Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы


Отбасының белсенділігін арттырудың



жүктеу 237 Kb.
бет4/7
Дата08.05.2020
өлшемі237 Kb.
#30005
1   2   3   4   5   6   7
Отбасының белсенділігін арттырудың

әлеуметтік келісімшартын жасау


  1. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекке құқығы айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін жеке жоспарды әзірлеу және Осы Қағидалардың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады.

Бұл ретте осы Қағидалардың 34-тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2 топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар, аз қамтылған азаматтар қатарындағы еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар қатарынан үміткерлер бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу үшін Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы) жіберіледі немесе «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама алады.

  1. Жеке жоспарда аз қамтылған азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін адамның (отбасының) белгіленген іс–шаралары, атап айтқанда:

  1. уәкілетті органның және (немесе) жұмыспен қамту орталығының жәрдемдесуімен белсенді жұмыс іздеу және олар ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасу;

  2. кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілікті арттырудан өту;

  3. жеке кәсіпкерлік қызметін іске асыру, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу;

  4. халықтың нысаналы топтарының мезгілді скринингтік тексерісінен өту;

  5. отбасы құрамында жүкті әйел болған жағдайда акушерлік–гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жүктіліктің 12 аптасына дейін медициналық тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу;

  6. әлеуметтік мәні бар ауруы (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) бар

болған кезде ерікті түрде емделу;

  1. арнаулы әлеуметтік қызметтерді және (немесе) мүгедектерді оңалту шараларын уақытылы алу;

  2. олардың жеке қажеттілігіне байланысты уәкілетті органның қарауы бойынша айқындалған адамды (отбасыны) өмірлік қиын жағдайдан шығару үшін басқа да іс–шаралар.

  1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:

стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде);

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.



  1. Адамның (отбасының) белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай тағы алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек мөлшері қайта қаралмайды.

  1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі

данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге 7 қосымшаға сәйкес тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.

  1. Уәкілетті орган барлық кезеңдерде отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын сүйемелдеуді және жеке жоспардың орындалуын жүзеге асырады.




  1. жүктеу 237 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау