СВОБОДНО ИЗБРАННАЯ ЗАНЯТОСТЬ - деятельность граждан, выбранная ими путем свободного распоряжения своими способностями к труду, выбору места работы и профессии (ст. 1 ЗРК «О занятости населения» от 23 января 2001 года № 149)
|
ЕРКІН ТАҢДАП АЛЫНҒАН ЖҰМЫС - азаматтардың өздерінің еңбекке, жұмыс орны мен кәсіпті таңдауға қабілетін еркін пайдалану арқылы таңдап алған қызметі («Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 ҚРЗ 1-бап)
|
СВОДНАЯ ТАБЛИЦА ОБ ОТНЕСЕНИИ НАРКОТИЧЕСКИХ СРЕДСТВ, ПСИХОТРОПНЫХ ВЕЩЕСТВ И ПРЕКУРСОРОВ К НЕБОЛЬШИМ, КРУПНЫМ И ОСОБО КРУПНЫМ РАЗМЕРАМ, ОБНАРУЖЕННЫХ ВНЕ ЗАКОННОМ ОБОРОТЕ - перечень видов наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров с установленными размерами (небольшими, крупными, особо крупными), которые определяются органами судебной экспертизы и в последующем являются основанием для наступления административной либо уголовной ответственности (ст. 1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)
|
ЕСІРТКІ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМДА ЖҮРГЕНІ АНЫҚТАЛҒАН ШАҒЫН, ІРІ ЖӘНЕ ӨТЕ ІРІ МӨЛШЕРГЕ ЖАТҚЫЗУ ТУРАЛЫ ЖИЫНТЫҚ КЕСТЕ- - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейіннен әкімшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негіз болып табылатын (шағын, ірі, өте ірі) мөлшердегі белгіленген түрлерінің тізбесі («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)
|
СВОБОДНЫЕ ОСТАТКИ БЮДЖЕТНЫХ СРЕДСТВ - бюджетные средства, оставшиеся не использованными по итогам исполнения бюджета за истекший финансовый год по состоянию на 1 января следующего за истекшим финансового года (ст. 91 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ БОС ҚАЛДЫҚТАРЫ - өткен қаржы жылынан кейінгі 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен қаржы жылындағы бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша пайдаланылмай қалған бюджеттік қаражаттар (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 91-бап)
|
СВОП - производная ценная бумага, удостоверяющая соглашение двух сторон по обмену финансовыми инструментами в течение определенного периода времени на определенных условиях (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
СВОП - екі тараптың белгілі бір мерзім ішінде белгілі бір талаптармен қаржы құралдарын айырбастау жөніндегі келісімін куәландыратын туынды бағалы қағаз («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 ҚРЗ 1-бап)
|
СВЯЗАННЫЕ ГРАНТЫ - гранты, предусматривающие дальнейшее заимствование Правительством РК у донора, предоставившего грант, или софинансирование из государственного бюджета в рамках соответствующей бюджетной программы, направленной на реализацию связанного гранта (ст. 157 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
БАЙЛАНЫСТЫ ГРАНТТАР - ҚР Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде мемлекеттік бюджеттен қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 157-бап)
|
СВЯЗЬ - прием, сбор, обработка, накопление, передача (перевозка), доставка, распространение информации, почтовых и специальных отправлений, почтовых переводов денег (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)
|
БАЙЛАНЫС - ақпаратты, почта және арнаулы жөнелтілімдерді, почталық ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 1-бап)
|
СДАЧА В ПРОКАТ (ВНАЕМ)- предоставление экземпляра произведения или фонограммы во временное пользование в целях извлечения прямой или косвенной коммерческой выгоды (ст. 2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июля 1996 года № 6)
|
ПРОКАТҚА (ЖАЛҒА) БЕРУ - туындының немесе фонограмманың данасын тікелей немесе жанама коммерциялық пайда табу мақсатында уақытша пайдалануға беру («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6 ҚРЗ 2-бап)
|
СДЕЛКА - действия граждан и юридических лиц, направленные на установление, изменение или прекращение гражданских прав и обязанностей (ст. 147 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)
|
МӘМІЛЕ - азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 147-бап)
|
СДЕЛКА СЕКЬЮРИТИЗАЦИИ - приобретение специальной финансовой компанией прав требования и выпуск облигаций, обеспеченных выделенными активами (ст. 1 ЗРК «О секьюритизации» от 20 февраля 2006 года № 126)
|
СЕКЬЮРИТИЛЕНДІРУ МӘМІЛЕСІ - арнайы қаржы компаниясының талап ету құқығын алуы және бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару («Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы № 126 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕЙФОВЫЕ ОПЕРАЦИИ - услуги по хранению ценных бумаг, выпущенных в документарной форме, документов и ценностей клиентов, включая сдачу в аренду сейфовых ящиков, шкафов и помещений (ст. 5 «О жилищных строительных сбережениях в РК» от 7 декабря 2000 года № 110)
|
СЕЙФТІК ОПЕРАЦИЯЛАР - сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда клиенттердің құжаттық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен бағалы заттарын сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтер («ҚР тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 110 ҚРЗ 5-бап)
|
СЕКЬЮРИТИЗАЦИЯ - финансирование под уступку денежного требования путем выпуска облигаций, обеспеченных выделенными активами (ст. 1 ЗРК «О секьюритизации» от 20 февраля 2006 года № 126)
|
СЕКЬЮРИТИЛЕНДІРУ - бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талапты басқаға беру негізінде қаржыландыру («Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы № 126 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕЛЕКЦИОННО-ПЛЕМЕННАЯ РАБОТА В ОБЛАСТИ ПЧЕЛОВОДСТВА - деятельность физических и юридических лиц по разведению и использованию племенных пчелиных семей осуществляется в соответствии с законодательством РК о племенном животноводстве (ст. 17 ЗРК «О пчеловодстве» от 12 марта 2002 года № 303)
|
БАЛ АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ-АСЫЛ ТҰҚЫМ АЛУ ЖҰМЫСЫ - жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды бал ара ұяларын өсіру және пайдалану жөніндегі қызметі ҚР асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады (Бал ара шаруашылығы туралы» 2002 жылғы 12 наурыздағы № 303 ҚРЗ 17-бап)
|
СЕЛЕКЦИОННОЕ ДОСТИЖЕНИЕ - новый сорт растения, новая порода животного, являющиеся результатом творческой деятельности человека, на которые выдан патент (ст. 2 ЗРК «Об охране селекционных достижений» от 13 июля 1999 года № 422)
|
СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІК - адамның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын, патент берілген өсімдіктің жаңа сорты, жануарлардың жаңа тұқымы («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 2-бап)
|
СЕЛЕКЦИЯ ДРЕВЕСНЫХ И КУСТАРНИКОВЫХ ПОРОД (ЛЕСНАЯ СЕЛЕКЦИЯ) - комплекс мероприятий по отбору в естественных популяциях или искусственному получению форм и сортов лесных пород, имеющих хозяйственную и иную ценность (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)
|
АҒАШ ЖӘНЕ БҰТА ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ СЕЛЕКЦИЯСЫ (ОРМАН СЕЛЕКЦИЯСЫ) - табиғи популяция арқылы іріктеу немесе орман тұқымдарының шаруашылық және өзге де құндылығы бар түрлері мен сорттарын қолдан өсіру жөніндегі і с-шаралар кешені (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап)
|
СЕЛИТЕБНАЯ ТЕРРИТОРИЯ - часть территории населенного пункта, предназначенная для размещения жилой, общественной (общественно-деловой) и рекреационной зон, а также отдельных частей инженерной и транспортной инфраструктур, других объектов, размещение и деятельность которых не оказывает воздействия, требующего специальных санитарно-защитных зон (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)
|
ҚОНЫСТАНУ АУМАҒЫ - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және реакреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да объектілерді орналастыруға арналған, орналастырылуы мен қызметі арнаулы санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін елді мекен аумағының бір бөлігі («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СЕЛИТЕБНАЯ ТЕРРИТОРИЯ - часть территории населенного пункта, которая предназначена для размещения жилищного фонда, общественных зданий и сооружений, атакже отдельных коммунальных и промышленных объектов (ст. 1 ЗРК «О пожарной безопасности» от 22 ноября 1996 года № 48-І)
|
ҚОНЫСТАНУ АУМАҒЫ - елді мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік объектілерді орналастыруға арналған бөлігі («Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕЛЬСКИЕ ТЕРРИТОРИИ - совокупность сельских населенных пунктов и прилегающих к ним земель (ст.1 ЗРК «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» от 8 июля 2005 года № 66)
|
АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАР - ауылдық елді мекендер мен олардың маңайындағы жерлердің жиынтығы («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕЛЬСКИЙ ПОТРЕБИТЕЛЬСКИЙ КООПЕРАТИВ - добровольное объединение граждан и (или) юридических лиц на основе членства для удовлетворения материальных и иных потребностей своих членов, осуществляемое путем объединения его членами имущественных (паевых) взносов (ст. 2 ЗРК «О сельской потребительской кооперации в РК» от 21 июля 1999 года № 450)
|
СЕЛОЛЫҚ ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІ - азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың өз мүшелерінің мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру арқылы материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырылатын мүшелік негіздегі ерікті бірлестігі («ҚР Селолық тутыну кооперациясы туралы» 1999 жылғы 21 шілдедегі № 450 ҚРЗ 2-бап)
|
СЕЛЬСКИЙПОТРЕБИТЕЛЬСКИЙ КООПЕРАТИВ ВОДОПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ - добровольное объединение физических и (или) юридических лиц, владеющих (пользующихся) земельными участками на подвешенной площади, на основе членства для совместного управления гидротехническими сооружениями, устройствами и оборудованием для нужд сельского хозяйства (ст. 3 ЗРК «О сельском потребительском кооперативе водопользователей» от 8 апреля 2003 года № 404)
|
СУ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ СЕЛОЛЫҚ ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІ - жүктелген аумақта жер учаскелерін иеленуші (пайдаланушы) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығының қажеттері үшін гидро-техникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды бірлесіп басқару үшін мүшелік негізіндегі ерікті бірлестігі су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі («Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы» 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 404 ҚРЗ 3-бап)
|
СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - организация, производящая сельскохозяйственную продукцию с использованием земли; производящая сельскохозяйственную продукцию животноводства, птицеводства (в том числе племенного с полным циклом, начиная с выращивания молодняка), пчеловодства, если доход от реализации этой продукции, в том числе переработанной, составляет более пятидесяти процентов от общей суммы годового дохода(ст. 1 ЗРК «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67)
|
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҰЙЫМЫ - жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылық өнім өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтар), омарта шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімін өндіретін, осы өнімді өткізуден түсетін, оның ішінде ұқсатылған өнімнен түсетін табысы жылдық табысының жалпы сомасының елу процентінен асатын ұйым («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННАЯ ПЕРЕПИСЬ - статистическая операция по сбору информации о структуре и состоянии сельского хозяйства на определенную дату (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» от 8 июля 2005 года № 66)
|
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ - белгілі бір күндегі ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы ақпарат жинау жөніндегі статистикалық операция («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННАЯ ПРОДУКЦИЯ - растениеводческая и животноводческая продукция, прошедшая полный технологический цикл производства и соответствующая установленным стандартам (ст. 1 ЗРК «О сельскохозяйственных товариществах и их ассоциациях (союзах)» от 25 декабря 2000 года № 133)
|
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ - өндірістің толық технологиялық циклынан өткен және белгіленген стандарттарға сәйкес келетін өсімдік және мал өнімі («Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 133 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННАЯ ПРОДУКЦИЯ - сырье и продукция растениеводства и животноводства, включая пчеловодство, в том числе продукты, полученные посредством их первичной переработки (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» от 8 июля 2005 года № 66)
|
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ - бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының шикізаты мен өнімі, соның ішінде оларды бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнімдер («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЕ ТОВАРИЩЕСТВО - юридическое лицо, создаваемое на основе членства путем добровольного объединения имущественных взносов сельскохозяйственных товаропроизводителей для удовлетворения их потребностей в сбыте, хранении, переработке сельскохозяйственной продукции, снабжении материально-техническими ресурсами, водообеспечении или другом сервисном обслуживании членов товарищества (ст. 3 ЗРК «О сельскохозяйственных товариществах и их ассоциациях (союзах)» от 25 декабря 2000 года № 133)
|
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІГІ - ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық өнімін өткізу, сақтау, қайта өңдеу, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету немесе серіктестік мүшелеріне басқа да сервистік қызмет көрсету қажеттерін қанағаттандыру үшін олардың мүліктік жарналарын ерікті түрде біріктіру жолымен мүшелік негізінде құрылатын заңды тұлға («Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 133 ҚРЗ 3-бап)
|
СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫЕ РАСТЕНИЯ - зерновые, зернобобовые, крупяные, кормовые, масличные, эфиромасличные, технические, овощные, лекарственные, цветочные, плодовые, ягодные культуры, картофель, виноград (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)
|
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨСІМДІКТЕРІ - дәнді, дәнді бұршақтық, жармалық, азықтық, майлы, эфирлі-майлы, техникалық, көкөністік, дәрі-дәрмектік, гүлдік, жемістік, жидектік дақылдар, картоп, жүзім («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫЙ ТОВАРОПРОИЗВОДИТЕЛЬ - физическое или юридическое лицо, занимающееся товарным производством сельскохозяйственной продукции (ст. 1 ЗРК «О сельскохозяйственных товариществах и их ассоциациях (союзах)» от 25 декабря 2000 года № 133)
|
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІСІ - тауарлы ауыл шаруашылық өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға («Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 133 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕМЕЙНАЯ ИММИГРАЦИЯ - въезд в РК члена и членов семьи для соединения с теми членами их семьи, которые уже проживают в РК (ст. 1 ЗРК «О миграции населения» от 13 декабря 1997 года № 204)
|
ОТБАСЫМЕН КӨШІП КЕЛУ - ҚР тұрып жатқан өзінің отбасы мүшелерімен бірігу үшін отбасы мүшесінің және мүшелерінің ҚР келуі («Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕМЕЙНОЕ ПОЛОЖЕНИЕ - состояние в браке или разводе, наличие или отсутствие детей или других членов семьи (ст. 1 ЗРК «О браке и семье» от 17 декабря 1998 года № 321)
|
ОТБАСЫЛЫҚ ЖАҒДАЙ - некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы («Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕМЕЙСТВО - группа высокопродуктивных племенных животных в породе, состоящая из женского ряда поколений от выдающейся родоначальницы (ст. 1 ЗРК «О племенном животноводстве» от 9 июля 1998 года № 278)
|
ТҰҚЫМ ТОБЫ - тұқымдағы үздік аналық малдан тарайтын буындағы ұрғашы малдан тұратын өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал тобы («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 278 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕМЕНА - все ботанические формы семенного материала: собственно семена, плоды, соплодия, части сложных плодов, луковицы и клубни (ст.2 ЗРК «Об охране селекционных достижений» от 13 июля 1999 года № 422)
|
ҰРЫҚ - ұрықтық материалдың барлық ботаникалық нысандары: ұрықтың өзі, дәндер, дән шоғыры, күрделі дәндердің бөліктері, баданалар мен түйнектер («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 2-бап)
|
СЕМЕНА - генеративные и вегетативные органы растений, используемые для воспроизводства сорта: собственно семена, плоды, части сложных плодов, соплодия, колоски, саженцы, луковицы, клубни, черенки, меристема и другие (ст.1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)
|
ТҰҚЫМДАР - өсімдіктердің сортын молықтыру үшін пайдаланылатын генеративтік және вегетативтік органдары: тұқымның өзі, жемістер, күрделі жемістердің бөлігі, қосалқы жеміс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзуші, ұлпалар және басқалар («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕМЕНА ПЕРВОЙ, ВТОРОЙ И ТРЕТЬЕЙ РЕПРОДУКЦИИ - последующее размножение семян элиты по годам: первый год - первая репродукция, второй год - вторая репродукция, третий год - третья репродукция (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)
|
БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КӨБЕЙТІЛГЕН ТҰҚЫМДАР - тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейіннен өсіріп-өндірілуі: бірінші жыл - бірінші көбейтілген тұқым, екінші жыл - екінші көбейтілген тұқым, үшінші жыл үшінші көбейтілген тұқым («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕМЕННАЯ ЭКСПЕРТИЗА - комплекс мероприятий по определению сортовых и посевных качеств семян на их соответствие требованиям государственных стандартов и иных нормативных документов в области семеноводства (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)
|
ТҰҚЫМ САРАПТАМАСЫ - тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін анықтау жөніндегі іс-шаралар кешені («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕМЕННОЕ ЗЕРНО (СЕМЕНА)- зерно, используемое на посевные цели и разделяемое по сортовым и посевным качествам (ст. 1 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 года № 143)
|
ТҰҚЫМДЫҚАСТЫҚ (ТҰҚЫМ) - себу мақсаттарына пайдаланылатын әрі сорттылық және себу сапаларына қарай бөлінетін астық («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕМЕННОЙ КОНТРОЛЬ - контроль за осуществлением мероприятий по определению посевных качеств семян, за соблюдением требований законодательства РК (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)
|
ТҰҚЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ - тұқымның егу сапасын анықтау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын, ҚР заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕМЕННОЙ ЭКСПЕРТ - специалист лаборатории по экспертизе качества семян аттестованный в порядке установленном уполномоченным государственным органом в области семеноводства, на право проведения экспертизы сортовых и посевных качеств семян (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)
|
ТҰҚЫМ САРАПШЫСЫ - тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жүргізу құқығына аттестатталған маманы («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕМЕНОВОДСТВО - деятельность, включающая в себя комплекс мероприятий по производству, заготовке, обработке, хранению, транспортировке, реализации и использованию семян, а также государственный контроль, в том числе сортовой и семенной (cт.1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)
|
ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ - тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын қызмет, сондай-ақ мемлекеттік бақылау, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылау («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап)
|
СЕМЕНОВОДЧЕСКОЕ ХОЗЯЙСТВО - хозяйствующий субъект, аттестованный уполномоченным государственным органом в области семеноводства, осуществляющий производство и реализацию семян первой, второй и третьей репродукции (cт. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)
|
ТҰҚЫМ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ - тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аттестаттаған, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап)
|