Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – ұлттың аймақтың немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алауы». Бәсекеге қабілеттілікті ұрпаққа жүктеп отыратын уақыт, уақыт өрісіндегі жаңа өзгерістер. Қоғамның дамуы ғылымдағы жаңа дүниелер арқылы көрінген сайын, бәсекеге қабілетті болу міндеті де күшейе түседі. Сондықтан бұл мәселе кез келген елдің қоғамы мен сол қоғамның ішіндегі ұлттық сананың шеңберінде тұратын құндылықтардың бірі болуы тиіс. Алаш зиялысы Әлихан Бөкейханов жазып кеткендей, «Байлық түбі – ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды».
Өткен дәуірде біздің бабаларымыз атамекенді жаудан білектің күшімен қорғап отырса, батырларымыз қорғаған дүниесін (ұлттық мүддені) ғылым, білім және өнер арқылы игеріп, оны одан әрі нығайтып отыратын ғылыми дүниелерге қол жеткізу бүгінгі ұрпақтың алдында тұрған бәсекеге қабілеттіліктің негізгі бағыты болып табылады.
Бәсекеге қабілеттілік қазіргі уақыт шеңберінде мәдениеттіліктің бір үлгісі болып табылады. Бүгінгі уақыт кеңістігіндегі дамудың жаңа талабына бейімделуде әлемдік өркениеттің адамзатқа ортақ дүниелерін меңгере білу бәсекеге қабілетті болудың негізгі ұстанымы. Себебі уақыт бір орында тұрмайды. Ғылымның қарқынды түрде күш алған уақытынан бастап адамзат әлемінде өркениеттіліктің үдерісі тез жүріп келеді. Адамзаттық өркениеттің көшінде орын алып отырған жаңа өзгерістер әрбір мәдениет иесі ұлттарға, оның мемлекетіне жаһанданудың жаңа талаптарына сай ерте қамдануды, ізденуді, ғылымның жаңа дүниелерін игеруге бейімделу мен икемді болуды жүктейді. Бұны философияда прагматизм дейді.
Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында мемлекетке, қоғам алдына ұсынылып отырған идея бұл ұлттық прагматизм. Ұлттық прагматизмнің ерекшелігі бұл ұлттың, елдің, қоғамның ортақ ұстанымын білдіреді. Ұлттық прагматизм ұлттың рухын сақтап, нығайтып отыратын ұрпақты ұлттың мүддесімен біріктіретін ұлттық сананың ерекше түрі. Ұлттық прагматизмде бүгінгі уақытпен өмір сүру жоқ. Ұлттық прагматизмге тән көзқарас өткеннің тағылымына құрметпен қарап, тәжірибесін игеру, яғни өзінің өмір сүріп отырған уақытындағы адамзат қоғамының жетістіктеріне қарап әрекет ету, іздену, өркениетке ұмтылу, болашаққа ұлттық мүдде биігімен қарау басым. Елбасының мақаласында атап көрсетілгендей, «қазақ халқының атамекенді қорғау, күту, таза ұстаудағы дәстүрі ұлттық прагматизмнің жарқын үлгісі болып табылады: «Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді». Ұлттық прагматизм дегеніміз өзіңді, ұлтыңды, халықты, еліңді сақтайтын, елдің өмірін жалғайтын дүниелерді тани білу, уақытылы қорғап отыру. Қазақтың қарапайым отбасылық өмірінде де ұлттық прагматизмнің элементтерінің жатқандығын көреміз.Үлкенді сыйлау, күтімдарлық, ырыс, несібе ұғымдары, ізгілікті туыс, ағайын, ел болып бөлісудің өзі қазақ дәстүріндегі осы құбылыстың мәнін тереңнен аңғартады. Елбасы айтқандай,
Достарыңызбен бөлісу: |