ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
62
4-тарау
АДАМ САуДАСЫ ЖӘНЕ
ҚАНАуШЫЛЫҚ
Алдыңғы тарауда балалардың/жасөспірімдердің үйден кетуіне себеп болған көптеген
итермелеуші және қызықтырушы факторлар талқыланды. Осы тарауда үйден кет-
кен балалардың қалай адам саудасының және қанаушылықтың құрбандарына
айналғаны сипатталады. Осы тарауда берілген әңгімелер сауалнамаға жауап берген
адам саудасының құрбандарының пікірлерін көрсетеді. Олардың өмірлері туралы
әңгімелері аса маңызды, себебі олар адам саудасына және қанаушылыққа әкелетін
жолдар туралы, соның ішінде адам саудагерлерінің қолданған өз құрбандарын тар-
ту тәсілдері, адам саудагерлерінің өз құрбандарын бақылауда ұстау мақсатымен
борыштық тәуелділікті, зорлық-зомбылықты, қорқытып-үркітуді қолдануы туралы
ақпарат береді. Осы тарау сонымен бірге адам саудасының кейбір құрбандарының
адам саудагерлерінен және қанаушылардан қалай қашқанын сипаттайды.
Сауалнамаға жауап берген кейбір адам саудасының құрбандары әлі де жыныстық
және еңбекпен қанаушылыққа ұшырауда, осы уақыт ішінде олар қашып құтылмаған
немесе құтқарылмаған.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
63
АДАМ САуДАСЫНЫң
ҚҰрБАНДАрЫНЫң САНАТТАрЫ
Сауалнама кезінде жауап берушілерден олардың
үйден қалай кеткенін айтып беруін сұраған,
соның ішінде мына сұрақтар қойылған:
•
олардың қайда барғаны туралы;
•
олар сапарға шығуды өздері ұйымдастырды
ма немесе әлдекім көмектесті ме және
көмектескен болса, кім көмектесті;
•
олар жалғыз сапар шекті ме, әлде олармен
бірге әлдекім болды ма;
•
олармен ілесіп жүруді әлдекімге тапсырылды
ма;
•
олар өздерінің қайда бет алғанын түсінгенде
қандай оқиға орын алды;
•
олар өздері бет алған жерге келгенде олармен
ілесіп жүрген адам оларды тағы басқа біреуге
табыстады ма;
•
олар өздері бет алған жерге келгенде қандай
жұмыс істеген;
•
оларға жұмыс істегендері үшін ақы төледі
ме немесе төлемеді ме және олар ақшаны
өздеріне қалдыра алды ма;
•
олардың қарыздары болды ма және олар
қарыздарын өтеу үшін және оларды сол жерге
әкелген адамдарға төлеу үшін жұмыс істеуге
тиіс болды ма ;
•
оларды жұмыс істеткен адамдар бақылауда
ұстады ма және оларды қалай бақылады;
•
олар осындай жағдайға тап болған басқа
адамдарды біледі ме, соның ішінде олар
олардың санын, жынысын, жасын және
ұлттары қандай болғанын біледі ме;
•
олар осы жерде осындай жағдайда қанша
уақыт бойы болды.
Адам саудасының құрбандарының бірнеше
жерде (мысалы кәсіпорында немесе қалада)
қанаушылық көретіні және қайта сатылатыны
белгілі болғандықтан, әрбір жауап берушіден
оларды неше рет басқа адамдарға табыстағанын
және басқа жерлерге тасымалдағанын айтып
беруін сұраған. Оларды тасымалдаған әрбір жер-
ге қатысты сұрақтардың бірдей тізімі қойылған.
Сонымен бірге оларды тасымалдаған әрбір қала
туралы нақты мәліметтер жиналған және 5-тара-
уда адам саудасының бағыттары туралы ақпарат
берілген.
Жоғарыда аталған сұрақтар балалар-
ды/жасөспірімдерді адам саудасының
құрбандары немесе секс-жұмыскерлер ретінде
санаттарға бөлу үшін, сонымен бірге олардың
қанаушылықтың құрбанына қандай жолдармен
айналғанын түсіну үшін ерекше пайдалы болды.
3-тарауда баяндалғандай, осы жолдар, негізінен,
мыналар: a) құрбандыққа тарту, тасымалдау,
табыстау немесе қабылдау (іс-әрекет) және ә)
мәжбүрлеу, күш қолданумен қорқытып-үркіту
немесе күш қолдану, ұрлау, алдау, билікті асыра
қолдану, әлсіздігін қолдану немесе құрбандарды
қадағалайтын адамға ақы төлеу немесе осы
адамға қандай да пайда келтіру (құралдар).
ЖЫНЫСТЫҚ ҚҰЛДЫҚ ЖӘНЕ
ҚАНАуШЫЛЫҚ ҚҰрБАНЫНА
АйНАЛу ЖОЛДАрЫ
Төменде берілген талдау балалардың/
жасөспірімдердің жыныстық құлдықтың және
қанаушылықтың құрбандарына айналатын
әртүрлі жолдарын ашып көрсетеді, соның ішінде:
•
«бейтаныс адам саудагерінің» алдауы;
•
«таныс адам саудагерінің» алдауы;
•
«дос адам саудагерінің» алдауы;
•
«көңілдес адам саудагерінің» алдауы;
•
«жұмыс беруші адам саудагерінің» алдауы;
•
ата-анасының немесе жанұясының басқа
мүшелерінің баланы жыныстық құлдыққа са-
тып жіберуі;
•
жыныстық құлдыққа салу мақсатымен ұрлау
және сату;
Жыныстық құлдық құрбанына айналудың осы
жолдардың әрқайсысы төмендегі бөлімдерде
талданады, сонымен бірге адам саудагерлерінің
өз құрбандарын бақылауда ұстау мақсатымен
борыштық тәуелділікті, зорлық-зомбылықты,
қорқытып-үркітуді қолдануы талданады.
Төменде берілген оқиғалардың көп бөлігі –
Қазақстандағы ішкі адам саудасының оқиғалары,
алайда халықаралық адам саудасының көптеген
оқиғалары кездеседі. Сонымен бірге көптеген
адам саудагерлерінің және қанаушылардың
әйелдер және ерлер екенін ескерген жөн. Іс
жүзінде адам саудасы әйелдер құрбан ретінде де,
қылмыскер ретінде де қатысатын халықаралық
қылмыстардың бір түрі ғана.
«БЕйТАНЫС АДАМ САуДАГЕріНің» АЛДАуЫ
Жыныстық құлдықтың көптеген құрбандары
өздерін бейтаныс адамдардың қалай алдағанын
және жыныстық қанаушылыққа еркінен тыс
душар қылғанын айтып берген. «Бейтаныс
адам саудагерінің» алдауы арқылы жыныстық
құлдыққа салу жолдарын сипаттайтын бірыңғай
оқиға емес, сондықтан осы есепке «Бейтаныс
адам саудагерінің» қыздарды алдауының және
Достарыңызбен бөлісу: |