Республики казахстан


Кәсіпорындар алаңдарын және ғимараттардан тыс өндіріс орындарын жарықтандыру



жүктеу 0,89 Mb.
бет7/14
Дата22.05.2018
өлшемі0,89 Mb.
#15768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

6.3 Кәсіпорындар алаңдарын және ғимараттардан тыс өндіріс орындарын жарықтандыру



6.3.1 Ғимараттан тыс жұмыс атқару орындарының, ғимараттан тыс этажеркаларда және бастырма астында жұмыс беттерінің жарықтандырылуы және жылтырлық еселендіргіші нормативтік құжаттарда көрсетілген нормативтер бойынша қабылдану керек.

6.3.2 Сыртқы жарықтандыру ғимарат ішіндегі жарықтандырудан бөлек басқарылу керек.

6.3.3 Жұмыс атқару орындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындар аумақтарын сыртқы жарық беру қондырғыларындағы көзді қарықтыру әрекетін шектеу үшін, жарықшамдарды жер бетінен орнату биіктігі:

а) қорғаныс бұрышы 15° кем жарықшамдар үшін- нормативтерде көрсетілгенден кем емес ;

б) қорғаныс бұрышы 15° және одан артық жарықшамдар үшін- 3,5 м кем емес.



6.3.4 Қорғаныс бұрышы 15° және одан ( немесе шағылдырғышы жоқ немесе сүтті шыныдан тұратын шашыратқыштары бар) артық жарықшамдарды адамдар өтетін алаңқайларда немесе технологиялық (немесе инженерлік) жабдықтарға қызмет көрсету алаңдарында, және ғимарат кіреберісінде) ілу биіктігін шектемеуге рұқсат етіледі.

6.3.5 Шашыраңқы жарық шамдарын орнату биіктігі жарық көзінің жарықтығы 6000 лм-ге дейінгі жағдайда 3м-ден кем болмау керек, ал 6000 лм-нен асқан жағдайда 4м кем болмау керек.

7 СЕЛИТЕБТІ АЙМАҚТАРДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ


7.1 Көшелерді, жолдарды және алаңдарды жарықтандыру





  1. Қалалық елді мекендердің тұрақты көлік қозғалысы бар, стандартты геометриялы көшелерінің, жолдарының, алаңдарының жарықтандыруын орташа жарықтық нормаларын, көзді қарықтыру әрекетін және жол төсемін жарықтандырудың жалпы және көлденең біркелкілігін негізге ала отырып жобалау керек.

  2. Қалалық елді мекендердің тұрақты көлік қозғалысы бар, стандартты емес геометриялы көшелерінің, жолдарының, алаңдарының жарықтандыруын орташа көлденең жарықтық нормаларын, көзді қарықтыру әрекетін жол төсемін жарықтандырудың біркелкі таралуын негізге ала отырып жобалау керек

Жарықтығы нормаланатын көшелерде, жолдарда және алаңдардаң көліктік аймақтарында жүргізушілерге бағытталған тігінен 80° және 90° жарықшамдағы лампалардың жарық бағытының жиынтығының 1000 лм тиісінше 30 бен 10 кд мәндерімен қондырғыдағы шамдардың жарығының шекті қуатын шектеу керек.

  1. Трамвайлық және троллейбустық қозғалысы бар көшелерде, жолдарда және алаңдарда жарық беру аспаптарын орналастыру биіктігі нормативтерге сәйкес қабылдану керек.

  2. Үлкен алаңдарды және көлік жолайырықтарын жарықтандыру үшін, биіктігі 20 м және одан астам бағандарды қолданған кезде, оларға орнатылатын жарық беру аспаптары тігінен 65 аспайтын бұрышта максимальды жарықты қамтамасыз ету керек, сонымен бірге 80°, 85° және 90° жұмыс қалпындағы жарық қуаты жарықшамдағы лампалардың жарық бағытының жиынтығының 1000 лм тиісінше 50, 30 және 10 кд аспау керек. Жарықшамдардың көліктік қиылыстың жоғарғы денгейінің қозғалыс бөлігінің жол жабынынан орналасу биіктігі 10 м кем болмау керек.

  3. Көпірлердің парапеттерінде және жолөткелдерде және басқа нысандарда жарықшамдарды минимальды орнату биіктігі қорғаныс бұрышы 10° кем болмайтындайжәне лампалар мен іске қосу-реттеу аппараттарына арнайы аспаптарды ғана қолдану арқылы қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілген жағдайда шектелмейді.

  4. Бір қатарда және әр тіреуде бір шамнан орналасқан жағдайда және жаяу жүргіншілер көпірлерінде, автотұрақтарда, жаяу жүргіншілер саяжолдарында және жолдарында, ішкі, қызметтік-шаруашылық және өрт сөндіру өтпелерінде, сонымен бірге ауылдық мекендердің көшелері мен жолдарында түнгі мезгілде шамдарды ішінара сөндіруге тыйым салынады.

  5. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің сенімді бағдарлануы үшін шамдар, олардан құралған сызық айқын және бір мағыналы жол бағытын көрсетіндей етіп орнатылу керек.

  6. Көлікке жанармай құю және көлікті сақтау орындарына кірі беріс жолдарда, және көшелердегі ашық автотұрақтарда орташа көлденең жарықтық нормалары нормалардың талаптарына сәйкес болу керек.

.

7.2 Жаяу жүргіншілердің өткелдерін жарықтандыру


  1. Жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің жарықтандыруы адамдарға жол қозалысы бөлігін қауіпсіз өтуге жағдай жасау керек және жол төсемінің кедергілері мен ақауларын көруге мүмкіндік беру керек. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ескерту үшін өткел аумағында басқа түсті жарықты пайдалану ұсынылады.

7.2.2 А және Б санаттағы көшелер мен жолдардың қозғалыс бөлігімен бір денгейде орналасқан жаяу жүргіншілер өткелдерінде жарықтандыру денгейін қиылысатын жол бөлігін жарықтандыру нормасынан кем дегенде 1,5 есе ұлғайту керек. Жарықтандыру денгейінің ұлғаюы бағандардың арақашықтығын азайту арқылы, қосымша немесе қуаттылығы артықтау жарық беру аспаптарын орнату арқылы, өткелде ашық түсті жабынды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

7.2.3 Жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері үшін орташа көлденең жарықтық мәндері нормаларға сәйкес қабылданады.

Жерасты және жерүсті өткелдер денгейіндегі қатынаспен анықталатын жарықтықтың таралу біркелкілігі 0,3 кем болмау керек

Жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерінде диффузиялық және призмалық шашыратқыштары бар қорғаныс бұрышы 15о кем емес жарықшамдар қолданылу керек.



7.3 Тұрғын аудандар аумақтарын жарықтандыру

7.3.1 Тұрғын орамдар ішінде жергілікті мәндегі көшелердің жарықтандырылу денгейлері мен біркелкілігін В1 және В2 сыныптық көшелерін жарықтандырудың тиісті нормаларына негіздеп жобалау керек, ал өтпелер мен жаяу жүргіншілердің трассаларын-П4 және П5 сыныптық жүргіншілер кеңістіктерінің нормаларына.

7.3.2 Сыртқы жарықтандырудың, көшелк, сәулеттік,жарнамалық және витриналықты қоса алғанда, барлық түрлерінен түсетін тұрғын ғимараттарының терезелеріндегі жинақталған тік жарықтандырудың денгейлерінормаларда келтірілгендерден аспау керек.

7.3.3 Қоғамдық орталықтан тыс жүргіншілердің көшелерінде, аулаішілік аумақтарда, сонымен бірге ауруханалардың, емдеу-сауықтыру мекемелерінің жатын корпустарына түйісіп тұрған кез келген көшелерде тұрғын ғимараттар пәтерлерінің терезелерінде және жатын корпуствры палаталарының терезелеріндегі тік жарықтық 5 лк-дан аспау керек.

7.3.4 Терезелерге тіке жарық түсуді шектеу үшін жарық қуаты шектеулі терезелерге бағытталған жарықшамдарды немесе экрандау торлары бар жарықшамдарды қолдану керек.

7.3.5 Сыртқы жарықтандыру жобаларында өртке қарсы су көздеріне барар жолдарын жарықтандыруды қарастыру керек, егер олар өтпелердің жарықтандырылмаған бөліктерінде орналасса. Бұл өтпелердің орташа көлденең жарықтығы 2 лк болу керек.

7.3.6 Ғимаратқа әрбір кіре беріс үстінде немесе оның жанында орташа көлденең жарықтық денгейлері 4 лк кем болмайтын жарықшамдардың орнатылуы қамтамасыз етілу керек.


жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау