Рымєали Нўрєали


(А.Османов аудармасы. У.Шекспир



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет26/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

(А.Османов аудармасы. У.Шекспир, 
Отелло. Фрунзе, 1949, 113-114-беттер). 
 
Қ а з а қ ш а: 
О т е л л о: 
Ақ қағаз, кітап не керек? 
Жазылар сөз “сайқал” болса “күнәм не?” 
Ұятсыз, “Күнәм не?” дейсің 
Ісіңді сенің атасам, 
Бетім оттай жалындап, 
Ұятым күлдей сөнер ед 
“Күнәм не?” Күнәңнан аспан қысылып, 
Ай да көзін жұмады 
Арсыз жел де жолындағы барды сүйген 
Естуден де ұялып 
Тығылыпты тереңге 
Күнәң сенің немене! О, бұзық! 
 
 
 
 
(415-бет). 
 
Отеллоның  қырғыз  тіліндегі  монолгы  11  буынды,  ааба  түрінде 
келетін  өлең  үлгісімен  жасалған.  Қазақ  тіліндегі  монологтың 
тармақтарындағы  буын  сандары  әр  түрлі  дыбыс  үндестігі,  “күнә” 
сөзінің қайталануы, ішкі ұйқас арқылы ырғақ жасалған. 
Мұхтар  Әуезовтің  аудармашылық  палитрасындағы  бояулар  өте 
бай.  Қазақ  тілінің  лексикасындағы  сан  алуан  сөздерді  автор 
құлпыртып,  жаңғыртып  пайдаланады.  Дож,  синьор,  суфлер, 
лейтенант,  генерал,  герцог  секілді  сөздерді  аудармашы  өз  қалпында 
алған. Труба – керней, флейта – сырнай, свита – нөкер, латук – тікен, 
колбаса  –  бүйен,  ядро  –  топ,  ночноя  рубашка  –  еткөйлек,  носилка  – 
көтергіш, хризолит – лағыл тас делініп дәл баламалары берілген. Рогач 
–  алданған  ер,  мнительный  –  сезікшіл,  чудной  –  ерепейсіз, 
благородный  –  асылзада,  льстивый  раб  –  жорға  құл,  дикая  драка  – 
қырықпышақ,  убитый  гневом  –  ашуынан  қайғы  шеккен,  клянусь 
христовой  верой  –  иманыммен  ант  етемін,  катехизис  –  мөңкір-нәңкір, 
хаос  –  дозақ,  клянусь  я  светом  –  жарық  күнім  суалсын,  монохиня  – 
сопы қатын болып сәтімен аударылған. 
Ырғақ, әуезділік үшін әр түрлі көркемдік құралдар қолданылған.  
 
Қараңғыда қастығын! 
Қайда қанқор ұрылар? 
Қала қандай жым-жырт ед 
Қан төгіс, ей, қан төгіс! 


 
137 
 
 
(426-бет). 
 
Қа-қа-қа-қа.  Халықтық  поэзияда  жиі  кездесетін  ырғақ  жасаудың 
аллитерация тәсілі. 
 
Қай сарайға кезінде 
Кезептік барып кірмейді, 
Қандай таза жүректе 
Қосарда күдік жүрмейді. 
 
 
(383-бет). 
 
7-8 буынды шалыс ұйқаспен келетін өлең. 
Қуарғанның қырық мың жаны болса етті! 
Бір-ақ жанға кегім қайтып қанады. 
Көзім жетті. Бәрі де рас. Қара, міне, 
Махаббатты желге шашып жіберем 
Кетті әнеки. Қап-қара кек, шық дозақтың түбінен – 
Махаббат, тәж бен тақты бер 
Аяу білмес ашуға! 
Оқ жыландар қадалған 
Көтерілсін бұл кеудем, 
 
 
(394-бет). 
 
Қа-қа,  ке-ке  түріндегі  аллитерация,  “етті-жетті  –  кетті  – 
махаббатты  -  тақты”  деген  ұйқастар  Отеллоның  ашулы  монологына 
ырғақ  бітіріп,  жан  кіргізіп  тұр.  М.Әуезов  Анна  Радлова  нұсқасына 
еліктеп, сөзбе-сөз дәлдікті қуып кеткен кезде көркемдік әлсірейді. 
Орысша: 
Яго:  Будь  уверен  во  мне,  Гони  деньги.  Я  часто  говорил  тебе  и 
говорю  снова  и  снова,  что  ненавижу  мавра:  у  меня  кровная  на  то 
причина,  и  у  тебя  прицина  –  не  менее  основательная.  Давай, 
соединимся,  чтобы  отомстить:  если  ты  наставишь  ему  рога,  ты  себе 
доставишь наслаждение, а мне забаву. В утробе времени много тайн, 
которые  станут  явными.  Марш,  шевелись,  иди,  добывай  деньги. 
Завтрашний день нам принесет больше, чем нынешный. Прощай. (Стр. 
206-207). 
Қ а з а қ ш а: 
Яго: Маған шәк қылма. Ақшаңды төк. Мен көп айттым ғой саған, 
тағы,  тағы  айтайын  –  маврға  өшпін.  Өшігетін  жөнім  бар,  сенің  де 
себебің олқы емес,  кел  екеуміз  бірігелік те,  кек алалық.  Сен  дегеніңе 
жетсең,  өзіңнің  құмарың  қанады  да,  менің  айызым  қанады.  Уақыттың 
құрсағында көп сыр жатыр, жарыққа шығар. Марш, қозғал, бас аяқты. 


 
138 
Ақша  тап.  Ертеңгі  күн  бүгіннен  гөрі  көп  берейін  деп  тұр.  Қош  бол. 
(352-бет). 
“Кровная  причина”,  “наставишь  рога”  деген  тіркестер  солғын 
аударылған.  Сөйлемдегі  сөздердің  орны  да  орысша  текстің  ізімен 
берілген.  Мұндай  олқылық  әр  жерде  кездесіп  отырады.  Дездемонаны 
өлтіретін  сәтте  Отелло  аузынан  айтылатын  “молиться”  деген  үш  рет 
келетін  сөзді  Әуезов  екі  рет  “намаз  оқу”,  бір  рет  “дұға  қылу”  деп 
аударады...  Намаз  оқу  –  мұсылман  дінінің  ритуалы.  Сондықтан  осы 
орайда  үш  ретте  де  “дұға  қылуды”  қолданған  дұрыс  еді. 
Аудармашының кейде мифологиялық ұғымдарға байланысты сөздерді, 
географиялық  атауларды  тастап  кеткен  кемшіліктерін  А.Сұлтанов 
дұрыс көрсеткен. 
М.Ритман  “Отеллоның”  қазақ  театрында  қойылуына  бірнеше 
мақала арнады. 
“Отеллоның”  соңғы  қазақша  басылымында  (1969)  бірталай 
сөздерде қате кетіп, көп мағына бұрмаланған. 
(Қараңыз:  Р.Нұрғалиев.  Өнер  алды  –  қызыл  тіл.  А.,  1974,  137-
141-беттер). 
Қазақ әдебиетіндегі соңғы жылдардағы жақсы құбылыстың бірі - 
әлем өнеріндегі үздік туындылардың, классиканың жүйелі аударылуы. 
Абай  өнерпаздығында  зор  дәстүрі  жасалған  бұл  тәжірибенің  қазір 
мемлекеттік, жоспарлы шаруаға айналуы қуантады. 
Әр  ғасырда,  әр  жұртта  жасалған  асыл  дүниелердің  ана тілімізде 
сөйлеуі  байлығымызға  байлық  қосады,  әсіресе  жас  буын,  кейінгі 
ұрпақты  жан-жақты  эстетикалық  тәрбиелеуге  мүмкіндік  береді, 
профессионалдық 
тұрғыдан 
алғанда, 
қазақ 
әдебиетінің 
интернационалдық дәстүрлерінің баюына ықпал жасайды. 
Аударма  өнерінде  әр  түрлі  тәжірибе  қолданылып  жүр.  Бір 
автордың  шығармасын  бірнеше  адам  аударады.  Бір  автордың 
шығармасын  бір-ақ  адам  аударады.  Түпнұсқадан  аударылады. 
Аудармадан  аударылады.  Бір  шығарманы  бірнеше  адам  аударады. 
Қазіргі  қазақ  аударма  өнерінде  осы  үлгілердің  бәрі  де  бар.  Ақындар 
М.Мақатаев,  М.Құрманов,  ұлы  поэтикалық  шығармалар  “Фауст”, 
“Құдіретті” комедияны қазақша сөйлетті. 
Сағдидың  “Бұстанын”  ақын  Мұзафар  Әлімбаев  орыс  тілінен 
аударған. Шығарма парсы – орыс тілдері арқылы бізге жетіп отыр. 
Ақындығы  қалың  жұртқа  мәлім,  ғалым-әдебиетші,  сыншы, 
аударманың  белгілі  шеберінің  әлем  әдебиетіндегі  ұлы  шығарманың 
бірін қазақ тіліне аударып шығуы – құптарлық, қолдарлық, қуанарлық 
еңбек. 
М.Әлімбаев  “Художественная  литература”  баспасы  1962  жылы 
шығарған,  В.Державин  мен  А.Старостин  жасаған  орысша  нұсқаны 
аударып шығыпты. 


 
139 
Оқи  бастайық.  “Глава  первая.  О  справедливости,  мудрости, 
рассудительности”. 
Қазақша:  “Бірінші  бап.  Әділдік,  даналық,  парасаттылық”, 
“Главаны”  әдеттегідей  “тарау”  демей,  “бап”  деп  алу  шығарманың 
шығыстық  сипатын  айқындай  түскен.  Парсыша  түпнұсқада  қалай 
екенін  білмейміз.  Ал  орысша  нұсқада  “әділдік,  даналық  және  естілік 
хақында”  деп  тұр  ғой.  Біздің  ойымызша,  барлық  тараулардың 
(“баптардың”)  атындағы  “хақында”  деген  сөзді  тастап  кетуге 
болмайды.  Бір  сөзді  алып  тастаудың  өзі  шығарма  стиліне  әсер  етеді. 
Ойланып  көріңіз:  “Әділдік-даналық,  парасаттылық”  деген,  “әділдік, 
даналық және естілік хақында” деген ұғымдар бір емес. Алғашқысында 
жалпылық мән болса, екіншісінде нақты, даралық ұғым бар. 
Орысша-қазақша  мәтіндерді  салыстырып,  аударма  сапасына 
назар салып көрейік. 
 
О р ы с ш а с ы: 
Ануширван, когда он умирал, 
Призвал Хормуза и ему сказал: 
“Покинь чертоги  мира и покоя, 
Взгляни, мой сын, на бедствие людской! 
Как можешь ты довольным быть судьбой, 
Несчастных сонми видя пред собой? 
Любеды оправданья нет 
Что спит пастух, а волкий в стаде рыщут. 
Иди, пекись о наших, бедняках. 
Заботься о народе, мудрый шах! 
 
Қ а з а қ ш а с ы: 
Дүние саларында Ануширван 
Хормузға өсиет айтып, жан ұшырған 
“Тысқа шық, тыныштықтың қамалынан, 
Көр, ұлым халқыңды мұң, қамады лаң! 
Қаптаған қасіреттіні көріп тұрып, 
Тағдырға тәнті болма, көңілің тынып. 
Отарға қасқыр шапса, қойшы ұйықтап 
Дана да ақтай алмас, ойша құптап 
Кембағал, жоқ-жітіктің – бәрі бейбақ 
Халқыңның панасы бол, қамын ойлап. 
(3-бет). 
 
Ең  алдымен,  өлеңнің  “бәйіт”  формасы  дұрыс  сақталғанын  айту 
керек.  Екіншіден,  кең  тынысты,  алуан  әуезді  күрделі  шығарманы 
аудару  үшін  11  буынды  қара  өлең  ыңғайлы  екендігін  автор  жақсы 


 
140 
ұққан.  Теріс  кеткен,  мағына  бұрмаланған  жолдар  жоқ.  Ырғақ,  бунақ, 
тармақ  дәл  түсіп  отыр.  “Ануширван  –  жан  ұшырған”,  “қамалынан  – 
қамады  лаң”,  “көріп  тұрып  –  көңлі  тынып”,  “қойшы  ұйықтап  –  ойшы 
құптап”, “бәрі бейбақ – қамын ойлап” деп келетін ұйқастарға мін тағу 
қиын. 
Сағди  шығармаларының  мазмұнында,  сюжетінде,  поэтикасында 
ежелгі  шығыс  әдебиетінің  көптеген  дәстүрлерінің  ізі  сайрап  жатыр. 
Дастанда аңыз, миф, тарихи оқиға көп пайдаға асқан. Дидактикалық, 
философиялық  ойларды  кей  тұстарда  ақын  ашық  афоризм,  нақыл, 
шешендік сөз түрінде айтады. Кей тұстарда сюжеттік оқиғаның шешімі 
арқылы  астарлы  ой  беріліп  емеуірін,  поэтикалық  тұжырым,  жинақтау 
жасалады.  Библиядан,  құраннан,  басқа  да  діни  кітаптардан  келген 
оқиғалар,  кейіпкерлер,  тарихи  деректер,  ғылыми  фактілер  дастанда 
мол.  Осылардың  бәрін  қазақша  сөйлету  Мұзафар  Әлімбаевқа    көп 
күшке түскенін ұғу қиын емес. 
Тәжірибелі  аудармашының  қолтаңбасы  барлық  жерден  көрініп 
тұр.  Орыс  тіліндегі  мағынаны  толық  жеткізген,  өлеңге  қойылатын 
талаптар  сақталған.  Аудармашы  дидактикалық,  афористік  стильді 
құнттау негізінде дастанның шығыстық колоритін бере білген. 
Әрине,  кейбір  стильдік,  мағыналық  селкеулікті  көру  қиын  емес. 
“Слуга”  деген  “қызметші”,  “малай”,  ал  “Нөкердің”  орысшасы  “свита” 
болса  керек.  “Дауалау”  деген  формада  етістік  “емдеу”,  “жазу”, 
“жөндеу”  мағынасын  бермейді,  ал  “дауасын  табу”,  “дауа  болды” 
дегендегі мән басқа. 
“Үмітпен  қуғындалған  көрер  күнін.  Тірегі  күйресе  де  деген 
мығым”  деген  жолдар  орашолақ,  қарадүрсін  аударылған.  “Қуғындағы 
адамның үміті сөнбейді, ол үмітпен өмір сүреді” деген мағына берілмей 
тұр.  
Дастанда көптеген аңыз, әңгіме, тәмсіл, әфсана, мысал (притча) 
бар.  Кейде  оқиға  нақты  суреттелсе,  кейде  сюжеттің  мазмұны 
айтылады. Ең алдымен “рассказ” терминін “әңгіме” демей, “хикая” деп 
алу  дұрыс.  Өйткені  шығыстық,  кітаби,  ескі  оқиғаларды  әңгіме  деуден 
гөрі, хикая деген дәлірек. 
Аудармашы  дәлдікті,  орысша  текстен  ауытқымауды  көздегендігі 
көрініп  тұр.  “Тәрк  ету”,  “ғұмыр”,  “пақыр”,  “даналық”,  “ғалым”  секілді 
түбі  шығыстан,  араб-парсыдан  келген  сөздерді  кең,  еркін  пайдалану 
тәжірибесін көреміз. 
“Бұстан”  қазақ  тіліне  тұңғыш  рет  аударылып  отыр.  Әділін 
айтқанда,  бұл  шығарманың  атын  естігені  болмаса,  көпшілік  оқырман 
мәнісін,  тарихи  негіздерін  анық  біле  бермейді.  Осы  жағдайларды 
ескергенде, мына пікірлерді айту керек. 
Кітаптың 
басында 
Сағдидың 
өмірін, 
шығармашылығын 
баяндайтын  ықшам,  тұжырымды  алғысөз  беру  қажет  еді.  Тарихи, 


 
141 
мифологиялық,  аңыздық  сипаты  бар  сөздер,  ұғымдар  түсініктемеде 
кеңірек  айтылғаны  да  дұрыс-ты.  Орысша  текстегі  “Во  имя  аллаха 
милосердного  и  милостивого”,  “Восхваление  пророка,  да  благославит 
его  аллах;  “Причина написание  книги”, “Восхваление  Абу-Бакара  Ибн 
Сада  ибн  Занги”,  “Восхваление  Сада  ибн  Абу-Бакара  ибн  Сада”  деген 
кіріспе бөлімдерді түгелдей аудармай тастап кетудің себебі белгісіз. 
Шындығында, бұл ақындық беташарда көп мағына тереңдік, ұлы 
шығарманың  идеялық-көркемдік  сырына  жетелейтін  бірқыдыру 
бастаулар бар. Бірқыдыру хикаялар да аударылмай қалған. 
Түгелдей  алғанда,  “Бұстанның”  қазақша  аудармасы  жоғары 
талаптарға жауап беретін сапалы, құнды еңбек екені дау туғызбайды. 
 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау