Шакер А.М.
Жүк тасымалдарын жетілдіру жəне дамудың негізіне тасымалдау үрдісінің жаңа
технологиялары жұмылдырылған, олар тасымалдауда шығынның азаюын, экологиялық
пайдалануға берілді. Ол Қазақстан Республикасын Еуропа –Азия темір жол көлігі
Қазіргі заманда табан енінің түрі кең тарағандарға еуропалық жəне орыс табан
ендері жатады, табан түріне қарай олардың өзара түйіспе жолдарында ірі көлемді
мəселелер туындайды. Түйіспе жолдардың жарты бөлігінде жүктерді тиеу-түсіру, ал
қалған бөліктерде вагондарды ауыстыру жүргізіледі. Жолаушылар пойыздары вагондарын
алуы мүмкін. Көптеген тиеп-түсіру орындары күніне он ғана вагон өңдей алады.
518
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бұл жағдай халықаралық пойыздардың жолда ұзақ уақыт жүруіне əкеледі. Сонымен қатар
Ресей, Белорусь, Украина жəне басқа да мемлекеттерден келе жатқан пойыздар тиеп-
түсіруге екі сағаттан көп уақыттарын жоғалтады.
Қазіргі таңда қолданылатын 1520 мм табан енінен 1435 мм жол табанына жəне кері
бағытта вагондарды ауыстыру технологиясында халықаралық жолаушылар пойызы
арбашаларын өзгерту ескірген операция болып табылады. Ол операция жолаушыларға
келесі міндетті технологиялық операцияларды орындауды талап ететін келеңсіздіктерді
тудырады:
• вагондарды тиеп-түсіру орындарына жіберу кезіндегі маневрлік жұмыстар;
• тиеп-түсіру орындарына вагондарды қатарлап орналастыру;
• слесаролардың вагондағы қуыстарды ашуы мен жабуы;
• домкратпен ішінде жолаушысы бар вагонды көтеру мен түсіру;
• арбашаларды итеру мен сүйрету;
• арбаша ауыстырылған соң құрамды жинау.
1520 мм табан енінен 1435 мм жол табанына жəне кері бағытта вагондарды
шекаралық стансаның тиеп-түсіру орындарында ауыстырудың айтарлықтай кемшіліктері
бар. Мысалы, вагондарды өңдеу уақытының ұзаруы, технологиялық жəне өндірістік
ресурстардың үлкен көлемде жұмсалуы.
Сондықтан да тоқтаусыз қозғалыс күйінді арнайы жол табанды ауыстыратын
құрылғылармен қамтамасыздандырылған жылжымалы доңғалақ жұбын құрастыру
мəселесі өзекті болып табылады. Бұл жағдайда толықтай сенімділік болуы керек, себебі
жылжымалы доңғалақ жұбының жұмысында қателік болғанда апаттық жағдай орын алуы
мүмкін. Теміржолға жіберілген екі жақты стандартты вагондар: «Ш» (шығыстық табан ені
1520 мм жол) жəне «Б» (батыстық табан ені 1435 мм жол) ОСЖД (немесе МСЖД)
түсінтемесінде көрсетілген барлық талаптарға сай болуы тиіс. Бұл хабарламалар үшін
еуро-азиаттық құрлығының магистральды жолында ең алдымен, халықаралық көліктік
дəліздер бойынша пойыздың қозғалысына жарайтын Ш-Б класты төрт осьті арбашалы
вагондар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: