Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы


Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі



жүктеу 237 Kb.
бет3/7
Дата08.05.2020
өлшемі237 Kb.
#30005
1   2   3   4   5   6   7
Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі




  1. Мереке күніне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

  2. Ай сайынғы әлеуметтік көмек алу үшін осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

  1. жеке басын куәландыратын құжатты;

  2. алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты;

  3. тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты ұсынады.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

  1. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген адам (отбасы) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекке өтініш білдірген кезде өтініш беруші өз атынан немесе отбасы атынан уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

  1. жеке басын куәландыратын құжатты;

  2. тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

  3. Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

  4. адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

  5. өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты;

  6. осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылығының бар–жоғы туралы мәліметтерді;

  7. отбасы мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжатты ұсынады.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге

қайтарылады.



  1. Адам (отбасы мүшелері) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек үшін өтініш білдірген кезде уәкілетті орган консультация беру деңгейінде оны көрсету шарттарын түсіндіреді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасуға келісім берген жағдайда, адаммен (отбасы мүшелерімен) әңгімелесу өткізеді, оның барысында адамның (отбасы мүшелерінің) проблемалары туралы, өмiрлiк қиын жағдайдан шығу мүмкіндіктері туралы ақпаратты нақтылайды, сондай–ақ:

  1. үміткердің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті алу құқығын;

  2. адамдарға (отбасы мүшелеріне) жеке қажеттіліктерін есепке алып, көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлерін;

  3. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын алдын ала айқындайды.

Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес әңгімелесу парағы ресміделеді және өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырылады. Осыдан кейін осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес келісімшар негізінде әлеуметтік көмекті тағайындауға арналған өтініштерді тіркеу журналында тіркелетін өтініш беріледі.

  1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің атынан немесе отбасы атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

  1. жеке басын куәландыратын құжатты;

  2. тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

  3. Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

  4. осы Қағидалардың 8-тармағы 4), 5), 6)-тармақшаларында көрсетілген адамның (отбасының) табыстары туралы мәліметтерді;

  5. өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Оқу төлеміне арналған әлеуметтік көмек үшін халықтың әлеуметтік жағынан осал жіктеріне жататының растайтын құжат.



  1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге және келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекке өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

  2. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге және келісімшар негізіндегі әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл әкіміне жібереді.

Кент, ауыл әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен бірге уәкілеті органға жібереді.

  1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету және келісімшар негізіндегі әлеуметтік көмек үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

  2. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

  3. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

  4. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасы мүшелерінің) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген тоқсаннын алдындағы 3 айға алған отбасының жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.

  5. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

  6. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

  1. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

  2. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.

  3. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

  1. өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

  2. өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

  3. адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілетті орган белгілеген шектен артқан;

  4. келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекті көрсету үшін отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мөлшерінің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан артқан;

  5. табысы аз азаматтар қатарынан өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар, еңбекке қабілетті жастағы адамдар санаттарына жатқызылған отбасының еңбекке қабілетті бір немесе бірнеше мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысудан бас тартқан жағдайларда жүзеге асырылады.

  1. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік

шотына ақшалай қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.

  1. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Рудный қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.




  1. жүктеу 237 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау