«Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек».
Ұлттық прагматизм бабаларымыздың қол жеткізген, қалыптастырып кеткен үлкен жетістіктерінің бірі. Шыныменде тарихқа қарайтын болсақ, қазақ қалыптастырған ұлттық дәстүрінен ұтылған жоқ, керісінше дәстүр арқылы қоғамдағы қиыншылықты жеңіп отырған. Ұлттық прагматизмді дәстүр негізінде ұлттық қасиет деңгейіне көтере білді. Соның нәтижесінде ел тәуелсіздіктен қол үзгенімен, тарихтағы қазақтың әрбір адамы ұлттық қасиеттері мен құндылықтарынан қол үзбеген. Жер мен елді қорғау ісіне ұлттық сананың күшімен бірікті, яғни даналығы, тектілігі арқылы дәстүрлі қоғамның мәдени өрісі сақталып отырды. Осының нәтижесінде ұлт жойылмаған. Мемлекет басшысының мақаласында ұсынылып отырған ұлттық прагматизмді нығайтудың басты мақсаты, осы бір тарихи уақыт кеңістігіндегі ұлттың болмысымен, ұлттың мүддесімен ұрпақтың рухын, болашағын біріктіретін құндылықтарды зерделеу, бағыт-бағдар беру. Ата-бабаларымыздың ұлттық мүддеге қызмет етудегі дәстүр тәжірибелерінің бойынан ізгі қасиеттерді иелену, соны қайта жалғастыру.
Түрлі тарихи кезеңді тарихта басынан өткізу халқымыз үшін оңай болмағандығы анық. Отаршылдық уақыт, одан кейінгі кеңес дәуірінде сырттан күштеп енгізілген идеология ұлттық қасиеттеріміз бен құндылықтарымыздың біраз бөлігін ұрпақ өмірінен қашықтата түсті. Осының салдарынан елдің табиғаты мен мінезіне жат дүниелер қоғамға орныға бастады. Демек ұлттық прагматизмді қолға алудағы мақсат, бұл идеяның басты мақсаты кері тартпа, ұлттың мінезіне, елдің дәстүріне жат нәрселерден арылу. Бүгінгі уақыт талабына тарихтағы елдің тәжірибесімен қайта қарау.
Қазіргі қоғам алдында тұрған мәселелерді бірі ұлттық бірегейлік. Ұлттық бірегейлікті сақтау бүгінгі жаһандану дәуірінде елдікті сақтаудың ұстанымы болып саналады. Себебі бұл мәселе ұлттың болашағына үнемі тікелей қатысты. Адамның бойында, өмірінде, қоғамда ұлттық бірегейлік болмаса бұндай адамның қоғамының ертеңі бұлыңғыр. Қоғамда ұлттық берегейлік болмаса, ұлттық бірегейлік ұлттық санаға айналмаса бұндай ортаның адамы өскен ортасынан, қоғамынан қашықтайды. Осы себептен жеке адамды қоғамымен, ұлттық мүддемен, ұрпақты ел мүддесіне жұмылдырып отыратын ұлттық сана, ұлттық бірегейлік. Ұлттық сана болмаса ұлттық бірегейлік сақталмайды. Ұлттық сана мен ұлттық бірегейлік тығыз баланысты. Ұлттық бірегейлік қоғамның бет бейнесін айқындап отырса, қоғамның негізі ұлттық санаға тәуелді. Сонымен қатар ұлттық бірегейлік осы ұлттық санадан шығатын қоғамның мәдени негізі болып саналады.
Ұлттың тұлғалық жетістігі, ұрпақтың кісілігіне тән дүние ұлттық бірегейліктің негізінде ұлттық тәрбие, дәстүр мен мәдениет, тіл, ұлттық өнер, діл мен діннің тазалығы, ұлттық идея, тарих, тарихи сана және ұлттық идология жатыр. Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейлік мәселесі ұлттың болашағын, қоғамның тұрақтылығын, тұтастығын айқындайтын дүние, маңызды құрал болып отыр. Құрал дейтініміз дәстүрлі қазақ қоғамының рухани өмірінде, бұл мәселеге кез келген отбасы, жеке адам, ата-ана болып көңіл бөлген. Ұлттық бірегейлікті негізге алған ұрпақты елдікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде қоғамдағы әр отбасы өзіне тиесілі жауапкершілікті сақтаған. Соның нәтижесінде ұлттық санасы мен рухы күшті адамдар қоғам алдына шығып отырды, ұлт ісіне жұмылуда ұлт зиялыларының биік шоғыры қалыптасты.
Елбасы мақалада атап көрсеткендей,
Достарыңызбен бөлісу: |