Резервы повышения продуктивности и плодородия орошаемых земель на западе казахстана



жүктеу 4,68 Mb.
бет14/14
Дата28.02.2018
өлшемі4,68 Mb.
#10876
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Мынау тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған

Өр Абайдың төтеген кім бетіне?!

Жамбыл
Абай – қазақ поэзиясының үлкен бір тұтас дәуірі, оның ренессансы.

Абай – қазақ өлеңінің асқақ сәулетшісі, оның терең гүлдеуі. Қолдан соқпай, ақыл-ойдан соғып қалдырған ескерткіші адамзат мәдениетінің ең тамаша, ең мәңгілік ескерткіштерінің қатарына қосылады. Сондықтан да халық Абайдың шығармаларын құмартып оқиды, оны ардақтайды.

Қазақ сөзінің қасиеті қонған Абай өлең жазған кезде сөздің суретінен басқа ештемені көрмей кетеді екен. Өлең оралған кезде шын асыл дарынды аруақтандырып жіберетін күштің болатынын ақынның замандастары әлденеше мәрте айтқан.

«Әрқашан Абай ақындық туралы сөйлегенде – ол қуат, табиғат сыйы, құдай сыйы деп құрметпен сөйлейтін. Ақындықты құдай сыйы деп сыйлаған Абай ақ қағаз бен қыл қаламды ұстағанда бойын, басын таза ұстап барып жүгінетін» - деп еске алады досы Көкбай.

Өлеңді, әсіресе Абай өлеңдерін жан-жүрегіңмен ұғып оқу керек, сонда ғана сүйіктіңнің, досыңның, ақылшыңның даусына құлақ қойып, бұлбұлдың сайрағанын, бұлақтың сылдырын, жүрек дүрсілін, табиғаттың сиқыр суретін сезе білесің.

Қазақ даласындағы феодализмнің мерезі мен патша өкілетінің отарлау саясатының темір тоқпағынан шыққан дүмпуілдердің Абай жүрегіне соқпай кеткені жоқ. Әлеуметтік езу, қаныпезер қаттылық, қараңғылық, теңсіздік, өтірік-өсек сияқты сұмдықтардан рухани жалғызілікті ақынның ашынуы да табиғи нәрсе еді.
Жартасқа бардым,

Күнде айғай салдым,

Одан да шықты жаңғырық.

Естісем үнін,

Білсем деп жөнін,

Көп іздедім қаңғырып.

Баяғы жартас - бір жартас,

Қаңқ етер, түкті байқамас – деген шумақтардан ақынның басынан өткізген трагедиясын, жан айғайын көруге болады.


Абай өлеңдерінің қай-қайсысы да толысқан ой-сананың жемісі. Абай мына өлеңінде өз жағдайының сырын келешек ұрпаққа арнап, ұлы гуманист жұмбақ болып қаламын ба деп қобалжиды.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым - кінә қойма.


Бірақ, Абай – біз үшін жұмбақ емес, нағыз айқын, түсінікті адам. Ол атаның ұлы ғана емес, азап ауыртпалығынан боздаған аруана жердің ұлы, әділеттіліктің абзал жыршысы, жаманшылықты жиіркене шенеуші.

Абай өзі ауқатты жанұяда дүниеге келгенімен, халыққа жақын болды. Өйткені, сол кезде бай-жуандар заманының ағымына қарай, жоғарыға қарай жаутаңдап, қарапайым халықты басып, жаныштады. Озбырлықты көре тұра қалай шыдасын?! Осы орайда жазған өлеңдерінде заманының кемшілік-қайшылықтарын өткір және әділ мінеп сынайды. Ел шырқын бұзып, адамгершіліктен жұрдай әкімсымақтарға ызасы мол ақын;


Бас-басына би болған өңкей қиқым

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?

Өздеріңді түзелер дей алмаймын

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың –

деп бөрі заманда бөрілер арасында алысып өмір сүрген ақын қапаланады.
Қазіргі кезде өзінен-өзі белгілі жәйт боп көрінетін осынау шындықты бетке басу үшін ол заманда қанша адалдық, қанша батылдық, қанша кісілік керек еді!

Абай шығармалары әр қырынан түрлі тақырыптарды қамтиды. Абай – халық алдында, өзінің ар-ожданы алдында әр уақытта шыншыл. Сондықтан Абай өзгелерді де адамгершілікке шақырады.

Ең алғаш оның сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналды:
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім», – деп, өзінің оқудан кеш қалғанын өкінішпен айтып, оқуға, білімге шақырады.


«Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз».... – деп бос уақыт өткізіп, ас ішіп, аяқ босатып жүргендерге, білім алыңдар, өмірден өз орындарыңды табыңдар деп өсиет айтады.

Абай шұбар балақ шынжыр төс феодалдың баласы бола тұрып, жарлылық пен зорлық-зомбылықты әшкерелеуден, ақыл айтудан, ұяттылыққа шақырудан жалыққан жоқ. Оны мына өлеңнен көруге болады:
«Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей,

Бір қыс сақта, тас болма, сен де ол құрлы», – дейді байға. «Тас болма» дегенмен мұндай сөз ол кезде, тасқа айтқанмен бірдей еді. Немесе ақын «Бойы бұлғаң» өлеңінде байлығы мен дәулетіне мақтанған байды өткір сықақпен шенейді:


Бойы бұлғаң,

Сөзі жылмаң,

Кімді көрсем, мен сонан.

Бетті бастым,

Қатты састым

Тұра қаштым жалма-жан.

Өз ойында

Тұл бойында

Еш мені жоқ пендесіп.

Түзде мырзаң,

Үйде сырдаң

Сөзі қылжаң еркесіп.


Осындай өлеңдерінде Абай бай-феодалдардың бет пердесін әшкерелеуші, өткір сыншы, сатирик-реалист ретінде көрінеді.

Абайды бүкіл әлемге танытқан М.Әуезов: «Абай өз шығармашылығында халықтың санасында тек бұлдырап жүрген, халық ақындары әлі де айтып жеткізе алмайтын идеяларды бейнелейді. Оның халық көкірегіндегі арман-мұраттардың асқақ жыршысы болуына – поэзиядағы бұл ерлігіне алдыңғы қатарлы демократиялық орыс мәдениеті, ең алдымен өзіне жақсы таныс Чернышевский идеялары сүйеу болды» деп жазады. [1]

Шығыстың классик ақындарының туындыларымен сусындаған ақынның санасы кең, бойында таудай талап бар еді. Кейін өз бетімен ізденіс жолына түскен Абай, әсіресе, орыс әдебиетінің классиктері Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Белинский сияқты революцияшыл-демократтардың еңбектерін оқып, сыншыл көзқараспен қарап, біраз ойға шомды. Сонымен қатар Еуропаның ақындары мен жазушыларының, атап айтқанда, Сократ, Платон, Аристотель, Байрон, Гете сынды біртуарлардың шығармаларын оқып, әдеби дүниетанымын кеңейте түсті. «Ғылым жолы - әділдік жолы» деген қағиданы ұстанған Абайға 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас төңкерісшіл Е.П.Михаэлиспен достасудың сәті түсті. «Бұлақ көрсең – көзін аш» демекші, Абайдың болашағынан зор үміт күткен Михаэлис оған қандай кітап оқу керектігін айтып отырды. Мұны кейін Абайдың өзі де: «Дүниеге көзімді ашқан - Михаэлис»- дейді.

Абай ел ішіндегі небір әділетсіздікті, озбырлықты, әке жолының жетімсіздігін көре отырып, халыққа жақын басқа жол іздеді. Оны озық елдердің мәдениетінен іздеп, халықты жарқын өмірге, жақсылыққа бір табан жақындататын жол – орыстармен араласу деп білді.

Орыс теріс айтпайды,

Жаман бол деп оларды.

Қаны бұзық өзі ойлар

Қу менен сұм соларды,

Бұл іске кім виноват?

Я Семейдің қаласы?

Я қазақтың аласы?
Абай – қазақтың ұлттық тілін еркін меңгерген, тілдік қоры бай ақын. Абай – қазақ поэзиясында аударма өнерінің, еркін аударманың, нәзира әдісімен жарысудың классикалық шебер үлгісін жасаған – ақын. Осындай «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деген Абай арқылы қазақ даласына А.С.Пушкин 1880 жылдың екінші жартысында келді. Келгенде өгей боп келген жоқ, өз ақынымыз боп келді. Жалынды жырлары бірден баурап, қазақтың іші-бауырына кіріп кетті, әрине, мұнда Абайдың еңбегі орасан зор еді.

Дүниеде табиғатқа тарта туған аса дарынды адамдар бірін-бірі ешқашан естіп білмесе де, екеуі жұмыр жердің екі шетінде жүріп-ақ өзді-өзі орайлас ой кешіп, бірінің кемел ақылын бірі толықтырып жататыны ғажайып. Бірін-бірі көрмей, естімей жатып-ақ екеуі егіздің сыңарындай ғылыми жаңалық ашқан ұлыларды білеміз. Мұндай рухы бай адамдарда рухани үндестік баяғыдан болған. Қазір де көзге көрінбей, сезімге сездірмей, әлдебір ғайыптың тірлігіндей болып сыр мен сымбат жалғасып жатқаны мәлім.

Осындай бүкіл дүние жүзілік жыриат аспанында әрдайым қатар тұратын екі жарық жұлдыз бар. Олар – Абай мен Пушкин.

Семей, бұл – Абайдың тірі даусын естіген қала, оның жаңа өлеңге сүйінген сағатын, жан жараларына күйінген күндерін көре қалған қала. Ал, дала Пушкині, оның көше-көшелерінде терең ойға шомып, жай басып, серуендеген – поэзия.

Олардың поэзия тарихында қатар орын алуының себебі; екеуі де азаттықты аңсады, екеуі де топастық пен озбырлықты шенеді.

Ал Абай мен Пушкинді дүние жүзілік әдебиет тарихында қатар қоятын жағдай – ең алдымен олардың ақындық кемеңгерлігі, ой-өрістерінің кең шалқарлығы, рухани туыстығы азаматтық дауыстарының үндестігі осы арқылы олар жалпы адамзат жыриат алдиярларының алдыңғы қатарында тұрды. Есімдері егіздей қатар аталса да, екеуі екі халық жанының, екі ұлт дарындылығының нұрлы айнасындай бір ұғымды – ұлылық ұғымын берді.

«Орыс классиктерінің ішінде Лермонтов пен Пушкин Абайдың қатты сүйген ақындарының бірі, - деп жазды М.Әуезов – Абайдың өз айтуынша, Лермонтов пен Пушкин «ерекше ызаның ақыны», «махаббат ашуымен уланған ақындар». [1] Ашулары қоғам құрылысына наразылықтан, қоғам дертіне күйінгендіктен туған. Олар сол ашумен қоғамдық мін мерезді жерлеп, адамды ішкі ойына үңілтеді. А.С.Пушкин сөз сиқырын сезетін, шырқау шабыттың ақыны. Осындай қасиеттері арқылы өзімен үндестік тапқан Абай А.С.Пушкиннің бірнеше өлеңін қазақ тіліне аударды. Ол аудармалар күні бүгінге дейін аударма өнерінің өнегесі сияқты, қазақтың төл өлеңіне, халықтың жырына, айналып «құлақтан кіріп, бойды алар» поэзияны танытты.

Сөз сиқырын, сырын, ырғағын, құйылысы мен кестесін сезіп тұшына білген Абай мен Пушкин «Евгений Онегин» романында шүйіркелесіп, табысқаны белгілі. Ішкі терең мазмұнын ұғысып, ұйқас ағысын тапқан Абай Пушкин өлеңдеріндегі баз бір ой түпнұсқаларды, сөз оралымдарын сол замандағы қазақ ұғымына сай ұғыныңқы етіп қазақыландырып отырған. Ұлылар бұл аудармада бірін-бірі емеуірінен таныған шын асыл жандардай сезініп, біліп, сыр шертіседі.

Қара бұлттар аспанды қалай, қанша торласа да, күнді өшіре алмайды. Сондай-ақ, тұрмыс қаншама ауыр, қаншама мұңды болса да, адам махаббатсыз ойын-күлкісіз, ән-күйсіз күнелте алмайды. Абай мен Пушкинде де солай, күн мен түн, қайғы мен қуаныш ауысып отырады. Олардың махаббат жырлары табиғат лирикалары сиқыр сұлулыққа, адамгершілікке, ой тереңдігіне, шындыққа толы.
Кейде есер көңіл құрғ

Махаббат іздеп талпынар

Ішем деп бейнет сусынын

Асау жүрек алқынар.

Жүрегі жұмбақ білген құл

Шын дос таппай тыншымас

Пайда, мақтан – бәрі тұл,

Доссыз ауыз тұшшымас, – деп жастарды тек адал да ақ ниет, таза жол мен адал достыққа, кіршіксіз таза махаббат иесі болуға үгіттейді. Ал махаббатты бағаламайтын пенделерге:


«Махаббатсыз дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар», – деп хайуанға теңейді.


Адамға, жер-Анаға, таңғажайып табиғатқа деген махаббат ақыны – Абай жарықтың қараңғылықты жеңетініне, халқының келешегіне бар болмысымен сенеді.

Осыдан дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер – ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп-төркіні барын байқауға болады.

Бірінші – қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан жиып, өсіріп келген өз даналығы – халықтың ауыз әдебиеті қоры. Ақын Абай осы қордан нәр алып, сол арқылы өз өлеңдерін көркейтті.

Екінші бір қол артқан қазынасы – араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың көркем классикалық поэзиясы.

Үшінші – үлкен өнер, мол азық алған зор саласы – орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Еуропа мәдениеті. Осы соңғы өріске құлаш созған Абай өз заманы үшін әрі жаңа тарих, жаңа дәуірдің басы, әрі кең майдан келешегі еді.

Осындай өлмес, өшпес қасиет ұлы Абайға қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі деген атақ берді.

Бір кезде туған руы Тобықтының өзінде тыныштық таппаған – Абай, көзі тірісінде бір кітабы жарық көрмеген –Абай, қазіргі кезде бүгінгі қоғамның ерекше қадірлі мүшесіне айналып, бүкіл әлем пір тұтқан – Ақындардың ақыны, Ұлы ақын.

Иә, қазір қазақ даласында көреген Абайды танымайтын адам кемде кем. Осы орайда С.Шаймерденовтың мына бір сөзі еріксіз еске түседі: «Қазақ азса – Абай сөзін білмегендіктен азады».

Абай - ғасыр жібінде бір туатын жұлдыз шырақ. Ақынға деген құрмет еліміздің игілікті істерінен әрқашан байқалады. Биыл Қазақстанда Пушкин жылы болса, Ресейде Абай жылы. Абайдың тек қазақ елінде ғана емес, бүкіл әлемге танымал екендігін аңғартады. Яғни, бұл жерде оның ұлылығын көре аламыз. Абайдың осыншалық жылдар бойы ұмытылмауы оның тірі кезінде қалдырған ұлы мұрасы. Біз мұны халыққа, елге, Отанға деген махаббаты деп білеміз.

Жапан түзде жалғыз емен тұрды. Оған дауыл да, боран да соқтықты,

Көп жыл бойы соқтықты. Ақыры жаралы емен күрт құлап, қара жердің құшағына кірді. Бірақ оның тамырлары терең бойлаған еді, ана топырақ оларды қоректендіре берді. Күндердің күнінде бұрын болып көрмеген жаңа көктем туып, әлгі емен ертегіден жаралғандай қайта көтерілді. Керемет жас бұтақтарын жайып бұрынғыдан да сұлу, бұрынғыдан да құдіретті болып өсті. Кешікпей жан-жағы бұлбұл бақтарына айналып кетті.

Иә, Абайды қазақ жері тапты. Бірақ бүкіл қазақ халқы сияқты оны да өмірге қайта келтірген – құдіретті Қазақстан.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе

Адамдықты көздесең

Жат тоқып ал көңілге – деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай көркемдік қуат – қасиеті сарқылмайтын, жүрекке жақын, көкірекке жылылық ұялататын, тәрбиеге толы Абайдың кейінгі ұрпағына қалдырған мұрасы – тарихымыздың өшпес те өлмес асыл мұрасы.



ЛИТЕРАТУРА:



  1. Әуезов, М. Абай Құнанбаев – Алматы, 1963.

  2. Әлімқұлов, Т. Жұмбақ жан - Алматы, 1972 .

  3. Бітібаева, Қ. Абай шығармашылығын оқыту / Мектеп баспасы - Алматы, 2003 .





ПЕДАГОГИКА
УДК 821. 512. 122.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІН ОҚЫТУ
А.Ж.Аралбаева, қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада Абай Құнанбаевтың қара сөздерінде қандай мәселе көтеретіні, олардың маңызы, мәні, адамгершілігі, еңбек, әділет пен шындық, тәрбие мәселелері, оқу-білім, ғылым, өнер, талап және басқада жағдайлар етіледі.

Қара сөздерді оқытудың тиімді жолдарын әдістеме ретінде мәнерлеп оқу, кестемен жұмыс, сұрақ-жауап, пікірлесу жұмыстары арқылы жүргізуге болатыны көрсетілген.
В докладе рассматриваются вопросы изучения в ВУЗ-ах «слов назиданий» Абая Кунанбаева. Автором предложены наиболее эффективные методы и приемы обучения студентов ВУЗ-ов анализу «слов назиданий» Абая на занятиях.
The questions of study of Abai Kunanbaevis «Words Precepts» in universities are considered in this report. The author suggests the most effective methods and techniques of Higher Institution students’ study of Abais «Words Precepts» analysis at the lessons.

«... Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойл.

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма !...»

Қазақ халқының ұлы ақыны – Абай Құнанбаев туралы білмейтін адам кемде-кем. Бұл өткеннің құлазыған ғасырынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.

Абайдың толық жинағында 1890-1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Жалпы саны 46 бөлек шығарма. Оның 6-7 үлгісі қысқа: 16, 18, 19, 20, 24, 31, 45 сөздері. Мазмұн, тақырып жағынан өзгелеуі 46- шы сөзі. Ол мақала, очерк тәрізді. Қазақ халқының қайдан шыққандығына арналған дәлелді, деректі қысқа зерттеу.

Жалпы алғанда Абайдың осы барлық қара сөз дейтін мұралары – көркем прозаның өзінше бір бөлек түрі. Бұрынғы жазушылар қолданған мемуар, естелік емес.. Стиль, мазмұн жағынан осы шығарма Абайдың өзі тапқан, көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және мораль мәселелеріне арналған. өсиет, толғау тәрізді. Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі маслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді. Кейбір сыр-сипаттарына қарағанда Л.Н.Толстойдың «Круг чтения» деп аталатын еңбегіне ұқсас. Бірақ, Л.Н.Толстой өз оқушыларымен тыныш, тату әңгіме өткіземін дейді. Абайдың қара сөздеріндегі тағы бір өзгешелік, тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көрініп тұратын өлеңдеріндегі ойын осы қара сөздерінде анық, түсінікті етіп жеткізеді. Қара сөздерінде кейде өзі көпшіліктің алдында тұрғандай сұрақ қояды. Мысалдарды Абай заманындағы болмысынан алады. Сол мысалдарды кейде күлкіге салып мысқылдайды, әжуа халдерін әдейі айқындай түседі. Әңгімесі тыңдаушысына пайдалы өсиет болумен бірге, көңілді айтылып, қызықты болып жетсін деген мақсатты ойлайды. Өзінің адамгершілік, әлеуметшілдік, ағартушылық ойларын айтуда Абай педагогикалық жақсы әдіс қолданады. Қара сөздер ақынның терең ойы мен ұлы арманын айқын көрсетті. Ақын пікірлері орыстың ревалюцияшыл-демократтарының идеяларымен үндес шығып отырады, соны ол қазақ өміріне шығармашылық жолмен қолданады.

Меніңше, Абай сөздерін мазмұнына қарай, мынадай бес үлкен топқа бөлуге болады:


  • Қоғам құрылысы, ел билеу жайын көп қозғайтын сөздері;

  • Оқу-білім, тәлім-тәрбие мәселесі жайындағы сөздері;

  • Еңбек, шаруа жайын әңгімелейтін сөздері;

  • Адамгершілік, мораль (мінез-құлық) жайларын көрсететін сөздері;

  • Дүние, өмір туралы ойлары мен дін мәселелерін түсіндіретін сөздері.

37-ші қара сөзін оқыту: 23 бөліктен тұратын қысқа, тұжырымды афоризмдер. Бұл жөнінде М.Әуезов былай дейді: «Көпшілік қара сөздерден де өзгешерек қалыптанған – бұл Абайдың 37-ші қара сөзі. Бұл бөлімше өзге қара сөздерше құрылған тұтас шығарма емес, бір арнаға бастары құрылған афоризмдер». (2)

Бұл қара сөзде ұлы дананың өмірлік тәжірибесі, оқу-тоқу, мораль т.б жинақталған. 37-ші қара сөз 23 бөліктен тұратын болғандықтан, оны тұтастай түсіндіру қиын, сондықтан топтап бөліп оқытқан тиімді. Сонымен бірге басқа қара сөздерін де солай оқытқан тиімді:

Адам, адамгершілік – 1,4,5,6,8,13,19,20,23, тәрбие – 9,10, сөз қуаты – 2,3, дүние-заман – 11,17, 12,16, достық – 20,21, еңбек – 16, 18, 19, бұны көрнекілік ретінде де қолдануға болады.

Қара сөздер түгелдей шешендік оралым, афористік сөздерден тұрады. Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, сұрақ-жауап, пікірлесу арқылы әр сөз талдану керек.

Мысалы, 5-ші сөз. «Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, Адамның баласы-бауырың» деген терең пәлсапалық ойды бойына жинаған асыл сөз. Оқытушының мақсаты осы сөздің мағынасын ашу.

-Сіздер қалай ойлайсыңдар, ұлы дана неге «Әкенің баласы – адамның дұшпаны» дейді ?

- Ал, «адамның баласы неге бауырың?»

Жауап былай болуы керек:

-Әкесінің сөзін сөйлеген, тек өз әкесін ойлап, соған қызмет етеді. Ал ол бала тек әкесіне емес, халқын ойласа – бауырың болады.

-Тек әкесін ойлаған бала қателесуі мүмкін.

Студенттердің пікірінен кейін оқытушы өзі қорытындылауы керек. Мысалы, Абайдың өз өмір жолы арқылы өз айтқандарын дәлелдеп үлгі ету жөн.

Абай бұл қара сөзінде өмір сүрудің биік тұғырына шақырады. Ғажайып, гуманист ақын күллі адам баласына бауырластықты, туыстықты үндеп тұр.


Қара сөзбен танысу үшін үйге алдын ала мынандай тапсырма беріледі:


  • Қара сөзді бірінші оқып шық. Өзіңе ұнаған жерлерін жазып ал, жаттап алуға тырыс.

  • Әр сөзге аннотация беруге талаптан.

  • Өлеңмен келетін жолдарға қара да метафораларды тап, қолдану шеберліген мән беріп талда.

Студентттер өз шамаларынша берілген тапсырмаларды орындап келеді. Тапсырманы тексеріп, кейін бекіту мақсатында топтық тапсырмаларды орындауы керек.



1-топқа

  • 37,4,5,6,8,13,19,23- бөліктердегі сөздерге аннотация беріңдер.

  • Ақынның тіліне, поэтикалық оралымына, шешендігіне назар аудар.


2-топқа

  • 1,9,2,3,20,21- бөліктердегі сөздерге аннотация беріңдер.

  • Тіл көркемдігіне мән беріңіздер. Негізгі ойын ойлап табыңыздар.

Осы топтардың негізгі мақсаты - әр сөздің негізіндегі даналық ой мен оны жеткізудегі ақын тілі, афористік, шешендік қасиеті туралы өздерінше зерттеу жүргізу. Топтық жұмысты тексеруге әр топтан бір студент жұмыс қорытындысын қысқаша хабарлайды. Бұл тәсіл уақытты үнемдейді және студентті нақты, ойлы сөйлеуге, негізгі түйінді мәселенің төңірегінде пікір өрбітуге баулиды. Хабарламаны тезис түрінде қысқаша жазып алу тиімді екенін студенттерге ескерту керек.

Мысалы, бір топтың жауабы былай болу керек:



  • 16,18,19 сөздер өлеңмен келген;

  • Негізгі ой - еңбек ету, харекет жасау, мансапқа жету т.б.;

  • Сөз көркемдігі: Биік мансап-биік жартас,

Екпіндеп ұшып қыран да шығады, - дейді.

Мансапты жартасқа балайды, ол метафора. Жылан мен қыранды қатар салыстыра отырып, мансап туралы әңгімелеген. Шығады деген қайталаудың өзі далалық ұғымды білдіреді.

Оқытушы осы кезде мынадай сұрақтар қоюы керек:


  • Биік мансапқа еңбектеп шыққан жыландікі дұрыс па, әлде екпіндеп шыққан қырандікі дұрыс па?

  • Осы шешендікті немен түсіндіреді екенін сұрау.

14-ші қара сөзді оқыту: Ең алдымен қара сөздер туралы түсінік беріледі. Оқытушы кіріспе түсінігіне мыналарды енгізгені жөн:
- Абайдың ғұлама, дана, философ, терең ойшыл екендігі;

- Абай қара сөздерінің афористік жиынтық екендігін;

- Абайда 46 қара сөз бар екендігін;

- 14 қара сөздегі Абай поэзиясы, оның ішінде «жүрек» мәселесі;

- Қазақтың «жүректі кісі» деген сөзін талдау;

- «Жүрек ісі» туралы ақынның өз пікірі (рахымдық, мейірбандық);

- Адамның азу себебі туралы;

- Қазақтың «ер жігіт», «пысық жігіт», «мықты жігіт» дегендеріне сын айту;

- Осы қара сөздің негізгі мәні - «Нағыз адам деген кім?». Осы сұрақ төңірегінде сұрақ өрбіту.

Тапсырма: Қара сөзді бірнеше рет асықпай оқы да, мына бағаналарды Абайдың өз сөзімен толтыр (танымдық-ізденістік тапсырма).


  • Жүректі кісі деген кім?

  • Жүрексіз кісі деген кім?




Қазақтың дегендері

Абайдың пікірі

Жүректі кісі – батыр

Жүректі кісі- рақымды, мейірбанды, адам баласын «бауырым» дегендер.


Пысық, мықты жігіт дегендері- жаманшылыққа үйірлер

Жігер, қайрат, байлаулығы жоқ адам – жүрексіз адам.




  • « Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алма, жүрек ұмыт қалады», деген ойды қалай түсінесің?

  • Өзіңше жүректі кісі кім? Ал «батыр» ше?

    1. Оқытушы қара сөзді мәнерлеп оқып, студент ұғымына ауыр деген сөздерді түсіндіру.


Сұрақтар:


  • Қазақ жүректі кісі деп кімдерді айтады екен?

  • Абай пікірі ше? Абайдың қазақтың «жүректісі» дегенін сынауы.

Абайша адам неге азады? (мәтіннен тауып оқы).

  • Қара сөздің ең ақырғы сөздеріне назар аударып, «өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі тәуір түгіл, әуелі адам ба?» деген ақын тұжырымы бойынша пікірлесу.

Ақынның бірер өлеңін («Жүрек –теңіз, қызықтың бәрі-асыл тас») мысалға алып,

салыстыра түсіндіру де тиімді. Бұл қара сөзде берілетін білім мазмұны мына мәселелерді қамтиды:


-ақынның ақылды кісі мен ақылсыз кісінің парқын ажыратып беруі;

-бағасыз, баянсыз нәрсеге қызығудың адамды адастыруы;

-есер кісі мен есті кісінің аражігі;

-сөз саптау шеберлігі;

Оқытушы осыған дейінгі 14 қара сөзбен салыстыра отыруы да үлкен көмек көрсетеді.

15-ші қара сөз негізіндегі ой




Негізгі себеп

Адамның іс - әрекеті

Есті адам


Есер адам

Қызығу, құмарлану, құмар болған нәрсеге мастық.

  1. Орынды іске қызығу,

құмарлану;


  1. Есі шықпай, ақылды

қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп іздену;
3. Күніне бір мәрте не жұмасында, не айына өзінен-өзі есеп алады. (қандай іс істеді).


1. Баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығу;
2. Өмірінің қызықты шағын итқорлықпен өткізу;

3. Бір қызықтан соң бір қызық қуу;

4. Құмарлықты дертке шалдықтыру, ақылдың көзін байлау.

Тиімді әдісі: мәнерлеп оқу, кестемен жұмыс, сүрақ-жауап, салыстыру жұмыстарын жүргізу.

17 қара сөзді оқыту: Құрлысы жағынан алдыңғы сөздерден елеулі өзгешеліктер бар. Бұл қайрат, ақыл, жүректің айтысынан құрылған. Бәріне ғалымның төрелік етуімен аяқталады.



Бұл сөзді оқытудың тиімді жолы деп төмендегі кестені ұсынамын: (үлестірмелік карточка түрінде беруге болады).

Қайрат, жүрек, ақылдың айтысы:


Қайраттың ғылымға айтқаны:

Ақылдың ғалымға айтқаны:


Жүректің ғалымға айтқаны:

Ерінбей, жалықпай үйрену,құдайға ғибадат ету- менің ісім. Бойды таза сақтау, күнәһарлықтай шайтанның азғыруынан сақтау – менің ісім.

Не пайдалы, не залалды болса, білетұғын – мен сенің сөзіңді ұғатұғын мен.

Жақсылыққа елжіреп, жамаандықтан жирендіретін де мен. Әділет, нысап, ұят, рахым, мейірбандық бәрі де менде.

Айтқанының бәрі рас. Бірақ пайдан да залалын да мол. Кейде жақсылықты, әлде жамандықты берік ұстанып кетесің, соның жаман, қаруың көп, күшің мол.

Айтқаныңның бәрі рас. Амал да айла да сенен шығады. Жақсының да жаманның да сүйгені сен. Екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман. Сенің қырың көп.


Билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Жақсылыққа жаны, діні құмар. Жаманшылыққа ермейді. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.


Ғалымның айтқаны:
Осы үлгі алдын – ала танысу тапсырылғанда беріледі. Бұл тапсырмалар арқылы ең негізгі мәселелерге көңіл аударылады, сөздегі басты ойды меңгеруге көмектеседі.
Қойылатын сұрақтар:


  • Кімдердің пікірталасы берілген?

  • Қайрат өз бағасын қалай түсіндіреді?

  • Жүрек ше?

  • Ақыл ше?

  • Ғылым пікірі, шешімі қандай болды?

Ескерту: Жауапты мәтіннен үзінді оқу арқылы береді.
Пікірлесу сұрақтары:


  • Өзіңе кімнің айтқан ойы ұнайды?

  • Ғылым неге жүректі қостаймын дейді?

  • Абайша «қасиетті адам» деген кім?

Оқытушы қара сөзді талдағанда мына мәселелерге көңіл аударғаны жөн.

  • Қара сөздегі терең ой – бірлік, қасиетті адам туралы ақын тұжырымы.

  • Қайрат, ақыл, жүрек тоғысқан жерде адамның толық адам болатындығы туралы «Әуелде бір суық мұз, ақыл зерек» өлеңіндегі пікірін қайталап беруі;

  • Ақынның қайрат пен ақылды жүрекке билетуі;

  • Абайдың ғылымды қай еңбегінде болмасын, бар дүниенің үстінен қаратуы, бәрін ғылымға басидіруін;

  • Қара сөзге қорытынды айтуды 14,15,17- ші сөздерді негізге алу.

Қорыта келе, Абайдың қара сөздері – оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделікті сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты шығармаларды танытып берді.

Рас, біздің заманымыз үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы, барлық дерті және сол ортада отырып, күнделікті өмірмен байланысты атап отырған, кейбір ұсыныс ойларының ескірген жерлері де бар. Дегенмен де, біздің қоғам үшін Абай өмір кешкен кезең тарихтық жағынан біз үшін құнды. Ал адамгершілік өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес. Бұл жағы айрықша таратып, талдауды қажет етпейтін түсінікті жайлар.

Абайдың қара сөздеріндегі шеберлігі, жаңалығы, көркемдік таланты бойынша қазақ тілінің сапасын әдебиет тілінің дәрежесіне көтерген ұлы тарихтық еңбегі қандай болса, қара сөз тілімен де Абай осындай еңбекті біздің мәдениет тарихымызға мол сіңірді.

Біздің осы күнгі сөйлеп, жазып жүрген әдебиет тіліміздің тарихы жалғыз ғана

Абайдан басталады деп кесіп айтпасақ та, сондай сапалы тілді қазақтың жазба әдебиетінде анық биік белге өрлетіп шығарған Абай екені даусыз.

Жоғары оқу орнында Абай Құнанбаетың қара сөздерін оқыту арқылы біз болашақ мамандарды Абай қара сөздеріндегі ақыл-кеңестерді ұғындыруға дәнекер бола аламыз деп сенемін.




ӘДЕБИЕТ:


  1. Бітібаева, Қ. Оқытудың тиімді жолдары / Рауан баспасы – Алматы, 1990 .-Б.150.

  2. Бітібаева, Қ. Абай шығармашылығын оқыту / Мектеп баспасы – Алматы, 2003 .

  3. Сыздықова, Р. Абай шығармаларының тілі / Рауан баспасы – Алматы, 1968.

4. Сүйіншалиев, Қ. Ж. Абайдың қара сөздері - / Рауан баспасы – Алматы, 1990.

УДК 821.512.122


АБАЙ ЛИРИКАЛАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР
А.Е.Аманғалиева, қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Абай лирикасын оқытудағы мәселелер» атты мақала ұлы лирик ақын, кемеңгер ойшыл Абайдың рухани мол мұрасын жаңа көзқарас тұрғысынан талдап, тану міндетін алға тартып отыр. Бұл – ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мұрат болып жалғасып, ұласа берер қасиетті парыз, үлкен міндет. Әлемдік деңгейдегі ақынның бірі, мәдениет, пәлсапа, ой дүниесінің алыбы, эстет, гуманист, ағартушы-демократ, шешен, әділ би, аудармашы, қоғам қайраткері, тәрбиеші ұстаз Абай бір ұлттың көлемінде ғана емес, адамзат әлеміндегі ірі құбылыс.
Статья «Абай лирикаларын оқытудағы мәселелер» посвящена описанию методов изучения лирики Абая. В статье рассматривается лирика поэта как огромное наследие великого учителя, переводчика, эстета, мыслителя не только одной нации, но всего человечества.Статья расчитана для тех кто занимается глубоким изучением разносторонних взглядов творчества Абая.
The article «Абай лирикаларын оқытудағы мәселелер» is devoted to the description of methods of Abai’s lyrics. In this article the poet’s lyrics is displayed as the great heritage of the great teacher, translater, aesthet, thinker of not only one nation, but also of the whole humanity.

The article assigned for those, who do the deep study of many-sided views of Abai’s creative works.

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. «Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол, халқыңа қызмет ет, еліңнің көсегесін көгерт» деген имандылық ережесін әр кезеңнің жас ұрпағы санасына Абай қазынасының нәрлі бұлағынан сіңірді. Ақын өмірінде шын мәнінде пайғамбарлық сипат бар. Оның қаламынан туған қастерлі жыр, оның даналығынан туған ұлағатты сөз халқымыздың рухани қажеттілігіне жаратылды. Ақын мұрасы – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы. Ол адам тіршілігінің сан-саласын қамтып, бүгіні мен болашағын ұштастырған өміршеңдігімен, әмбебап әрқилылығымен қымбат. Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де, Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы болып қала бермек. Абайдың ақындығы – тарихымызбен бірге жасайтын ұлы тағылым. Ақынның шығармашылық мұрасы халқымыздың рухани өмірінің барлық салаларына игілікті әсерін тигізіп шынайы шеберліктің өмірімен өзектес шыншылдықтың үлгісі болып қала береді.

Абай – қазақ поэзиясына шын мәніндегі лириканың классикалық үлгілерін енгізген, ұлттық поэзияда реформа жасаған жаңашыл ақын. Ол ақындық әлемдегі шынайы көркемдікті өз замандастарына да, келешек ұрпаққа да көрсетіп кеткен данышпан ақын. Даналықты өзінің туған табиғатынан, туған халқының сөз қазынасынан, дүние жүзінің ғылым-білімінен үйреніп, соның барлығын өз санасында, өз жүрегінде қорытып әкеліп, туған халқына ұсынды. Абай шығармаларының ғажайып қасиеті – оның мәңгі ескірмейтіндігі, мәңгі жүрекжардылығы, әлемдік философияда том-том кітаптарға әрең сыйған ойларды тарының қауызына сыйдырғандай құдіретпен екі-ақ ауыз сөзге сыйдыра білуінде. Абай – қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл. Абай халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз. Абай тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, адамзат әлеміндегі ірі құбылыс. Ақынның шығармалары қазір еліміздегі түбірлі өзгерістер негізінде әлемге танылды. Абай аты әлемді шарлады.

Абай поэзиясы – сұлу поэзия, махаббат, сүю, сүйіспеншілік толы поэзия. Абай поэзиясын тұтастай қарастырсақ, баға жетпес мынадай үш асыл қазынаны бөліп алар едік.

1.Алланы сүю.

2.Әділетті сүю.

3.Адамды, бүкіл адамзатты сүю.

Иманыңның асылы үш деп тахқиқ біл.

Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,

Басты байла жолына, малың түгіл, –

деген өлең жолдарының өзі осыны көрсетеді.

Ақын лирикасы оның лүп еткен, болмаса найзағайдай жарқ еткен сезімінің көрінісі. Лирикалық шығармаларды оқыту процесінде студенттердің эмоциясы, сезімге әсер етуі ең басты мәселе болып табылады. Ақынның қай өлеңін алсақ та, ерекше бір үйлесім жанды тербеп, сезім қылын шертеді. Мысалы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде айлы түндегі ауылдың суреті, суда дірілдеген ай сәулесі, гүрілдеген өзен, сыбырласқан жапырақтардың өзінен дір етіп елең қағып, бос шошып қала берген қос ғашық өз жүректерінің дүрсілінен елегізеді. Ерекше бір күйге түскендей сұлу табиғат пен сол табиғаттың өзіндей сұлу да әдемі сезімдер, ғашықтардың көңіл-күйі терең психологизммен беріледі. Махаббат сұлулығы, ғашықтар сезімінің таза, мөлдір, пәк сұлулығы, жарық ай, дала, ауыл көрініснің сұлулығы, ақын сезімі жан-дүниесінің сұлулығымен қауыша келіп, оқырманын ғашық болуға, сұлу болуға әсерлендіргендей. Осы сұлулықтарға қоса, оны дөп басып беріп тұрған ақын поэтикасының сұлулығына үңілсең тамаша үйлесім, гармония көресің. Осы өлеңді таза табиғат немесе таза махаббат лирикасы деп айтуға келмейді. Абай лирикасының өзіндік ерекшелігі де, құдіреті де осында жатыр.

Абай – психолог ақын. Абайдың өз көңіл-күйін әлпештейтін лирикалары сырласу, мұң шағу, үміт, түңілу, сүю, реніш сенімін білдіретін, яғни болашақ ұрпақпен сырласу, толғау, сөйлесу лирикалары. Бұл шығармаларының ерекшелігі ақынның өзі айтқандай, өзі жазып кеткендей, ақын жүрегіне, өз жүрегімізге терең бойлап, жұмбақ сезім өміріне сұғына бойлаудағы маңызы.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің өзіндік ерекшелігі ақынның басқа өлеңдеріне қарағанда ұзақ, әрі ақыл-нақылға толы афористік мәнділігінде, олардың тәрбиелік мәнінің қуатында. Ақын өзінің жастарға айтар өсиетін осы өлең арқылы қалдырған. Өлең жастарға дұрыс та мәнді, мақсатты да иманды өмір сүрудің айқын жолын көрсетіп тұрған шамшырақтай. Бес нәрседен қашық болған, бес нәрсеге асық болған адам ғана нағыз адам деген ойына да көңіл бөлгеніміз дұрыс. Адам баласына адам баласының бәрі дос. «Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың» деген даналық сөз Абайдың «Адам деген кім?» деген сауалына өзі берген жауабы адамның басты ерекшелігі – адамгершілік деп түйіндеуі. Арды, ұятты, талапты, еңбекті, терең ойды, қанағат, рахымды – адамгершіліктің басты қасиеті деп дәріптеуі. Өсекті, өтірікті, мақтануды, еріншектікті, бекер мал шашуды – адамның ең жаман қасиеті деп жырлауы. Білім мен ғылымды мансап, пайда табудың көзілмес надандықтан, қараңғылықтан шығудың бірден-бір жолы ретінде қастерлеуі, елді прогреске, өркениетке бастайтын сара жол деп тануы.

Білімді тереңдетіп, әрі ғылыми, әрі қызықты етіп беруде интеграциялық оқудың тиімділігіне көз жеткізіп жүрміз. Абай өлеңдерінің басым көпшілігі феодалдық қоғамды, оның адамдарын, ел билеу, басқару жүйелерін сынауға, әшкерелеуге арналған. Абай өлеңдерін оқи отырып, ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ қоғамын өзінің барлық бітім-болмысымен көз алдыңа келтіресіз. Надан әрі озбыр үстемтап өкілдер, «ел қуырып, ас ішіп», «арын сатқан», «бойы бұлғаңдар», пәлеқор қу «ант атқандар», «есіктен жылт-жылт» еткен сорлы кедейлер бәрі-бәрі көз алдыңа жанды картинадай өткір, ұлы тілмен өрнектелген қалпында келіп, қазақ тұрмысының қайнаған ішіне өзіңді енгізіп жібергендей болады. «Болыс болдым мінекей», «Мәз болады болысың» өлеңдері қазақ қоғамының феодалдық құрылысының ел басқару әдісін масқаралауға арналған.

Абай таптық қанауды, теңсіздікті, т.б. қайшылықтарды түсіне білді. Оны өзінің бойындағы ақындық шабыттың бар күшімен жырлады. Бай мен кедей арасындағы тұрмыс қайшылығын, дәулет теңсіздігін көрді. Өзінің «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңінде қазақ кедейлері мен байларының өмірін салыстырып, кедейлердің аянышты халін шебер суреттейді.


Кедейдің өзі жүрер малын бағып,

Отырарға отын жоқ үзбей жағып.

Тоңған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып, –

деп азапта жүрген кедей тұрмысы, оның реңсіз үй-іші, құлазыған үйде бүрсең қағып, тері илеп, байға шекпен тігіп отырған әйелі көзге елестейді.

Ұлы Абай халқының жыршысы, жоғын жоқтаушысы болды. Елдегі, қоғамдағы кемшіліктерді, үстемтапты аяусыз сынай отырып, өз халқының даналығын, тазалығын, қарапайымдылығын, ар-ождан биіктігін, асыл қасиеттерін де көре, түсіне білді. Ол шын мәніндегі халық ақыны. Бір сәт те елінің, халқының ауыр тұрмысын, үстін басқан қараңғылығын ұмытпай өткен ақын, тіпті табиғатты аса көркем, поэтикалық тілмен өрнектегенде де оны халық тұрмысы, тіршілік тынысымен бірлікте алады. Абай табиғатты суреттеп жазған бір топ өлеңдері тек түр жағынан ғана емес, мазмұн жағынан да ерекше,. Ол өлеңдерінде ақын еліне, жеріне шексіз сүйсіне отырып, өмір шындығын кеңінен қамтып көрсетеді. Классикалық әдебиет үлгісінде жазылған бұл өлеңдерінде табиғатты жалаң сипаттамайды, онда ел өмірі, жалпы тұрмысы, бай серуені бірге қамтылады. «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс», «Жаз» т.б. өлеңдерінде жыл мезгілінің әрбір кезеңінің қазақ ауылдарының өмір тіршілігіне қабыстыра, табиғатқа жан бітіре суреттеуді ерекше мейірлене жырлайды. Табиғаттың көктемде оянуына нағыз суреткерше қуана білген Абай, көктем туралы өлеңдерінде жер – қалыңдық пен күн – күйеудің, мифологиялық образдарын жасайды.


Күн – кейеуін жер көксеп, ала қыстай,

Біреуіне біреуі қосылыспай.

Көңілі күн лебіне тойғаннан соң,

Жер толықсып, түрленер тоты құстай.


Абай Құнанбаев шығармашылығын оқыту барысында оның ақындық мектебінің бір қайнар көзі болған орыс әдебиетінің игі ықпалына тоқталмай өту мүмкін емес. Қазақ ауылын суреттейтін Абайдың «Жаз» деген өлеңі мен Пушкиннің орыс табиғатын сипаттайтын лирикалары сабақтасып жатады. Пушкин орыс шаруаларының өмірін өзен жағасындағы орыс селосының көріністерімен ұштастыра сипаттаса, Абай да сарқырап жатқан өзенге келіп қонып жатқан қазақ ауылының көрінісін, оның көшпелі тұрмысына, халқының ата дәстүр салтына байланыстыра суреттейді.

«Адамның кейбір кездері» өлеңінде Абай ақындық жайлы толғанады. Абай бұл өлеңінде шынайы ақындық, шабыт үстіндегі шарқ ұрарлық, өскелең халді алады. Еліктеу жоқ, бірақ өз түсінігімен, өз тілімен көріктей берген осы өлеңінде Абай Пушкин дәстүрін анық еске түсіреді. Орыстың ұлы классигі жазған «Поэт» және «Поэту» деген өлеңдеріндегі ақын шабыты турасындағы аса биік саналы түсініктер Абайдың өлеңінен анық бой көрсетеді.

Пушкиндегі ақыннан құрбандық тілейтін Апполон біздің ақында Тәңірге айналады. Жайшылықта көптің ішіндегі көрнексіздіктің бірі боп жүрген ақын шалқып:
Кірленген жүрек өзі үшін,

Тұра алмас әсте жуынбай.

... Дүние кірін жуынып,

Көрініп ойға сөз салар, –

дейді.

Шабыт үстіндегі ақын қатардағы адамнан алқынып озып, биікке кетеді. Сол биігінен қарағанда айналадағы тіршіліктің бар зұлымдығын айқын көріп, іркілмей ашып береді. Пушкинде ақындық көрегендігі ұябасар бүркіттің қырағылығына теңеледі. Абайда өзіндік халықтық теңеуді анық өз бойынан туған бейне етіп отырып толғайды.


«Қыранша қарап қырымға,

Мұң мен зарды қолға алар

Кектеніп надан зұлымға,

Шиыршық атар, толғанар.

Әділет пен ақылға,

Сынатып көрген білгенін,

Білдірер алыс жақынға Солардың сөйле дегенін...» –

дейді. Осындай санамен жауыздық, надандыққа кектенген әділ сыншы қоғамдық шындықтың үкімін айтады. Жалтармай, жасқанбай бар сорақылықты басқа соғып көзге шұқып айтады.

«Ызалы жүрек, долы қол,

Ұлы сия, ащы тіл.

Не жазып кетсе жайы сол,

Жек көрсеңдер, өзің біл» –

дейді.Үлгіні үлкен гуманистік дәстүрлі орыстың классикалық поэзиясынан ала отырып, ақын қазақ әдебиетіне жаңаша бір міндет артып, сап, таза сипат бітіреді.

Абай өз заманындағы қазақтың әлеуметтік және рухани тіршілігінің энциклопедиясын берген дана классик ақын. Абай өз халқының тілі мен өнерін, анық халықтық қазыналық қасиетті жақтарын аса зор бағалаған. Мынау өлеңінде Абайдың еске алып отырғаны жалпы ән емес, қазақ халқының өзінің әні.


«Көбінесе ән басы келеді ащы,

«Кел, тыңда!» деп өзгеге болар басшы

Керім толғап тауысар қаңғыр-күңгір,

Сол жеріне ойыңмен араласшы», –

дегенінен байқаймыз. Ақын өз халқының әнін өзгеше ынтық көңілмен сүйеді. Көп уайымнан ұлы дертті ойларынан қазақ әні, мұңы айықтырып, сергіткендей болады. Кейде шабытсыз, қанағатсыз толықсыған жүрек сезіміне де ән қуат беріп қайта оңалтқандай болады.

Абай – қазақтың бас ақыны, әлемдік деңгейдегі ақын. Күллі адамзатқа ортақ мейірман, гуманист. Әлемдік ой дүниесі, даналығынан орын алатын, өз ортасында жаңаша ойлау, жаңаша дүниетанымның негізін салған пәлсапашы. Азаматтық, демократиялық, ағартушылық, өркениеттілік идеясының қазақ даласындағы көш бастаушысы. Бүкіл адамзатты. қайырымдылық, ізгілік, инабаттылық, имандылық, жан дүние, тән дүниесінің сұлулығына шақырған моралист, эстет. Халқын әлем әдебиеті, ой дүниесімен таныстырушы ғажап аудармашы. Әлемдік саз, әлемдік әуен дүниесінен орын алатын ғажайып композитор. Абай – ұлы ұстаз, педагог. Адам болудың, мұсылман болудың жолын үйрететін, Адам баласына тәрбиелеу, оқыту, өнерге, білімге жетелеудің жаңа үлгісін, сара жолын сызып кеткен ұлы ұстаз.



ӘДЕБИЕТ:


  1. Бітібаева, Қ. Абай шығармашылығын оқыту, Мектеп баспасы – Алматы, 2003. –Б. 53-56.

  2. Әуезов, М. Абай Құнанбаев – Алматы, 1983 . –Б. 87.

  3. Ысмағұлов, Ж. Абайдың ақындық тағылымы – Алматы, 1994.Б. 3.

УДК 821.512.122


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА АБАЙ АФОРИЗМДЕРІН ОҚЫТУ
Г.Т.Мурзабекова, қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы
Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Бұл мақалада жоғары оқу орындарында қазақ тілі сабағында «Абай афоризмдерінің» мәнінің болашақ маманның өмірлік тәжірибесіне аса қажеттілігі айтылады. Сонымен бірге ұлы тұлғаның кейінгі ұрпаққа қалдырған ізгі ой-парасатының бүгінгі күнде айрықша назар аударарлық әдістемелік құрал болатыны дәлелденіледі. Абай афоризмдерін топтап, жіктеп, саралап түсіндірудің әдістемелік қағидалары келтірілген.
Статья «Афоризмы Абая» посвящена применению афоризмов Абая на заниятиях по казахскому языку в высших учебных заведениях. В статье раскрываются методы изучения произведений великого поэта, педагога, философа, мыслителя. Статья может использоваться при изучении творчества Абая Кунанбаева в неязыковых вузах.
The article «Abai’s aphorisms» is devoted to the use of aphorisms on the lessons of the Kazakh language in the high educational universities. In this article, the methods of study of the great poet, teacher, philosopher and thinker are showed. The article can be used while the study of Abai Kunanbaev’s creative works at non-language universities.
Егер адам өз ана тілінде жатық, әдемі сөйлей алмаса, өзінің көзқарасын, өзін толғандырған мәселеге пікірін баршаға ұғынықты, тартымды түрде жеткізе алмаса өз тілінің грамматикалық құрылымын жетік білгенінен еш пайда жоқ.

Бүгінгі студент – ертеңгі маман, қоғам мүшесі. Ол өз ана тілінде еркін, көсіле сөйлеуі үшін қазақ тілі пәнінің бұл бағытта атқарар рөлі орасан болуы керек. Сабақ үрдісінде студенттердің тілін дамыту мақсатында, әдеби тілдік қорын дамытуда «Абай афоризмдерін» пайдалану аса қажет деп есептеймін. Бұл нұсқау жұмысының теориялық маңызымен бірге практикалық мәні басымырақ. Себебі, ұсынылып отырған афоризмдерді теория жүзінде меңгеріп қоя салмай, тікелей практикада қолдану арқылы ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады.

Бұл ұсынылып отырған жұмыстың мақсаты – студенттердің тілін дамытуға бағытталған, оларды сөйлеу өнеріне баулитын Абай афоризмдерінің мән-маңызына баға беріп, ондай афоризмдердің бірнеше түрлерін (сабақ үрдісіне әлі ене қоймаған) ұсыну. Осыдан туындайтын міндеттердің бір шоғыры төмендегіше:

Абай афоризмі шешен сөйлеу өнеріне баулитынына көз жеткізу.



  • Студенттердің тілін дамытып, ойын жүйелі айта білуге үйрету – қазақ тілі пәні мұғалімінің басты парыздарының бірі екендігіне баса мән беру;

  • Абай афоризмдері студентті болашақ өмірге дайындайтын жаттығу боларына бойлай түсу;

  • Шешендік білік –дағдыларды қалыптастыратын сөздердің түр афоризмдердің үлгі нұсқаларын топтап, жіктеп, саралап ұсыну, әдістемелік қырына сипаттама беру, олармен жүргізілер жұмыстарды анықтау.

Адам баласының бүкіл тарих бойына ілгері өсіп дамуы қаншалықты тынымсыз, толассыз жүріп жатқан үрдіс болса, көркем бейне жүйесімен ойлау, дүниені образбен танып баяндау, суреттеу өнері де тоқтаусыз дамып, жаңаланып, жақсарып келе жатқан құбылыс. Қоғамдық сананың бір түрі ретінде көркем әдебиет қай ғасырда болса да, сол заманғы адамдардың бір-біріне деген қатынасын, ой-арманын, дүниетанымын байқатпақ.

Қазақ халқының мәдениеті тарихында ақын Абайдың орны ерекше. Ол өзіне дейінгі мәдени мұраны бойына сіңіре отырып, мәдениетке тың арна салды. Ал осы Абай шығармаларында афористік сөздердің болуы және мол болуы себебі неде?

Әрбір қоғамдық ой өз дәуірінде ғана туа алады. Демек, ақынның әдебиеттің қай жанрын тұтынуы мен қай мақсатта шығарма жазуына оның дәуірі үкім айтады.

Олай болса, Абай шығармаларындағы афоризмді, оның бесігі – дидактикалық поэзияны әңгіме еткенде, ең алдымен оны ақынның әдеби жанр ретінде тұтынуына түрткі болған ең негізгі себепті қоғамдық жағдаймен, қоғамдық қажеттілікпен бірлікте сөз еткенде ғана толық түсінуге болады.

Афоризм – бірінші кезекте дидактикалық поэзияның желісі.

Дидактикалық поэзия – шығармашылық бояуы шектеліп, таза ақыл, өсиет тілі алға шығатын, өлеңнің көркемдігінен гөрі сөзшеңдігі мен ақылгөйлігі оның ерекшелігі ретінде көрінетін түр. Сайып келгенде, ақынның сөздері де осылайша, өз дәуіріндегі студент немесе тыңдаушы жұрттың ой-өрісі талабынан, өз дәуірі жағдайлары қажетінен келіп туған дидактикалық – философиялық шығармалар.

Соңғы кездері жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мектептерде «Шешендіктану» арнаулы курс ретінде оқытыла бастады. Бұл заңды да, себебі, заман талабына сай мұғалім - өз ісінің маманы, өзінің ең негізгі қаруы – қарым-қатынас құралы ретінде сөз мәдениетін дұрыс меңгеруі тиіс. Осы орайда, ұлы ақынымыз Абайдың афоризмдері маңызды рөл атқармақ.

Сөз өнері студентті сөз құрылысын, сөйлеу стилистикасын меңгеруге, сөз саптауға, сөз жарыстыруға, жазба және ауызша іскерлік пен ғылыми тілде сөйлеуге, бұқаралық ақпарат тілін нақты игеруге, құжаттарды дайындауға, іскерлік диалогтарды, проза тілін сараптауға үйретеді.

Жалпы, Абай афоризмдерінің саралайтын мәселелері мыналар: педагогика, мораль, философия, этика және т. б. Яғни, сөз этикасы немесе аудиторияға (сұхбаттасушыға) зиян келтірмейтін, әрі мақсатқа жеткізетін сөйлеу тәртібінің орынды әдісін табу жолы ретінде енгізу, мұнда тілдік тұлға мен тұлға стилін қалыптастыру ұстанымдары қарастырылады.

Қазақ «Айтылған сөз атылған оқпен тең» деп айтар сөзiңдi ақыл безбенінен өткізуді ұмытпауды сақтандырады. Әрине кез келген сөз сөйлеушіні ұшпаққа шығара бермесі анық. Тек адамның ойы, ішкі дүниесі көрініс табатын сөз ғана діттеген жеріне жетіп, сүйектен де өте алады.

Ал адамның ойы мен сезімі үйлесімін тауып, теңіз түбіндегі маржандай тұнып тұратын сөзге, мәнді де мағыналы шешен сөйлеуге қалай үйренуге болады?

Ежелгі заман ғұламаларының бірінен де кем түспейтін дана Гельцевийдің «Ой сезім қақпасы арқылы кіреді» деген нақылын нысана етер болсақ, адамның ойы тыңдаушысын да, ең алдымен, сезім, эмоция, содан соң барып жауап ой тудыру қажет.

Жастар және жоғары оқу орындарының студенттері қазіргі қоғамдық, экономикалық, саяси өмірдің астасып жатқан ағымына түскен кезде адаспай өз жолдарын табуы үшін қандай болуы керек деген заңды сұрақ туындайды. Кеңестік мектеп адамды кетігін тапқан кірпіштей даяр орынға топ ете түсуге тәрбиеледі. Қазіргі өмір шарттары мүлде бөлек. Ол адамға «өз өмірің өзің қолыңда, қажеттілігіңді тек өзің ғана қанағаттандыр өз орныңды өзің тап», - дейді. Сондықтан өркениетті мемлекетті білімді, сөйлеу мәдениетін жетік меңгерген, өзіндік көзқарасы, өз алдына пікірі бар, ойлау қабілеті жоғары деңгейде қалыптасқан адамдар ғана құра алады.

Абай афоризмдерін оқыту операциялары мынадай сатылармен кезектесіп орындалуы қажет:


  • Абай афоризмдерін және оның негізгі ұғымдарының мазмұнын түсіндіру. Мәселен, мұнда көңілім сырласар сұрғылт тартқан бей уақытта.

Үлгі: Бейуақ дүниені қоңыр тарттырып, жүдете береді. Абай осы сәтте бұл дүниені өзіне де бір соны болған жаңа оймен шолып, баға берген.

  • Берілген операцияның орындалуын бақылау және талдау жасау;

  • Операцияның орындалуында ұтымдылық таныту үшін жеке және ұжымдық тренинг өткізу;

  • Берілген операцияны бұрынғы игерілгендер тізбегіне қосу үшін ұжымдық және жеке тренинг өткізу;

  • Абай афоризмдерін игеруде алға басуға бақылау жасау.

Ал ендігі кезекте студенттерге Абай афоризмдерін топтап бере отырып, олармен жүргізілген жұмыстың әдістемелік қағидалары тұстарына тоқталайық. Абайдың білім турасында айтқан афоризмдерін топтап беріп, оны түсініп, талдау жасау керектігін айту:
- Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.


- Баламды медресеге біл деп бердім,

Кызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.


- Білімді ден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.


- Надандық – ғылым-білімнің жоқтығы.
- Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.

- Өзің тірі болсаң да көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың.

- Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

- Ер жеткен соң түспеді уысыма,

- Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
- Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.


- Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.


- Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.


Бұл афоризмдерді сабақта пайдаланудың негізгі әдістемелік қағидалары мынада: Абайдай ұстаз ақынның мұндай афоризмдерінің көздеген мақсаты адамның бойында туа пайда болатын білім-ғылымға деген қабілеті арқылы өз ұрпағының санасына тек қана білімнің пайдалы жақтарын сіңдіру еді. Міне, жоғары оқу орнының студенттеріне Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта екенін ұғындыру.

Сөз өнерін шебер пайдалануды қажет етпейтін мамандық жоқ та шығар. Айталық, заңгер, мұғалім, психологтар, философтар, әлеуметтік сала қызметкерлері, менеджерлер, саясаткерлер өздері таңдаған мамандық аясында қандай да бір жетістіктерге қол жеткізу үшін міндетті түрде сөз өнерін меңгеруі шарт.

Өйткені, олар әр адаммен сұхбаттасады, оларға ақыл-кеңестерін береді немесе жұрт алдында ресми жағдайларда сөз сөйлеуге мәжбүр болады. Ал қалың бұқараның алдында шығып сөз сөйлеу үшін не айтуды ғана емес, қалай айтуды да білу қажет, яғни сөз сөйлеу кезінде тындаушыларға ықпал етудің ерекшеліктері мен техникасын дұрыс меңгерген жөн.
Абай афоризмдерін үйрету, негізінен, екі маңызды мәселені қамтиды:


  • студенттердің сөйлеу біліктілігін, тілін, сөйлеу қабілетін дамыту;

  • Жалпы сөз өнері мен жеке Абай сөз өнерін үйретудің әдістемесін үйрету жолдары.

Абай афоризмдерін оқығанда жол үстінде кездесетін, жолаушылар еңкеймей өтпейтін тұнық сулы тұщы бұлақтар еріксіз еске түседі. Ондай бұлақтардың басын уақтылы тазалап, күл-қоқыс төгілмеуін қадағалап, көзін құм мен топырақтан үнемі аршып тұрса, одан халыққа келер пайда ұшан теңіз.

Жалпы Абай афоризмдерінің шеберлігі – жоғары оқу орындарында кәсіби маман даярлаудың ажырамас бөлігі. Әсіресе, еліміздегі нарықтың өтпелі кезеңінде мемлекет саясатын жұртшылыққа ұғындыруда, қоғамдағы демократиялық үрдісті жеке түсіндіруде жоғары сапалы, шынайы сөз шеберлігінің мәні тіпті ұлан-ғайыр. Демек, Абай афоризмдерінің шеберлігі – лектордың, насихатшының, кәсіби маман иесінің, студенттің қоғамдық көзқарасының мызғымастығы мен таным көкжиегінің, жан-жақты даярлығының тұңғиық қорытпасы, олардың жоғары эрудициясы мен шешендік білік, білім және дағдылар жиынтығын қамтитын мәдениеті.

Жоғары оқу орны мұғалімдерінің алдында тұрған талап – жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеп, келешек өмірге жан-жақты даярлап шығару. Мұндай талапты орындау мұғалімге әр сабақта шығармашылық жұмыстар атқаруды ұтымды және орынды әдіс-тәсілдерді пайдалануды және оқытудың жаңа технологияларын қолдануды жүктейді. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру амалдары арасында тағы да сөз өнерінің, соның ішінде, Абай афоризмдерінің алатын орны ерекше. Сонымен афоризм деген не? Афоризм – әлем әдебиетіне ортақ заңдылық негізінде абайлық өсиет сөздерінің, дидактикалық, философиялық, тілдік-стильдік тәсілі.

УДК 502:17.026.4
Экологическая ответственность в духовном становлении личности
О.М. Чернявская
Костанайский инженерно-экономический университет им. М. Дулатова,

кафедра «Стандартизация, метрология и сертификация»




Система экологического образования страны предназначена формировать, развивать и закреплять стереотипы поведения людей, обладающих умениями принимать решения в соответствии с природоохранными нормами, то есть обладающими экологической ответственностью. В данной статье рассматривается экологическая ответственность в духовном становлении личности.
The system of ecological education of country is intended to form, develop and fix behaviour stereotypes of people who have skills to take a decission according to nature protection standards, in other words, people who have ecological responsibility.Eecological responsibility in spiritual forming of a person is considered in this article.
В международном сообществе взят позитивный курс на сближение с экологическим законодательством развитых стран и внедрение международных экологических стандартов, согласно которым экологический аспект знаний, экологическая ответственность не прихоть дня, а реально продиктованная потребность цивилизованного общежития, отраженная Декларацией по окружающей среде и развитию, принятой в Рио-де-Жанейро (1992 г.). Международный руководящий экологический принцип гласит, что для достижения устойчивого развития и более высокого качества жизни всех народов необходимо снижение и уничтожение неустойчивых форм производства и потребления, укрепление возможностей научного понимания проблем как результата ответственного природопользования. Данная направленность отвечает потребностям мирового сообщества, нашедшим адекватное отражение во многих значимых документах. В частности, в «Основных положениях стратегии ЕЭК ООН для образования в интересах устойчивого развития» (2005 г.) отмечается необходимость «…удовлетворять потребности нынешнего поколения, не нанося при этом ущерб возможностям будущих поколений» [1].

Образование в интересах устойчивого международного развития продолжает формироваться в качестве обширной и всеобъемлющей концепции, расширяющей экологическое образование требованием переориентации основного внимания с обеспечения знаний на проработку проблем и отыскание возможных решений. Следовательно, в интересах устойчивого развития в образовании следует открыть возможности для многостороннего и междисциплинарного анализа ситуаций реальной жизни, что послужит основой для воспитания ответственного отношения к решению связанных экологических, экономических и социальных проблем.

Система экологического образования страны, согласно Концепции экологического образования Республики Казахстан (2002 г.), предназначена формировать, развивать и закреплять стереотипы поведения людей, обладающих умениями принимать целесообразные решения в соответствии с природоохранными нормами и стандартами, то есть, обладающими экологической ответственностью.

Идея конвергенции, то есть взаимного проникновения, обогащения и сближения образовательных педагогических и эколого-педагогических систем РФ, РК и других стран, нацеливает развивающуюся личность на овладение общечеловеческими ценностями и решение стратегической проблемы земной цивилизации – выживание и прогрессивное развитие человечества на основе создания целостного образовательного пространства, общего для всей человеческой цивилизации.

С целью защиты и сохранения окружающей среды общество должно активно применять предупредительный подход в преобразованиях различного рода. В стратегии воспитания экологической ответственности следует мобилизовать молодежь, создавая и расширяя среду для реализации ее творческих способностей, гуманистических потенций, чтобы у выпускника была выработана готовность к проектированию и внедрению затратных процедур, программ и технологий для экологически эффективной созидательной деятельности. Именно это отмечается в Государственном стандарте Республики Казахстан «Системы управления окружающей средой».

В Законе РК «Об охране окружающей среды» (1997 г.) отмечается, что «природа и ее богатства являются естественной основой жизни и деятельности народов Республики Казахстан, их устойчивого социально-экономического развития и повышения благосостояния». Но, как свидетельствует Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004 – 2015 годы, до сих пор остается статус нашего государства как государства с нерешенными экологическими проблемами [2]. Разработаны стратегические документы развития, создана основа природоохранного законодательства, подписан ряд международных конвенций по вопросам окружающей среды, принята система управления природоохранной деятельностью. Однако, устойчивое продвижение к экологической безопасности возможно лишь при воспитании населения, обладающего чувством экологической ответственности.

Система всеобщего и непрерывного экологического образования ведет поиск возможностей этого становления через «новую систему универсальных знаний, умений, навыков, а также опыт самостоятельной деятельности и личной ответственности обучающихся». При этом констатируется, что базовые условия современной экологической подготовки школьников малоэффективны. Так в Концепции экологического образования РК (2002 г.) отмечается проблема: «В реальных условиях... в связи с несогласованностью деятельности учителей различных предметов, эффект экологического образования невысок. Оно страдает отсутствием систематичности и глубины» [3].

Анализ содержания учебных планов, программ, образовательных стандартов, в контексте исследования условий формирования экологической ответственности школьников, выявил фрагментарность, эпизодичность, оторванность экологического образования от общей системы, его формальный характер. Наряду с общей неразвитостью системы экологического обучения, стихийное проникновение экологических знаний в учебный процесс ведет к несогласованности действий в педагогическом коллективе, к дублированию. Чтобы быть высокоэффективной в формировании экологической ответственности школьников, самоорганизация школы должна базироваться на надежном научном фундаменте. Для осуществления этих условий рационально рассматривать экологоориентированную образовательную среду.

Проблема исследования экологической ответственности и путей ее формирования, по мнению Г.П. Сикорской и В. Франкла, в настоящее время становится одной из центральных в спектре вопросов, связанных с изучением взаимодействия личности в системе «человек – общество – природа». Однако рассмотрение экологической ответственности зачастую подменяется пафосным морализированием, не связанным с рациональным отношением к окружающей среде в действительности. Ее изучение при этом представляет собой реальный интерес в плане объективной оценки педагогических инноваций, включенных в теорию и практику образовательного процесса школы.

Экологическое образование приобретает статус системообразующего фактора образования в целом, определяя стратегическую цель – воспитание ответственного сознания, экологической ответственности как меры свободы человека в условиях экологической необходимости. Профессор Г. Мертенс в книге «Экологическое воспитание: обоснование целей» ключевым понятием экологической этики называет «ответственность». Комплексная цель воспитания экологической ответственности, по его убеждению, включает экологическую ориентацию, как представление об основных направлениях общекультурного отношения к природе в деловой, ценностной и чувственной сферах, экологическую деловую компетенцию, как принятие рациональных деловых решений с позиций ответственности перед окружающей средой, экологическую заботу, как обязанность каждого взять на себя защиту конкретной сферы экологического поля деятельности.

Профессор В.Н. Максимова актуализирует цель современной школы: «Человек разумный – это человек, рефлексирующий свои цели и способы действий, умеющий предвидеть результаты своих действий, …ответственный за свою жизнь и ее качество» [4]. Приходит осознание о важности совпадений ценностных ориентаций семьи, школы, общества, ибо, в противном случае, это порождает условия двойной морали, не совместимой с понятием «ответственность». Цель коллектива воспитателей – дать понять ребенку, что он, как личность, несет ответственность за свои удачи и неудачи. На основании вышесказанного можно утверждать, что инициирование экологической ответственности школьника начинается с аналогичного процесса в среде воспитателей. В воспитании ответственности растущего человека не менее важна ответственность и самого учителя, ибо качества воспитателя в совместной деятельности проецируются на личность ребенка.

Современный период экологического образования характеризуется возрастающей ролью экологической ответственности и уяснением того, что «эта тенденция немногими еще осознана, а потому слабо реализуема» (А.В. Лосев, Г.Г. Провадкин). Ее формирование происходит, по мнению Л.В. Моисеевой, «в результате взаимодействия всех сфер сознания: научной, художественно-эстетической, эмоциональной, правовой, экономической. В связи с этим имеет место диверсификация организационных форм практической деятельности. Развитие форм непрерывного экологического образования, являясь инновационным процессом, представляет собой сложную динамическую систему, отличающуюся полиструктурностью и полифункциональностью» [5].

Формирование ответственности прямо связано с предоставлением личности свободы в принятии решений. Ответственность нельзя навязать, она должна проявиться «изнутри», на основе ценностной ориентации, полученной дома и вне семьи. Чувство ответственности, указывает психолог Х.Д. Джайнотт, не является врожденным, нельзя его также автоматически приобрести в некотором определенном возрасте. Ответственность за свои слова и поступки порождается долголетней практикой на основе жизненного опыта самого ребенка, становясь чертой его характера.

Ответственность личности перед обществом характеризуется сознательным соблюдением моральных принципов и правовых норм, поэтому ответственность, как черта личности, формируется в ходе совместной деятельности, как результат интериоризации социальных ценностей, норм и правил. Социальные нормы определяют требования к поведению личности, создающей оптимальные условия оптимального бытия. В отличие от правовых норм, кодифицированных государством на уровне закона, нарушение которого оценивается как преступление, нравственные нормы кодифицируются не столь строго, и их нарушение оценивается как безнравственные или аморальные поступки, указывает К.К. Платонов. З.И. Тюмасева определяет экологически ориентированное воспитание личности как направленное на формирование ответственных рациональных взаимоотношений человека и окружающей среды. Рациональные взаимоотношения человека и окружающей среды – такие, которые не разрушают сущностных свойств ни человека, ни окружающей его среды [6].



Список литературы

        1. Основные положения стратегии ЕЭК ООН для образования в интересах устойчивого развития. – Вильнюс, 17-18 марта 2005 года.

  1. Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004 – 2015 г.

  2. Концепция экологического образования РК / утв. Министерством образования и науки РК от 25 сентября 2002 года №697 и Министерством охраны окружающей среды РК от 24 сентября 2002 года №229-п.

  3. Максимова, В.Н. Акмеология: новое качество образования/ В.Н. Максимова // Завуч. – 2004. – №3. – С. 3-23.

  4. Моисеева, Л.В. Стратегия развития экологического образования в регионах большого Урала / Л.В. Моисеева // Образование и наука. – 2000. – №1(3). – С. 101-116.

  5. Тюмасева, З.И. Почему экологическое образование не выполняет свою основную функцию / З.И. Тюмасева // Народное образование. – 2003. – №2. – С. 50-57.

i



ii



iii



iv




жүктеу 4,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау