Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет7/17
Дата24.12.2017
өлшемі0,54 Mb.
#5655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

17

мақсат тұтады. Шетел журналистикасында 

объективтіден гөрі жеке субъективті пікірі 

басым келеді.  

Ал бізде өткір шындықты айтуға 

 

журналистердің батылы жетпей жа-



тады. Ол қорыққандықтан емес, сол 

ақпараттың қоғамға əсері болатыны-

на анық сенінкіремегендігінен. Шетел 

журналистикасының кемшілігі ақпаратты 

таратқанда кейде біржақтылыққа жол 

береді. Біз сияқты дəстүрлі дамып келе 

жатқан елдің ой- санасына зиянды нəрселер 

көп кездеседі. Ал біздің баспасөзде 

мəдениеттілік, əдептен озбау, ұлттық мен-

талитет айқын байқалады. Бұл  қазақ 

журналистикасының артықшылығы. Бірақ 

бұл құбылыс бізде интернет журналисти-

када  мүлде басқаша. Ғаламторда ойына 

келгенін  жазып,  сөзге  мəн  беруді  қойды. 

Оқырман пікірін оқысаң тіпті жағаңды 

ұстайсың. Баспасөз, теле- радио журнали-

стикада  дəстүр қалыптасқан, ал интернет 

журналистика бірден шетелге еліктеуден 

пайда болған. Байыпты ой, бағалы пікір өте 

аз мөлшерде кездеседі. Лақап атпен небір 

мақалаларды  сайт бетінде жария етеді. 

Қазақ журналистикасын шетел журнали-

стикасымен салыстырғандағы кемшілігі 

мен артықшылығы осы.



–Елімізде журналистердің еңбегі өз 

деңгейінде еленіп-ескеріле ме?

–Ия.  Еңбектің  өтемақысы  бар  ма  де-

ген тұрғыдан келгенде жазылған,істелген 

жұмыстың  деңгейінде  журналистер еңбегі 

толығымен ақталады. Ал енді əлемдік 

деңгейде алғанда журналистердің еңбегінің 

еленіп – ескерілуі  өте төмен. Кеңес одағы 

кезеңінде журналистер идеологияның үлкен 

қуатты күші болды. Адамның санасына 

əсер ету,  жүйеге сай тұлға  тəрбиелеу басты 

міндет болды. Сол себепті, журналистердің 

қоғамдағы рөлі зор еді. Ал қазір ондай 

жағдай жоқ. Əсіресе қазақ журналистерінің 

бүгінгі жағдайын керемет деп айта алмай-

мыз. Журналистердің қоғамның қозғаушы 

күші ретінде рөлі нақтыланбай тұр. 

Журналистиканы əлі де болса «төртінші 

билік» ретінде қабылдамайды. Сол орасан 

күшті  əлі де болса дұрыс пайдалана алмау-

дамыз.


–Журналист мамандығын таңдаған 

жастарға айтарыңыз бар ма?

–Журналист-қадірлі, қасиетті маман-

дық. Ертеректе журналистерді ең қадірлі 

мамандық иесі деп білетінбіз. Себебі, 

«дəрігер-адам жанының арашасы, жур-

налист- адам арының арашасы»деген 

ұғым қалыптасқан. Журналист сол 

ұстаныммен еңбек ететін. Ал қазір ол 

ұғымға журналистің еңбегі сай келе 

бермейді. Журналист мамандығын таңдаған 

жастарға айтарым: журналистиканы құрғақ 

мақтанның құралына айналдыруға болмай-

ды. Екіншіден, журналистика мамандығын 

халық алдында көрініп жүрудің амалы деп 

білуге болмайды. 

Жалпы ондай жеңіл мақсаттан аулақ 

болуымыз қажет.Сондықтан, журналистика 

факультетіне келген жастар, «ел мұңын ай-

тып, жоғын жоқтаймын,қоғамның алға да-

муына, сөз өнері арқылы адам ой-санасын 

дамытуға қызмет етемін» деп келуі тиіс. 

Сұхбаттасқан 

Ырысгүл АШУОВА, 

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

журналистика факультетінің 

4-курс студенті

Ырысгүл АШУОВА. 

«Журналистиканы құрғақ мақтанның құралына айналдыруға болмайды»



18

Ќауырсын ќалам



Қатысушылар:

7-сынып оқушылары

Ырысбала апай – тарих пəнінің мұғалімі

Бекен Нұрмұханбетов – қарт археолог

Айдос – сабаққа онша құлқы жоқ оқушы

Айсұлу – озат, белсенді оқушы

Арыстан – орташа оқитын, бірақ ақын болуға талпынып жүрген оқушы

Балнұр – озат оқушы

Санжар, Əлібек - оқушылар

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ 

ауданындағы Есік обасы. Алматы қаласынан 

келген 7-сынып оқушылары Алтын Адам 

 

табылған обаны аралап, əр шұңқырдан, 



əр  төбешіктен  сыр  іздегендей  үңіледі.  Топ 

жетекшісі Ырысбала  апай өз оқушыларына 

Алтын Адам туралы тарихтан суыртпақтап 

сыр шертеді:

– Ғылым біздің заманымызға  дейінгі 

 

500 жыл бұрынғы тарихты тірілт 



кенде ол 

кездің жылнамасы кешегі күннің оқиғасындай 

болып қалады екен. Осы жерді мекендеген 

сақтар қазақтардың бұрынғы бабалары,   деген-

де оқушылар елең ете түседі.

АМАНАТ


(сахналық көрініс)

Айдос: – Сонда Алтын Адам қазақ па?

Ырысбала апай: – Сақтар  бабалары-

мыз  болса, онда Алтын Адамның бізге алыс 

болмағаны ғой.

Айсұлу: – Апай, Қазақстанның төрт 

 

құбыласынан да Алтын Адам табылып отыр. 



Есіктен кейін Шығыстағы Шіліктіден, Батыс-

тан да. Кеше ғана газеттен оқыдым. Екі мың 

жылдық  тарихы  бар  көне  Тараздан  да  Ал-

тын Адам табылыпты. Қарап тұрсаң біреулер 

əдейілеп қазақ даласының төрт бұрышына 

төрт Алтын Адамды көміп қойғандай. Біздің 

сыныптасымыз Айдос пен Арыстан олардың 

үстіндегі алтыннан құйылған киімнің сапа-




19

сына  сенбейді.  Ол  кездің  даму  деңгейі  төмен 

болған дейді. Біз олардың айтқанына жауап 

таба алмай қиналамыз. 



Ырысбала апай: (біраз үндемей тұрады 

да, келгендерді байыппен бір шолып шығып, 

əңгімесін жалғастырады): – Ақиық ақын 

Мұқағали:



Шежіремді ұрлапты...

Зулапты күн.

Ғасырлардан бір ызың тыңдап

 тұрмын.

Алтын Адам шынымен қазақ болса,

Білген екен құнының қымбаттығын!!!

деп жазып кетіпті. Шындығында, ба-

лалар, Алтын Адамның қадірі оның алтын 

болғанында ғана емес, алтынды осылай-

ша қорытып, қамдау, консервациялау сол 

кезеңдегі металл өңдеу тəсілінің жоғары 

деңгейде болғанын аңғартады. Жаратылы-

стану заңдылықтарын жақсы игергендігін 

көрсетеді. Осы жердегі  обадан 4 мың алтын 

əшекей табылды. Үңіле қарасақ зергерлік 

өнердің үлкен құпиясы бұғып жатқандай. 

Өздерің жақсы білесіңдер  оқулықтарыңда 

 

сақтарды азиялық скифтер деп те атайды. 



 

Олар мал өсірумен бірге темір қорытып семсер, 

қанжар, қорамсақ, айбалта жасаған. Жасаған 

бұйымдарына бұғының, арқардың, жылқының, 

қабанның, барыстың бейнесін алтыннан зер-

леп, қиюластырған.



Арыстан (қиялданып): – Қазір  мен осы 

жерден Алтын Адамның баласын тауып алсам 

ғой...

Балалар ду күледі. Арыстан оны елемей 

əңгімесін жалғай береді.

Санжар  (Арыстанды түртіп қалып): – 

Не істер едің оны, үйіңе апарып тығып қояр ма 

едің? 

Балнұр: – Алтын Адам – аруақ. 

Оның орнына барғанда бей-берекет сөйлеп, 

қылжақтамаңдар деген мамам.  Жақында 

Ресейдің Қосағаш деген жерінен сақ 

Ханшайымының мүрдесі табылыпты. Оны 

қазып алып, басқа жерге алып кетейін деген-

де  оны  тиеуге  келген  машиналар    сына  бер-

ген соң тікұшақпен Новосибир  қаласына 

жеткізген. Мүрдені апара жатқан тікұшақ 

та жолда апатқа ұшыраған. Содан ғалымдар 

бұзылып бара жатқан мүрдені əупірімдеп 

 

мұражайға жеткізіпті.  Сонда қалада жеті күн 



үзіліссіз жаңбыр жауған. Бұл туралы білгір 

маман: «Мұсылман əлемінде əйел адамның 

мүрдесін жалаңаш күйінде елге көрсетуге бол-

майды, сондықтан бұл Алланың күңіренуі, 

саңылаусыз пенделеріне ескертпесі» деп жа-

зыпты газетке. Мен мұны «Айқын» газетінен 

оқыдым.

Балнұрдың сөзінен кейін балалар айнала-

сына сақтықпен қарап, үрпиісіп қалады. 

Арыстан: Балнұр, мен қылжақтап тұрған 

жоқпын. Алтын Адам – тəуелсіздігіміздің 

бейнесі ғой. Əйтпесе оны аталарымыз кеңес 

дəуірінің кезінде-ақ тауып алар еді.



Айсұлу  (жұлып алғандай): – Есік оба-

сынан сақ жауынгері 1970 жылдары табыл-

ды ғой. Ол кезде біз де, тіпті кейбіріміздің 

ата-аналарымыз да дүниеге келмеген. Ал оны  

кеңес өкіметі кезінде біздің аталарымыз бен 

əжелеріміз тапқан. 



Арыстан: – Бəрібір ол Совет Одағының 

құлауының алдындағы кез болатын. Болашақта 

егеменді ел боласың, төрт құбылаң тұнған 

байлық, соған ие бол деп Тəңірдің бізге тартқан 

сыйлығы,  əрі тапсырмасы.

Айдос (екі қолы қалтасында, Арыстанға 

ойлана қарап): – Жалпы сен қуып кетуші едің, 

бірақ сенің осы айтқандарың менің миыма 

қонып тұр. Өзің білесің, мен сабаққа онша 

құлықты емеспін. Бірақ парсының Кир, Дарий 

деген патшалары біздің сақтарға шабуыл жаса-

ды дегендері миымның бір түкпірінде қалып 

қойыпты. Александр Македонский де  сақтарға 

жауыққан. Сонда олар сақтардың кең байтақ 

жері мен оның байлықтарына, саф алтындары-

Жəнібек ҚОЙТАЙ

«Аманат»



жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау