РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
63
·
Сабақтан тыс уақытта кітапханаға бару мүмкіндігі бар ма?
·
Кітапхананың электрондық ресурстарына алыстан ену мүмкіндігі бар ма?
«15.2.7 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бiлiм беру
бағдарламасымен ере жүргені маңызды фактор болып табылады».
·
Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың
бiлiм
беру
бағдарламасымен ере жүргені қалай жүзеге асырылады?
·
Жалпы үрдістерді сипаттап беріңіз.
·
Білім беру бағдарламаларын қоса алу барысында ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолданудың ерекше тәжірибесін келтіріңіз.
·
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы
тұлғаның қандай өзіндік дағдылары, білімдері, біліктілігі мен қасиеттері дамы-
тылады?
«15.2.8 ЖОО зертханаларды дамыту бағдарламасының бар болуын көрсетуi
керек».
·
ЖОО-да бар ғылыми және оқыту зертханаларын сипаттап беріңіз.
·
Зертханаларды дамыту бағдарламалары қандай тарауларды қамтиды?
·
Қосымшада зертханалардың әрбір түрі бойынша бір-бір дамыту
бағдарламаларын келтіріңіз.
·
Зертханалар қызметінің мониторингі қалай жүзеге асады?
·
Зертханалардың материалдық ресурстар мен бағдарламалық
қамтамасыз етуде қажеттілігі қалай анықталады?
«15.2.9 ЖОО-да бiртұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң бар бо-
луы және оның тиiмдiлiгi маңызды фактор болып табылады».
·
ЖОО-да қолданыстағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің си-
паттамасын, олардың қасиеттері
мен міндеттерін келтіріңіз
·
Автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң интеграциялану дәрежесін
талдап беріңіз.
·
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің қызмет ету тиімділігі мен
нәтижелілігі қалай бағаланады?
·
Қолданыстағы автоматтандырылған ақпараттық жүйенi жетілдіру пер-
спективаларын сипаттап беріңіз.
«15.2.10 ЖОО оқыту үдерісіне ақпараттық технологиялардың енгiзу
дәрежесiн анықтап, ПОҚ оқытудың инновациялық технологияларын, соның
iшiнде ақпаратты компьютерлік технологиялар негiзінде, өңдеу және қолдану
мониторингісін өткiзуi керек».
·
Оқыту үдерісіне ақпараттық технологияларды енгiзу бойынша қажеттілік
қалай анықталады?
·
Қазіргі уақытта оқыту үдерісінде қолданатын ақпараттық технологиялар-
ды сипаттап беріңіз. Оларды қолданудың тиімділігін талдаңыз.
·
Оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және
бағдарламалық құралдарды қолдану мониторингі қалай жүзеге асырылады?
«15.2.11 ЖОО білім беру ұйымының қызметін жақсарту үшiн қолдану
тиiмдiлiгiн, миссияны, мақсаттарды және міндеттерді сипаттайтын келесi
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
64
мiнездемелерді қамтитын веб-ресурстардың болуын көрсетуi керек:
-
ЖОО-ның порталындағы ПОҚ-тың дербес беттерiнiң болуын;
-
ЖОО-ның порталындағы (сайттағы) ПОҚ туралы тиісті және шынайы
ақпараттың болуын;
-
шағымдарды қарастыру туралы ақпараттың айқындығын соның
iшiнде ЖОО-ның порталында (сайтында) тұтынушыларға арналған виртуалды
шағым кiтабының орналасуын;
-
ЖОО-ның порталында (сайтында) ЖОО қызметi мен ерекшелігі туралы
толық шынайы ақпараттың орналастырылуын;
-
ЖОО миссиясы, мақсаттары мен міндеттерді iске асыру туралы сыртқы
жарияланымдардың порталда (сайтта) (дәйексөздер, сiлтемелер) орналасты-
рылуын;
-
қоғам мен қызығушылық танытқан тараптарға ақпарат беру үшiн
ақпараттық желілерді қолдануын».
·
ЖОО-ның порталы (сайты) орналасқан электрондық мекен-жайды
келтіріңіз.
·
Қосымшада сайттың құрылымын (картасын) келтіріңіз.
·
Оның белгіленген өлшемдерге сәйкестігін талдап беріңіз.
·
Қолданыстағы сайтты жаңғырту болашағы қандай?
«15.2.12 Оқу-әдiстемелiк қамтамасыздандыруды ашық рұқсатта
орналастырған уақытта авторлық құқықтарының сақталуы маңызды фактор
болып табылады».
·
ЖОО-да оқу-әдiстемелiк қамтамасыздандыруды әзірлеу мен тарату
кезінде авторлық құқықтар қалай сақталады?
·
Оқу-әдiстемелiк қамтамасыздандыруды ашық рұқсатта орналастыру ту-
ралы шешім қалай қабылданады?
«
15.2.13 АКТ-ны адекватты және тиiмдi қолдану сұрақтары ЖОО-ның
Ғылыми кеңесiнің мәжiлiстерiнде және тағы басқа алқалы органдарда
қарастырылады».
·
Соңғы 3 жылда ЖОО-ның Ғылыми кеңесiнің мәжiлiстерiнде және
тағы басқа алқалы органдарда АКТ-ны тиісті және тиiмдi қолдану сұрақтарын
қарастыру бойынша болған жағдайларды сипаттап беріңіз.
·
Қабылданатын шешімдерді, олардың орындалуы мен тиімділігін
талдаңыз.
·
АКТ-ны қолданудың адекваттылығы және тиiмдiлігі қалай бағаланады?
«15.2.14 Бiлiм беру үдерісінде және ЖОО-ның қызметінде білім алушылар
мен қызметкерлердiң, ПОҚ-тың ақпараттық-коммуникациялық технология-
ларды игеріп, қолдануы үшiн жағдайларды жасау маңызды фактор болып та-
былады».
· ЖОО білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің өз қызметінде АКТ-ны
қолдану үшін жасалған жағдайлар қандай?
· ЖОО білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің АКТ-ны меңгеру үшін
жасалған жағдайлар қандай?