32
Стартты кейінге қалдыру функциясы, «ЖАРКА», «МАКАРОНЫ» және «ЭКСПРЕСС» бағдар-
ламаларын қоспағанда, барлық автоматты әзірлеу бағдарламалары үшін қол жетімді.
Егер рецептіде жылдам бұзылатын өнімдер (жұмыртқалар, балғын сүт, ет, ірімшік және
т.б.) болса, Отсрочка старта функциясын пайдалану ұсынылмайды.
Дайын тағамдар температурасын сақтау (автожылыту)
Бұл функция әзірлеу бағдарламасы аяқталғаннан кейін бірден автоматты түрде қосылып,
дайын тағам температурасын 12 сағат бойы 70-75°С шектерінде сақтай алады. Автожылы-
ту жұмыс жасаған кезде «Отмена/Разогрев» батырмасының жарықтық индикаторы
жанады.
Қажет кезде «Отмена/Разогрев» батырмасын басып, автожылытуды сөндіруге болады.
Автожылытуды алдын ала сөндіру
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталған бойда автожылытуды қоспаған жөн. Осыны
ескерумен, REDMOND RMK-M271 мультиасүйдерінде негізгі әзірлеу бағдарламасын іске
қосу немесе жұмыс жасау кезінде осы функцияны алдын ала сөндіру функциясы қарасты-
рылған. Осы мақсатта старт уақыты кезінде немесе бағдарлама жұмысы барысында «Старт»
батырмасын басыңыз. Автожылытуды қайта қосу үшін «Старт» батырмасын қайта басыңыз.
«ЙОГУРТ», «МАКАРОНЫ», «ЭКСПРЕСС» бағдарламаларын пайдалану барысында автожылы-
ту қызметі жұмыс жасамайды және «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасын орнату барысын-
да әзірлеу температурасы 80°С-тан төмен.
Тағамдарды жылыту
REDMOND RMK-M271 мультиасүйін салқын тағамдарды жылыту үшін пайдалануға болады.
Бұл мақсатта:
1. Өнімдерді тостағанға салыңыз, оны мультиасүй корпусына орнатыңыз.
2. Қақпақты жауып, аспапты электр желісіне қосыңыз, басқышын басыңыз.
3. «Отмена/Разогрев» батырмасын басыңыз. Дисплейде тиісті индикатор жанады. Таймер
жылыту уақытын тікелей санай бастайды.
Аспап тағамды 70-75°С дейін жылытып, оны ыстық күйінде 12 сағат бойы сақтайды. Қажет
болған жағдайда «Отмена/Разогрев» батырмасын басу арқылы жылытуды тоқтатуға болады.
Автожылыту және жылыту функциялары арқасында мультиасүй өнімдерді 12 сағатқа
дейін ыстық күйінде сақтай алады, алайда біз тағамды ыстық күйінде 2-3 сағаттан
астам қалдыруды ұсынбаймыз, себебі бұл оның дәмдік қасиеттерінің өзгеруіне алып
келуі мүмкін.
«MASTERFRY» функциясы (
A3
сурет, 5 бет)
REDMOND RMK-M271 көтерме қыздыру элементтерімен жабдықталған. Осының арқасын-
да мультиасуйда сіз тек тостаған ғана емес, сонымен қатар жарасымды табаны да қолдана
аласыз.
Қыздыру элементінің күйін өзгерту үшін қауіпсіздік мақсаттарында шымшуырды қол-
даныңыз (жеткізу жиынтығына кіреді).
Жоғары айқындамаға қыздыру элементін орнату үшін, оны тірегінен мұқият көтеріңіз және
жұмыс камераларының қабырғаларындағы қиманы сенімді бекітуіне дейін сағат тілі
бойымен жеңіл айналдырыңыз.
Төменгі айқындамаға дискілік қыздырғышты орнатуда бекіту жұмыс камерасының қабы-
рғаларындағы қимасынан шығуы үшін, жайлап көтеріңіз және сағат тіліне қарсы дискіні
жеңіл айналдыра отырып, мұқият түсіріңіз.
Егер аспап электр желісіне қосылған болса, қыздыру элементінің күйін өзгертуге ты-
рыспаңыз!
Егер дискілік қыздырғыш элементін жоғары айқындамада орнатылған болса, аспап
қақпағын жабуға рұқсат етілмейді.
Мультиасүйде дайындау үшін түбі жұқа, диаметрі бойынша қыздыру элементімен
сәйкес келетін ыдысты пайдаланыңыз. Ыдыстың түбі температура датчигін толығымен
жапқан және қысып тұрған жағдайда диаметрі аз ыдысты пайдалануға болады. Жұмыс
барысында ыдыс корпустың деформациясын болдырмас үшін аспаптың пластика бөлік-
теріне тимеуі тиіс. Ыдысты қыздыру элементінің ортасына орнатыңыз.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы
Өзіңіз үшін жаңа «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясымен бірге аспаздық шығармашылық
үшін мол мүмкіндіктер ашыңыз! Егер «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы іске қосқанға дейін
бағдарлама жұмысының параметрлерін белгілеуге мүмкіндік берсе, «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ»
функциясын пайдаланып, сіз баптауларды тікелей әзірлеу барысында өзгерте аласыз.
«ЭКСПРЕСС» және «ЙОГУРТ» автоматты бағдарламаларын пайдалану кезінде «МАСТЕР-
ШЕФ ЛАЙТ» функциясы қолжетімді емес.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясын қолдану кезінде температураны өзгерту — 1°С қадаммен
35-160°С диапазонында мүмкін. Әзірлеудің минималды уақыты — 1 минут, әзірлеудің
максималды уақыты таңдалынған бағдарламаға байланысты, орнату қадамы — 1 минут.
Сіз «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметін тек әзірлеу барысында ғана пайдалана аласыз. «Баста-
уды кейінге қалдыру» қызметінің жұмысы кезінде және жұмыс режиміне шығуды күтуде
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметі қол жетімді болмайды.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы сіз әр түрлі әзірлеу бағдарламаларының үйлесімін қажет
ететін күрделі рецептілер бойынша тағамды әзірлеген жағдайда айрықша пайдалы
болуы мүмкін.
Әзірлеу температурасын өзгерту үшін:
1. Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында «Темп.» батырмасын басыңыз. Дисплей-
де температура шамасының индикаторы жыпылықтай бастайды.
2. Қалаулы температураны орнатыңыз. Арттыру үшін «+» батырмасын, азайту үшін — «–»
батырмасын басыңыз. Жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз.
Максималды (минималды) шамаға қол жеткізгеннен кейін орнату диапазон басынан
басталады.
RMK-M271
33
KAZ
3. 5 секунд ішінде басқару тақтасында батырма баспаңыз. Өзгерістер автоматты түрде
сақталады. Орнатылған температура бағдарлама жұмысы аяқталғанша немесе жаңа
өзгертуге дейін көрсетіліп тұрады.
Әзірлеу температурасы 130°С жоғары орнатылған кезде шамадан тыс қызудан қорғау
үшін бағдарлама жұмысының максималды уақыты екі сағатпен шектеледі.
Әзірлеу уақытын өзгерту үшін:
1. Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында «Время» батырмасын басыңыз. Ди-
сплейде уақыт шамасының индикаторы жыпылықтайды.
2. Қалаулы әзірлеу уақытын орнатыңыз. Сағат шамасын арттыру үшін «+» батырмасын,
азайту үшін — «–» батырмасын басыңыз.
3. «Время» батырмасын қайта басыңыз және «+» және«–» батырмаларының көмегімен
минут шамасын орнатыңыз. Сағаттар мен минуттарды арттыру бір-бірінен тәуелсіз
жүреді. Диапазонның максималды шамасына қол жеткізгеннен кейін орнатудиапазон
басынан басталады. Шаманы жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап
тұрыңыз.
4. 5 секунд бойы басқару тақтасында батырма баспаңыз. Өзгертулер автоматты түрде
сақталады.
Егер әзірлеу уақытының шамасын 00:00 орнатсаңыз, бағдарлама жұмысы тоқтатылады.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
Осы бағдарлама тағамдарды пайдаланушы белгілеген әзірлеу температурасы мен уақы-
тының параметрлері бойынша әзірлеуге арналған. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы себебі-
нен REDMOND RMK-M271 мультиасуйтері бірқатар асханалық аспаптарды ауыстыра
алады және ескі аспаздық кітапта табылған немесе Интернеттен алынған, сізді қызықтырған
кез келген дерлік рецепт бойынша тағам әзірлеуге мүмкіндік береді.
Егер ас дайындау температурасы 80°С-тан аспайтын болса, автожылыту функциясын
пайдалану ұсынылмайды.
Тағайындалу бойынша «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында әзірлеу уақыты 30 минут құрай-
ды, әзірлеу температурасы — 100°С. Бағдарламада температураны қолмен орнату диапа-
зоны 5°С қадаммен 35-180°С құрайды. Уақытты қолмен орнату диапазоны — 1 минуттық
қадаммен 2 минуттан 12 сағатқа дейін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Әзірлеу температурасы 130°С жоғары орнатылған кезде шамадан
тыс қызудан қорғау үшін бағдарлама жұмысының максималды уақыты 2 сағатпен
шектеледі.
«ЭКСПРЕСС» бағдарламасы
Бағдарлама күріш пен суда сусымалы ботқаларды пісіруге арналған. Бағдарлама су толық
қайнағаннан кейін автоматты сөндірілуді қарастырады. Осы бағдарламада әзірлеу уақытын
қолмен орнату және «Стартты кейінге қалдыру» және «Автоподогрев» функциялары қол
жетімсіз. Күту тәртібінде әзірлеу бағдарламасын іске қосу үшін «Старт» батырмасын басыңыз.
Сондай-ақ басқару тақтасында сәйкес батырманы баса отырып «ЭКСПРЕСС» бағдарла-
масын таңдауға және «Старт» батырмасын басумен іске қосуға болады.
«ХЛЕБ» бағдарламасы
Бидай және қара бидай ұнынан нанның әртүрлі түрлерін пісіру үшін ұсынылады. Бағдар-
лама қамырдын ашуынан піскенше әзірленуінің толық циклін қарастырады. Бағдарламада
әдепкі әзірлеу уақыты 3 сағат. Әзірлеу уақытын 5 минуттық қадаммен 10 минуттан 4 сағатқа
дейінгі диапазонда орнатуға болады.
Осы бағдарламада «Автоподогрев» функциясының максималды жұмыс уақыты үш сағатпен
шектелген.
Пісірме сапасына әсер ететін болғандықтан, «Отсрочка старта» функциясын қолдануға
кеңес берілмейді.
Ингредиенттерді салу кезінде, олар тостағанның пайдалы көлемінің жартысынан ас-
пауын қадағалаңыз.
Әзірлеу уақытын 1 сағаттан кем орнату кезінде «Старт» батырмасын басқаннан
кейін пісіру процесі басталады. Қамырды ашыту кезеңінде мультиасүй қақпағын ашпаңыз.
Пісірілетін өнім сапасы осыған байланысты.
Бағдарлама жұмысының бірінші сағатында қамырды ашыту кетеді, сосын — пісіру. Бағдар-
ламаны әдепкі баптаумен іске қосқанда 2 сағаттық жұмыс аяқталғаннан кейін құрал ды-
быстық сигнал береді. Мультиасүй қақпағын ашыңыз және нанды аударыңыз. Егер бағдар-
лама баптауына өзгертулер енгізілген болса, дыбыстық сигнал берілмейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Нанды құралдан шығару үшін ас үй қолғабын қолданыңыз.
Ұнды қолданар алдында оттегіге қанығу үшін және қоспаларды жою үшін елеу керек.
Уақытты қысқарту үшін және әзірлеуді жеңілдету үшін нанды әзірлеуге арналған
дайын қоспаны қолдануды ұсынамыз.
«НА ПАРУ» бағдарламасы
Етті, құсты, балықты, көкөністерді және көп құрамды тағамдарды буда әзірлеуге арналған.
Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 35 минутты құрайды. Әзірлеу
уақытын 5 минуттық қадаммен 5 минуттан бастап 2 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен
орнатуға болады. Осы бағдарламада әзірлеу үшін арнайы контейнер (жинаққа кіреді)
пайдаланылады.
«ВАРКА» бағдарламасы
Бағдарлама көкөністер мен бұршақ тұқымдастарды әзірлеуге арналған. Әдепкі әзірлеу
уақыты 40 минут. Әзірлеу уақытын қолмен орнату диапазоны — 5 минуттық қадаммен 10
минуттан 8 сағатқа дейін.
«МАКАРОНЫ» бағдарламасы
Бағдарлама су қайнағанша жеткізуді, ингредиенттерді салу мен олардың әрі қарайғы
әзірлеуін қарастырады. Суды қайнату уақыты мен өнімдерді салу қажеттігі туралы дыбыстық