|
Электр доғасымен дәнекерлеуді балқитын өткізгіштерді пайдаланып, қолмен жүргізу
|
Дата | 25.11.2017 | өлшемі | 18,56 Kb. | | #1874 |
| - Материалдың маңызды технологиялық қасиеттерінің бірі – дәнекерленуі. Дәнекерлеу – біріктірілетін метал бөліктерінің арасында атомдар байланысын орнату арқылы олардың біртұтас қосылысын қалыптастыратын процесс. Ол үшін процессті қосылатын метал беттерін балқытып немесе оларды қыздырып, қыздыруды илемді деформациялаумен үйлестіріп отырып жүргізеді.
- Дәнекерлеу(пісіру) технологиясы.
Электр доғасымен дәнекерлеуді балқитын өткізгіштерді пайдаланып, қолмен жүргізу. - Электр доғасымен дәнекерлеуді балқитын өткізгіштерді пайдаланып, қолмен жүргізу.
- Электр доғасымен дәнекерлеуде жылу көзі – ол өткізгіш пен дайындама арасында жанатын электр доғасы. Доға – металдың газдары мен булары арқылы иондалған атмосферадағы қуатты және тұрақты электр разряды. Доғаның ортасында температура 6000К, ал катод және анод беттерінде температура 3000К жетеді. Дәнекерлеу балқымайтын (Славанов әдісі) және балқитын (Бенардос әдісі) өткізгіштермен жүргізіледі. Қолмен дәнекерлеуде доғаны жағуды және өткізгіштерді жік бойынша жылжытуды дәнекерлеушінің өзі жүргізеді. Өткізгішті ұстау және оның бойымен ток өткізу үшін арнайы өткізгішті ұстатқыштар пайдаланылады.
- Қолмен жүргізілетін электр доғасымен дәнекерлеудің негізгі параметрлері – ток күші, доғаның кернеуі және дәнекерлеу жылдамдығы.
Дәнекерлеудің ток көзі - Дәнекерлеудің ток көзі
-
- Дәнекерлеу доғасын жабдықтау үшін айнымалы ток көзі (дәнекерлеу трансформаты) немесе тұрақты ток көзі (дәнекерлеу түзеткіштері және генераторы) қолданылады. Айнымалы ток көздері кеңірек тараған, өйткені оларды қолдану оңай және ұзақ уақыт үнемді жұмыс істей алады.
- Тұрақты ток көзі технологиялық тұрғыдан жақсырақ, өйткені ол доғаның жану тұрақтылығын арттырады.
-
- Газ жалынымен дәнекерлеу
- Газ жалынымен қара және түсті металдарды балқытып дәнекерлеуге болады.
- Дәнекерлеу жалыны жанғыш газдарды техникалық таза оттегінде жандыру арқылы алынады. Дәнекерлеуде әртүрлі жанғыш газдар пайдаланылады: ацетилен, сутегі, табиғи газ және т.б. бұлардың ішінде ең жиі қолданылатыны ацетилен (С2Н2). Ацетиленнің жылу шығару деңгейі 11470кал/м3.
- Ацетилен сумен кальций карбидінің арасындағы реакциядан түзіледі. Кальций карбиды электр доғалы пешінде балқытқанда известь (СаСО3) пен кокс немесе тас көмір арасындағы химиялық реакцияның арқасында алынады.
- Дәнекерлеу жалыны – ол жану реакциялары өтетін көлем. Ацетилен – оттегі жалыны үш аймақтан тұрады. Ядро – еркін көміртегімен қаныққан өте жарық жалын. Қалыпты жағдайда ядроның ұзындығы 5-20мм. Конус ұшынан 2-3мм жерде ең жоғары температура болады.
Жалынның осы екінші орта бөлігі СО және Н2 газдарынан тұрады және олар метал тотықтарымен әрекеттесіп, оларды тотықсыздандырады . Үшінші бөлігі – әртүрлі газдардың қоспалары. Газбен дәнекерлеу қыздыру температурасы жоғары осы екінші бөліммен жүргізіледі. Ацетилен – оттегі жалынының температурасы 3150. Дәнекерлеуде қалыпты жалын қолданылады, ал бұл жалында оттегі мен ацетиленнің қатынасы О2/С2Н2=1,1=1,2 деңгейінде болады. - Жалынның осы екінші орта бөлігі СО және Н2 газдарынан тұрады және олар метал тотықтарымен әрекеттесіп, оларды тотықсыздандырады . Үшінші бөлігі – әртүрлі газдардың қоспалары. Газбен дәнекерлеу қыздыру температурасы жоғары осы екінші бөліммен жүргізіледі. Ацетилен – оттегі жалынының температурасы 3150. Дәнекерлеуде қалыпты жалын қолданылады, ал бұл жалында оттегі мен ацетиленнің қатынасы О2/С2Н2=1,1=1,2 деңгейінде болады.
- Ацетилен арнайы генраторларда алынады. Олар жұмыс принципі бойынша екі түрге бөлінеді: а) карбид-суға; б) су-карбидке.
- Дәнекерлеуді тікелей генератордан алынған газбен немесе арнайы баллондардағы газды пайдалана отырып жүргізеді. Баллонда газ қысымы 1,5МПа болады, сыйымдылығы 40л. Газ түріндегі оттегі болат баллондарда сақталады және тасымалданады. Баллондағы қысым 15МПа, сыйымдылығы 40л. Баллондардан шығаратын газ қысымын төмендетіп, тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін редукторлар қолданылады. Горелкалар (шілтерлер) жанғыш газды оттегімен араластырылып жалынның жануын қамтамасыз етеді, көбіне инжекторлы шілтерлер қолданылады. Газбен қалыңдығы 0,2/3мм метал дәнекерленеді.
Қысыммен дәнекерлеу - Қысыммен дәнекерлеу
-
- Дәнекерлеудің бұл процесі біріктірілетін тетіктердің беттерін алдын-ала электр тогымен қыздырып, содан кейін біріктірілетін қосылыс аймағын қысыммен біріктіруге негізделген.
- Дәнекерлеу нәтижесінде алынатын қосылыстардың ерекшеліктеріне байланысты әдіс үш түрге бөлінеді:
- 1) түйістіріп
- 2)нүктелі
- 3) сызықты дәнекерлеу.
Түйістіріп дәнекерлеу - қосылыс аймағында жүргізілетін іс-әрекеттерге байланысты екі түрге бөлінеді: 1. Кедергі әдісі, 2. Еріту әдісі. Түйістіріп дәнекерлеудің басты көрсеткіштері: токтың тығыздығы, меншікті қысым күші және токтың металл арқылы өту мерзімі.
Нүктелік тәсіл - Нүктелік тәсілде табақша түріндегі дайындаманың бірнеше белгіленген нүктелері дәнекерленіп бекітіледі. Дайындамалар екі мыстан жасалған өткізгіштердің арасында илемділік жағдайына дейін қыздырылып, содан кейін күшпен қысу арқылы беріктіріледі. Дәнекерленетін металл қалыңдығы 0,5-5 мм. Нүктенің номиналды диаметрі дәнекерленетін тетіктің қалыңдығына байланысты.
Сызықтық тәсіл - Сызықтық тәсілде токты қосу, тетіктерге қысым түсіру және дайындамаларды жылжытып отыру айналып тұратын қос шығыршықтармен жүзеге асырылады. Дәнекерленетін табақшалардың қалыңдығы 0,3-3 мм.
-
Электр доғасын флюс қабатының астында жағуды автоматты түрде жүргізіп дәнекерлеу - Бұл әдісті қалыңдығы 1 мм немесе одан да жоғары жауапты құрылымдыр мен механизмдерді дәнекерлеу үшін қолданады. Көп жағдайда дәнекерлеу автоматты түрде жүргізіледі. Дәнекерлеу сыртқы беті қапталмаған өткізгіш сымды қолданып жүргізіледі.
- Процесті жүргізу кезінде сырғақты жылжыту жылдамдығын металл қабаттары арасындағы саңылауды металмен толтыру жылдамдығымен сәйкестендіру автоматты түрде жүргізіледі. Дәнекерлеуде диаметрі 2-3 мм өткізгіш сымы қолданылады. Дәнекерлеу тогы 750-1000 А, жіктің ұзындығы 8-2500 мм деңгейінде өзгереді.
- Қорғаушы газдарды пайдаланып дәнекерлеу
-
- Бұл процесте ток өткізгіш және бүкіл дәнекерлеу аймағы газдардың ағысымен қорғалып тұрады. Қорғаушы газдар ретінде инертті газдар (аргон, гелий), активті газдар (көмірқышқыл газы, азот т.б.) және екі немесе бірнеше газдардың қоспалары қолданылады. Қорғаушы газдар дәнекерленетін металдың ерекшеліктерін ескере отырып таңдалады. Қорғаушы газдарды пайдаланып дәнекерлеудің ерекшеліктеріне жатады:
- -Доғаның тығыздығының жоғары болуы себепті металл құрылымының өзгеру аймағы, бұйымның деформациялану деңгейі азаяды;
- -Жоғары өнімділік;
- -Балқыған металды, әсіресе инертті газдарды пайдаланғанда тиімді қорғау;
- -Дәнекерлеуді әртүрлі кеңістік жағдайында жүргізу мүмкіндігі.
- Активті газдар металдың белгіленген қасиеттерін металлургиялық өңдеу арқылы (тотықтыру және т.б.) қалыптастыру үшін қолданылады.
- Аргонды пайдаланып доғалық дәнекерлеу түсті (алюминий, магний, мыс), жоғары температурада балқитын (титан, ванадий) металдар мен қоспаларға және легірленген, жоғары легірленген болаттарға қолданылады.
Автоматты түрде дәнекерлеуде доғаның жылжуы арнайы құрылғының көмегімен орындалады. Дәнекерленген жік бетінде кейіннен алып тасталынатын шлак қабаты пайда болады. Шлак қабатына флюстің 25 кіреді. Қалған флюс майысқақ түтіктің көмегімен флюс аппаратына қайтарылып, әрі қарай пайдаланылады. Автоматты түрде дәнекерлеуде өткізгіш диаметрі 4-5 мм, ток күші - 600-1300 А. Флюстің құрамы металл құрамына байланысты. Электрошлак арқылы дәнекерлеу - Электрошлакпен дәнекерлеу әдісінде негізгі металл мен өткізгіш балқытылған шлак арқылы өтетін электр тогының қызуымен балқиды. Шлак қабаты дәнекерлеу флюсін балқыту арқылы қалыптасады да, процестің аяғына дейін сақталады. Шлак астауы негізгі металл жиектері мен дәнекерленетін тетік беттерін тығыз тіреп тұратын, сумен салқындатылатын, арнайы сырғыма тиек аралығында балқыған флюс нәтижесінде түзіледі. Сұйық шлактың белгілі мөлшері пайда болғаннан соң доға шлакқа тиіп сөнеді, бірақ сым мен токтың берілуі тоқтамайды. Балқыған шлактан ток өткенде қыздыру температурасы 2000-дейін жетіп негізгі металдың жиектері мен өткізгіш сымын балқытады. Сым токты өткізуші және дәнекерлеу астауын балқыған металмен толтырушы рөлін атқарады.
-
Шойынды дәнекерлеу Шойынның дәнекерлеу қасиеті төмен. Бұл үрдісті құймаларда кездесетін зақымдарды түзету және тетіктерді жөндеу үшін қолданады. Шойынды сырты қабатталған шойын өткізгішті пайдаланып доға арқылы дәнекерлегенде жіктің сапасы қамтамасыз етілмейді. Жік металының құрылымы ақ шойын түрінде қалыптасады, ал термиялық әсер аймағы шынығады. Шойын тетіктердің дәнекерленуін жақсарту үшін оларды алдын-ала пештерде 400-700 дейінгі температураға қыздырады. Дәнекерлеуді шойын өткізгіштермен жүргізеді. Дәнекерленген тетіктер пешпен бірге суытылады. Осы ретте дәнекерленіп жасалған қосылыстарда ақ шойын немесе шыныққан түрлердегі бөліктері болмайды. Бірақта ыстықтай дәнекерлеу қымбыт және көп еңбектенуді талап ететіндіктен оны көбіне жауапты тетіктерді жөндеуде қолданады. Шойынды салқын күйде дәнекерлеу үшін болаттан, мыстан және т.б. жасалған және арнайы құрамды материалдар мен қабатталған өткізгіштер қолданылады. Бірақта бұл шаралардың термиялық әсер аймағында ақ шойын түріндегі немесе шынықтырылған құрылымдарды болдырмауға көмегі аз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|