Енгізу-шығару құрылғыларының негізгі конструктивті элементтері
https://www.youtube.com/watch?v=YU5m-zhwTN8
https://www.youtube.com/watch?v=8HGbC_ZkfeQ
Тінтуір. Тінтуір – компьютерге ақпаратты енгізу көзінің баламасы болып саналатын манипулятор. Оны бағдарламаны қосуға, мәтінді немесе суретті белгілеуге, мәзір командаларын таңдауға, батырмаларды басуға, экрандағы нысандарды қозғалтуға қолдануға болады. Тінтуірдің классикалық нұсқасында (сурет – 1.21) үш батырма бар, олар көптеген маңызды функционалдық мүмкіндіктер атқарады. Тінтуірдің сол жақ батырмасы (командалық) мүмкіндік береді: ■ дәл қазір жұмыс жасағалы отырған нысаныңызды таңдауға (оған қандай да бір ықпал етуге), пәрмендер орындауға, жеке объектіні ерекшелеуге және т.б.; ■ қосымшалар мен бағдарламаларды ашуға, құжаттар мен дк аларды ашуға; ■ мәтіннің белгілі бір бөлігін немесе құжатта тұтас бөлімді, экран бетінде белгілер тобын, тізімдегі бірнеше файлды және т.с.с. айрықшалау; ■ объекттердің орнын ауыстыру – тінтуір меңзерін бос орынға емес, сіз экранның басқа жеріне ауыстырғыңыз келген объектке апару қажет. Тінтуірдің сол батырмасын басып тұрып меңзерді жұмыс үстеліндегі сізге керек жерге апару керек. Тінтуірдің оң жақ батырмасы, тінтуірдің батырмасы бағытталған объектіге пайдалана алатын, кең таралған операцияларға тез қол жетімділікті қамтамасыз ететін контекстік мәзірді шақыру қызметін атқарады. Тінтуірдің ортаңғы батырмасы дөңгелекпен біріктірілген. Тінтуірдің доңғалақ батырмасын үстіге астыға айналдыра отырып: ■ ұзын құжаттарды немесе Интернет желісінде веб-парақшаны парақтауға; ■ мультимедиялық бағдарламаларда дауыс деңгейін басқаруға; ■ бейнежазбаларды және т.б. айналдырып жіберу. Дөңгелек батырмаға басу жұмыс жасап отырған бағдарламаға байланысты әртүрлі қызметтер атқарады. . Сурет –
1.21. «Тінтуір» Манипулятор
Бұл құралды өндіруші және жасап шығарушы-фирмалар ішінде ең ірі серіктестіктер Microsoft және Logitech. Басқа өндіруші-фирмалар осы фирманың шығаратын құрылғыларының ұқсас түрлерін шығарады. Тінтуірлерді екі негізгі түрге бөлуге болады: ■ оптика-механикалық тінтуір (енді қолданылмайды десек те болады); ■ оптикалық тінтуір. Соңғы уақытта оптикалық тінтуірлер нарықта басты орынды иемденіп алды. Оптикалық тінтуір келесідеу бөліктерден құралады (сурет – 1.22): ■ корпус; ■ жұмыс жарығының жарықдиоды; ■ декоративті жарық жарықдиоды; ■ айналдыру дөңгелегін басқар блогы; ■ микроауыстырып қосқыштар; ■ фокустау линзасы; ■ электронды сұлба; ■ фотоқабылдағыш. Оптикалық тінтуір жұмысы келесідей: жұмыс жарығының жарықдиодының жарығы жұмыс үстелінің бетінен шағылысады (немесе кілемше) және фокустау линзасы көмегімен түскен жарыққа бағытталады. Жарықтың фокусталған шоғы тінтуірдің оптикалық сенсоры жұмысын қамтамасыз ететін фотоқабылдағышқа түседі. Тінтуірдің компьютерге қосылуының үш жолы бар: ■ бірізді интерфейс арқылы (СОМ); ■ тінтуір порты (PS/2); ■ интерфейс USB. Пернетақта. Тінтуірдің көмегімен компьютермен жұмыс жасағанда өте көп операцияларды орындауға болатынына қарамастан, пернетақтасыз компьютерді елестету мүмкін емес. Оның негізгі қызметі жүйеге пәрмен, мәтіндер және символдар енгізу. Компьютердің стандартты пернетақтасының 101 ...103 батырмалары бар (сурет-123). Бірақ заманауи пернетақта өндірушілері бұл стандартқа бағына бермейді. Олар компьютерді басқарудың функционалдық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында пернетақтаға жаңа батырмалар қондырады.
Сурет - 1.22. Оптикалық тінтуір құрылғысы
Сурет - 1.23. Стандартты пернетақта
Оларға электрондық почтаны немесе Интернетті лезде ашатын, аудио- және бейнеплейрлерді басқаратын, компьютерді қосатын және т.б. батырмалар жатады. Пернетақтадағы барлық батырмаларды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады. Функционалдық пернелер – тәртіп бойынша пернетақтаның ең жоғары қатарында орналасады – F1 бастап F12 дейін. Олардың атқаратын функциялары өте көп, қай бағдарламада пайдаланытынына байланысты. Әліппелік-сандық пернелер – пернетақтаның көп бөлігін алып жатыр және әріптер, сандар, символдар, арифметикалық амалдардың белгілерін, тыныс белгілерін енгізу қызметін атқарады. Сандық панель – пернетақтаның оң жақ бөлігінде орналасады. Оның қызметі – сандық пернелерді және арифметикалық операцияларды қайталау. Меңзерді басқару пернелері – классикалық нұсқада олар әліппелік-сандық перне және сандық панель арасында орналасады. Бұл пернелердің негізгі қызметі – пайдаланушыға құжаттардан және беттерден орын ауыстыруға көмектеседі. Оларға нұсқарлары бар пернелер жатады (меңзерді көрсетілген бағытта бір позицияға жоғарылатады), және Page Up пен Page Down (меңзерді парақтың басына немесе соңына жылжытады, сондай-ақ Home және End пернелері (меңзерді жолдың, тармақтын басына немесе соңына орын ауыстырады). Кодтар модификациясы пернесі басқан кезде басқа пернелердің әрекеттерін өзгертеді. Оларға:
■ Shift (екі пернесі) – әдетте бас әріпті енгізуге арналған. Ол үшін қажет әріпті басып тұрып Shift пернесін басып, ұстап тұру керек. Сонымен қатар, Shift тінтуірді басқан кезде немесе пернелердің тез үйлесімі кезінде модификатор қызметін атқарады; ■ Caps Lock – бас әріпті енгізу режимін қосады және сөндіреді, Shift пернесін ұстап тұра бермей үлкен әріппен жазуға жағдай жасайды; ■ Ctrl (екі пернесі) – басқа пернелермен түрлі қызметтер атқару үшін модификатор ретінде бірге (мысалы, көшіру, кесіп алу немесе құжаттарда мәтіндік ақпараттарды ерекшелеу, бағдараманы жабу және т.б.) пайдаланылады; ■ Alt (екі пернесі) – Ctrl пернелері секілді, негізінен тек басқа пернелермен түрлі қызметтер атқару үшін бірге қолданылады. Пернетақтадан енгізілетін басқарылатын пәрмендер қатарын кеңейтеді. Мультимедиялық пернелер комьютерде әдеқайда жиі қолданылатын қызметтерді орындауға, танымал қосымшаларды ашу және ДК күйін басқаруға арналған. Мысалы, осындай пернелер көмегімен дауыс деңгейін реттеу, почталық бағдарламаны немесе калькуляторды ашу, операциялық жүйе терезесін бүктеу немесе қайта ашу, компьютерді күту немесе ұйқы режимдеріне қою және т.б. Компьютерді басқару құрылғыларының (пернетақта және тінтуір) көптеген заманауи өндірушілері тұтынушыға ДК басқару мүмкіндіктері көп құрылғыларды ұсынуға тырысады. Мониторлар. Монитор (дисплей) – мәтіндік және графикалық мәліметтерді көзбен көруге арналған стандартты шығару құрылғысы. Қызмет ету қағидасына байланысты мониторлар төмендегідей бөлінеді: ■ Электронды-сәулелік түтігі бар монитор; ■ Сұйық кристалды дисплейлер; ■ газоплазмалық. Электронды-сәулелік түтігі бар монитор теледидарға ұқсайды. Электронды-сәулелік түтік әйнек колба түрінде электрондық-вакуумды құрылғы болып саналады, қылтасында электронды түтік, түбінде – люминофор қабатты экран. Қыздырған кезде электронды зеңбірек электрондар ағынын түзеді, олар жоғары жылдамдықпен экранға қарай қозғалады. Электрондар ағыны (электронды сәуле) фокустайтын және итеретін орама арқылы өтеді, ол электронды ағынды экранның люминофор жабынының белгілі бір нүктесіне бағыттайды. Электрондар әсерінен люминофор қолданушы көретін жарықты береді. Люминофор электрондар ағынының әсерінен кейін сәулелену уақытымен сипатталады. Электронды сәуле экранды солдан оңға қарай және жоғарыдан төмен қарай сызғылап өте тез қимылдайды. Экран бойымен қозғалыс кезінде сәуле кескін шығатын люминофор қабатының қарапайым аумағына әсер етеді.
Сәуле қарқындылығы ұдайы өзгеріп, экранның қажет аймақтарының сәулеленуін қамтамасыз етеді. Сәулелену өте тез жоғалатындықтан, электрондық шоқ экранды қайта қалпына келтіріп, үздіксіз жүгіріп жүруі қажет. Сұйық кристалды дисплейге (Liquid Crystal Display – LCD) жарықсыз тегіс экран және электр энергиясын пайдаланудың өте төмен қуаты тән (5 Вт). Онымен салыстырмалы түрде электронды-сәулелік түтікшелі монитор 100 Вт (сурет - 1.24) электр энергиясын пайдаланады. Сұйық кристиалды дисплейдің үш түрі бар: ■ пассивті матрицалы монохромды; ■ пассивті матрицалы түрлі-түсті; ■ белсенді матрицалы түрлі-түсті. Сұйық кристалды дисплейде поляризациялық сүзгі екі түрлі жарықтық толқындар жасайды. Жарықтық толқын сұйық кристалл ұяшық арқылы өтеді. Әр ұяшықтың өзінің түсі бар. Сұйық кристалдар сұйықтық секілді аға алатын малекулалардан тұрады. Бұл зат жарықты өткізеді, бірақ электрлік заряд әсерінен малекулалар өз бағдарын өзгертеді. Бейтарап матрицалы сұйық кристалды дисплейлерде (СКД) әр ұяшықты электрлік заряд (кернеу) басқарады, ол экран матрицасындағы бағандар мен жолақтардағы ұяшықтардың орналасуымен сәйкес транзисторлық сұлба арқылы беріледі. Ұяшық келіп түскен кернеу импульсіне әрекеттеседі. Белсенді матрицалы дисплейде әр ұяшық өзінің жеке транзисторлық кілтімен жабдықталған.
Сурет - 1.24. LCD-монитор
Бұл пассивті матрицалы дисплейге қарағанда көріністің әлдеқайда жарқын болуын қамтамасыз етеді, өйткені әр ұяшық импульстік емес тұрақты электрлік өріс ықпалында әрекет етеді. Сәйкесінше белсенді матрица энергияны көп пайдаланады. Оның үстіне әр ұяшық үшін жеке транзисторлық кілттің болуы өндірісті қиындатады да олардың бағасы жоғары болады. Матрица – LCD-монитордың маңызды бөлігі, ол түгелдей көрініс сапасына әсер етеді (сурет - 1.25). Көп жағдайда СК-мониторларда екі түрлі жабын қабаты қолданылады: жалтырақ және күңгірт (антиблик). Жалтырақ жабын визуалы түрде жақсы көрініс береді. Түстер қанық және айқынырақ көрінеді. Дегенмен осындай жабынды мониторлар кіршең және жарықтану дұрыс болмаса жарқылдар және шағылыс көрініп тұрады. Күңгірт жабында түсетін жарықтың шашырауы арқасында жарқылдар болмайды, өте жарық жерде жұмыс жасағанға өте ыңғайлы. Газоплазмалық мониторлар екі пластинадан тұрады, арасында электрлік импульстер арқасында жанатын газдық қоспа бар. Олар СКД тән кемшіліктері жоқ, дегенмен оны тасымалы батареялық қорегімен немесе аккумулятормен пайдалануға болмайды, өйткені оларға үлкен тоқ күші қажет. DVI порты немесе санды бейнекіру. Аналогты VGA-кіріспен жабдықталған (D-Sub) мониторлардың, келген деректерді сандық форматқа түрлендіруге арналған қосымша сұлбалары бар – аналогты-сандық түрлендіргіш (АСТ). Сондықтан маңызды параметр – мониторда DVI (Digital Video Interface) портының бар болуы. DVI жағдайында мониторға бейнесигнал түрлендірілмей тіке барады.
Сурет - 1.25. Плазмалық монитор матрицасы: 1 – диэлектрик; 2 – экран электродтары; 3 – магния оксиді; 4 – ұяшықтарды бөлгіш; 5 – пиксел; 6 – фосфор; 7 – адрес электродтары
Нәтижесінде VGA-кірісті пайдаланғанмен салыстырғанда сурет әлдеқайда анық болып шығады. Мониторлардың негізгі параметрлері. Пайдаланушы тарапынан қарағанда монитордың негізгі сипаттамалары: диагонал бойынша өлшемі, рұқсат беру қабілеті, регенерация (жаңару) жиілігі және қорғаныс класы. Монитор экранының өлшемі диагонал бойынша дюйммен өлшенеді. Өлшемдері 9 дюймнен (23 см) 42 дюймге (106 см) дейін барады. Экран үлкен болған сайын монитордың бағасы да қымбат болады. Кең таралған монитордың өлшемдері 14, 15, 17, 19 және 21 дюйм. Үлкен өлшемді мониторларды, суреттердің әр бөлігін анық көре алатындықтан, үстел үсті баспа жүйесіне және графикалық жұмыста қолданған жақсы. Жаппай пайдалануға жарайтындары 15- және 17-дюймдік мониторлар. Графикалық режимде монитор экранындағы көрініс нүктелерден (пикселдер) тұрады. Монитор бетінде анық және бөлек-бөлек шығатын тігінен және көлденең барлық нүктелер санын рұқсат ету қабілеті деп атайды. «800х600 Рұқсат ету қабілеті» терминінің мағынасы монитор 600 көлделең жолақ және әр жолақта 800 нүкте шығара алады дегенді білдіреді. Стандартты рұқсат беру режимдері келесідей: 800 х 600, 1 024 х 768, 1 152 х 864 және одан да көп. Монитордың бұл қасиеті экран нүктесінің көлемімен анықталады. Заманауи монитордың экран дәні (нүктесі) өлшемі 0,28 мм аспайды. Рұқсат ету қабілеті үлкен болған сайын көрініс сапасы жоғары, ол әрине экран өлшемімен де байланысты. Сол себептен, қанағаттанарлық көрініс сапасы үшін 15-дюймдік мониторда 80х600 режимінде нүкте көлемі 0,28 мм шектеле алады, 14-дюймдік монитор үшін дәл осы нүкте көлемінде бейнережимде ұсақ бөлшектер сапасы салыстырмалы түрде нашар болады. «Регенерация жиілігі» параметрі басқаша айтқанда кадрлық жайма жиілігі деп аталады. Ол секундына неше рет монитор экрандағы көріністі толықтай неше рет жаңарта алатынын көрсетеді. Регенерация жиілігі герцпен (Гц) өлшенеді. Жиілік үлкен болған сайын көз ауырмайды, соғұрлым үздіксіз жұмыс жасауға болады. Қазіргі кезде минимал жиілік 75 Гц, қалыпты – 85 Гц, жайлы – 100 Гц және одан жоғары. Бұл параметрде бейнеадаптер сипаттамаларына тәуелді. Монитордың қорғаныс класын қауіпсіздік техникасы талаптарына жауап беретін монитор стандартымен анықталады. Қазіргі таңда жалпы қабылданған деп TCO 92, TCO 95 және ТСО 99, адам денсаулығына қауіпсіздік шеңберінде электромагниттік әсер ету деңгейін шектейтін, эргономикалық және экологиялық нормалар халықаралық стандарттар есептеледі.
Принтерлер. Принтерлер ақпаратты қатты тасымалдағыштарға, негізінен қағаз бетіне шығару үшін арналған. Принтерлердің интерфейс, өнімділігі және функционалдық мүмкіндіктері бойынша ерекшеленетін сан-алуан үлгілері бар. Әрекет ету қағидасына байланысты: матрицалық, ағыншалы және лазерлік принтерлер болып бөлінеді. Матрицалық принтерлер осы кезге дейін ақпарат шығарудың ең кең таралған түрі болды. Өйткені лазерлік принтерлер қымбат, ал ағыншалы сенімсіздеу. Негізгі артықшылығы арзандығы және әмбебаптығы, яғни кез келген сападағы қағазға басып шығару мүмкіндігі. Әрекет ету қағидасы. Баспа басып жатқан матрица түйініне кіріктірілген бірнеше инелер көмегімен жүзеге асады. Қағаз принтерге білдек көмегімен тартылады. Қағаз бен баспа түйінінің арасында бояғыш лента орналасады. Лентаны инемен ұрғылағанда қағазда нүктелер пайда болады. Баспа түйінінде орналасқан инелер электромагнитпен басқарылады. Баспа түйінінің өзі көлденең қозғалады және қадамдық қозғалтқышпен басқарылады. Баспа түйінін қағазда жол бойынша қозғалтқан кезде нүктелерден тұратын таңбалардың іздері шығады. Принтер жадында бөлек әріптер мен таңбалардың кодтары сақталған. Осы кодтар белгілі бір әріпті басу үшін қай инені және қашан белсенді ету қажет екенін анықтайды. Матрицада 9, 18 немесе 24 ине болуы мүмкін. 9-инелік принтермен басу сапасы жоғары емес. Сапасын жақсарту үшін жолақтан түйінді екі және төрт рет өткізу қажет. Қазіргі заманауи матрицалық принтерлер үшін стандарт 24 инелік матрица болып есептеледі. Инелер екі қатар болып, әр қатарда 12 данадан орналасқан. Баспа сапасы айтарлықтай жоғары. Матрицалық принтерлер бірден құжаттың бірнеше көшірмесін шығарып бере алады. Ол үшін парақтарды көшірмелік калькамен алып қою. Матрицалық принтерлер талапшыл емес, кез келген қағаз бетіне басып шығара алады: картонда, орамалық қағазда және т.б. (сурет - 1.26). Алғашқы ағыншалы принтерлерді Hewlett Packard фирмасы шығарды. Әрекет ету ережесі матрицалық принтерге ұқсас, бірақ инелер орнында капиллярлы бүріккіштер және сиясы бар резервуар орналасқан. Орта есеппен бүріккіштер саны – 16 бастап 64 жетеді, бірақ қара сияларға арналған распылительдер саны 300, ал түрлі түстілер үшін – 416 баратын принтерлер түрлері де кездеседі.
Сурет - 1.26. Матрицалық принтер
Сиясы бар резервуар бөлек орналасып баспа түйінімен капиллярлар арқылы қосылуы мүмкін, ал кей принтерлерде баспа түйініне кіріктіріліп және сонымен бірге алмастырылуы мүмкін. Әр құрылымның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Баспа түйініне кіріктірілген резервуар конструктивті бөлек құрылғы (картридж), оны алмастыру өте оңай. Көптеген заманауи ағыншалы принтерлерде қара-ақ және түрлі-түсті баспа картридждерін бірге қолдануға болады. Әрекет ету принциптері. Сияны тозаңдатудың үш тәсілі бар: пьезоэлектрлік, көпіршіктер газы және drop-on- demand. Пьезоэлектрлік тәсілде пьезоэлектрлік түйін бүріккішінде диафраммамен байланысқан жалпақ пьезоэлемент орналасқан. Баспа кезінде ол чернила распылениесін распылитель арқылы шақырып диафрагманы қысады, жібереді. Тасымалдаушыға аэрозоль ағыны түскен кезде нүкте басылып шығады (Epson, Brother фирмаларының принтерлер үлгілерінде қолданылады). Газдық көпіршіктер тәсілінде әр бүріккіш жылытқыш элементпен жабдықталған. Сия микросекундтық ток импульсі элементінің арасынан өткен кезде қайнау температурасына дейін қыздырылады да тасымалдағышта таңбалар қалдыратын сияны бүріккіштен қысып шығаратын көпіршіктер пайда болады (Hewlett Packard, Canon фирмаларының принтерлер үлгілерінде қолданылады). drop-on-demand тәсілі (қажеттілігінше тамшы) жоғарыдағы тәсілден айырмашылығы тамшының пайда болуы үздіксіз болмайды, тек көріністі жасау сәтінде пайда болады. Жоғары сапалы таңбаны шығарудың жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Түрлі-түсті баспа әртүрлі түстерді белгілі бір қатынаста араластыру жолымен орындалады. Ағыншалы принтерлердің артықшылығы CMYK (Cyan-Magenta-Yellow) түрлі-түсті үлгі жүзеге асады. Түстердің араласуы таза қара түсті бере алмайды, өйткені құраушы үлгі қатарына қара түс (Black) кіреді. Түрлі-түсті баспа кезінде картриджде үш немесе төрт сия құйылған резервуар болады. Баспа түйіні парақтың бір жерінен бірнеше рет өтіп, түрлітүсті бояулардың қажет санын жағады. Бояуларды араластырғған кейін парақта қажет түсіміздің аймағы пайда болады (сурет - 1.27). Ағыншалы принтерлер сипаттамасы: ■ басу жылдамдығы – сапасы орташа режимде баспа минутына үштөрт парақты құрайды. Түрлі-түсті баспа уақытты көп алады; ■ басып шығару сапасы – распылительдер саны көп струйных принтерлердің қымбат түрлері суреттің жоғары деңгейдегі сапасын қамтамасыз етеді. Бірақ қағаз сапасы мен қалыңдығы үлкен роль атқарады. Сияның ағып кетуінің алдын алу үшін кейбір принтерлер қағазды жылыту тәсілдерін қолданады; ■ рұқсат ету қабілеті – графикалық суреттерді басып шығару рұқсат ету қабілеті 300 бастап 720 dpi дейін құрайды; ■ тасымалдағыш таңдауы – орама қағазында басып шығару мүмкін емес. Басты кемшілігі бояудың бүріккіштерде қатып қалуы. Оны тек картридж алмастырып қана жоя аламыз. Қатып қалуды болдырмас үшін принтерлер бүріккіштерді тазарту құралымен жабдықталған. Бағасы және сапасы жағынан ағыншалы принтерлер үй жағдайында пайдалануға тамаша келеді. Заманауи лазерлік принтерлер басып шығарудың ең жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сапасы фотосуреттің сапасына жақын. Лазерлік принтерлердің негізгі кемшілігі бағасының жоғары болуы.
Сурет - 1.27. Ағыншалы принтер
Әрекет ету қағидасы. Көптеген лазерлік принтерлерде көшірме аппараттарындағыдай баспа механизмдері қолданылады. Негізгі түйін суретті қағаз бетіне басатын қозғалмалы барабан. Барабан жартылай өткізгіш қабатымен қапталған металл цнемесендр. Барабанның беті разрядпен статистикалық зарядталады. Барабанға бағытталған лазер сәулесі тию нүктесінде эдектростатистикалық зарядты өзгертеді де барабан бетінде суреттің электростатистикалық көшірмесін қалдырады. Осыдан кейін барабанға бояу ұнтағының қабаты (тонер) жағылады. Тонер бөлшектері тек электрлік заряталған нүктелерге тартылады. Қағаз тарпадан тартылады да оған электрлік заряд беріледі. Барабанға салу кезінде қағаз барабаннан тонер бөлшектерін өзіне тартады. Тонерді фикасациялау үшін қағаз тағы да зарядталып 180 °С дейін қыздырылған біліктер арасынан өтеді. Аяқталған соң барабан тоғынан айырылады, тонерден тазартылады және таға да пайдаланылады. Түрлі-түсті баспа кезінде сурет қағаз механизмнен төрт рет өткенде әр түрлі тлнерлердің араласуынан қалыптасады. Әр өткен сайын қағаз бетіне бір түсті тонердің қажет мөлшері жағылады. Түрлі-түсті лазерлі принтер күрделі электрондық құрылғы, оның тонерге арналған төрт резервуары, оперативті жады, процессоры және қатты дискі бар. Бұл сипаттамалары әрине бағасына және габариттік көлеміне әсер етеді (сурет - 1.28). Лазерлік принтердің негізгі сипаттамалары: ■ басып шығару жылдамдығы – қағазды механикалық тарту жылдамдығымен және компьютерден келіп түсетін деректерді өңдеу жылдамдығымен анықталады. Басып шығарудың орташа жылдамдығы минутына 4 ... 16 бет; ■ рұқсат ету қабілеті – заманауи лазерлік принтерлерде 2 400 dpi жетеді. Стандартты мәні 300 dpi; ■ жады – лазерлік принтердің жұмысы көптеген есептеулерден тұрады. Мысалы, рұқсат ету қабілеті 300 dpi болғанда, А4 форматтағы парақта шамамен 9 млн нүкте болады, және олардың әрқайсысының координаттарын есептеу керек. Ақпаратты өңдеу жылдамдығы процессордың тактілік жылдамдығына және принтердің оперативті жады көлеміне тәуелді. Қара-ақ лазерлік принтердің оперативті жадының көлемі Объем оперативной памяти черно-белого лазерного Мбайттан аспайды, түрлі-түсті лазерлік принтерде айтарлықтай көп; ■ қағаз – А4 форматындағы сапалы парақ қолданылады. А3 форматына арналған үлгілері бар. Лазерлік принтердің кейбірінде орама қағазды пайдалану мүмкіндігі бар. Лазерлік принтер жұмысының жарамдық мерзімі және сапасы барабаннан тәуелді. Арзан үлгідегі барабан қоры – 40 ... 60 мың бет.
Сурет - 1.28. Лазерлік принтер
Принтерді жалғау. Компьютерге принтерді физикалық жалғағаннан кейін, принтерді бағдарламалық орнату және күйге келтіру қажет. Windows басып шығару үрдісімен бағдарлама емес, операциялық жүйе басқарады. Принтерді басқару ісін драйвер жүзеге асырады. Олар принтермен бірге жеткізіледі, бірақ әйгілі үлгілердің драйверлері Windows жиынтығында болады. «Өзінің» драйвері болмаған жағдайда бар драйверлер жинағынан ұқсасын таңдап көруге болады немесе Интернет желісінде өндіруші-фирма парақшасынан табуға тырысу қажет. Сканерлер. Сканер – компьютерге ақ-қара немесе түрлі-түсті суреттер енгізу, графикалық және мәтіндік ақпараттарды оқытуға мүмкіндік беретін құрылғы (сурет - 1.29). Сканерді қолда бар түпнұсқа құжатты, мәтінді және (немесе) графикалық суреттерді, оны әрі қарай қайта өңдеу (редакциялау және т.б.) үшін компьютерге енгізу қажеттілігі туындаған кезде пайдаланады. Содан кейін сканерленген ақпарат арнайы бағдарламалық қамтым арқылы (мысалы, FineReader бағдарламасымен) өңделеді де мәтіндік немесе графикалық құжат ретінде сақталады. Әрекет ету қағидасы. Сканердің негізгі элементі CCD- матрица (Charge Coupled Device – қуаттық байланысы бар құрылғы) немесе PMT (Photo Multiplier Tube – фотокөбейткіш). Колба-фотокөбейткіштер тек қиын және қымбат барабанды, кәсіби сканерлерде қолданылады, сол себепті бұдан кейін тек CCD-матрицалы сканерлердің әрекет ету принциптерін қарастырамыз.
Сурет - 1.29. Сканер
CCD-матрица – сыртқы кернеу әсер еткенде жарық әсерінен іске қосылатын диодтар жинағы. Матрица сапасына кескінді тану сапасы тәуелді. Сканердің арзан үлгісі түстің бар/жоқтығын анықтайды, қүрделі үлгілер – сұры түсті реңк, олардан кейін күрделісі – барлық түсті таниды. Сканерден өтетін объект ксенонды лампамен немесе светодиодтар жинағымен жарықтанады. Шағылысқан сәуле айналар жүйесі көмегімен немесе линзамен CCD – матрицасына жобаланады. Жарық және сыртқы кернеу әсерімен матрица аналогты сигналды генерациялайды, ол бейнелеу қарқындылығы әртүрлі қарапайым фрагменттерге қатысты оның парағына байланысты қозғалыс кезінде өзгереді. Сигнал аналогты-сандық түрлендіргішке жіберіледі, ол жерде санық түрлендіру орын алады да (нольдер мен бір сандарының жиынтығы түрінде ұсынылады) компьютер жадына жіберіледі. Сканерлеудің екі тәсілі бар: жылжымайтын CCD-матрицаға қатысты парақтың қозғалуы немесе қозғалмайтын парақ бетімен жарыққа сезімтал элементтің орын ауыстыруы. Сканерлерді жіктеу кезінде сканерлеу тәсілімен, түпнұсқа өлшемімен және оптикалық жүйе сапасымен бір-бірінен ерекшеленетін үлгілері өте көп. Ақпаратты оқитын түйіннің орын ауыстыруын ұйымдастыру тәсілі бойынша сканерлер планшеттік, барабандық және қолдық болып бөлінеді (1.30-сурет).
Планшеттік сканерлерде түпнұсқаны астынан оптика-электрондық оқы құрылғысы қозғалып жүретін шыны үстіне салады. Барабандық сканерлерде түпнұсқа барабан арқылы кіріс саңылауға транспорттық трактке тартылып, жылжымайтын ақпаратты оқу-көшіру құрылғысының қасынан өткізіледі. Барабандық сканерлер кітаптарды, тігілген брошюра және т.б. сканерлей алмайды. Қолдық сканерді түпнұсқа бетімен бірқалыпты жылжыту қажет, ыңғайлы емес. Жүйелі түрде қолданатын болсаңыз, қымбат болса да үстелдік планшеттік сканер болғаны дұрыс. Сканерлердің негізгі техникалық сипаттамалары: ■ рұқсат ету қабілеті – сканер кез келген объектті жеке нүктелер жинағы ретінде қарастырады (пикселдер). Пикселдер тығыздығы (бірлік аудандағы саны) дегеніміз сканердің рұқсат ету қабілеті және dpi (dots per inch – 1 дюмдегі нүктелер саны) өлшенеді. Пикселдер жолақ бойымен орналасады, солай көріністі толтырады. Сканерлер үрдісі жолақ бойынша жүреді, барлық жолақ бірге сканерленеді. Сканердің қарапайым рұқат беру қабілеті 200 ... 720 dpi құрайды. Одан көп мән (1 000 жоғары) интерполяционды, көрініс нұктелері қасында орналасқан параметрлерді математикалық түрлендіру арқылы бағдарламалық жолмен қол жеткізетін рұқсат ету қабілетін бірдіреді.
в Сурет - 1.30. Сканерлер түрлері: а – қолдық; б – планшеттік; в – барабандық
Сканерленген материалдың сапасы оптикалық рұқсат ету қабілетінен (CCD-матрицаның дюмде жарыққа сезімтал диодтар санымен анықталады) және механикалық рұқсат ету қабілетіне (жарыққа сезімтал элементтің қозғалыс дискреттілігінен және қағазға қатысты айналар жүйесінен анықталады) де байланысты. Рұқсат ету қабілетін таңдау сканерлеу нәтижесін болашақта пайдаланумен анықталады: фотожинақтық машиналарда басылатын бейнелеу суреттері үшін рұқсат ету қабілеті, 1000 ... 1 200 dpi, суретті лазерлік немесе қолдық принтерде басып шығару үшін – 300 ...600 dpi, монитор экранында суретті қарау үшін – 72 ... 150 dpi, мәтінді анықтау үшін – 200 ... 400 dpi; ■ түс анықтаудың тереңдігі – түпнұсқаны сандық түрге түрлендіргенде суреттің кез келген пикселі туралы ақпарат сақталады. Қарапайым сканерлер түстің бар немесе жоқ екенін анықтайды, нәтижесінде сурет аққара түсті болады. Пикселдер туралвы ақпарпат үшін бір разряд жеткілікті (0 немесе 1). Сұры түстерді беру үшін ақ пен қара түс арасында кем дегенде төрт разряд қажет (16 түс) немесе сегіз разряд (256 түс). Разряд көп болған сайын түстердің берілу сапасы жоғары болады. Көптеген заманауи түрлі-түсті сканерлер 24 разрядты түс тереңдігімен жұмыс жасайды. Сканер шамамен 16 млн түтерді тануға мүмкіндік береді, және суреттерді сапалы сканерлеуге болады. Сканерлер нарығында 3 немесе 34 разрядты түстер тереңдігін танитын түрлері де кездеседі; ■ динамикалық оптикалық диапазон – жартылай тондар спектрлерін анықтайды. Оптикалық тығыздық шағылған жарыққа түскен сәуленің қатынасы ретінде анықталады және 0,0 (абсалют ақ дене) бастап 4,0 (абсолют қара денеге) дейін диапазон аралығында тербеледі. Диапазлн мәні D әріпімен толығады және оның сезімталдық деңгейін анықтайды. Көптеген планшеттік сканерлердің стандартты диапазоны 2,4 D, бір түстің ұқсас реңктерін өте жақсы ажыратпайды, бірақ бұл кәсіби емес қолданушы үшін жеткілікті; ■ сканерлеу тәсілі – сканерленген түсті көріністің сапасы сканердің деректерді жинау тәсіліне тәуелді. CCD-матрицаның түпнұсқадан өту санымен ерекшеленетін екі негізгі тәсілді анықтайды. Бірінші сканерлер үш рет сканерлеп өтуді қолданды. Әр өткен сайын RGB түсті палитрасынан түстердің біреуі сканерленіп отырды. Заманауи сканерлер бір рет сканерлеу әдістемесін қолданады, түстік сәулені құраушыларға призма көмегімен бөледі.
Сканерлеу жылдамдығы – сканер өнімділігін анықтайтын стандартты әдістеме жоқ. Өндірушілер бір жолақты сканерлеу немесе секунд санын көрсетеді. Бірақ компьютерге, драйверге, түстерді беру сұлбасына, қосылу тәсілін, рұқсат ету қабілетін ескеру қажет. Сол себептен сканерлеу уақыты тәжірибелік жолмен анықталады. Модемдер. Модем – компьютерді қарапайым телефон желісіне қосуға арнал құрылғы. Атауы екі сөздің қысқартылуынан құралған: Модуляция және Демодуляция. Компьютер дискреттік электрлік сигналдар (екілік нольдер мен бірліктер кезегі) шығарады, ал телефон желісінде ақпарат аналогты түрде беріледі, яғни деңгейі дискретті емес үздіксіз сигнал түрінде беріледі. Модемдер сандықаналогты және аналогты-сандық түрдендіру жүргізеді. Мәліметтерді беру кезінде модемдер компьютердің санддық сигналын телефон желісінің үздіксіз жиілігіне (оны модуляциялайды) қояды, ал оларды қабылдаған кезде – ақпаратты демодуляциялайды да компьютерге сандық түрде береді. Модемдер аұпаратты коммутацияланған телефондық каналдар арқылы 300 бастап 56 000 бит/с дейін жылдамдықпен береді, ал жалға алынған каналдар (ерекшеленген) арқылы жылдамдығы жоғары болуы да мүмкін. Сонымен қатар, заманауи модемдер ақпаратты жіберер кезінде сығылысу орындайды, және сәйкесінше нақты жылдамдығы модемнің максимал жылдамдығынан артуы ықтимал.
Конструктивті орындалуы бойынша модемдер кіріктірілген (компьютердің жүйелік блогына кеңею слоттарының біреуіне салынады) және сыртқы (коммутациялық порттардың біреуі арқылы қосылады, бөлек корпусы және қорек блогы бар) болып бөлінеді (сурет - 1.31). Дегенмен негізгі құраушыларының біреуі протокол болып табылатын, сәйкес коммуникациялық бағдарламалық қамтымсыз модемдер жұмыс жасай алмайды. Кең таралған протоколдар v.32 bis, v.34, v.42 bis және т.б. Заманауи модемдердің факсимильдік хабарламалар алу және жіберу кіріктірілген мүмкіндіктері бар. Бұндай құрылғылар факс-модем деп аталады (сурет - 1.32). Дауыс адаптері көмегімен тілдік функцияларды қолдау мүмкіндігі бар.
Сурет - 1.31. Сыртқы (а) және ішкі (б) модемдер
Сурет - 1.32. Факс-модем
Модем түрін таңдауға келесі жағдайлар ықпал етеді: ■ бағасы – сыртқы модемдер қымбат тұрады, өйткені бағасына корпус және қоректендіргіш блок бағасы да кіреді; ■ бос порттар/слоттардың бар болуы – сыртқы модем кезекті портқа жалғанады. Ішкі модем аналық платадағы слотқа жалғанады. Егер порттар мен слоттар бос болмаса құрылғылардың біреуін таңдау қажет; ■ қолдану ыңғайлылығы – сыртқы модем корпусында оның күйін көрсететін индикаторлар және тоқ көзін сөндіргіш бар. Сыртқы модемді қондыру үшін компьютер корпусын ашудың қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |