Руководство по проведению самооценки для институциональной аккредитации высших учебных заведений



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет29/58
Дата01.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2587
түріРуководство
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
72
51. ЖОО  білім  беру  бағдарламаларының 
қарауындағы  ресурстардың  (дәрісхана, 
зертхана,  компьютерлік  жабдықтар  мен 
бағдарламалық  қамтамасыз  ету,  қаржы 
ресурстары, 
халықаралық 
ғылыми-
зерттеу  нәтижелерінің  мәлімет  қорларына 
қолжетімдік,  жұмысқа  орналастыру  мен 
кәсіби  тәжірибе  жүйесі,  оқу  құралдары 
мен  материалдар  және  т.б.)  жеткіліктігі 
мен  заманауилығын  тұрақты  талдаудың 
тиімділігін көрсетуі тиіс.
52. ЖОО білім беру бағдарламасын жүзеге асыру 
мақсатында  іскерлерді  тартып,  олармен 
оқылатын пәндердің үлесін анықтау керек.
53. ЖОО  оларды  сабақтарды  өткізуге  тарту 
қисынын көрсетуі міндетті. 
54. ЖОО  білім  деңгейін  бағалаудың  және 
білім  алушылардың  кәсіптік  біліктілігінің 
қалыптасу  дәрежесінің  әділдігін,  олардың 
бағалау  механизмдер  мен  құралдарының 
баламалығын  және  ашықтығын  қамтасыз 
етуі қажет.
55. ЖОО  оқу  бағдарламаларының  сапасы  мен 
сараптамасын  ішкі  бағалау  тетігін  және 
оларды  жетілдіру  үшін  кері  байланыспен 
қамтамасыз етуі қажет.
56. ЖОО      білім    алушылар  үшін  оқытылатын 
пәндер 
бойынша 
жіктелген, 
ұйымдастырылған 
ақпараттың 
барын-
ша  мүмкін  мөлшерінің  қолжетімдігін, 
соның  ішінде  презентация  материалда-
ры,  дәрістердің  конспектісі,  міндетті  және 
қосымша әдебиеттерді, практикалық тапсыр-
маларды және т.б. қамтамасыз етуі қажет.
57. Білім  беру  бағдарламасын  іске  асыру 
барысында 
білім 
алушының 
өзіндік 
жұмысына 
мониторинг 
жүргізіп, 
оның  нәтижелерін  баламалы  бағалау 
механизмдерін жасауы тиіс.
58. Оқытудың  белсенді  әдістері  мен  сабақ 
берудің инновациялық әдістерін енгізуі мен 
тиімділігін қамтамасыз етуі керек.


РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
73
59. Білім  беру  бағдарламасы  бойынша  жоғары 
оқу  орнынан  кейінгі  және  қосымша  білім 
беруді  әрі  қарай  жалғастыру  мүмкіндігінің 
болғаны маңызды фактор болып табылады.
60. Шетелдік  жоғары  оқу  орындарымен  бірге 
білім  беру  бағдарламалардың  бар  болуы 
және  білім  беру  үрдісіне  қазақстандық 
ғылыми-зерттеу 
ұйымдарын 
тартуы 
маңызды фактор болып табылады.
61. Білім алушылар мен профессорлық-оқытушы 
құрамының  академиялық  оралымдылық 
(басқа  да  қазақстандық  және  шетел 
жоғары  оқу  орындарында  белгілі  уақыт 
бойы  оқу  мүмкіншілігі,  профессорлық-
оқытушы  құрамымен  академиялық  алмасу) 
және  білім  алушылардың  академиялық 
оралымдылық 
нәтижелерін 
мойындау 
бойынша  механизмнің  бар  болуы  маңызды 
фактор болып табылады.
62. ЖОО  білім  алушылардың  пәнді  оқу 
барысында  меңгерген  білімін,  дағдылары 
мен  қасиеттерін  объективті,  нақты,  толық 
бағалау  механизімінің  және  апелляцияның 
алқалы механизмі мен кәсіби апелляциялық 
бағалаудың бар болуын және тиімді қызмет 
жасауын қамтамасыз етуі қажет.
63. ЖОО  білім  беру  үрдісінің  мәселелеріне 
қатысты  білім  алушыларға  кеңес  беру 
және  жекелеген  көмек  көрсету  жүйесінің 
бар  болуын  және  тиімді  жұмыс  істеуін 
қамтамасыз етуі қажет.
Қорытынды
Стандарт  ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ 
ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
64. ЖОО  профессорлық-оқытушы  құрамының 
біліктілік 
талаптарына, 
білім 
беру 
бағдарламасының деңгейі мен ерекшелігіне 
сәйкестігін қамтамасыз етуі керек.
65. ЖОО  ПОҚ  кадрлық  әлеуетінің  бiлiм  беру 
бағдарламасының 
стратегиясы 
мен 
ерекшелiгiне сәйкестiгiн көрсетуi керек.


ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
74
66. ЖОО  бiлiм  беретiн  бағдарламалардың 
қажеттiліктерiн  талдау  негiзінде  және 
кадрларды  iрiктеу  жұмысын  рекрутинг 
жүйесiнiң бар болуын көрсетуi керек.
67. ЖОО ПОҚ туралы мәлiметтердiң қоғам үшiн 
қолжетімдігін, соның iшiнде ПОҚ тiзбелерiн, 
ЖОО-ның 
сайтында 
сауалнамалардың 
орналастыруын көрсетуi керек.
68. ЖОО 
басшылықтың 
қолжетімділік 
қағидасын  және  барлық  кадрлық  рәсімдер 
айқындығының сақталуын көрсетуi керек.
69. Жүйелі  түрде  ЖОО  ПОҚ  қызметiнiң 
мониторингін,  оқытушылардың  біліктілігін 
бағалауды,  сабақ  беру  сапасын  кешендi 
бағалауды қамтамасыз етуi керек.
70. Оқытушының  жұмыс  жүктемесi  оқу,  оқу-
әдiстемелiк,  ғылыми  жұмысты  (жобалар 
мен  өтініштерді  әзiрлеу),  ұйымдастыру-
әдiстемелiк (әртүрлi шараларды ұйымдастыру 
және қатысу), кәсіптік біліктілігін арттыруды 
(біліктілікті  жетiлдiру,  тұлғаның  жеке 
дамуы  мен  мамандық  бойынша  әдебиеттi 
зерттеу), кәсiби ортадағы қызметті (мысалы, 
кәсiби  қауымдастықтардағы  қатысу  және 
консалтинг) қосуы тиіс. 
71. ЖОО  жоспарланған  жүктеменiң  барлық 
түрлерiнің  оқытушылармен  орындалуының 
дәлелiн көрсету керек.
72. ЖОО  қызметтiң  барлық  түрлерi  бойынша 
ПОҚ  жұмысының  жеке  жоспарлауының 
толықтығы  мен  адекваттылығын,  жеке 
жоспарлардың нәтижелiлiгі мен тиiмдiлiгінің 
мониторингін қамтамасыз етуі керек.
73. ЖОО 
ПОҚ 
пен 
әкiмшiлік-басқару 
қызыметкерлердің 
біліктілігін 
арттыру, 
кәсiптік және жеке даму жүйесінің болғанын 
көрсетуi керек.
74. ЖОО жас оқытушыларды дамытуы бойынша 
мақсатты әрекеттерді қамтамасыз етуі керек.


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау