Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет93/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   124

 

САМОРЕГУЛИРУЕМАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - юридическое лицо, созданное профессиональными участниками рынка ценных бумаг в форме ассоциации (союза) с целью установления единых правил и стандартов их деятельности на рынке ценных бумаг (cт. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕЙТІН ҰЙЫМ - бағалы қағаздар рыногында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары құрған заңды тұлға («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)

САМОСТОЯТЕЛЬНО ЗАНЯТОЕ ЛИЦО - индивидуальный предприниматель, частный нотариус, адвокат, обеспечивающий себя работой, приносящей ему доход (ст. 1 ЗРК «Об обязательном социальном страховании» от 25 апреля 2003 года № 405)

ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН АДАМ - өзіне табыс әкелетін жұмыспен өзін қамтамасыз ететін жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ ҚРЗ1-бап)

САМОСТОЯТЕЛЬНО ЗАНЯТЫЕ - трудоспособные лица, обеспечивающие себя работой (ст. 1 ЗРК «О занятости населения» от 23 января 2001 года № 149)

ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫСПЕН АЙНАЛЫСУШЫЛАР - өздерін жұмыспен қамтамасыз еткен еңбекке жарамды адамдар («Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 ҚРЗ 1-бап)

САНАЦИЯ - реабилитационная мера, в ходе которой собственником имущества должника (уполномоченным им органом), кредиторами или иными лицами несостоятельному должнику оказывается финансовая помощь, а также реализуется иной комплекс мер по мобилизации резервов должника и улучшению его финансово-хозяйственного положения (ст. 1 ЗРК «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67)

САНАЦИЯ - оңалту шарасы, оның барысында борышкер мүлкінің иесі (ол уәкілеттік берген орган), кредиторлар немесе өзге тұлғалар дәрменсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетеді, сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржы шаруашылық жағдайын жақсарту жөнінде өзге де шаралар кешені іске асырылады («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-І ҚРЗ 1-бап)

САНИТАРНАЯ РУБКА - рубка (выборочная, сплошная), проводимая с целью улучшения санитарного состояния леса, при которых вырубаются больные, поврежденные, усыхающие и сухостойные деревья (ст. 4 ЛК РК 17 июля 2003 года 2003 года № 477)

САНИТАРЛЫҚ МАҚСАТТА АҒАШ КЕСУ - орманның санитарлық жай-күйін жақсарту мақсатында жүргізілетін ағаш кесу (ішінара, жаппай), оның барысында жекелеген ауру, зақымданған, солып қалған және қураған ағаштар кесіледі (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ ҚР ОК 4-бап)

САНИТАРНО-ЗАЩИТНАЯ ЗОНА - территория, отделяющая зоны специального назначения, а также промышленные предприятия и другие производственные, коммунальные и складские объекты в населенном пункте от близлежащих селитебных территорий, зданий и сооружений жилищно-гражданского назначения с целью ослабления воздействия на них неблагоприятных факторов (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

САНИТАРЛЫҚ-ҚОРҒАНЫШ АЙМАҒЫ - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіп орындары мен елді мекендегі басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)

САНИТАРНО-КАРАНТИЙНЫЙ КОНТРОЛЬ - контроль за перемещением людей и грузов через государственную границу, проводимый в целях недопущения завоза на территорию страны инфекционных и паразитарных заболеваний, а также потенциально опасных для здоровья человека веществ и продукции (ст. 1 ЗРК «О санитарно- эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361)

САНИТАРЛЫҚ-КАРАНТИНДІК БАҚЫЛАУ - ел аумағына жұқпалы және паразиттік ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына қауіптілігі ықтимал заттар мен өнімді кіргізуге жол бермеу мақсатында өткізілетін, адамдар мен жүктердің мемлекеттік шекара арқылы өтуін бақылау («Халықтық санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II ҚРЗ 1-бап)

САНИТАРНО-ПРОТИВОЭПИДЕМИЧЕСКИЕ (ПРОФИЛАКТИЧЕСКИЕ) МЕРОПРИЯТИЯ - меры, направленные на устранение или уменьшение вредного воздействия на человека факторов среды обитания, предотвращение возникновения и распространения инфекционных, паразитарных заболеваний, массовых отравлений и их ликвидацию (ст. 1 ЗРК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361)

САНИТАРЛЫҚ-ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ (ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ) ІС-ШАРАЛАР - тіршілік ету ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, жұқпалы, паразиттік аурулардың пайда болуына және таралуына, жаппай улануды болдырмауға және оларды жоюға бағытталған шаралар («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II ҚРЗ 1-бап)

САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКАЯ СИТУАЦИЯ - состояние здоровья населения и среды обитания на определенной территории в определенное время (ст. 1 ЗРК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361)

САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ - белгілі бір уақытта белгілі бір аумақтағы халықтың денсаулығы мен тіршілік ету ортасының жай-күйі («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II ҚРЗ 1-бап)

САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКАЯ ЭКСПЕРТИЗА - комплекс органолептических, санитарно-гигиенических, эпидемиологических, микробиологических, паразитологических, санитарно-химических, токсикологических, радиологических и других исследований и замеров физических факторов с целью определения соответствия продукции, работ, услуг и объектов хозяйственной и иной деятельности санитарным правилам и гигиеническим нормативам (ст. 1 ЗРК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361)

САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА - өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен шаруашылық объектілерінің және өзге де қызметтердің санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатындағы органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық факторлар өлшемдерінің кешені («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 ҚРЗ 1-бап)

САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКИЕ ПРАВИЛА И НОРМЫ - нормативные правовые акты, устанавливающие санитарно-
эпидемиологические требования (в том числе критерии безопасности и (или) безвредности факторов среды обитания для человека), несоблюдение которых создает угрозу жизни или здоровья человека, а также угрозу возникновения и распространения заболеваний (ст.1 ЗРК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361)

САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН НОРМАЛАР - сақталмауы адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін, сондай-ақ аурулардың пайда болу және таралу қаупін туғызатын, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (соның ішінде тіршілік ету ортасы факторларының адам үшін қауіпсіздік және (немесе) зиянсыздық белгілерін) белгілейтін нормативтік құқықтық актілер («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 ҚРЗ 1-бап)

САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКИЙ МОНИТОРИНГ - государственная система наблюдения за состоянием здоровья населения и среды обитания, их анализа, оценки и прогноза, атакже определения причинно-следственных связей между состоянием здоровья населения и воздействием факторов среды обитания (ст. 1 ЗРК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361)

САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ - халық денсаулығы мен тіршілік ету ортасының жай-күйін қадағалаудың, оларды талдаудың, бағалау мен болжаудың, сондай-ақ халық денсаулығының жай-күйі мен тіршілік ету ортасы факторларының әсері арасындағы себеп-салдардың байланысты айқындаудың мемлекеттік жүйесі («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 ҚРЗ 1-бап)

САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКОЕ БЛАГОПОЛУЧИЕ НАСЕЛЕНИЯ - состояние здоровья населения, при котором отсутствует вредное воздействие факторов среды обитания на человека и обеспечиваются благопри-ятные условия его жизнедеятельности (ст. 1 ЗРК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361)

ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ - тіршілік ету ортасының адамға зиянды әсер ету факторлары жоқ және оның тіршілік етуіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін кездегі халық денсаулығының жай-күйі («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 ҚРЗ 1-бап)

САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКОЕ ЗАКЛЮЧЕНИЕ - документ, удостоверяющий соответствие (несоответствие) санитарным правилам и гигиеническим нормативам проектной документации, факторов среды обитания, хозяйственной и иной деятельности, продукции, работ и услуг (ст. 1 ЗРК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361)

САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ - жобалық құжаттаманың, тіршілік ету ортасы факторларының, шаруашылық және өзге де қызметтің, өнімдердің, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 ҚРЗ 1-бап)

САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКОЕ НОРМИРОВАНИЕ - деятельность санитарно- эпидемиологической службы по разработке, систематизации санитарно-гигиенических и противоэпидемиологических правил и нормативов и осуществлению контроля за их исполнением (ст. 1 ЗРК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361)

САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАУ - санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы ережелер мен нормативтерді әзірлеу, жүйелеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызметі («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 ҚРЗ 1-бап)

САНИТАРНОЕ СОСТОЯНИЕ ЛЕСА - характеристика состояния леса, содержащая сведения о наличии захламленности, усыхающих и сухостойных деревьев, динамике численности вредителей и распространения болезни леса, другие негативных факторах, отрицательно влияющих на состояние леса (ст. 4 ЛК РК 17 июля 2003 года 2003 года № 477)

ОРМАННЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІ - қоқыстану, солып қалған және қураған ағаштар туралы мәліметтерді, зиянкестер санының және орман ауруларының таралу жылдамдығын, орманның жағдайына кері әсер ететін басқа да жағымсыз факторларды қамтитын жай-күйінің сипаттамасы (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР OК 4-бап)

САНИТАРНЫЙ ПАСПОРТ - документ, подтверждающий соответствие требованиям нормативных правовых актов в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения объекта, транспортного средства, подлежащих государственному санитарно- эпидемиологическому надзору, и дающий право на их эксплуатацию или использование (cт.1 3PK «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361)

САНИТАРЛЫҚ ПАСПОРТ - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектінің, көлік құралының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін растайтын және оларды пайдалануға немесе қолдануға құқық беретін құжат («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 ҚРЗ 1-бап)

САНКЦИЯ - акт утверждения прокурором, судом процессуального решения, принятого органом уголовного преследования в ходе досудебного производства (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

САНКЦИЯ - прокурордың, соттың сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қылмыстық ізге түсу органы қабылдаған іс жүргізу шешімін бекіту актісі (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)

СБОР РАСТЕНИЙ, СОДЕРЖАЩИХ НАРКОТИЧЕСКИЕ СРЕДСТВА, ПСИХОТРОПНЫЕ ВЕЩЕСТВА - собирание дикорастущих или культивируемых наркотикосодержащих растений, включенных в список в соответствии с международными Конвенциями (cт.1 3PK «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)

ҚҰРАМЫНДА ЕСІРТКІ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР БАР ӨСІМДІКТЕРДІ ЖИНАУ - халықаралық Конвенцияларға сәйкес тізімге енгізілген, құрамында есірткі бар жабайы өсетін немесе егілетін өсімдіктерді жинау («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)

СБОРНЫЕ КОМАНДЫ РК - коллективы спортсменов, тренеров, ученых, других работников физкультурно-спортивных организаций и организаций спортивной медицины являются составной частью федераций по видам спорта, создаются в целях подготовки к международным соревнованиям и участия в них под Государственным флагом РК (ст. 18 ЗРК «О физической культуре и спорте» от 2 декабря 1999 года № 490)

ҚР ҚҰРАМА КОМАНДАЛАРЫ - спортшылардың, жаттықтырушылардың, ғалымдардың, дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен спорт медицинасы ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары спорттың түрлері бойынша федерациялардың құрамдас бөлігі болып табылады, халықаралық жарыстарға даярлық және оларға ҚР Мемлекеттік туы астында қатысу мақсатында құрылады («Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490 ҚРЗ 18-бап)

СБОРНЫЙ ПУНКТ - пункт проведения контрольного медицинского освидетельствования призывников, медицинской помощи, военно-патриотической, спортивно-массовой работы, формирования и отправки команд призывников в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования (ст. 1 «О воинской обязанности и воинской службе» от 8 июля 2005 года № 74)

ЖИЫН ПУНКТІ - әскерге шақырылушыларды бақылау медициналық куәландырудан өткізу, медициналық көмек көрсету, әскери-патриоттық, спорттық-көпшілік жұмысты жүргізу, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскерге шақырылушылардың командаларын құру және жөнелту пункті («Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 ҚРЗ 1-бап)

СБРОСНОЙ КАНАЛ - искусственное сооружение, являющееся продолжением распределительной сети и используемое для сброса использованной и излишней воды, в русло реки или естественное понижение местности (ст. 1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)

СУ АҒЫЗУ КАНАЛЫ - болу желісінің жалғасы болып табылатын, пайдаланылған және артық суды өзеннің арнасына немесе табиғи ылди жерге қарай ағызу үшін пайдаланылатын жасанды құрылыс (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі 1-бап)

СВОБОДА ВЫБОРОВ - выборы в Республике основываются на свободном осуществлении гражданином Республики своего права избирать и быть избранным (ст. 2 КЗРК «О выборах в РК» от 28 сентября 1995 года № 2464)

САЙЛАУ БОСТАНДЫҒЫ - Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді («ҚР сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 ҚР КЗ 2-бап)

СВЕРХЛЕГКАЯ АВИАЦИЯ - гражданская авиация, использующая сверхлегкие летательные аппараты, другие воздушые суда спортивного назначения и любительские конструкции, аэростатические аппараты и вспомогательные устройства с максимальной массой не более двух тысяч семисот килограмм (ст. 1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)

АСА ЖЕҢІЛ АВИАЦИЯ - ең үлкен массасы екі мың жеті жүз килограмнан аспайтын аса жеңіл ұшу аппараттарын, спорттық мақсаттағы және әуесқойлық конструкциядағы басқа да әуе кемелерін, аэростаттық аппараттар мен көмекші құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)

СВЕРХУРОЧНАЯ РАБОТА - работа, выполняемая работником по инициативе работодателя за пределами установленной продолжительности рабочего времени (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ҮСТЕМЕ ЖҰМЫС - қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бойынша орындайтын, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жұмыс (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап»)

СВИДЕТЕЛЬ - любое лицо, которому известны какие-либо сведения об обстоятельствах, имеющих значение для дела. Не признаются доказательством показания лица, если оно не может указать источник своей осведомленности (ст. 79 ГПК РК от 13 июля 1999 года № 411)

КУӘ - іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды (1999 жылғы 13 шілдедегі № 411 ҚР АІЖК 79-бап)

СВИДЕТЕЛЬСТВО БАНКА-УЧАСТНИКА - документ, выдаваемый организацией, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов, банку-участнику и удостоверяющий его участие в системе обязательного гарантирования депозитов (cт.1 3PK «Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня РК» от 7 июля 2006 года № 169)

ҚАТЫСУШЫ БАНКТІҢ КУӘЛІГІ - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкке беретін және оның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатынын куәландыратын құжат («ҚР екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 169 ҚРЗ 1-бап)

СВИДЕТЕЛЬСТВО НА АВИАМАРШРУТ - свидетельство на авиамаршрут - документ на право использования авиационного маршрута (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании гражданской авиации» от 15 декабря 2001 года № 271)

АВИА МАРШРУТҚА АРНАЛҒАН КУӘЛІК - авиациялық маршрутты пайдалану құқығына берілген құжат («Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 271 ҚРЗ 1-бап)

СВИДЕТЕЛЬСТВО НА СЕМЕНА - документ, подтверждающий сортовые и посевные качества семян первой и последующих репродукций (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)

ТҰҚЫМ КУӘЛІГІ - тұқымдардың алғашқы және одан кейінгі көбейтілуінің сорттық және егу сапасын растайтын құжат («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап)

СВИДЕТЕЛЬСТВО НАЛОГОПЛАТЕЛЬЩИКА - документ, выдаваемый иностранцам или лицам без гражданства в случае отсутствия документов РК, удостоверяющих их личность, и юридическим лицам-нерезидентам, указанным в подпунктах 5-1), 6), 7) пункта 1 статьи 521 Кодекса РК «О налогах и других обязательных платежах в бюджет», при их регистрации в Государственном реестре налогоплательщиков Республики Казахстан и являющийся бланком строгой отчетности, в котором проставляется идентификационный номер (ст. 520 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ КУӘЛІГІ - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын ҚР құжаттары болмаған жағдайда оларға және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем-дер туралы» ҚР Кодексінің 521-бабы 1-тармағының 5-1), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген резидент емес заңды тұлғаларға, олар ҚР салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген кезінде берілетін және сәйкестендіру нөмірі қойылатын қатаң есептегі бланкі болып табылатын құжат (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 520-бап)

СВИДЕТЕЛЬСТВО О ГОДНОСТИ К ПЛАВАНИЮ - один из основных документов регистра судоходства, выдаваемый в соответствии с правилами регистра судоходства (ст. 1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6 июля 2004 года № 574)

ЖҮЗУГЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК - кеме қатынасы тіркелімінің ережелеріне сәйкес берілетін кеме қатынасы тіркелімінің негізгі құжаттарының бірі («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап)

СВИДЕТЕЛЬСТВО О РЕГИСТРАЦИИ ЗАЛОГА ДВИЖИМОГО ИМУЩЕСТВА - документ, выдаваемый регистрирующим органом заявителю и подтверждающий факт регистрации залога движимого имущества (ст. 1 ЗРК «О регистрации залога движимого имущества» от 30 июня 1998 года № 254)

ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛІК КЕПІЛІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК - тіркеуші орган өтініш иесіне беретін және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу фактісін растайтын құжат («Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 ҚРЗ 1-бап)

СВИДЕТЕЛЬСТВО ОБ АТТЕСТАЦИИ - документ, выданный местным исполнительным органом области (города республиканского значения, столицы), свидетельствующий о признании государством деятельности аттестованных субъектов в области семеноводства (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)

АТТЕСТАТТАУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы берген, мемлекеттің тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектілердің қызметін тануын куәландыратын құжат («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап)

СВОБОДА ВОЗДУХА - право на перевозку в отношении регулярных международных воздушных перевозок, предоставляемое одним государством другому государству или государствам осуществлять полеты и проводить посадки на своей территории для перевозки пассажиров, багажа, грузов и почты (cт. 1 ЗРК «О государственном регулировании гражданской авиации» от 15 декабря 2001 года № 271)

ӘУЕ ЕРКІНДІГІ - тұрақты халықаралық әуе тасымалдарына қатысты бір мемлекет екінші мемлекетке немесе мемлекеттерге жолаушылар, багаж, жүк және почта тасымалдау үшін өз аумағында ұшу мен қонуды жүзеге асыруға беретін тасымалдау құқығы («Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 271 ҚРЗ 1-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау