Республикасының


Қолданылатын әдебиеттер тізімі



жүктеу 3,68 Mb.
бет8/12
Дата27.02.2018
өлшемі3,68 Mb.
#10851
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007

2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007

3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2008


Дәріс №8. Мемлекеттік басқаруды аумақтық ұйымдастыру


  1. Мемлекеттік аймақтық саясатының мәні, мақсаты, міндеті, принциптері

  2. Аймақтық саясатты басқарудың ерекшеліктері

  3. Аймақтық саясаттың әлемдік тәжірбиесінің ерекшеліктері

1 Мемлекеттік аймақтық саясатының мәні, мақсаты, міндеті, принциптері


Аймақтық саясат елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерің шешу үшін мемлекеттің өмір сүру және шаруашылық жүргізудің аумақтық факторларын тиімді пайдалануға бағыттылған мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.

ҚР аймақтық саясатының мақсаты - халықтың өмір сүруіне тен мүмкіндік жасау және ұтымды аумақтық еңбек бөлігін және аумақтың өзін-өзі басқаруды дамыту принциптерін қалыптастыру негізінде әр аймақтың ресурс - өндірістік қуатың пайдалану.



Аймақтық саясаттың мақсатына жету мына міндеттерді біртіндеп шешуді талап етеді:

  • аймақтардың шаруашылық дербестігін қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаты бар шаралар кешенін әзірлеу:

  • аумақтық приоритет мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық қағидаларына сәйкес белгілеу;

  • мемлекеттің жеке аудандарды іріктеп қолдауын экономикалық белсендікті мемлекеттік ынталандырумен үйлестіру;

  • аймақтық және жалпы республикалық тауар еңбек және капитал нарықтарының, институционалды және нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту;

  • шағын және орта шаруашылықтардың экономикасын дағдарыстан шығару және әлеуметтік - экономикалық дамуын жетелдету мақсатымен қолдау және қайта құру;

  • артта қалған ауылдар мен селоларды жаңарту үшін материалдық негіз әзірлеу;

  • экономиканың ұтымды құрылымын қалыптастыру, өндірістің аумақтың ұйымдастыруын жетілдіру;

  • өндірістік кешеннің ресурс мақсаты сәйкестігін қамтамасыз ету, аумақтардың экологиялық-экономикалық ғылыми - техникалық табиғи ресурстарың қалпына келтіру;

  • аймақтар бойынша халық өмірінің деңгейі мен сапасындағы айырмашылықтарды тенестіру, аймақтарды экономика мен әлеуметтік сападағы тоқырауды жою, әсіресе, аз дамыған аймақтарда[4].

Аймақтық саясатты іс жүзіне асыру мына прициптерге суйенеді:

  • мемлекет пен оның жеке аймақтары мүддерінің ұтымды үйлесуі;

  • аймақтардағы іс-әрекеттің мемлекеттің сыртқы саясаты және сыртқы экономикалық қызметінің негізгі принциптері үйлесімдігі;

  • шаруашылық жүргізетін субъектілердің тиімді аймақ аралық еңбек бөлісі мен өндірістің интеграция негізінде әрекет жасау;

  • аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы міндеттерін шешудегі аймақтардың экономикалық дербестігі, экономиканы реформалардың әлеуметтің нәтижелерін жұмсарту және осы мақсатқа қажет қаржы және өндірістік ресурстарды жұмылдыру;

  • аймақтарда тұратын халықты әлеуметтік нормативтер және кепілдіктермен қамтамасыз ету;

  • аймақтық органдардың тұрғын халық өмірінің деңгейі мен сапасы, минерал - шикізат, жер, су және басқа ресурстарды ұтымды пайдалану, өсімдік және жануарлар әлемін будандару үшін жауапкершілігін күшейту.

Осындай аймақтың саясаты мынадай талаптардан құрылуы қажет:

  1. Бірыңғай жалпы республикалық рыноктың Қазақстанның аймақтық нарықтарының шоғырланған жүйесі ретінде қызмет етуін қамтамасыз ету.

  2. Аса маңызды аумақтық приоритеттердің /артықшылық алатын салаларды/ негізін дәлелдеу, өндіргіш күштерді орналастырудың мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық жағдайларын ескере отырып ұтымды ету.

  3. Жалпы мемлекеттік және аймақ аралық байланыстар жүйесін құру барысында жалпы республикалық мүдделердің басым болуын қамтамасыз ету.

  4. Аймақтырдың алуан түрлі экономикалық мүмкіндіктерін, аумақтың еңбек бөлігі және аймақтардың экономикалық кооперациялардың объективті артықшылықтарын тиімді пайдалану.

  5. Аймақтық дамудың меншіктің ресурстары мен артықшылыққа ие болатын, артта қалған және қолайсыз аймақтардың мемлекет тарапынаң қолдау жүйесі толықтырған резервтерді тиімді пайдалану.

  6. Артта қалған және тоқырауға ұшыраған аудандарды қолдау арқылы әлеуметтік жағдайлардағы тектен тыс аймақтың қарама - қарсылықтарды жою. Әр аймақта молшылықты қамтамасыз ету, тұрған жүйіне қарамастан барлық азаматтар үшін тең мүмкіндік беру.

  7. Республикалық мәні бар аса маңызды аймақтық проблемаларды мемлекет тарапынаң шешу қажеттілігі. Арал өңірін қайта жаңғырту, бұрынғы Семей ядролық сынау полигонына жақын орналасқан аудандарды экономикалық және әлеуметтік сауықтыру және т.б.

  8. Көп ерекшеліктері бар аймақтарда нарықтық өзгертулерді жүзеге асыру барысында әлеуметтік әділдіктің аймақтық принципің жүзеге асыру үшін мемлекеттік ықпал ету шараларын қамтамасыз ету.

Аймақтық саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты оның мынадай негізгі бағыттарын атап көрсетеді:

  • өндірісті қолдау және ішкі және сыртқы рыноктарда сұранысқа ие болған өнім шығаруды арттыру, аймақтардың экспортық потенциалын арттыру;

  • экономикалық тұрғыда келешегі жоқ өндірісті экологиялық бақылауды күшейтумен қоса біртіндеп азайту;

  • өнеркәсіптің іргелі салалық ірі кәсіпорындарында технологиясы бойынша өзара тығыз байланысты өндірістерді, жәңе /аймақ аралық/ ұйымдастыру құрылымдарын капиталды шоғырландыру және өндіріс қызметін жандандыру мақсатымен қалыптастыру;

  • жергілікті кәсіпкерлікті, әсіресе халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатымен шағын және орта бизнесті қолдау;

  • инвестицияларды, оның ішінде тікелей шетелдік инвестицияларды ел, алуымен материалдық өндіріс саласы және аймақтың инфрақұрылымға тарту үшін қолайлы жағдай туғызу;

  • аймақтың қаржы ресурстарын қаржылы жинақтын, инвестицияларға айналдыруға қабылетті институционалдық инвесторлар жүйесін қалыптастыру.

Республикалық, аймақтық приоритеттерді анықтау үшін қабылданған үлгілер жіктеу қолданылады жаңа салық және бюджетті саясатын қалыптастыру жағынан қарағанда үш аймақты атап көрсетеді.

1 топ - бір адамға шаққандағы кірістері кірістердің орташа республикалық деңгейінен артатын аймақтар /Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Манғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы/.

2 топ - кірістері орташа республикалық деңгейге жақын аймақтар /Атырау, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан облыстары/.

3 топ - бір адамға шақандағы орташа кірістің ең төменгі деңгейімен сипатталатын аудандар /Алматы, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қызыл-Орда және Оңтүстік Қазақстан облыстары/.

Осы жіктеуге сәйкес республиканың аумақтық дамуының приоритеттеріне 1 және 2 топ жатады. Даму деңгейі жоғары, /қазақстандық өлшемдер бойынша аумағында негізгі экономика және өнеркәсіп қуаты шоғырланған аймақтарға республика экономикасын дағдарыстан шығару және одан әрі өсіру жөнінде үлкен үміт артылады.

3-і топтың аймақтары - әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен, артта қалған облыстарды, мемлекеттік қолдау көрсету үшін әрқашан назарда ұстау қажет[7].

Аймақ ішінде приоритеттерде анықтау және нарықтың процесстері жүзеге асырудың механизмдерін белгілеп алу үшін аймақтарды мамандануы бойынша жіктеу қолданылады, соған сәйкес аймақтар 4 топқа бөлінеді.

Бірінші топ - стратегиялық сипаты бар минерал ресурстарының бірегей қоры бар және ғылыми-өндіріс қуатын дамуту қарқыны жоғары, республика экономикасын дүниежүзілік шаруашылыққа жедел қарқынмен шоғырландыруға қабілетті, алайда ауыл мен селолары экономика мен әлеуметтік саласы бойынша артта қалған, ал көбінің экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтар.

Аймақтардың осы тобы үшін мына проблемалар приоритетті:


  • шикізаттың стратегиялық түрлерінің бай кен көздерін /көмірсутегі, хромит, калий тұздары, алтын, күміс, мыс, мырыш, фосфат, борат, никель, кобальт және т.т./ қазу және көмірсутегі және минерал шикізатын кешенді өндеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде жеделдетіп игеру;

  • дүниежүзілік стандарттарға сай, елімізден және шетелдік инвесторларға қолайлы инвестициялық жағдай туғызатын дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарық инфрақұрылымын қалыптастыру /қонақ үй, кеңсе ғимараттарын халықаралық порт пен причал салу, байланыс жүйесі, сыртқы шетелдік рынок автомобиль және темір жол көлігін құру/.

Екінші топ - ғылыми өндірістік қуаты жоғары ауыр индустрия саласы бойынша маманданған, ғылымды талап ететін жоғары технологиялы өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдай бар, иегірлген табиғи ресурстары өздерінен табылатын аймақтар.

Осы аудандардың экономикасын реформалаудың приоритетті бағыттары болуға тиіс:



  • ірі өндірістік потенциалын техника-технологиялық өрбуінің және экспорттық потенциалын қалыптастырудың базасы ретінде одан әрі қайта құру, сонымен қоса шетелдік инвестицияларды тарту арқылы;

  • ғылымды талап ететін жаңа өнім, машина мен жабдықты жаңа технологиялары негізінде шығаруды ұйымдастыру- электроника, информатика құралдарын, автомобиль, автоматтандырылған басқару аспаптары мен жүйелерін шығару және т.т.

  • өндіріске жай беріп, өрлеуіне ықпал ететін өнеркәсіптің жетекші салалары ірі кәсіпорындарды басқарудың жаңа ұйымдастыру нысандарын құру, оның ішінде кәсіпорындарды шетелдік және еліміздің фирмаларының басқаруына беру арқылы, өндірістің және әлеуметтік инфрақұрылымының аумақтық басқаруының ұтымды деңгейін қалыптастыру, тұтыну нарығы - бойынша материалдық базасын қалыптастыру.

Үшінші топ - агроөнеркәсіп кешендері еліміздің азық-түлік қорын қалыптастыруда жетекші болып табылатын аймақтар.

Әлеуметтік-экономикалық дамуының приоритетті бағыттары:



  • ауылшаруашылық өнімі өндірісінің тиімді мамандануы;

  • озық ауылшаруашылық техника лизингі жүйесін құру;

  • аймақтың АӨК қызметінің түрлі салаларының дамуындағы сәйкессіздікті жою;

  • республиканың тұрақты азық-түлік кешенің қалыптастыру мақсатымен а/ш шикізатың өңдейтін шағын кәсіпорындардың жүйесін және оны сақтау жөніндегі казіргі заманға сай индустрия құру;

  • қажетті өндірістік жою әлеуметтік инфрақұрылымды құру, тұтыну нарығының қалыпты дамуы үшін тұтыну заттар шығаратын өнеркәсіп салалары мен а/ш материалдық-техникалық базасын нығайту[8].

Осы топтың еңбекке жарамды жұмыссыздар саны көп аймақтарында а/ш шикізатын өндейтін шағын кәсіпорындармен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың жұмыспен қамтылу проблемасын жұмсарту үшін шағын және орта бизнестің дамығаны жөн.

Төртінші топ - топырағы, климаты, экономикалық шараларды шектейтін әлеуметтік-экономикалық жағдайлары төтенше, шаруашылыгына тиімсіз салалық құрылымына тән аймақтар, сондай-ақ экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар. Осы аймақтарда қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, экономикалық және әлеуметтік құлдыраудан өз күшімен шығалмайтын шекті деңгейге жетті.

Аймақтардың осы тобы үшін мына проблемалар жетекші болып табылады:


  • экологиялық дағдарыстың тереңдеу процесін тоқтату;

  • шаруашылық кешенін осында тұратын халықтық тәжірибесі мен дәстүрлерін, жергілікті ресурстарды ескере отырып түбегейлі ауыстыру, қайта құру, шалғайдағы селолық аудандардағы а/ш шикізатын өнеркәсіптік өндеуден өткізудің алғашқы сатыларын құру;

  • тұрғын халықтық тұрмыс деңгейі мен сапасын арттырудың материалдық негізін құру жөнінде нақты шара қолдану;

  • шетелдік техникалық және гуманитарлық көмекті тарту және оны тиімді пайдалану.

2 Аймақтық саясатты басқарудың ерекшеліктері


Бүгінгі таңда аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуындағы алшақтықтарды, кризистік құбылыстарды және бөлек территориялардың дамуы жағынан артта қалуын шешпей, саяси тұрақты қоғам мен тұрақты өспелі ұлттық экономика құру мүмкін емес.

Кейбір аймақтардың экономикалық артта қалуының және бір қалыпты дамымауының себебі мынада:

- Қайта өндірістегі циклдік кризистердің жалғасуы, өндірістік және шаруашылық құрылымдардың бұзылуы;

- Салалық әртараптандырудың төмен деңгейі және сыртқы рыноктарға тәуелділігі;

- Қазіргі өндіріс факторларының жаңа ғылыми техникалық ресурстар талаптарына сай келмеуі;

- Климаттық және табиғи жағдайлардың, экологиялық апаттардың болуы;

- Жергілікті халықтың тарихи және әлеуметтік мәдени ерекшеліктері мен демографиялық тенденциялардың төмен болуы.

Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы, келешек өрлеуі көбінесе оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейімен сипатталады. Қазақстанның әрбір облысы өзінше қалыптасқан күрделі, аумақты, өз ерешелігі мол әкімдік- шаруашылық кешен. Оның көлемінде көптеген ірі-ірі экономикалық мәселелерді шешу әбден мүмкін. Облыстық органдардың орталықсыздандыруды пайдалана отырып көптеген мәселелерді өз бетімен бақылау және оны тез шешуге мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік, саясаттық процесстердің қандай жағдайда өтіп жатқаны туралы мәліметтер аумақты шеңберінде тез пайдаланып керекті басқару шешім қабылданады.Бұл экономикалық бостандықтың шешімі.

Осыған орай біздің экономика ғылымының шұғылданатын мәселесі: нақтылы облыстар, райондар, қалалардағы шаруашылықтың құбылыстары мен процесстерін зерттеу болып табылады. Мәселенің осылай қойылуына көптеген жағдайлар әсер етеді. Олар мыналар:


  • Тоталитарлық жүйе кезінде облыстардың жағдайларына орталықтандырылған басқарушылық тарапынан мүлде көңіл бөлінбеуі;

  • Өз кезеңіндегі салалық басқарудың күйреуі;

  • Республикада жалпы экономикада салалық негіздерінің әлсізденуі, технологиялық бірліктің ажырауы;

  • Республика егеменді алғаннан кейін халық шаруашылығын жаңадан жіктеу қажеттілігі.

Ол өндірісті аймақтарда жаңартуға тікелей әсер етеді. Нарықтық механизмді аймақтық экономиканы басқарудың негізгі қозғалтқыш күші деп ұғыну.

Қазақстанда оңтайлы құбылыстың бірі аймақтық басқару бет бұрыс жасалуы.

Мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясаты реформалардың салмақ орталығын аймақтар деңгейіне дәйектілікпен ауыстыру және жергілікті басқару органдарының тиімді өзара іс-қимылын, аймақтық өзін-өзі басқару қағидаларын дамыту арқылы жүзеге асырылады[11].

Үкімет тарапынан барлық деңгейдегі бюджеттегі қалыптастырдың жергілікті өкімет органдарының өкілеттілін күшейтуді көздейтін пәрменді жүйесін еңгізу маңызды. Аймақтарға орталықтандырылған көмектердің атаулығын қамтамассыз ету, жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдау ұсынудың нысандарын әртараптандыру, ай- мақтардың ерекшелігін ескере отырып білім беруге, денсаулық сақтауға, халықты әлеуметтік қорғауға арналған мақсатты субвенциялар-ды тәжірибеге енгізу, реттелетін кірістерден жоғары тұрған бюджеттерге аударымдардың тұрақты жылдық мөлшерін белгілеу қажет.

Жергілікті атқарушы органдарға кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту,жұмыс істелмейтін өндірістерді қайта құрылымдау және бөліктеу, дәрменсіз кәсіпорындарды, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенінде санациялау, банкроттық және тарату рәсімдерін жүзеге асыру мәселелерінде міндеттер мен жауапкершіліктерді шешу жүктеледі.

Аймақтар бойынша өзекті тапсырмаларының бірі ол – еңбек нарығының ерекше фактороларын зерттеу және ондағы оқылықтардағы жою арқылы Қазақстанның еңбек нарығын толықтай қамтамассыз ететін кәсіби мамандар дайындау. Сондықтан осыған негіз ретінде қазақстанның барлық аймақтарындағы оқу орындары тек мемлекеттік стандарттарда жұмыс істемей, халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуі бүгінгі күні қолға алынуда. Сонымн қоса, кәсіби білім беру сапасына да мемлекеттік реттеу органдарының назары, бақылауы ашық болуы қажет.

Аумақтық шаруашылық жүргізу ісінде күрделі қайта құру процесі жүруде. Ғылым мен практика аймақтың басқару жүйесін жетілдіру, аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік реттеуін ұйымдастыру ісіне деген көзқарас қалыптастырудың оңтайлы жолдарын іздестіруде.

Нарыққа көшу барысында аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейлерінде айырмашылық шаруашылықтың аймақтық ұйымдастырылуындағы сәйкессіздектердің нәтижесінде тереңдей түсті. Нарықтың реформалардың мемлекеттік және аймақтық басқару құрылымдарының барлық бағыттары бойынша біркелкілігі мен үйлесімдігінің жоқтағы реформалардың бірыңгай мемлекеттік саясатын мақсатты түрде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Аймақтарды дағдарыстан шығудың жолдарын таңдаған кезде аймақтың басқару органдарының назарынан стратегиялық міндеттерді шешу қажетілігі тыс қалады, ал жалпы мемлекеттік деңгейде - шешім қабылдағанда аймақтық ерекшеліктері ескеріле бермейді.

Сонымен қатар экономиканы басқарудың аймақтық деңгейі нарық өзгешеліктеріне мүлдем дайын еместігін өмір дәлелдеді. Басқарудың әміршілдік-әкімшілдік жүйесі жағдайында кез келген аумақтың экономикасын одақтық, республикалық, салалық органдар басқару, ал аймақтың экономикасын тұтас басқару деген болмаған.

Өзгеру процестері және шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайлары нарықтың қатынастарды қалыптастырудағы аумақтық ерекшеліктерімен байланысты қосымша проблемаларды туғызады. Бұл мемлекет дамуының жаңа кезеңінде негізі бар аймақтық саясатты құрып жүзеге асыруды талап етеді.
Осындай аймақтың саясаты мынадай талаптардан құрылуы қажет:


  1. Бірыңғай жалпы республикалық рыноктың Қазақстанның аймақтық нарықтарының шоғырланған жүйесі ретінде қызмет етуін қамтамасыз ету.

  2. Аса маңызды аумақтық приоритеттердің /артықшылық алатын салаларды/ негізін дәлелдеу, өндіргіш күштерді орналастырудың мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық жағдайларын ескере отырып ұтымды ету.

  3. Жалпы мемлекеттік және аймақ аралық байланыстар жүйесін құру барысында жалпы республикалық мүдделердің басым болуын қамтамасыз ету.

  4. Аймақтырдың алуан түрлі экономикалық мүмкіндіктерін, аумақтың еңбек бөлігі және аймақтардың экономикалық кооперациялардың объективті артықшылықтарын тиімді пайдалану.

  5. Аймақтық дамудың меншіктің ресурстары мен артықшылыққа ие болатын, артта қалған және қолайсыз аймақтардың мемлекет тарапынаң қолдау жүйесі толықтырған резервтерді тиімді пайдалану.

  6. Артта қалған және тоқырауға ұшыраған аудандарды қолдау арқылы әлеуметтік жағдайлардағы тектен тыс аймақтың қарама - қарсылықтарды жою. Әр аймақта молшылықты қамтамасыз ету, тұрған жүйіне қарамастан барлық азаматтар үшін тең мүмкіндік беру.

  7. Республикалық мәні бар аса маңызды аймақтық проблемаларды мемлекет тарапынаң шешу қажеттілігі. Арал өңірін қайта жаңғырту, бұрынғы Семей ядролық сынау полигонына жақын орналасқан аудандарды экономикалық және әлеуметтік сауықтыру және т.б.

  8. Көп ерекшеліктері бар аймақтарда нарықтық өзгертулерді жүзеге асыру барысында әлеуметтік әділдіктің аймақтық принципің жүзеге асыру үшін мемлекеттік ықпал ету шараларын қамтамасыз ету[7].

3 Аймақтық саясаттың әлемдік тәжірбиесінің ерекшеліктері



Адамзат қауымдастығын ұйымдастырудың басты кағидаты территория болып табылады. Бұл нақтылы белгіленген шекарасы және ішкі әкімшілік-территориялық құрылымы бар мемлекеттің құрылуы кезінде айқын көрінеді.

Қазіргі уақытта аймақтардың жағдайын экономикалық талдау позициясы түұғысынан қарастыру тәсілі кең етек алып отыр. Қазақстанның аймактарының әлеуметтік-экономикалық дамуының әралуандылығы объективті жағдай болып табылады. Аймақтардағы реформаның жүру барысы мен шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне бейімделу әрқилы өтуде.(Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының жіктелуі тереңдеп, ондағы халықтың тұрмысы мен өмірінің сапалы деңгейіндегі айырмашылық өсе түсуде. Бұл мәселелер жиынтығын шешудің қиындығы аймақтар дамуында айтарлықтай диспропорция туғызады.

Сонымен катар, нарыққа өту кезеңінде бұл айырмашылық территорияда шаруашылық ұйымдастырумен ғана емес, аймақтық деңгейдегі қоғамдық-саяси институттарды дамытудағы терең диспропорциямен күшейе түсуде. Қалыптасқан жағдайда аймақгар қандай да бір болмасын дағдарысты жағдайлардан шығудың өз жолдарын таңдайды, ол әдетте тиімді жолдан алыс жатады. Осылайша аймақтық ерекшеліктер өз дәрежесінде ескеріле бермейді.

Еліміздің аймактарындағы экономикалықдаму процессі каншалықты сан алуан болса, қоғамдық - саяси даму да да соншалықты әртүрлі. Ол түсінікті де, өйткені саясат экономиканың салдары болып табылады.

Мемлекет пен қоғамның өмірінде трансформациялық процестер мен жаңа жағдайларға сәйкес қоғамдық - саяси қатынастарды калыптастыруда территориялық ерекшеліктерге байланысты қосымша проблемалар туындауда. Бұл өзгеделер билікті орталыксыздандыру, жергілікті әкімдерді сайлауды енгізу, өзін-өзі баскару органдарының кызметі, коғамды демократияландыруды одан әрі тереңдетудің мәселелерінің көкейкестіленуіне байланыс­ты ерекше маңызға ие бола түсуде.

Мемлекетті аймақтарға бөлуге байланысты саясатының негізі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 1598 каулысымен бекітілген "ҚР 2002-2006 жж. арналған аймактық саясатының" түжырымдамасында белгіленген.

Тұжырымдамада аймақтық саясат деп аймақтардың тиімді және үйлесімді дамуы үшін мемле­кет қолданатын экономикалық, құкыктық әлеу-меттік және басқа шаралар кешені, проблемалық аймақтарға басқалармен бірге тұрмыстық, жұмыспен камтудың және басқаларының тең жағдайла-рына қол жеткізу үшін тең мүмкіндіктер берілуі түсіндіріледі.

Әлемнің барлык елдерінде географиялық, табиғи-климаттық жағдайлардан, демографиялық ахуалдан, даму тарихы және басқа да факторлар айырмашылыктарына карай аймактар әлеуметтік-экономнкалық дамудың әртүрлі деңгейінде келеді. Сондықтан әрбір мемлекет артта қалған аймақтардағы тұрмыс деңгейін жақсартуға, яғни олардың жағдайларын теңестіруге және даму деңгейін арттыруға бағытталған аймақтық саясат жүргізуге ұмтылады.

Қазіргі уакытта дүние жүзі елдерінде саяси болмысының алғы шебіне ұлттық кауіпсіздіктің стратегиялык мүдделерін, сондай-ақ аймақтардың дамуының кажеттілігін ескеретін, мемлекеттің тиімді саясатының күре тамырларының бірі деуге болатын аймақтык саясатты жетілдіре түсу міндеті өткір койылып отыр.

Көптеген мемлекеттердің сан ғасырлық тәжірибесін ескерсек, адамдардың өмірі мен оларды орналастырудың аймақтық тәсілі өзгермейтін фак­тор болып табылады.

Европаның дамыған елдері мен АҚШ-та аймактық саясаттың негізгі тенденциялары:

  1. билік пен экономиканы орталықсыздандыру, аймақтарға айтарлықтай дербестік беру;

  2. аймактың табиғи - ресурстық әлеуетін пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, елдің және аймактың экономикалык дамуының бірлескен стратегиясын жасап шығару;

  3. аймақтардың экономикалық дамуының деңгейін теңестіру болып табылады.

Бұл жағдайда ұлттық өкіметтердің өкілеттерінің шеңбері елеулі өзгерістерге ұшырайды да, ал аймак­тар көбірек өзін-өзі басқаруды және халықаралық сахнаға шығуды табанды түрде талап ете бастайды.

Жаһандану жағдайында аса өзектілікке ие болып отырған аймақтық саясат мәселесіне ғылыми көзкарас және осы орайдағы халықаралық тәжірибені зерттеудің маңызы үлкен болып табылалы. Өйткені ғылыми-әдістеме бұл зерттеудің методологиялық ұстанымы, бұл стратегия. Аймактардың әлеуметтік - экономикалык дамуының нәтижелілігі аймактык саясаттың ғылыми тұрғыдан қаншалықты негізделгеніне байланысты. Таным процесін жоққа шығару, тек қана интуицияға арқа сүйеу келеңсіз салдар туғызатын керағар нәтижелерге алып келеді[19].

Ғылымның тарихи дамуы, зерттеулердің кеңеюі мен терендеуі барысында ғылыми-әдістемелер жетілдіре түседі және жаңа әдістемелер пайда болады. Бұл орайда ғылымның әр саласында пайда болған көзқарастарды ескерген дұрыс. Сонымен, ғылыми әдебиеттерде белгіленген аймактык саясатка бай­ланысты ғылыми көзкарастарды карастырып көрейік.

1. Кеңістік - уакыттык көзкарас. Аймақтардың дамуы мен аймактык экономиканы баскаруды зерттеудегі маңызды әдістемелердің бірі ретінде ол өзінің бастауыи XIX ғ. пайда болған немістің географиялык мектебінен алады. Оның негізін салушылар К. Риттер мен А. Геттнер болып табьиады. Олар «кеңістік» ғылым тұспасын негіздеді, олардың ойынша бұл реттегі жетекшілік рөлді география аткаруға тиісті болды.

XX ғ. ортасында кеңістіктік заңдылықтарды В. Кристаллер, А. Леш, Р. Хартшорн, тағы басқа шетелдік ғалымдар да зерттеді. Кеңістіктік идеяны дамыта отырып, Р. Хартшорн "уакъіт" деген түсінік енгізді, сөйтіп кеңістік-уакыттык парадигманы негіздеді.

Көптеген кеңес ғалымдары бұл идеяны қабыл алып, кеңістік - уақыттық көзқарасты аймақтык жүйелерді зерттеуге қолдануға тырысты. Осылайша, Б. Родоман геокеңістіктегі объектілердің қолдануының позициялыкпринципін қалыптастырды. Оның айтуы бойынша, аймақтардың экономикалық дамуының деңгейі көп жағдайларда өнеркәсіптің өсіміне, ғылым, мәдениет, тағы басқаларға байланысты. Ол сондай-ақ "оқшауланған оптимум" деген түсінікті негіздеді, яғни объект ең жаксы қызмет ететін тиімді нүктені көрсетті. Егер объект бүл нүктеден тыс орналасса, оған Б. Родоман айтқан "позициялык кысым" атгы күш әсер етеді, сонымен нәтижесінде неғүрлым қозғалтқыш объектілер өзінің орнын, ал нашар қозғалатындары өзінің касиеті мен кызметін ауыстырады. Жекеленген объектілер ортаға белсенді әсер етуі арқылы кеңістікте өзіне жаңа жағдай калыптастырады, ал өзгерістерге қабілетсіз объектілер құлдырайды, жоғалады. Алайда бүл идеялар нақты өмірде іске аса қойған жоқ, зерттеушілік маңызда ғана болды.

Венециядағы Лунд мектебінің (жетекші профес­сор Т. Хагерстранд) теориясының негізіне адамдар өмірі қызметінің коршаған табиғат пен әлеуметтік - экономикалык ортамен кеңістік - уақыттық ұйымдас-тырылуының ажырамастық идеясы алынған. Бұл теорияға сәйкес, индивидумдардың бір-бірімен, сондай-ақ еңбек құрал-жабдықтарына байланысты араласуы микрокеңістік жағдайында, шектеулі корша­ган орта жағдайында отіп жатады. Осылайша, кеңістік-уақыттық ұйымдасу адамдар мен табигаттың бірлігіне. яғни әлеуметтік жэне географиялык, немесе әлеуметтік-географиялық деп аталатын кеңістікке негізделеді. Әлеуметтік-географиялық кеңістіктің ажырамастығы, сондай-ақ іргетасы әлемдік өркениет пен жеке адамның парасаты болып табылатын адамзат кауымдастығының мүддесі мен мақсатының бірлігіне негізделген. Мүндай бірлікке түтас кеңістікті дамытудың қайнар көзі ішкі қайшылықтарды жеңу арқылы жетуге болады. Оның ішінде идеологиялық, саяси, діни, экологиялық, әлеуметтік-экономикалык жэне басқа қайшылык-тарды айтуға болады. Оның орқайсысын еңсеру үлкен қиыншылықтар мен болжанбаған салдарлармен жүргізіледі[10].

Әлеуметтік-географиялық кеңістікті қарастыратын әлеуметтік және географиялық жағдайлардың арасында да үлкен қайшылықтар бар. Өйткені аталған екі бірлік өз зандарымен дамуға "тырысады". Бүтіннің бір бөлігі - әлеуметтік, тез осіп, кобейеді. ал географиялық, немесе табиғаттық баяу озгеріске үшырайды, кейбір жекеленген компоненттері озге-ріссіз калады, тіпті қыскарады. Жаһандық сипаты бар бүл кайшылықгар В. Вернандскийдің термино-логиясы боііынша адамгершілікке жоне экология-лык императішке арка сүйеген жағдайда жаңа-нео-сфералық деңгейде шешілуі мүмкін.

Әлеуметтік-географиялық кеңістіктің үздіксіздігі оиың жеке, сондай-ақ жалпы сипатының дискрет­тілігін болжайды. Басқаша айтқанда, әлеуметтік-гео-графиялық кеңістік бөлшектенуге, яғни "өз" кеңіс-тігінің қасиеттері мен параметрлерін сақтайтын қүрылымдарға бөлініп кетуге бейім Оған мысал ретінде этникалық, экономикалық, саяси кеңістіктік кауымдастықтарды айтуға болады.

2. Генетикалык көзкарас. Бүл әдістеме аймактык жүйелердің генезисі мен эволюциясын (шығуы мен дамуын) анықтауға мүмкіндік береді. Аймак-тык даму барысын, оның кеңістіктік қауымдастығын білу оның қазіргі жағдайының ерекшелігін түсінуге, даму болашағын аныктауға көмектеседі. Аймактық саясатты қамтамасыз етуде негізгі халық-тық табиғатты пайдалану дәстүрін зерттеу маңызды рол аткарады. Өйткені, ол сол халыктың омір сүруінің негізі болып табылады. Егер дағдыланған еңбекпен шүғылдану мүмкіндігі болмаса негізгі ха-лық ассимиляцияға үшырайды, яғни жойьшып кетуі мүмкін Онымен бірге негізгі халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың байлығы-экологиялық мәдениеттің бірегей тарихи тәжірибесі де жоғалады.

Генетикалық көзқарас зерттелетін объектілердің даму жолдарын анықтауға, аймақтық дамуының болашағын негіздеуге, түрлі варианттардың ішінен үтымды жолды таңдауда маңызды рөл аткарады. Кешегі откен тарихи жолды талдаусыз аймактык әлеуметтік-экономикалықдамуына негізделген бол-жам жасауға болмайды. Мүның бәрі ғылыми негізделген шешім қабылдауда генетикалық көзқарасты кеңінен пайдалану кажеттігін көрсетеді.

Аймактық саясат-күрделі әлеуметтік-экономикалык кешен, саяси-әкімшілік қүрылым. Мүнда өндірістік және әлеуметтік-түрмыстық салалар, аймак­тык және жергілікті билік күрылымдары арасында белгілі бір келісім орнығады, неғүрлым тиімді пропорциялар күшейеді, сейтіп ресурстардың толық пайдалануына, халыктың әрқилы қажеттіліктерін қанағаттандыруға ыкпал жасалады.

Қазіргі ғылыми әдебиеттерде аймак жөнінде екі түрлі түсінік беріледі. Біріншісінде аймақ облысты, ауданды, баска облыстардан өзінің табиғи және тарихи калыптаскан экономикалық-географиялык, тағы баска ерекшеліктермен бөлектенетін елдің бір бөлігін айтады. Ал екіншісінде жеке экономикалық-географиялық немесе ұлттың құрамы мен мәдениеті жағынан жақын іргелес орналасқан елдердің тобын, болмаса қогамдық-саяси құрылы-мы жағынан біртектес әлемнің белгілі бір ауданын айтады.

Бүгінгі кезде әртүрлі деңгейдегі аймактардың саны кобейіп келеді. Әлемнің барлық елдерін бір халықаралық аймақтың мүшесі деп айтуга болады, олар сондай-ак бірнеше аймақтык және субаймактык жүйелердің қызметіне де катысады. Анмақтану процессіне озінің шекаралас аудандары аркылы кор-шілердің шекаралас аймақтарымен және халықара-лық аймақтарымен әр мемлекет катысады.

Осылайша, аймактанудың екі деңгейін атап көрсетуге болады: мемлекеттердің халықаралық аймактарға бірігуі және мемлекеттін өз күрамында аймактарға болінуі. Мемлекеттерді халыкаралық аймақтарга бірігуінің мысалы ретінде 15 мемлекетті біріктіретін Европа Одағын келтіруге болады, әрине олардың әлеуметтік-экономикалык дамуы бірдей емес. Европа Одағының кейбір бөлігінде орын алған экономикалык әлеуеттегі айырмашылықтарды жоюга Евроодактық аймактык саясаты кызмет етеді. Бүгінгі күні Европа Одагынын аймақтьіқ саясаты тұрақты кызмет ететін факторға айналды. Ол дұрыс та, өйткені онсыз толыққанды интеграцияны көзге елестету де мүмкін емес.

Аймақтық саясатты жүзеге асыра отырып Евро­па Одағы қолайсыздау жағдайларда орналасқан аймақтардың артта қалуын азайтып, басқалармен теңестіруге тырысуда. Көптеген елдерде аймақтардың өз әлеуеттерін толық жүзеге асыруына, сөйтіп олардың үлттық экономикаға қосатын үлесін барын-ша арттыруға жағдайлар байкалады. Мәселен Испанияда теңдік принципі елдің конституциясында жазылған. Скандинавия елдері өз халқына олардың тұрған жерлеріне карамастан бірдей жағдай жасауға тырысып, аймактардың біркелкі дамуына назар аударады. Баска елдерде бүл принцип туралы белгілі бір кезеңдерде айтылмағанымен, қазіргі саясатта ол үнемі көрініс таба бермейді. Соған карамастан, барлык мемлекеттер елдің ішін одан әрі интеграциялау қажеттілігін мойындайды.

Германиядағы аймактық саясатты - нығайтуда Конституция маңызды рол атқарады. Онда елдің барлык бөлігінде адамдардың өмірі мен кызметіне бірдей жағдай жасау қажеттілігі атап көрсетілген. Сондыктан да аймактық саясаттың бірінші кезектегі міндеті құрылымдык жағынан әлсіз аймақтарға теріс әсер ететін факторлардың ыкпалын азайта оты­рып, олардың елдің экономикалық дамуына басқалармен тең дәрежеде катысу мүмкіндігін камтамасыз ету болып табылады. Аймактык, саясат сондай-ақ экономикалы қосу мен халықтың жүмыспен қамтамасыз етілуіне багытталған[19].

Аймақтанудың келесі деңгейі мемлекеттердің өз ішіндегі аймақтарға бөлінуі. Бүл орайда аймақшылдықтың тарихи тамыры терең Ресейдің тәжіри-бесін карастыруға болады. 1991 ж. бастап Ресейде бірнеше аймақтык стартегия жүзеге асырылд. Б. Елциннің президенттігі кезінде аймактық саясат аймактарға егемендік пен экономикалық мүмкіндіктер беру принципіне негізделді. Келесі стратегия губернаторлармен тепе-тендік үстау үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдары басшылары мен Президенттің өкілдерін пайдалана отырып, қаржы-экономикалык орталықтандыруды көздеді. Тағы бір стратегияны ұсынған Е. Примаков биліктік вертикальды кайта орнату және губернаторларды сайлаудан бас тарту, немесе билігін шектеу арқылы орталықтандыруды күшейтуді максат тұтты. М. Прусак бастаған губернаторлардың бір тобы билік вертикалын кайта орнатуды куаттап, аудандар мен салалардың деңгейіндегі сайланып қойылатын өзін-өзі баскару органдарын таратуды жөн деп есептеді. Бұл аймактык стратегиялардың барлығының дерлік өзіндік мүмшіліктері болды, өйткені олар көп жағдайларда саяси процесс субъектьіерінің мүдделерін ескере бермеді.

1999 ж. «РФ субъектілерінің заң шығарушы жэне атқарушы билік органдарын ұйымдастырудың жалпы принциптері туралы» федералдық Заң кабылданғаннан кейін Ресей аймақтарында билік органдарының бірыңгай жүйесі қалыптаса бастады. Бұл Заң аймақтык билік құрылымдарының жалпы параметрлерін аныктап берді және аймактардагы билік бөлінісінің негізін салды.

Ресей үшін жергілікті өзін-өзі баскаруды енгізу маңызды мәселе болып табылады. Федерация субъектілеріндегі жергілікті өзін-өзі баскару мен сайланбалы мемлекеттік билік органдары арасындағы қатынастың реттелмеуінен бұл процесс көпте­ген тартыс туғызды. Жетілдірілмеген зандылык жағдайында аймактарда бір емес, бірнеше сайланбалы билік институтарының болуы күшті егес туғызатын факторға айналды.

Аймактык саясат мәселесі Қазақстан үшш де аса өзекті. Республиканың 14 облысы ортүрлі табиғи-климаттык аймактарда орналаскан, әртүрлі даму тарихы, экологиясы бар және сондықтан олардың әлеуметтік-экономикалык даму деңгейі айтарлықтай өзгеше. Осыған байланысты егемен Казақстанда белгілі бір аймактык саясат жүргізіліп келеді. Дегенмен реформа жылдары саралану күшейді, ал әлеуметтік мәселелер шиеленісті. Сондыктан да ба­ска елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, Казакстан Республикасы аймактык саясатыньщ 2002— 2006 жж. арналған түжырымдамасы жасалды.

Бұл түжырымдамада Қазақстандағы аймактык саясаттың максаттары анықталған. Олар: Қазакстанның мемлекеттілігін, ұлттык қауіпсіздігін және елдің біртұтастығын нығайту; проблемалык аймактарды тандап колдау саясатымен ұштастыра отырып, инфракүрылымды, шаруашылық кызметті нығайтуға және халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуга ыкпал ететін маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолымен аймактар арасындағы әлеуметтік-экономикалык даму деңгейіндегі айырмашылыктар-ды төмендету болып табылады.

Казакстандағы аймактық саясаттың маңызды міндеттерінің бірі- республикалық және жергілікті баскару деңгейлері арасындағы қатынастарды жетілдіру, өкілеттіліктерінің ара жігін ажырату. Қазіргі уақытта бұл туралы арнайы тұжырымдама әзірленуде. Заңдарға 150-ден астам өзгерістер енгізілмек, біркатарына енгізілді де. Аймактык саясат мәселесіне арналған көптеген еңбектерде Дортмунд университетінің профессоры Л. Рэмхэльдтің көзкарасы келтіріледі. Оның пікірінше аймақ "супертермин" болып табылады. Оның негізгі белгілі бір территория, халык және олардың тарихының, табиғат жағдайларының, шешетін проблемаларының бірлігі. Ал калғандары болса зерттеушінің алға қоятын мақсатына байланысты. Мысалы, бір зерттеуші аймактык экономикалық проблемаларын, екіншісі этникалык-мэдени өзгерісін, келесісі тағы да бір кырын зерттейді, мәселе кешенді түрде зерттелуі да мумкін.

Біздің заманымыздың басты ерекшеліктерінің бірі - ролі күн сайын өсіп келе жаткан аймактар болып табылады. Ол тек географиялық түсінік ғана емес, сонымен катар адамдардьщ тарихи кауымдастығы да. Сондыктан бұл тұрғыдағы мемлекеттік саясатты белгілеуде халыкаралық тәжірнбені мо-лырақ зерттеп, белсенді ғылыми көзкарасты орнықтырған абзал[19].
Дәріс №8.Студенттердің өзін өзі тексеру сұрақтары

1.Сәйкес аймақта мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында жергілікті өкілдік және орындаушы органдардың жүзеге асыратын іс әрекеті:

A. Прокурорлық бақылау;

B. Жергілікті мемлекеттік басқару;

C. Юрисдикция;

D. Процессуальды формамен;

E. Әлеуметтік қорғау.

2.Сәйкес аймақта жергілікті мемлекеттік органдардың қызмет бабы шегінде жүзеге асыратын, аудан(облыстық деңгейдегі қала), облыс әкімі басқаратын(астана, республикалық деңгейдегі қала) алқалық орындаушы орган:

A. Маслихат;

B. Әкімшілік;

C. Кеңес;

D. Прокуратура;

E. Сот.

3.Муниципалды қаржылық ресурстар қандай қаржылардан құралады:



A. Жеке меншік бюджет қаржысынан;

B. Бюджеттен тыс қор қаржысынан;

C. Жергілікті бюджетке республикалық және областық бюджеттен түсетін ақшалай қаржылардан; (трансферт, дотациялар);

D. Ішкі және сыртқы, сонымен қатар шетел несиелерінен түсетін қаржылар;

E. Жоғарыдағы қаржылардың барлығы.

4.Жергілікті бюджеттің табысы неден тұрады, көрсетіңіз:

A. Жергілікті салық және жинақтардан;

B. Жергілікті органдардың алған айыппұлдарынан;

C. Республикалық салықтан түскен аударымдардан;

D. Жергілікті қарыз және лотереядан;

E. Жоғарыдағының барлығы.

5.Жергілікті өзін өзі басқарудың әлеуметтік мақсаты және тапсырмасын таңдаңыз:

A. Жергілікті жерлердің экономикалық ресурстарын рационалды қолдануы;

B. Жұмыссыздықты болдырмау, жұмыспен қамту;

C. Кәіспкерлерді қолдау, әртүрлі меншік түрлерін дамыту;

D. Жергілікті жерлер аумағында экономикалық және қаржылық жағдайды тұрақтандыру;

E. Жергілікті аумақтарда өндірілетін тауарлардың бәсекелестік қабілетін жоғарлату, аймақтық нарықты дамыту.


жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау