЕХНИКАЛЫҚ САРАПТАМА - қолданысқа енгізілген активтердің техникалық жай-күйін (техникалық сипаттамаларын) және активтерді жұмыс істеуін қалпында ұстауды қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізу қажеттігін, өндіріс технологиясының, материалдық, еңбек шығындарының белгіленген нормаларға сәйкестігін қоса алғанда, технологиялық процестің тиімділігін талдау, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігін, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша негізгі құралдарды іске қосудың деңгейін және олардың дұрыс бөлінуін талдау («Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272 ҚРЗ 3-бап)

ТЕХНИЧЕСКИЕ ВСПОМОГАТЕЛЬНЫЕ (КОМПЕНСАТОРНЫЕ) СРЕДСТВА - протезно-ортопедические и сурдотифлотехнические средства и обязательные гигиенические средства (ст. 1 ЗРК «О социальной защите инвалидов в РК» от 13 апреля 2005 года № 39)

ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕКШІ (ОРНЫН ТОЛТЫРУШЫ) ҚҰРАЛДАР - протездік-ортопедиялық және сурдотифлотехникалық құралдар мен міндетті гигиеналық құралдар («ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 ҚРЗ 1-бап)

ТЕХНИЧЕСКИЕ И ПРИКЛАДНЫЕ ВИДЫ СПОРТА - часть физической культуры, требующая специальной подготовки спортсмена к соревнованиям с применением технических средств (ст.1 ЗРК «О физической культуре и спорте» от 2 декабря 1999 года № 490)

СПОРТТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ТҮРЛЕРІ - спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып жарыстарға арнаулы даярлық жүргізуін талап ететін дене шынықтырудың бір бөлігі («Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490 ҚРЗ 1-бап)

ТЕХНИЧЕСКИЕ СРЕДСТВА РЕГУЛИРОВАНИЯ ДОРОЖНОГО ДВИЖЕНИЯ - дорожные знаки, дорожная разметка, светофоры (включая оборудование, определяющее программу их работы), регулирующие устройства на железнодорожных переездах, а также дорожные ограждения и направляющие устройства (ст.1 ЗРК «О безопасности дорожного движения» от 15 июля 1996 года № 29)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау