6.1 Өндірістік және қоймалық ғимараттардың орынжайларын жарықтандыру
6.1.1 Өндірістік және қоймалық ғимараттар орынжайларының жарықтандырылу нормативтерін жарытық шәкілінің бір сатысына мына жағдайларда көтеру керек:
а) I – IV санаттағы жұмыс барысында, егер көру жұмыстары жұмыс күнінің жартысынан астам уақыт бойы атқарылса;
б) жарақат алу қауіптілігі жоғары болса, егер жалпы жарықтандыру жүйесінен жарықтық 200 лк және одан да төмен болса;
в) арнаулы жоғары санитарлық талаптар кезінде (тамақ өндіру және химика-фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындарында), егер жалпы жарықтандыру жүйесінен жарықтық 500 лк және одан да төмен болса;
г) жасөспірімдерді өндірістік оқыту немесе жұмыс жасау кезінде, егер жалпы жарықтандыру жүйесінен жарықтық 300 лк және одан да төмен болса;
д) орынжайда табиғи жарық болмаған жағдайда және жұмысшылар үнемі жүрген жағдайда, егер жалпы жарықтандыру жүйесінен жарықтық 750 лк және одан да төмен болса;
е) жылдамдығы 500 айн/мин айналатын бөлшектерді бақылаған жағдайда немесе жылдамдығы 1,5м/мин қозғалатын нысандарды бақылаған жағдайда;
ж) көлемі 0,1 м2және одан астам беттерде үнемі айыру нысандарын іздестірген жағдайда;
з) жұмысшылардың жартысынан көбі 40 жастан асатын орынжайларда.
Бір мезгілде бірнеше сипаттама болған жағдайда, жарықтық нормаларын жоғарылатуды бір сатыдан асырмау керек.
6.1.2 IV – VI санаттағы жұмыстар атқарылатын орынжайларда,адамдар қысқа мерзім ғана жұмыс атқаратын жағдайда немесе тұрақты қызмет көрсетуді талап етпейтін жабдықтар болған жағдайда жарықтық нормаларын бір сатыға төмендету керек.
6.1.3 Орынжайларда I – III, IVа, IVб, IVв, Vа санаттағы жұмыстарды орындаған кезде қиыстырылған жарықтандыру жүйесін қолданған жөн. Техникалық мүмкіндігі болғанда немесе жергілікті жарықтандыруды орнату тиімсіз болғанда, жалпы жарықтандыру жүйесі қарастырылады( бұл салалық жарықтандыру нормаларында нақтыланады).
Бір орынжайда жұмыстық және қосалқы аймақтар болса, жұмыстық аймақтарды локальдық жалпы жарықтандыруды (кез келген жарықтандыру жүйесі жағдайында) және қосалқы аймақтарды, VIIIа санатына жатқыза отырып, қарқыны төмен жарықтандыруды қолдану керек.
6.1.4 Қиыстырылған (аралас) жүйедегі жалпы жарықтандыру шамдарынан пайда болатын жұмыс бетінің жарықтығы аралас жарықтандыру үшін мөлшерленетін жарықтықтың 10 %-нан кем болмау керек. Сонымен қатар жарықтық 200лк-дан төмен болмау керек.
Аралас жүйедегі жалпы жарықтықтың 1200 лк артық болуы дәлелдемелер болғанда ғана рұқсат етіледі.
Табиғи жарығы жоқ орынжайларда аралас жүйедегі жалпы жарықтандару шамдарынан пайда болатын жұмыс бетінің жарықтандырылуын бір сатыға көтеру керек .
6.1.5 Жарықтықтың таралу біркелкілігі І-ІІІ санатты жұмыстар үшін 0,8 кем болмау керек, ал IV – VII санатты жұмыстар үшін 0,7 кем болмау керек.
Технология шарты бойынша жалпы жарықтың жарықшамдары тек қана алаңдарда, ұстындарда немесе орынжай қабырғаларында орнатылатын жағдайда ғана жарықтықтың таралу біркелкілігін 0,3-ке дейін төмендетілуі мүмкін.
6.1.6 Өндірістік орынжайларда жұмыс жасаламайтын өтпелер мен учаскелерде жалпы жарықтық жарықшамдарынан таралатын, нормаланатын жарықтықтың 25 % аспау керек, бірақ 100лк-дан төмен болмауға тиіс.
6.1.7 Технологиялық үдерісі толық автоматтандырылған цехтарда жабдықтардың жұмысын бақылауға арналған жарықтандыруды қарастыру керек, сонымен бірге жөндеу-ретке келтіру жұмыстары кезінде қажетті денгейде жарық беру үшін жалпы және жергілікті жарықтандырудың қосымша қосылатын жарықшамдары қарастырылады.
6.1.8 Энергияны тұтынуды қадағалау мақсатында орынжайлардың жалпы жасанды жарықтандыруының рұқсат етілген меншікті белгіленген қуатына талаптар қойылады. Өндірістік және қоймалық орынжайларда жалпы жасанды жарықтандыруының рұқсат етілген меншікті белгіленген қуаттылық максимальды рұқсат етілген мөлшерден аспау керек.
6.1.9 Жұмыс орындарын жергілікті жарықтандыру үшін жарық өткізбейтін шағылыстырғыштары бар шамдарды пайдалану керек. Шамдар жарық беру элементтері жарықтандырылатын және басқа да жұмыс орнында жұмыс атқаратындардың көзіне түспейтіндей етіп орналастырылу керек.
Жұмыс орындарының жергілікті жарықтандырылуы әдетте жарық бері реттеуіштерімен жабдықталу керек.
Түс сипаттамалары бойынша қоғамдық, тұрғын және қосалқы ғимараттардың орынжайлары үшін жарық қөздерін таңдауды келесі талаптар негізінде атқару керек.
- мектептік және кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде люминисценттік лампаларды қолдану керек (соның ішінде шағындарды да).
- мектепке дейінгі мекемелерде, сонымен бірге емдеу-профилактикалық мекемелердің негізгі қызметтік жайларында люминисценттік лампаларды (соның ішінде шағындарды да) және жарықдиодтарды қолдану керек.
- қалған қоғамдық жайларда жалпы жарықтандыруға галогендік қызу лампаларын тек сәулеттік-көркемдік талаптарды қамтамасыз ету үшін ғана қолдануға рұқсат етіледі.
6.2.2 Энергияны тұтынуды қадағлау мақсатында А-В снаттағы қоғамдық ғимаратардың орынжайлардың жалпы жасанды жарықтандыруының рұқсат етілген меншікті белгіленген қуатына нормативтерге көрсетілген талаптар қойылады.
6.2.3 Жарықтандырылу нормаларын жарытық шәкілінің бір сатысына мына жағдайларда көтеру керек:
а) А-В санаттарының жұмысы кезінде арнайы жоғары санитарлық талаптар жағдайында (мысалы, қоғамдық тамақтанудың және сауданың кейбір орынжайларында);
б) адамдар тұрақты жүретін орынжайларда табиғи жарық болмаған жағдайда;
в) Г-Е санаттарындағы көру жұмыстары үшін орынжайдағы жарық қарқындылығына жоғары талаптар қойылған жағдайда (көрермендер және концерт залдары, бірегей ғимараттардың фойелері және т.с.с.);
г) әкімшілік ғимараттарда қиыстырылған жарықтандыру жүйесін қолданған кезде (кабинеттер, жұмыс бөлмелері, кітапхананың оқу залдары);
д) жұмысшылардың жартысынан көбінің жасы 40-тан асқан орынжайларда.
6.2.4 Толықсыма еселендіргіші бойынша нормасы сақталған жағдайда түсберу қабілеті жақсартылған (Ra ≥ 90) жарық көздерін пайдаланған кезде, нормативтерде көрсетілген Г-Е санаттары үшін жарықтандырылу нормативтерін жарытық шәкілінің бір сатысына төмендету керек.
6.2.5 Г-Е санаттарындағы көру жұмыстары бар қоғамдық ғимараттардың сәнді-көркемдік жарықтандыру қондырғыларында сәулеттік талаптарға сәйкес жарықтықты таңдауға рұқсат етіледі, шартты көлденең беттің ең аз жарықтандырылуы 100лк-дан төмен болмау керек.
Цилиндрлі жарықтандыруды қамтамасыз ету қажеттілігі бар орынжайларда беткі орташа өлшенген шағылысу еселендіргіші 40 % кем болмау керек, ал төбенікі 50 % кем болмау керек.
6.2.6 Қоғамдық ғимараттар орынжайларында әдетте жалпы жарықтандыру жүйесін қолдану керек. А-В санатты көру жұмыстары орындалатын әкімшілік ғимараттардың орынжайларында қиыстырылған жарықтандыру жүйесін қолдануға рұқсат етіледі (мысалы, кабинеттер, жұмыс бөлмелері, кітапханалардың және мұрағаттардың оқу залдары және т.с.с.). Сонымен қатар жұмыс бетіндегінормаланатын жарықтық ұлғаяды, ал жалпы жарықтандыру жарықтығы 70 % кем болмау керек
Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарындағы өндірістік сипаттағы I – IV санаттағы көру жұмыстары (мысалы, зергерлік және нақыштау жұмыстарының орынжайлары, сағат, теле және радиоспаптарды, калькуляторларды жөндеу орынжайлары) атқарылатын жалғаспалы орынжайларда қиыстырылған жарықтандыру жүйесін қолдану керек.
Үш қабаттан биік тұрғын ғимараттарының басқыш шабақтарын жарықтандыру баспалдақтардың жарықтандырылуы эвакуациялық жарықтандыру нормаларынан төмен болмайтындай есеппен жарықшамдардың немесе лампалардың бір бөлігінің түнгі мезгілде өшірілуін қамтамасыз ететін автоматты немесе қашықтықтан басқаруы болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |