УБИЙСТВО - противоправное умышленное причинение смерти другому человеку (ст. 96 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)
|
АДАМ ӨЛТІРУ - кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 96-бап)
|
УБЫТОК ОТ РЕАЛИЗАЦИИ ЦЕННЫХ БУМАГ - по ценным бумагам, за исключением долговых ценных бумаг, - отрицательная разница между стоимостью реализации и стоимостью приобретения; по долговым ценным бумагам - отрицательная разница между стоимостью реализации и стоимостью приобретения с учетом амортизации дисконта и (или) премии на дату реализации (ст. 123 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)
|
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ӨТКІЗУДЕН ШЕГЕТІН ЗАЛАЛ - борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы теріс айырма; борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткізген күнгі дисконт амортизациясы мен (немесе) сыйлықақы есептегендегі өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы теріс айырма (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 123-бап)
|
УВЕДОМЛЕНИЕ - письменное заявление работника или работодателя либо заявления, поданные иным способом (посредством курьерской почты, почтовой связи, факсимильной связи и электронной почты) (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)
|
ХАБАРЛАМА - қызметкердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге тәсілмен (курьерлік почта, почта байланысы, факсимильді байланыс және электрондық почта арқылы) берілген өтініштер (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)
|
УВЕДОМЛЕНИЕ - направленное органом налоговой службы сообщение налогоплательщику на бумажном носителе или с его письменного согласия электронным способом о необходимости исполнения последним налогового обязательства (ст. 31 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)
|
ХАБАРЛАМА - салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау қажеттігі туралы салық қызметі органының салық төлеушіге қағазға түсірілген немесе оның жазбаша келісімімен электрондық тәсілмен жіберген хабары (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 31-бап)
|
УГОДЬЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЛЕСНОГО ФОНДА - земельные участки, выделяемые составе государственного лесного фонда при лесоустройстве в целях государственного учета лесного фонда, специального картографирования и планирования лесохозяйственных мероприятий (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 481)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ҚОРЫ АЛҚАБЫ - орман орналастыру кезінде орман қорын мемлекеттік есепке алу, арнайы картаға түсіру мен орман шаруашылығы іс-шараларын жоспарлау мақсатында мемлекеттік орман қоры құрамында бөлінетін жер учаскелері (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ ҚР ОК 4-бап)
|
УГОЛОВНОЕ ДЕЛО - обособленное производство, ведущееся органом уголовного преследования и судом по поводу одного или нескольких предположительно совершенных преступлений (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)
|
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС - жасалды деп жорамалданған бір немесе бірнеше қылмыстар бойынша қылмыстық ізге түсу органы мен сот жүргізетін оқшауландырылған іс жүргізу (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)
|
УГОЛОВНОЕ ПРЕСЛЕДОВАНИЕ (ОБВИНЕНИЕ) - процессуальная деятельность, осуществляемая стороной обвинения в целях установления деяния, запрещенного Уголовным законом, и совершившего его лица, виновности последнего в совершении преступления, а также для обеспечения применения к такому лицу наказания или иных мер уголовно-правового воздействия (ст.7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)
|
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ (АЙЫПТАУ) - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)
|
УГОЛОВНО-ИСПОЛНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА ОРГАНОВ ЮСТИЦИИ РК - система органов и учреждений, осуществляющих исполнительные и распорядительные функции по обеспечению исполнения уголовных наказаний и содержания под стражей в следственных изоляторах подозреваемых и обвиняемых, атакже организаций, обеспечивающих жизнедеятельность органов и учреждений уголовно-исполнительной системы (ст. 10 ЗРК «Об органах юстиции» от 18 марта 2002 года № 304)
|
ҚР ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ - қылмыстық жазаның атқарылуын және тергеу изоляторларында сезіктілер мен айыпталушылардың күзетпен ұсталуын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы және әкімші функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың жүйесі. («Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы № 304-ІІ ҚРЗ 10-бап)
|
УГРОЗА - угроза убийством или причинением тяжкого вреда здоровью, а равно иным тяжким насилием над личностью либо уничтожением имущества поджогом, взрывом или иным общеопасным способом при наличии достаточных оснований опасаться приведения этой угрозы в исполнение (ст. 112 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)
|
ҚОРҚЫТУ - өлтіремін деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту, бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздерінің бар екендігі кезінде (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 112-бап)
|
УГРОЗА МАТЕРИАЛЬНОГО УЩЕРБА - очевидная неотвратимость материального ущерба, подтвержденного фактическими доказательствами с целью исключения субъективных соображений о возможности причинения ущерба (ст. 1 ЗРК «Об антидемпинговых мерах» от 13 июля 1999 года № 421-І)
|
МАТЕРИАЛДЫҚ ЗАЛАЛ ҚАУПІ - залал келтіру мүмкіндігі туралы субъективті пікірлерді болдырмау мақсатымен нақты дәлелдемелер арқылы расталған материалдық залалдың анық болмай қоймайтындығы («Демпингке карсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 421 ҚРЗ 1-бап)
|
УГРОЗА МАТЕРИАЛЬНОГО УЩЕРБА - очевидная неотвратимость материального ущерба, подтвержденного фактическими доказательствами с целью исключения субъективных соображений о возможности причинения ущерба (ст.1 ЗРК «О субсидиях и компенсационных мерах» от 16 июля 1999 года № 441-І)
|
МАТЕРИАЛДЫҚ ЗИЯН ШЕГУ ҚАУПІ - залал келтіру мүмкіндігі туралы субъективті ой-пікірлерді жою мақсатында нақты айғақтармен қуатталған материалдық зиянның айқын орын алуы («Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 441 ҚРЗ 1-бап)
|
УГРОЗА СЕРЬЕЗНОГО УЩЕРБА - явная неизбежность серьезного ущерба (ст. 1 ЗРК «О мерах защиты внутреннего рынка при импорте товаров» от 28 декабря 1998 года № 337-І)
|
ЕЛЕУЛІ ЗАЛАЛ КЕЛТІРУ ҚАУПІ - елеулі залалдың анық болмай қоймайтындығы («Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 337-І ҚРЗ 1-бап)
|
УДАЛЕНИЕ ИЗ ЗАЛА СУДА - удаление из зала суда применяется судом к нарушителям порядка в судебном заседании в случаях, предусмотренных статьей 179 Гражданского процессуального кодекса (ст. 121 ГПК РК от 13 июля 1999 года № 411)
|
СОТ ЗАЛЫНАН ШЫҒАРЫП ЖІБЕРУ - сот залынан шығарып жіберуді сот отырысындағы тәртіп бұзушыларға Азаматтық іс жүргізу кодекстің 179-бабында көзделген жағдайларда сот қолданады (1999 жылғы 13 шілдедегі № 411-І ҚР АІЖК 121-бап)
|
УДАЛЕНИЕ ОТХОДОВ - операции по захоронению и уничтожению отходов (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)
|
ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖОЮ - қалдықтарды көму және жою жөніндегі операциялар (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
|
УДОСТОВЕРЕНИЕ ОХОТНИКА - документ установленной формы, удостоверяющий право физического лица на охоту (ст.1 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)
|
АҢШЫ КУӘЛІГІ - жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 1-бап)
|
УДОСТОВЕРЯЮЩИЙ ЦЕНТР - юридическое лицо, удостоверяющее соответствие открытого ключа электронной цифровой подписи закрытому ключу электронной цифровой подписи, а также подтверждающее достоверность регистрационного свидетельства (ст. 1 ЗРК «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» от 7 января 2003 года № 370)
|
КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ - электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға («Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
УКАЗАНИЕ - приказ отправителя банку-получателю о переводе либо выплате денег, предъявляемый в силу договора или закона. Указания составляются в форме поручения либо в форме требования (ст. 3 ЗРК «О платежах и переводах денег» от 29 июня 1998 года № 237)
|
НҰСҚАУ - жөнелтушінің ақша аудару не төлеу туралы шарт немесе заң бойынша берілетін бұйрығы. Нұсқаулар тапсырма нысанында не талап нысанында жасалады («Ақша төлемімен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237 3-бап)
|
УКЛОНЕНИЕ ОТ МЕДИЦИНСКОГО ОБСЛЕДОВАНИЯ ИЛИ ЛЕЧЕНИЯ - умышленное невыполнение предписаний или назначений врача лицом, больным заразной формой туберкулеза (ст.1 ЗРК «О принудительном лечении граждан, больных заразной формой туберкулеза» от 10 декабря 1999 года № 496-І)
|
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН НЕМЕСЕ ЕМДЕЛУДЕН ЖАЛТАРУ - туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамның дәрігер ұйғарған немесе тағайындаған емдерді қасақана орындамауы («Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбурлеп емдеу туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 496-І ҚРЗ 1-бап)
|
УКЛОНЕНИЕ ОТ МЕДИЦИНСКОГО ОСВИДЕТЕЛЬСТВОВАНИЯ, МЕДИЦИНСКОГО ОБСЛЕДОВАНИЯ ИЛИ ЛЕЧЕНИЯ - умышленное невыполнение распоряжения работника правоохранительных органов относительно медицинского освидетельствования или обследования, а равно невыполнение назначений и рекомендаций врача лицом, злоупотребляющим наркотическими средствами или психотропными веществами (ст.1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)
|
МЕДИЦИНАЛЫҚ КУӘЛАНДЫРУДАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН НЕМЕСЕ ЕМДЕУДЕН ЖАЛТАРУ - есірткі немесе психотроптық заттарды теріс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары қызметкерінің медициналық куәландыруға немесе тексеруге қатысты өкімін қасақана орындамау, сондай-ақ дәрігердің белгілеулері ұсынымдарын орындамау («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)
|
УКЛОНЕНИЕ ОТ ПРИЗЫВА ПО МОБИЛИЗАЦИИ - уклонение от призыва на воинскую службу по мобилизации в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования РК (ст. 174 УК РК от 16июля 1997 года № 167)
|
ЖҰМЫЛДЫРУҒА ШАҚЫРУДАН ЖАЛТАРУ - ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен құрамалары қатарына жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақырудан жалтару (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 174-бап)
|
УЛЕЙ - сооружение для содержания пчелиной семьи (cт. 1 ЗРК «О пчеловодстве» от 12 марта 2002 года № 303)
|
БАЛ АРА БАЛ ҰЯСЫ - бал ара бал ұясын ұстауға арналған құрылыс («Бал ара шаруашылығы туралы» 2002 жылғы 12 наурыздағы № 303-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
УЛИЦА (ПРОЕЗЖАЯ ЧАСТЬ УЛИЦЫ) - автомобильная дорога в пределах границ городов или иных населенных пунктов (cт.1 ЗРК «Об автомобильных дорогах» от 17 июля 2001 года № 245)
|
КӨШЕ (КӨШЕНІҢ КӨЛІК ЖҮРЕТІН БӨЛІГІ) - қалалар немесе өзге де елді мекендер шекарасының шегіндегі автомобиль жолы («Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245-II ҚРЗ 1-бап)
|
УНИВЕРСАЛЬНЫЕ УСЛУГИ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЙ - минимальный перечень услуг телекоммуникаций, разрабатываемый уполномоченным органом и утверждаемый Правительством РК, оказание которых любому пользователю услугами связи в любом населенном пункте в заданный срок с установленными качеством и уровнем цен, обеспечивающими доступность этих услуг, является обязательным для операторов универсального обслуживания (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)
|
ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫҢ ӘМБЕБАП ҚЫЗМЕТТЕРІ - уәкілетті орган әзірлейтін және ҚР Үкіметі бекітетін телекоммуникация қызметтерінің ең аз тізбесі, оны кез келген елді мекенде байланыс қызметінің кез келген пайдаланушысына белгілі бір мерзімде белгіленген сапада және осы қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)
|
УГРОЗЫ НАЦИОНАЛЬНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ - со вокупность условий, процессов и факторов, препятствующих реализации национальных интересов или создающих им опасность (ст. 1 ЗРК «О национальной безопасности РК» от 26 июня 1998 года № 233)
|
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ТӨНЕТІН ҚАУІП-ҚАТЕР - ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп төндіретін жағдайлардың, процестер мен факторлардың жиынтығы («ҚР Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы № 233 ҚРЗ 1-бап)
|
УНИВЕРСИТЕТ - многопрофильное высшее учебное заведение, реализующее образовательные программы высшего профессионального и послевузовского профессионального образования по широкому спектру специальностей; осуществляющее переподготовку и (или) повышение квалификации специалистов с высшим профессиональным образованием, научных и научно-педагогических работников; проводящее фундаментальные и прикладные научные исследования; являющееся ведущим научным и методическим центром в областях своей деятельности (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
УНИВЕРСИТЕТ - мамандықтардың кең ауқымы бойынша жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын; жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды, ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлерді қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізетін; өзінің қызмет саласында жетекші ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын көп салалы жоғары оқу орны («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
|
УПАКОВКА - единица групповой потребительской тары, содержащая определенное количество пачек (ст.2 ЗРК «О профилактике и ограничении табакокурения» от 10 июля 2002 года № 340)
|
ҚАПТАМА - белгілі қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бірлігі («Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 340-ІІ ҚР3 2-бап)
|
УПАКОВКА ЛЕКАРСТВЕННОГО СРЕДСТВА - средство или комплекс средств, обеспечивающих процесс обращения лекарственных средств путем их защиты от повреждений и потерь, а также защиту окружающей среды от загрязнений (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)
|
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ОРАУ - дәрілік заттар айналымы процесін, оларды бұзылу мен жойылудан қорғау жолы-мен, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанудан қорғауды қамтамасыз ететін құралдар немесе құралдар жиынтығы («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)
|
УПОЛНОМОЧЕННАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - юридическое лицо, уполномоченное Правительством РК осуществлять функции на условиях Закона «О государственных пособиях семьям, имеющим детей» (ст. 1 ЗРК «О государственных пособиях семьям, имеющим детей» от 28 июня 2005 года № 63)
|
УӘКІЛЕТТІ ҰЙЫМ - ҚР Үкіметі «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңының шарттарына сәйкес функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берген заңды тұлға («Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 ҚРЗ 1-бап)
|
УПОЛНОМОЧЕННЫЕ ОРГАНИЗАЦИИ - юридические лица, созданные в соответствии с законодательством РК, исключительным видом деятельности которых является организация обменных операций с иностранной валютой (ст.1 ЗРК «О валютном регулировании и валютном контроле» от 13 июня 2005 года № 57)
|
УӘКІЛЕТТІ ҰЙЫМДАР - ҚР заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің ерекше түрі шетелдік валютамен айырбас-тау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар («Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57 ҚРЗ 1-бап)
|
УПРАВЛЕНИЕ БЮДЖЕТНЫМИ ДЕНЬГАМИ - комплекс мероприятий по обеспечению своевременности платежей в соответствии со сроками поступлений в бюджет (ст. 106 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
БЮДЖЕТТІК АҚШАНЫ БАСҚАРУ - төлемдердің бюджетке түсетін түсімдер мерзімдеріне сәйкес уақтылы төленуін қамтамасыз ету жөніндегі і с-шаралар кешені (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 106-бап)
|
УПРАВЛЕНИЕ ДОРОЖНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬЮ - комплекс мероприятий, направленных на организацию и обеспечение безопасности и удобства движения на дорогах, повышение транспортно-эксплуатационного состояния автомобильных дорог и сооружений, обеспечение порядка их охраны, организацию проектирования, строительства, реконструкции, ремонта, содержания и использования автомобильных дорог на основе государственных стандартов, установленных нормативными правовыми актами, и внедрения передовых технологий (ст.1 ЗРК «Об автомобильных дорогах» от 17 июля 2001 года № 245)
|
ЖОЛ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУ - жолдардағы жүрісті ұйымдастыруға және қауіпсіздік пен қолайлылықты қамтамасыз етуге, автомобиль жолдары мен құрылыстардың көліктік пайдалану жай-күйін арттыруға, оларды қорғау тәртібін қамтамасыз етуге, нормативтік құқықтық актілер-де белгіленген мемлекеттік стандарттар мен озық технологияларды енгізу негізінде автомобиль жолдарын жобалауды, салуды, реконструкциялауды, жөндеуді, күтіп ұстауды және пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешені («Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245-II ҚРЗ 1-бап)
|
УПРАВЛЕНИЕ СЕТЬЮ СВЯЗИ - совокупность организационно-технических мероприятий, направленных на обеспечение функционирования сети связи, в том числе регулирование потока нагрузки (трафика) (ст.2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)
|
БАЙЛАНЫС ЖЕЛІСІН БАСҚАРУ - байланыс желісінің қызмет істеуін қамтамасыз етуге, оның ішінде жүктеме ағысын (трафикті) реттеуге бағытталған ұйымдастыру техникалық іс-шаралардың жиынтығы («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)
|
УПРАВЛЕНИЕ СОБСТВЕННОСТЬЮ - осуществлаше полномочий владеть, пользоваться и распоряжаться собственностью (ст. 1 ЗРК «О государственном мониторинге собственности в отраслях экономики, имеющих стратегическое значение» от 4 ноября 2003 года № 490)
|
МЕНШІКТІ БАСҚАРУ - меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету өкілеттіктерін жүзеге асыру («Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» 2003 жылғы 4 қарашадағы № 490 ҚРЗ 1-бап)
|
УПРАВЛЯЮЩИЕ АВТОМОБИЛЬНЫМИ ДОРОГАМИ - физические и юридические лица, являющиеся собственниками автомобильных дорог или осуществляющие деятельность по управлению автомобильными дорогами на праве хозяйственного ведения или оперативного управления (ст. 1 ЗРК «Об автомобильных дорогах» от 17 июля 2001 года №245)
|
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН БАСҚАРУШЫЛАР - автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе автомобиль жолдарын шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар («Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 45-II ҚРЗ 1-бап)
|
УПРАВЛЯЮЩИЙ ИНВЕСТИЦИОННЫМ ПОРТФЕЛЕМ ИЛИ ПЕНСИОННЫМИ АКТИВАМИ - профессиональный участник рынка ценных бумаг, осуществляющий от своего имени в интересах и за счет клиента деятельность по управлению объектами гражданских прав (ст. 1 ЗРК «Орынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛЬДІ НЕМЕСЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУШЫ - бағалы қағаздар рыногының азаматтық құқық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп және соның есебінен жүзеге асыратын кәсіби қатысушысы («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
УПРАВЛЯЮЩИЙ АГЕНТ - профессиональный участник рынка ценных бумаг, оказывающий услуги специальной финансовой компании по инвестированию временно свободных поступлений по выделенным активам на основании лицензии на управление инвестиционным портфелем (ст.1 ЗРК «0 секьюритизации» от 20 февраля 2006 года № 126)
|
БАСҚАРУШЫ АГЕНТ - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясының уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөніндегі қызметін көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы («Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы № 126 ҚРЗ 1-бап)
|
УРОВЕНЬ ВМЕШАТЕЛЬСТВА - величина предотвращаемой дозы, при достижении которой, в случаях возникновения ситуаций хронического или аварийного облучения, принимаются защитные или послеаварийные меры (ст.1 ЗРК «О радиационной безопасности населения» от 23 апреля 1998 года № 219)
|
АРАЛАСУ ДЕҢГЕЙІ - жол берілмейтін мөлшердің шамасы, оған жеткен кезде, созылмалы немесе авариялық сәуле алу жағдайы туындаған реттерде қорғау немесе авариядан кейінгі шаралар қолданылады («Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 219 ҚРЗ 1-бап)
|
УРОВЕНЬ ИЗЪЯТИЯ - комплекс величин, выраженных в единицах активности, при которой или ниже которой источники ионизирующих излучений могут быть исключены из-под контроля в соответствии с действующими нормами (cт.1 ЗРК «Об использовании атомной энергии» 14 апреля 1997 года № 93-І)
|
АЛУ ДЕҢГЕЙІ - белсенділік бөліністерінен көрінген шамалар кешені, бұл белсенділік жағдайында немесе одан төмен болғанда иондандырушы сәуле көздері қолданылып жүрген нормаларға сәйкес бақылаудан шығып кетуі мүмкін («Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 93 ҚРЗ 1-бап)
|