Жұмыстағы қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер берілген:
əуе кемесіндегі жанармай деңгейін өлшеу əдістері мен құралдары;
түс датчигінің жасалу процессі;
əуе кемелеріндегі жанармай өлшегіштерінің деңгейін өлшеу үшін
электрондық сұлбаны жасау.
Əдістері. Жанармай өлшегіштер сұйық жанармайдың көлемі мен салмағын өлшеу
үшін арналған.
Жанармай өлшегіштер барлық бактердегі жанармайдың жалпы қорын жəне олардың
əрқайсысындағы жеке-жеке жанармай мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Ұшақтың
орталық массасы қолайсыз жылжуын болдырмау мақсатында бактердегі жанармай
шығынының дұрыс реттілігін анықтау үшін, бактер арасындағы жанармай бөлінулерін
білу қажет. Бактерді ауыстыруды жанармай өлшегіштерінің автоматты құрылғылары
басқарады.
Əуе
кемесінің
бортында
жанармай
көлемін
тікелей
өлшеу
іске
асырылмайды,сондықтан жанармай көлемі қандай да бір оңай анықталатын шамамен
функционалды байланысты болатын өлшеудің жанама əдісі қолданылады.
Жанармай мөлшерін өлшеудің көптеген əдістері оның деңгейін өлшеуге тіреледі.
Дегенмен, жанармай өлшегіш көрсеткіштерінің шкаласы көлемнің бірлігінде немесе
киллограммада көрсетіледі. Сондықтан шкаланы бағаналау жанармай өлшегішке арналған
жанармай багінің мөлшеріне жəне пішініне байланысты.
Сезімтал элементтің əрекет принципі бойынша жанармай өлшегіштерді жіктеудің
кеңінен таралған мынадай түрлері бар:
- бетінде өзгермелі қалтқылар арқылы жанармай деңгейін (көлемі) өлшеуге негізделген
қалтқы;
- манометр бойынша жанармай бағанасының қысымды (салмағы) өлшеуге негізделген
манометрлік;
- бактегі жанармай деңгейімен функционалды байланысты сыйымдылық, арнайы
конденсатор арқылы жанармай деңгейін өлшеуге негізделген сыйымдылықтық.
Қалқылы жанармай өлшегіштер өз кезегінде беруге, өлшеуге ыңғайлы жəне
көлемге қалтқы ережесімен түрлендіру əдісіне тəуелділігімен механикалық жəне электрлік
болып бөлінеді.
Барлық қалтқылы жанармай өлшегіштер өзінің құрылысында қозғалатын
кантактілерге, датчик потенциометрінің қиындылығына, əуе кемелерін жылдамдатудан
өлшеудің мағыналы қателіктеріне жəне т.б. ие. Осылар олардың негізгі кемшіліктері
болып табылады. Осы айтылып кеткен ақаулар мен кемшіліктері жоқ, ҰА көп
қолданылатын электрсыйымдылық жанармай өлшегіші.
Электрсыйымдылық датчигінің жұмыс істеу принципі жанармай салмағы өзгерген
кезде өзгеретін датчик – конденсатордың электрлік сыйымдылығын өлшеуге негізделген.
Осы электрсыйымдылық жанармай өлщегіші, үлкен бактер санымен көп қолданысқа ие
болып отыр. Олар екі мəселені шешуге мүкіндік береді: бакте орналасқан жанармай
қорындағы өлшеу ақпаратын қалыптастыруы жанармай өлшегіштің өлшеу бөлігінде іске
асады; бактерде жанармай қайта өніп жатқан кезде, ҰА өзінің дұрыс орталануын сақтап
тұрады, жанармай құюын басқарады, жанармай бітейін деп қалған кезде авариялық дабыл
339
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
қағылады жəне т.с.с. осылар – жанармай өлшегіштің автоматты бөлігінде іске асады.
негізделген. Электрлі сыйымдылық датчигінің жанармайын өлшеу сыйымдылық датчигі
болып табылатын бір иықпен, ауыспалы тоқтың өлшеу көпірі командасында жүзеге
асырылады. Əуе кемелеріндегі жанармайдың деңгейін жəне мөлшерін бақылау
құрылғысы сыйымдылықты датчиктен, есептеуші жəне индикаторы бар өлшеу
құралдарынан тұрады.
Бұл əдістің негізгі кемшілігі жанармай багінің едəуір бөлігін алып жатқандықтан
жекеше түрде бола тұра сыйымдылықты датчиктің қолайсыз үлкендігі болып табылады,
сондай-ақ сенімділігі жəне дəлдігі біршама төмен, өйткені қоршалған ортаның жоғарғы
ылғалдылығынан жанармайдың жəне температураның сорты өзгеріп, олар едəуір қателік
береді.
Негізі нəтижелер жəне оларды талқылау. Құрал жасау саласына жататын осы ойлап
табу əсіресе əуе кемелеріндегі жанармайдың деңгейін жəне мөлшерін бақылау
құрылғысына жатады.
Нағыз ойлап табуда қолданылған датчиктің өлшеу жүйесінде сенімділік жəне
дəлдік бір уақытта көтеріліп кеткен жағдайда, жалпы салмағы мен өлшемдерінің
көрсеткіштерін азайту мəселесі шешіледі.
Бұл ұсынылған ойлап табу бойынша датчиктен жəне өлшеу бөлігінің есептеуішінен
тұратын əуе кемелеріндегі жанармайдың деңгейін жəне мөлшерін бақылайтын
құрылғысының жанармай багінде датчик ретінде əр түрлі ұзындықта жұп-жұппен
жасақталған оптикалық талшық орнатылады, оның біріне жарық диоды, ал басқасымен
оптикалық сигнал түс датчигімен қабылданады, соңғысын электрлік сигналға түрлендіріп,
оны есептеуішке жібереді, бактердегі жанармай деңгейінің жəне мөлшерінің орташа мəнін
анықтай отырып, индикацияға ақпаратты жібереді, осылайша іске асырылады.
Қорытындылай келгенде ойлап табудың мəнісі түс датчигін жəне жарық көзін
қолданып, бактердегі жанармайдың деңгейін жəне мөлшерін бақылауды жүзеге асыруға
мүмкіндік беретінінде болып тұр. Сонымен бірге өлшеу процессі кезінде өрт қауіпі нөлге
келеді, өйткені жанармай бактерінде тек оптикалық сигналды өткізетін оптикалық талшық
орнатылған. Бұл оптикалық сигнал оптикалық талшық арасымен жанармай арқылы өтеді,
бірақ бұл өрт қауіпін ұлғайтпайды. Бұл уақытта жарық датчигі спекрдің көрінетін
бөлігінде жоғарғы ажыратымдылығына ие болып, оптикалық талшық арасында болатын
ортаның өзгеруін жоғары дəлдікпен бақылай алады, онда əрине соңғылары əр
Достарыңызбен бөлісу: |