ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
71
құжаттарын ресімдеген, оларға ұшақ билеттерін
сатып алған және олармен бірге Дубайға ұшқан.
Дубайға келгеннен кейін «дос адам саудагерлері»
қыздарды басқа әйелге жыныстық құлдыққа
сатып жіберген. Олардың оқиғалары өте
ұқсас болғанмен, бұл жыныстық қанаушылық
мақсатымен адам саудасының екі түрлі оқиғасы.
«Менің анамның дос әйелі Бішкекке ба-
руды ұйымдастырды, сонда ол вокзалға
жақын жерден пәтер жалдап тұратын. Ол
билеттерді сатып алды... Біз Бішкекке кел-
геннен кейін құжаттарымыздың дайын
болуын отырып күттік...Мен онда жұмыс
істеген жоқпын, біз жай ғана анамның дос
әйелі екеуміз құжаттардың дайын болуын
күттік. Анамның дос әйелі үнемі менімен
ілесіп жүрді. Бірақ мен оның мені бақылап
жүргенін түсінбедім...Біз Бішкекте екі апта
болдық...Құжаттарымыз дайын болғанда мен
анамның дос әйелімен Бішкектен Біріккен
Араб Әмірліктеріне ұштым...Анамның дос
әйелі құжаттарды, төлқұжатымды, ви-
заны ресімдеді және БАӘ дейін ұшаққа
билеттерді сатып алды.... Келген соң мен
бала бағушы болып жұмыс істедім. Бір ай
немесе бір жарым ай бойы бір әйелдің бала-
ларын бақтым. Анамның дос әйелі мені сол
жерге тастап кетті. Ол өзіне жұмыс іздеуге
кетті. Бірақ менің қожайын әйелім мені одан
сатып алғанын айтты. Бір күні ол маған
менің бір арабқа ұнап қалғанымды және
оның менімен кездескісі келетінін айтты...
Егер оған ұнасам, ол маған үйленуі мүмкін
деді. Осылайша бір ай өтті, себебі мен бір
еркекпен емес, бірнеше еркекпен кездесуім
керек болды. Мен кейіннен олардың қыздығы
сақталған қыздарды іздеп жүрген клиент-
тер екенін түсіндім... Мен сол әйелдің бала-
сын түстен кейін бақтым, ал түнде әйел
мені клиенттерге баруға [жезөкшелікпен
айналысуға] мәжбүр етті... Маған ақша
төлеген жоқ, себебі мен төлқұжатым, виза,
ұшақ билеті, тұрғын үй және тамақ үшін
төленген ақшаны жұмыс істеп өтеуге тиіс
болдым. Маған ақша төлеген жоқ, себебі
менің қарызым болды... Әуелі мен 3 350 АҚШ
долларын беруім керек болды, содан соң мені
басқа әйелге қайта сатып жіберді, сөйтіп
мен 11 000 АҚШ долларын жұмыс істеп
өтеуім керек болды... Мені клубқа баруға және
жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткенде
күзетші бізді бақылап жүрді, ал біз пәтерге
оралғанда, қожайын әйел бізді қамап қоятын
және сол жерде болатын. Біз ғимараттың
11 қабатында тұрдық, айқайлай да,
көмекке шақыра да алмайтынбыз...Бізбен
бірге Өзбекстаннан келген екі қыз болды,
оларды да БАӘ-не алдап әкелген, мен сияқты
жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткен...
Біз бірге тұрғанда, біз клубқа бірге баратын-
быз және жезөкшелікпен айналыстық» (306,
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 23
жас)
«Менің жасым 19-да болғанда досым маған
Біріккен Араб Әмірліктеріне баруды ұсынды.
Мен келістім. Әйелдің жасы 36-да еді, ол
біздің жанұяның бұрыннан келе жатқан досы
еді, ол қыздарды Біріккен Араб Әмірліктеріне
бұрын да жіберген... Ол маған мен қызым үшін
көп ақша табатыныма және жағдайымыз
жақсаратынына және не қаласақ соны са-
тып алатынымызға уәде етті... Дос әйел
маған ұшақ билетін сатып алды, менімен
бірге өзі де ұшты және Қазақстандағы
және Дубайға келген соң барлық посттар-
дан өтуге көмектесті. Мен Дубайға кел-
генде маған төлқұжатымның көшірмесін
берді... Дос әйел мені басқа әйелге табы-
стады, ол маған жұмыстың қандай екенін
түсіндірді. Мен оның мен үшін төлеген
барлық шығындарын төлеуім керек болды.
Мен жезөкшелікпен айналыстым. Маған
ақша төлеген жоқ, себебі «Мамка» [қанаушы]
ақшаны өзіне алып қоятын. Мен ұшақ билеті
үшін 2 000 АҚШ долларын төлеуім керек бол-
ды. Жыл сайын мен визаны созғаны үшін және
тамақ үшін 5 000 дирхам (1360 АҚШ долла-
рын) төлеуге тиіс болдым. Біз 11 қабатта
тұрдық, көмек сұрай алмадық. Тыңдамаған
кезде бізді ұратын. Ресейден келген бір қызды
ұрып өлтірді, сосын шығарып құмға көміп та-
стады. Біз тыңдамасақ, сондай жағдай біздің
де басымызға түсетін еді... Украинадан кел-
ген бір қыз және Өзбекстаннан келген екі
қыз болды. Біздің басымызға бірдей жағдай
түскен еді, сондықтан біз бір-бірімізге бір қыз
құтылып шықса, қалғандарына көмектеседі
деп уәде бердік. Сол жерде төрт қыз болды,
жастары 16 – 21- де лет. Бізді ешкім таба ал-
майтын, біздің телефонымыз болмады» (295,
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 23
жас)
«КөңіЛДЕС АДАМ САуДАГЕріНің» АЛДАуЫ
Кейбір қыздар өздерін «көңілдес адам
саудагерінің» алдағанын айтып берген. Бір қыз
жасы өзінен үлкен ер адамды кездестіріп, оған
ғашық болғанын айтқан. Көңілдесімен бірге
бақытты өмір сүруді армандаған ол достарын
және жұмысын тастап,
көңілдесімен бірге тұру
үшін көшіп кеткен. Көп ұзамай «көңілдес адам
саудагері» оны жыныстық құлдыққа сатып
жіберген. Осы сауалнама өткізілген уақытта