Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет5/17
Дата24.12.2017
өлшемі0,54 Mb.
#5655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

12

Біздіѕ сўхбат



«ЖУРНАЛИСТИКАНЫ 

ҚҰРҒАҚ МАҚТАННЫҢ 

ҚҰРАЛЫНА АЙНАЛДЫРУҒА 

БОЛМАЙДЫ»

Журналистика саласындағы жас мамандарды даярлау 

ерекшеліктері мен қазақ журналистикасының бағыт-бағдары жай-

лы əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика 

факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор 

Өмірхан Əбдиманұлымен сұхбаттасқан болатынбыз.


13

–Факультеттің бүгінгі тыныс- 

тіршілігі туралы айтсаңыз?

–Бұл факультет қай кезеңде, қай 

уақытта болмасын  жаңашылдыққа бой 

 

ұрып, сол дəстүрді жалғастыра отырып,ары 



қарай дамытатын оқу орны деп айтуға 

əбден болады. Əл Фараби атындағы Қазақ 

Ұлттық  университеті қазақ елінің,қазақ 

халқының жалпы біздің ұлтымыздың 

тұңғыш университеті. Бүгінгі таңда 

университеттің жеткен жетістіктері айқын 

да анық. Халықаралық Ұлыбританияның 

QS рейтінгі бойынша ҚазҰУ əлемнің 800 

озық университтерінің ішінен 299-орын-

ды иеленіп отыр. Яғни, ресейлік МГУ, 

Санкт-Петербург университтерімен бірге 

əлемдегі ең озық 300 университеттері 

қатарынан орын алды. Соңғы жылда-

ры университет жаңа оқу өрнегіне, жаңа 

оқу жоспарларына,жаңаша тəрбиелеудің 

негізіне көшіп отыр. Бакалавриат, магистра-

тура, PHD докторантура болып үш сатылы 

оқу жүйесіне толық көшті.Сонымен бірге, 

кредиттік технология  жүйесі шəкірттердің 

дəріс, ұстаз таңдау еркіндігіне мүмкіндік 

береді.

Осы үрдістерден журналистика 



факультеті тысқары қалып жатқан жоқ. 

Университетте баяғыдағы оқу жүйесі 

академиялық,классикалық  үлгіде бол-

са, соңғы үш жылдың көлемінде зерт-

теу университетіне айналып келе жатыр. 

 

Университет тек қана  білім беріп қоймай,ары 



қарай ғылыми зерттеуді дамытуға өз үлесін 

қоспақ. Зерттеу университетіне көшу себебі: 

біріншіден,оқып жатқан жастарды бəсекеге 

қабілетті маман етіп дайындау.Екіншіден, 

өз мамандығы бойынша сол саладағы 

ғылыми зерттеу ісіне дайындау. Яғни, таза 

журналист мамандығын меңгерумен бірге 

ғылымға бейімі бар жастарды бакалавриат-

тан бастап зерттеу жұмыстарына  бағыт беру.

Бұл əсіресе журналистика факультетіне өте 

қажет. Себебі, журналистика мамандығы 

жалпы ғылыми тұрғыдан алғанда өзі жеке 

ғылым ретінде қалыптаса қоймаған сала.

Факультетте бүгінде үш кафедра, бір 

телерадио кешен жұмыс істейді. 

Олар 


Баспасөз 

жəне 


электрон-

ды БАҚ кафедрасы, меңгерушісі 

профессор,саясаттану ғылымдарының 

докторы Гүлмира Сұлтанбаева. Кафедра 

 

қазіргі кезде ғылыми зерттеу жұмыстарына 



көп көңіл бөлуде. Радио, телевизиялық ха-

барлар жүйесін іске қосты. Сонымен қатар, 

ағылшын тілінде оқытылатын үш топ 

құрылды. Колумбия университетінен кел-

ген Рафиз Авасов, кафедра  оқытушысы 

Ə.Əлжанова т.б.  ағылшын тілінде дəріс 

оқиды.

Юнеско,халықаралық журналисти-



ка  жəне  қоғаммен  байланыс  кафедрасы, 

меңгерушісі профессор Назгүл Шыңғысова. 

Бұл өте жақсы мамандық,себебі  баспасөз 

қызметінің басшыларын, қызметкерлерін 

дайындайды. Сонымен қатар,белгілі бір 

мекемелерге қоғаммен байланыс орната-

тын мамандарды дайындап шығарады. 

Бакалавриатта халықаралық журнали-

стика бойынша маман   дайындалмайды. 

Жалпы журналистиканың қыр-сырын 

меңгеріп шыққаннан кейін,халықаралық 

журналистикаға бейімделемін дейтін бол-

са ары қарай магистратураға түсіп,сол 

халықаралық журналистика мамандығы 

бойынша дайындалып шығады.

Баспа ісі жəне дизайн кафедрасы, 

менгерушісі филология ғылымдарының 

Ырысгүл АШУОВА. 

«Журналистиканы құрғақ мақтанның құралына айналдыруға болмайды»



14

кандидаты, доцент  Сағатбек Медеубекұлы. 

Кафедра баспа ісіне қатысты баспагер-

редакторларды дайындайтын факультет 

бөлімі. Дизайн мамандығына əлі де бол-

са талапкерлер арасында қызығушылық 

төмен. Бірақ бұл мықты мамандық.Жаңа 

заманға сай шығармашылық ізденістің 

мамандығы. Себебі, компьютер арқылы 

кітапты,хабарларды    безендіру,  əсемдеу 

бұл үлкен шығармашылық қабілетті  қажет 

етеді.


Заман өзгерісіне сай біздің 

оқытушылар жыл сайын шетелдерде 

тағылымдамадан өтуде. Деканның ғылыми-

инновациялық жұмыс жөніндегі орынба-

сары, филология ғылымдарының докторы 

Мысаева Қарлыға Америкада бір жыл оқып 

келді. Қазір журналистикалық мəселелердің 

теориялық, практикалық жүйесін жақсы 

меңгерген ұстаз, ғалым ретінде танылып 

жүр.Сонымен  бірге,  Баспасөз  жəне  элек-

тронды БАҚ кафедра меңгерушісінің  оқу ісі 

жөніндегі орынбасары Əйгерім Əлімжанова, 

доцент Жетпісбай Бекболатұлы, дизайн 

оқытушысы Ниетжан Ибрагимов, Сəкен 

 

Нұрбеков шетелдерде  тағылымдамадан 



өтіп, тəжірибе алмасып қайтты.

– ҚазҰУ-дың журналистика факуль-

тетінің өзге оқу орындарындағы журна-

листика факультеттерінен ерекшелігі 

қандай?

–Басқа да оқу орындарында  да журна-

листика мамандары дайындалады.Олардан 

біздің факультеттің төрт басты ерекшелігі 

бар деп білемін.

Біріншіден,біздің факультет Қазақ-

станда дəл бүгінгі күнде таза масс-медиа 

мамандарын дайындайтын жалғыз фа-

культет. Оның себебі, он беске таяу оқу 

орындарында  журналистика маманда-

ры дайындалады екен.Солардың бəрі 

таза 


журналистика 

факультеті 

емес. 

Мысалы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 



университетінде «Саясаттану жəне журна-

листика» факультеті, Е.Букетов атындағы 

Қарағанды мемлекеттік университетінде, 

М.О.Əуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан 

т.б. университеттерде  журналистика фило-

логия факультетінің бір кафедрасы болып 

табылады.

ҚазҰУ-дің журналистика факультеті 

Теле-радио журналистика мамандығы 

бойынша студенттерді дайындауда толық 

материалдық-техникалық базасы талапқа 

сай бірден-бір факультет. Біздің теле-

радио студиямыз техникалық тұрғыдан 

толыққанды жабдықталған,сонда сту-

денттер өздерінің хабарларын дайын-

дап, журналист,редактор,сценарист 

ретінде қалыптасуына тағылым алады. 

Көбінесе лабораториялық,практикалық 

сабақтарымыз телестудияда өтеді. Бұл 

болашақ  журналист үшін үлкен мектеп деп 

білемін.

Екіншіден,біздің факультеттің жал-

пы журналистер дайындаудағы 80 жылдық 

тəжірибесі бар.

Факультетте сонау Алаш арыстары-

нан бастап небір алыптар дəріс оқыды. 

А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, 

Қ.Бекхожин, Т.Қожакеев, М.Барманқұлов, 

Т.Амандосов сынды ғалымдардың дəріс 

беруі факультетіміз үшін үлкен жетістік деп 

білемін. Сондықтан да небір зиялылар сабақ 

берген аралықтарды ғылыми əдістемелік 

дəстүрі толығынан  қалыптасқан бай 

тəжірибесі бар факультетке айналдырарлық 

қақымыз бар. Сонымен қатар, бəсекеге 

 *«Үркер»*№62014



жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау