Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет45/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
87
«Бір күні бір сиыр шығып кетті, мені оны 
іздеуге жіберді. Олар мені қашып кетеді 
деп ойлаған жоқ. Себебі мен ылғи тілалғыш 
болдым. Мен біршама уақыт сиырды іздеп 
жүрдім де, сосын қашып кеттім». (291, адам 
саудасының құрбаны, жынысы-ер,22 жас)
«Полиция қызметкерлері мен 
қылмыскерлердің бір кеші өтіп жатты. 
Олар көп ішіп, мас болғанда, олар аумақты 
бөліп төбелесе бастады. Барлық күзетшілер 
үйге жүгіріп кетті де, дуал ашық қалды. Мен 
өзімнің заттарымды, ақшамды жинап, қашып 
кеттім». (390, адам саудасының құрбаны, 
жынысы–әйел, 17 жас)
«Бір күні бастық жұмыс кезінде алаңдап кет-
кенде мен қашып кеттім...Біз Қарағандыда 
жұмыс істегенде, бізге жалдаған пәтердің 
иесі әйел бізге полициямен байланысуға 
көмектесті». (463, адам саудасының құрбаны, 
жынысы–әйел, 20 жас)
«Қыздардың бірі ауырып қалды, оны 
ауруханаға алып кетті, олармен бірге мені 
де алып кетті. «Мамка» сол қызбен дәрігерге 
кіргенде мен дәлізде күтіп отырдым. Мен осы 
сәтті пайдаланып, қашып кеттім. Мен так-
си ұстап, аудандық ішкі істер бөліміне келдім 
де жылап жібердім» (296, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 20 жас).
Сонымен бірге адам саудасының екі құрбаны 
өздерінің клиентпен жеке қалғанда ешкімге 
байқатпай қашып кетуге мүмкіндік болғанда 
қашып кеткенін айтып берген. Екі оқиғада да 
қашып шыққан соң олар бірден полицияға 
барған. 
«Мен клиенттің шақыруымен бір пәтерге 
бардым. Күзетші аулада кіреберістің 
алдындағы машинада отырды. Сатымен 
көтеріліп келе жатқанда, мен кіреберістен 
шығатын есіктің екеу екенін көрдім. Кірген 
кезде клиент мас екен. Мен бірден жуы-
натын бөлмеге кіріп кеттім, жуынатын 
бөлмеден шыққанымда, клиент ұйықтап 
қалған екен. Сол сәтте мен оның әмиянынан 
ақша алып қашып кетуге бел байладым. 
Мен кіреберістің екінші есігі арқылы қашып 
кеттім. Такси ұстап, полицияға бардым» 
(307, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 21 жас).
«Мен клиенттен оны ішкізіп, мас қылып, бел-
беумен байлағаннан кейін қашып кеттім. 
Күзетшілер келгенше мен полицияға жетуге 
үлгердім» (460, адам саудасының құрбаны, 
жынысы–әйел, 22 жас).
Адам саудасының басқа құрбандары клиенттің 
телефонымен немесе адам саудагерінің/
қанаушылардың телефонымен сөйлесуге 
мүмкіндікті пайдаланып, жанұяларының 
мүшелеріне немесе полицияға телефон соққанын 
және қай жерде екенін хабарлағанын және көмек 
сұрағанын айтып берген. Адам саудасының төрт 
құрбаны былай деген: 
«Клиенттердің бірі душта жуынып жатқанда 
және мені көре алмайтын болғанда, мен оның 
телефонын алып, анама телефон соқтым. 
Мен оған қай жерде екенімді хабарладым және 
көмек сұрадым. Содан соң екі күннен кейін 
полиция келіп, мені құтқарды» (305, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас).
«Қожайын өзінің телефонын дәліздегі 
тумбочканың үстіне қалдырып кетті. Мен 
әпкеме телефон соғып, өзімнің қай жерде 
екенімді айтып, мені құтқаруын өтіндім. Үш 
күннен кейін полиция келді де, мені үйге алып 
кетті. Мен әпкеме телефон соққанда, ол уча-
скемен байланысып, мені іздестіруге өтініш 
жазған» (288, адам саудасының құрбаны, 
жынысы-ер,25 жас).
«Мен клиенттің телефонын ұрлап алдым 
да, үйге көмек сұрап телефон соқтым. Содан 
соң полиция келді, менің аты-жөнімді сұрады 
да, алып кетті... Полиция мені аудандық 
ішкі істер бөліміне алып келді» (290, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 23 жас).
Адам саудасының бірнеше құрбандары кли-
енттерге өздерінің жағдайлары туралы айтып, 
олардан қашуға көмектесуін сұрағанын және 
клиенттің келіскенін айтып берген. 
«Бір күні бізге көрші әйел күріш алуға келді. 
Қожайын маған бір қап күрішті оның үйіне 
апарып беруді бұйырды. Мен күрішті апара 
жатқанда сол әйелмен сөйлесіп, одан менің 
әкеме телефон соғуын және мені алып кетуі 
үшін қай жерде екенімді айтуын сұрадым...
Бір күні полиция қызметкері мен бірнеше 
адам келді, сол кезде мен олардың арасынан 
өзімнің әкемді көрдім. Үлкен ұрыс-керіс бол-
ды, содан соң полиция үйдің қожайынынан 
біздің құжаттарымызды және төрт адамды 
алып кетті» (298, адам саудасының құрбаны, 
жынысы-ер,16 жас).
«Менің бір тұрақты клиентім болды, ұлты 
– кәріс, мен қашып кетуге бел байлағанда, 
ол мені жасырып, қорғады. Мен не істерімді, 
қайда барарымды білмедім. Мен «мамкамен» 
[сутенер әйелмен]. ұрысып қалғандықтан 
қашып кеттім. Ол маған кәрі семіз еркекке 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
88
қызмет көрсет деді. Мен кәріс еркектің үйінде 
бір апта тұрдым. Содан соң мен қыздарға 
телефон соқтым, біз пәтер жалдадық» (392, 
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 18 
жас).
«Мен клиенттердің бірімен сөйлестім, көмек 
сұрадым. Полиция келесі күні келіп, мені 
құтқарды» (446, адам саудасының құрбаны, 
жынысы–әйел, 19 жас).
Анасы борыштық құлдыққа сатып жіберген еңбек 
құлдығының бала-құрбаны өзінің қанаушылар 
ұрғаннан кейін қашып кеткенін айтып берген. 
Көшеде оған бір әйел кездесіп, көмектескен. 
Алайда оған адам саудасының құрбаны ретінде 
қызмет көрсетудің орнына, оны әлеуметтік 
жағынан осал бала ретінде қарап, оны Кәмелетке 
толмағандарды бейімдеу орталығына әлеуметтік 
жағынан осал балалармен бірге орналастырған. 
«Қожайын мені қатты ұратын. Менің 
қолдарым, жақтарым зақымданды, ол мені 
жерге итеріп құлатты. Мен келесіде байқап 
жүремін деп айқайладым. Айналадағы адам-
дар қарап күліп тұрды. Мен жолдан өтіп 
басқа базарға қарай жүгірдім, ешкім ізімнен 
қуған жоқ. Сосын мен аялдамаға барып, 
қалаға бардым. Қалада бір әйелмен таны-
стым. Ол менен бір нәрсе сұрады, бірақ мен 
түсінбедім. Ол мені үйіне апарып, сол жер-
де қалдырды. Мені қарап, қайдан келгенімді 
сұрады, содан соң мені және тағы екі бала-
ны осы жерге [Кәмелетке толмағандарды 
бейімдеу орталығы] алып келді” (453, адам 
саудасының құрбаны, жынысы-ер,12 жас).
Адам саудасының кейбір құрбандары өздерін 
көшеде полиция ұстап алып қайтадан адам 
саудагерлеріне/қанаушыларға апарып бергенін 
айтып берген (полицияның адам саудасындағы/
адам қанаудағы орны туралы 7-тарауда толық 
баяндалған). Шынымен, төменде берілген 
әңгімеде адам саудасының құрбандарының 
бірі полицияның өзін адам саудагерлеріне/
қанаушыға қайта апарып бергенін сипаттайды 
және өзінің адам саудагерлерінен қашып кетер 
алдында үш рет қашуға әрекет жасағанын айтып 
берген. Басқаша айтқанда, бірінші қашу әрекеті 
ылғи да нәтижелі бола бермейді, сондықтан 
кейбір адам саудасының құрбандары ақырында 
қашып шығуы және оларға көмектесіп, 
қорғағысы келетін біреуді табу үшін көп рет 
әрекет жасауы керек болады. 
«Менің жолым болып қашып кеттім. Мен 
автовокзалға бара жатқанмын, бірақ мені 
ұстап алды...Полиция қызметкерлері мені 
ұстап алды. Олар мені барлық жерден 
фотосуретіме қарап іздеп жүр екен... Біреу 
полицияға сол қыз таксиге отырып кетті деп 
айтқан, сондықтан полиция қызметкерлері 
өздері мені ұстап, қанаушыларға қайтарды. Мен 
үшінші рет әрекет жасағанда қашып кеттім...
Менің қожайынымның жаңа жүргізушісі, қонақ 
үйде істегеніне бір ай болған, ол маған қашып 
кетуге көмектесті» (435, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 21 жас).
Адам саудасының кейбір құрбандары адам 
саудагерлерінен/қанаушылардан өздерін 
ұрғаннан кейін немесе өздеріне қол жұмсамақ 
болғаннан кейін ауруханаға түскеннен кейін 
қаша алғанын айтты. Осылайша ауруханаға 
жату мүмкіндігі адам саудасының құрбандарына 
адам саудагерлерінен/қанаушылардан кетуге 
мүмкіндік берген. Төменде берілген әңгімелерде 
адам саудасының үш құрбаны өздерінің қалай 
құтылғанын айтып берген. 
«Бір күні олар мені ұрды, мен ауырып қалдым. 
Қожайын әйел [қанаушы] мені өтірік айта-
ды деп кінәлады. Сонда олар дәрігерге теле-
фон соқты. Дәрігер мені ауруханаға жатқызу 
керектігін айтты. Бірақ қожайындар 
ештеңе етпейді деді. Келесі күні мен жұмыс 
істеуге келдім, бірақ маған қиын болды және 
ауырдым. Кейде тіпті ауырғаны сонша, оты-
рып қалатынмын. Бір клиент осыны көріп 
қожайын әйелге менің жағдайым нашар екенін 
айтты. Қожайын әйел келіп, маған қоймаға 
бар деді, сол жерде барлық жұмысшыларды 
жинап, мені ұруға мәжбүр етті. Ұрғаннан кейін 
менің жағдайым нашарлады. Бауырымның 
тұсы қатты ауырды. Кешке кешкі астан 
кейін менің жағдайым нашарлады. Мен 
құстым, дәрігерді шақыруға тура келді. 
Мені ауруханаға жатқызды, сол жерде маған 
ота жасалды, содан соң менің үйге қайтуға 
мүмкіндігім туындады (Қазақстанға)» (303, 
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 23 
жас).
«Мен өзімді қамауда ұстаған пәтерден 
қашып кеткім келді, сондықтан мен терезе-
ден секірдім де, аяғымды сындырып алдым. 
«Мамка» мені ауруханаға жіберді...Содан соң 
полиция қызметкерлері мені ауруханадан 
осында алып келді» (438, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 20 жас).
Адам саудасының бір құрбаны өзіне ғашық 
болған клиенттің өзін құлдықтан сатып алғанын 
айтып берген. Ол былай деді: 
«Менің жасым 18-де болғанда, бір кли-
ент маған ғашық болып қалды да, мені са-
тып алды. Қазір онымен бірге тұрамын, 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау