Руководство по проведению самооценки для институциональной аккредитации высших учебных заведений



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет3/58
Дата01.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2587
түріРуководство
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
9
· 
ПОҚ – профессорлық-оқытушы құрамы;
· 
СҒЗЖ – студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы;
· 
СМЖ – сапа менеджментінің жүйесі;
· 
ТОЖ – типтік оқу жоспары;
· 
ҰҒТАО – Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы.
6. Жалпы бағалау қағидаттары 
Жоғары оқу орнын бағалау өзін-өзі бағалау есебінің негізінде келесі жалпы 
қағидаттарға сүйене отырып жүргізіледі:  
• 
Берілген  есеп  пен  мәліметтердің  Агенттіктің  стандарттарына  сәйкес 
келуі;
• 
Аккредиттеу жөніндегі нұсқауда, атап айтқанда осы нұсқауда белгіленген 
ережелерге сәйкес келуі;
• 
Өзін-өзі  бағалау  есебі  мен  онда  көрсетілген  мәліметтердің  ЖОО 
қызметінің нақты нәтижелеріне сәйкестігі;
• 
Бәсекелес ЖОО-лар қызметінің алдыңғы қатарлы нәтижелеріне және ҚР 
жоғары оқу орындарының озық тәжірибесіне сәйкестігі – яғни, аккредиттелетін 
ЖОО қызметін салыстырмалы талдау мен жоғары білім беру жүйесіндегі жалпы 
тенденцияларына сәйкестігі.  
• 
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігі.
7. Өзін-өзі бағалау туралы есебінің құрылымы мен пішімі 
Өзін-өзі  бағалау  туралы  есебінің  құрылымы  жалпы  түрінде  Агенттік 
стандарттарының  құрылымына  сәйкес  келуі  тиіс,  яғни  есептің  негізгі  бөлімі 
көрініс,  миссия  және  стратегиядан  бастап  ЖОО-ның  ресурстарына  дейінгі 
Агенттіктің  стандарттары  бейнелейтін  тарауларды  қамтуы  тиіс.  Есеп  жекелеген 
салалар шеңберіндегі ЖОО қызметін сандық әрі сапалы бағалауды қамтитын кем 
дегенде 8 тараудан тұруы тиіс, мысалы, көрініс, миссия және стратегия, ғылыми-
зерттеу жұмысы, қаржы және т.б. 
Есеп келесі пунктілерді қамтитын жалпы ақпараттан (профайлдан) басталуы 
тиіс: ЖОО атауы, заңды реквизиттері, ректордың аты-жөні, құрылтайшының ата-
уы, байланыс ақпараттары, өзін-өзі бағалау туралы есебін тапсырған күні, есепті 
әзірлеуге  жауапты  тұлғаның  аты-жөні,  білім  беру  бағдарламаларының  тізімі, 
өзін-өзі бағалауды жүргізген топ туралы ақпарат. Есептің барлық мәлімдемелері, 
пікірлері,  жорамалдары  мәтіннің  негізгі  бөлімі  мен  қосымшаларында  қажетті 
құжаттармен бекітілуі тиіс.  
Есеп  кестелерді,  графикаларды,  суреттерді,  қажетті  жерде  көлемі  бойын-
ша  үлкен  кестелері  бар  (А4  өлшемді  парақтың  жартысынан  көбін  қамтитын) 
қосымшаларды және басқа да біртұтас және ауқымды ақпарат көздерін қамтитын, 
өзара байланысқан, қисынды және бірыңғай форматтау мен құрылымы бар мәтін 
түрінде құрастырылуы тиіс.   


ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
10
Есеп келесі нысанда жазылуы тиіс: қаріп түрі – Time New Roman, қаріп өлшемі – 
12, жол аралығы – 1.5, атауға дейінгі және кейінгі азат жол аралығы – 6 пт-дан көп 
емес,  есептің  басында  автоматты  түрде  редакцияланатын  кіріктірме  мазмұны, 
парақ беттері болуы тиіс. Есепті басып шығару А4 өлшеміндегі кітап ретінде беттеу 
(portrait) арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар қосымшаларда парақтарды 
альбом  ретінде  беттеуге  (landscape)  жол  беріледі.  Есептегі  бірінші  қосымша 
барлық берілген мәліметтердің дұрыстығын, дәлдігін, және түбегейлігін растай-
тын, ЖОО-ның жетекшісі мен орындаушылардың қолдары қойылған, қажет болған 
жағдайда  кеңес  беру  үшін  есепті  құрастырушылардың  байланыс  ақпараттары 
бар  мәтінді  қамтуы  тиіс:  «Мен,  [ұйым  жетекшісінің  аты-жөні],  [есептің  негізгі 
бөлігінің  беттер  саны,  яғни  қосымшаларын  санамағанда]  бет  қамтитын,  осы 
[аккредиттелетін ЖОО атауы] өзін-өзі бағалау туралы есебінде ЖОО-дағы және 
оның сыртындағы жағдайды толық мөлшерде және жан-жақты сипаттайтын,  аса 
сенімді, нақты және түбегейлі мәліметтер көрсетілгендігін растаймын». 
Өзін-өзі бағалау туралы есептің көлемі 100-200 бет негізгі мәтінен тұрады. Со-
нымен қатар, оған қосымшалар ретінде қосымша құжаттар пакеті тапсырылады. 
Өзін-өзі  бағалау  туралы  есеп  барлық  қосымшаларымен  қоса  Агенттікке 
қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерінде,  электрондық  нұсқада  iaar@inbolx.
ru    электрондық  пошта  мекен  жайына,  сондай-ақ  қағаз  тасымалдағыштарда 
есепті құрастырушылар мен ұйым жетекшісінің қолымен 7 (жеті) данадан келесі 
мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, 
Қабанбай батыр даңғылы 42, КҚ 17.   
7.1 Жекелеген стандарттар шеңберіндегі есептің құрылымы 
Өзін-өзі бағалау туралы есеп Агенттік стандарттарының құрылымына сәйкес 
келуі  тиіс  және  мазмұны  мен  түрі  жағынан  Агенттік  стандарттарының  барлық 
пунктілері  бойынша  ЖОО-мен  берілген  жауаптар  негізінде  құрастырылуы 
мүмкін.  Осы  тарауда  Агенттіктің  жекелеген  стандарттар  шеңберінде  өзін-өзі 
бағалау  туралы  есепті  құрастыру  бойынша  әрбір  стандарт  бойынша  қысқаша 
түсіндірмелерімен қоса ұсыныстар берілген.     
Әр тараудың бірінші бөлімінде – «Жалпы ережелер» – ЖОО-ларда қандайда 
бір стандарттардың бастауы мен себептері туралы тереңірек түсінік болуы үшін, 
ал  бұл  өз  кезегінде  стандарт  талаптарын  тиімдірек  орындауға  апарғандықтан 
берілген  стандарттардың  жалпы  қағидаттары  мен  қисыны  келтіріледі.  Екінші 
бөлімінде  –  «Бағалау  өлшемдері»  –  нақты  өлшемдер  негізінде  сараптамалық 
бағалау жүргізілетін, және сәйкесінше өзін-өзі бағалау туралы есебі жазылатын 
өлшемдер  келтіріледі.  Осы  өлшемдер  жауаптары  есептің  авторларына  бағыт 
көрсететін және аккредиттеуден өткізілетін ЖОО-ның жағдайын тереңірек және 
толығырақ бағалауға мүмкіндік беретін жетекші сұрақтармен толықтырылады. 
ЖОО стандартта көрсетілген барлық өлшемдерге сай болған жағдайда аккре-
диттеуден өте алады. 


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау