Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007
2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007
3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2008.
Модуль 2. Мемлекеттік саясат және мемлекеттік билік
Дәріс №4. Мемлекеттік басқару үрдісінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
Басқару ісінің мәні және құрылымы
Басқару мәдениеті туралы ұғым және оның элементтері
1. Басқару ісінің мәні және құрылымы
Саяси институттар мен әкімшілік басқару органдарының қызметі тиісті мемлекеттік саяси және әкімшілік шешімдерді қабылдау мен іске асыруда көрініс табады. Шешімдерді талдау
- мемлекеттік басқару теориясының ажырамас аспектісі болып табылады. Шешімдердің тұрпаты, оларды әзірлеу тәсілдері бойынша, әр түрлі субъектілердің қатысу деңгейлеріне қарай қоғамдық-саяси жүйенің накты сипаттары туралы айтуға болады. Басқарушылық шешімдер барлық деңгейлерде - ұлттық, аймақтық, муниципалдық деңгейлерде қабылданады. Сәйкесінше тиісті мемлекеттік және жергілікті басқару органдары шешім қабылдау субъектілері болып табылады. Шешімдерде қарастырылатын мәселелер басқарылатын объектілердің қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес анықталады. Осы шешімдердің тұрпаты мен дейгейлеріндегі айырмашьшықтарға қарамастан, қабылдау және іске асыру процестерін сипаттайтын оларға кейбір ортақ белгілер тән. Сондықтан теориялық талдау басқару субъектілерінің қызмет ету жағдайларының жалпы белгілерімен қатар ерекшеліктерін де қарастырады.
Сонымен мемлекеттік билік және жергілікті басқару органдары мемлекеттік басқару мақсаттары мен функцияларын кәсіби даярлықты және қажетті амалдарды, тәсілдерді, нысандарды, әдістерді қолдануды талап ететін адамдар еңбегінің ерекше түрі
- басқару ісі арқылы жүзеге асырады.
Басқару ісі-қолданбалы сипаттағы құбылыс, себебі ол басқару мақсаты мен функцияларын жузеге асыруға, басқарушылық шешімдер мен әрекеттерді әзірлеп, нақты өмірде қолдануга бағытталған.
Басқару ісі басқару шешімдерін қабылдап, іске асыруға бағытталған интеллектуалдық мазмұнымен ерекшеленеді, өйткені ол қоғамдық процестердің ағымын және жағдайын, адамдардың сана-сезімін, тәртібін, қызметін өзгертетін басқарушылық шешімдерді дайындауға, қабылдауға және іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған. Ол әлеуметтік нақтылықты, ондағы қорларды, құралдарды, резервтерді анықтайды, оны жетілдіру мен жаңа деңгейге көшірудің оңтайлы әдістерін табады. Оның басты мән-мағынасы басқарылатын процестің жаңа сапасын ашу, ал бүл шығармашылық күш-қуатты қажет етеді.
Басқару ісі ақпараттық мәнге ие, яғни ең алдымен басқару ақпараттарын қалыптастыру, ой елегінен өткізу, мәселені талдау, бір жүйеге келтіру процестері орындалады. Мемлекеттік басқаруда тек қандай да бір жалпы қоғамдық процесті сипаттайтын, оның жағдайы мен динамикасын, қозғаушы күштерін айқындайтын ақпараттар ғана жарамды болып табылады.
Басқару ісі сондай-ақ субъектінің ерік-қалауын білдіретін күрделі әлеуметтік-психологиялық құбылыс болып табылады. Онымен айналысатын әрбір адам талдау, бағалау, таңдау, шешім қабылдау, бағыну және орындау, бұйрық беру мен бақылау амалдарын ойлау қабілеті, ерік қалауы арқылы атқарады. Бұл мемлекеттік билік органдарының ұжымдарында ерекше әлеуметтік-психологиялық жағдайды, мінез-құлық пен қызметтің белгілі бір түрін қалыптастырады. Ерікті үнемі шыңдау, жауапкершілік жүгі, тәртіптілік, мемлекеттік қызметті атқаруға бағыныштылық-мемлекеттік органдарда басқарушьшық қызметпен айналысатын адамдарға тән қасиеттер. Егер бұл қасиеттер болмаса онда мұндай орган жүзеге асыратын басқарушылық ықпалдар адамдар арасында беделге ие болмайды.
Басқару ісі әрқашанда ұжымдық түрде көрініс табады, себебі ол қандай да бір мемлекеттік орган ұжымында жүзеге асырылады және бір мезгілде басқа мемлекеттік органдардағы адамдар ұжымымен тігінен де, көлденеңінен де өзара әрекеттесуді көздейді. Онда мемлекеттік орган құзіретін және жалпы мемлекеттік басқару функцияларын кешенді түрде жүзеге асыру мақсатында кооперацияны талап ететін, белгілі бір жұмыстың мазмұны мен түрлері бойынша мамандандыру бар. Алайда кейде ұжымдық сипат басқарушылармен дұрыс бағаланбайды, мұндай жағдайда басқарушьшық қызмет өзінің әлеуетін жоғалтады, басқару тиімділігі төмендейді.
Өзінің көрінуі жағынан басқару ісі-сан кырлы құбылыс. Оған адамдар да, білім де, ақпарат та, техникалық құралдар да жатады, олар барлығы біріге келе күрделі кешенді құбылысты құрайды. Көп ақпараттар бола тұрса да, ол білімнің немесе техникалық құралдардың жоқтығынан өңделмеуі мүмкін. Сол сияқты едәуір басқарушылық ұжым бола түра, өзінің кәсіби деңгейінің төмендігі салдарынан мемлекеттік орган өкілетгігін жүзеге асыруды қамтамасыз ете алмауы мүмкін. Сондықтан басқару ісінің барлық элементтерін жан-жақты ойластырып, тепе-тең түрде әекетке келтіру ғана оған тиімділік пен ұтымдылық бере алады. Сол себепті кешенділік басқару ісінің маңызды, жалпы белгілеріне жатады.
Сонымен қатар басқару ісі белгілері мен уәждеріне, адамдардың кәсіби даярлығы мен белсенділігіне қарамастан, ол мемлекеттік басқаруда зандық сипатқа, көрініске ие болады. Оны тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар әрбір нақты мемлекеттік орган құзыретіне сәйкес, ондағы әрбір мемлекеттік лауазымның қызмет түріне сәйкес атқаруға тиіс. Сондықтан да басқару ісінің көптеген элементтері заңды түрде мемлекетгік органдарда тіркеліп, олардың құқықтық мәртебесінде процессуалдық нормалар түрінде бекітіледі. Бұдан басқару ісінің басқару процесінің элементтерімен ұқсастығы туындайды.
Барлық басқару деңгейлеріндегі басқарушылық шешімдердің ішінде біз мемлекеттік шешімдерді қарастырамыз. Мемлекеттік шешім - бұл қоғамдық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік органдар әрекетінің нақты жобаларын тандау мен негіздеу.
Саяси және әкімшілік шешімдерді бірінен-бірін ажырата білген жөн. Саяси шешімдер саяси басшылықтың шоғырландырылған көрінісін білдіреді. Олар әлеуметтік топтардың немесе нақты қоғамдастықтың ортақ мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталган. Саяси шешімдер аймактық деңгейде немесе белгілі бір жергілікті қогамдастықтың шеңберінде қабылданса да сол мемлекетте тұратын адамдардың мүдделеріне, мемлекеттік биліктің қызметіне қатысты болады.
Әкімшілік шешімдер адамдардың өндірістік-шаруашылық, әлеуметтік және мәдени өмірін, жеке ұйымдардың ағымдағы қызметін реттейтін басқарушылық әрекеттер актілері. Әкімшілік шешімдерді шығару атқарушы билік пен басқару органдарының функциясына жатады.
Саяси шешімдер әкімшілік шешімдерге қарағанда нақты қоғамдық топтарға тікелей немес жанама түрде бағытталады, олардың арасындағы қатынастарды реттеу құралы, әлеуметтік топтардың мүдделері мен мақсаттарын білдіру, жүзеге асыру тәсілі болып табылады. Олар саяси билік пен саяси басқару субъектілерінің қызметінің нәтижесінде туындайды. Мемлекеттік басқарудагы саясаттың басымдылық қағидасына сәйкес саяси шешімдер әкімшілік-басқарушылық шешімдерге қарағанда артықшылық сипатқа ие.
Мемлекеттік шешім, ең алдымен шешім қабылдайтын субъект — мемлекеттік биліктің басқарушы органымен алқалы немесе жеке лидермен; шешімді атқарушы субъект — мемлекеттік қызмет аппаратымен, шешім бағытталған объектімен (төмен деңгейдегі басқару органдары, қоғамның әр түрлі сфераларында жұмыспен қамтылған әлеуметтік топтар, саяси және қоғамдық бірлестіктер) сипатталады.
Мемлекеттік шешімдердің басқа да сипаттамалары бар: шешім беделі, яғни шешім қабылдаушы мемлекеттік билік субъектісінің деңгейін, оның заңға сәйкестілігі мен негізділігін білдіреді;
- шешім диапазоны, өзі әрекет ететін саяси кеңістікті және аталған шешім қамтитын міндеттер көлемін сипаттайды; әдетте саяси шешімдер көп максатты болып келеді;
— шешімдердің ақпаратпен қамтамасыз етілуі, яғни оны қабылдаудың ғылыми және ақпараттық негізі — шешім қабылдаудың технологиясы мен стилі — шешімді әзірлеу мен қабылдау әдіс-тәсілдерінің, шешім қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтау мен қабылдау әдістерінің жиынтығы; жобалардың баламалы нұсқаларын талдау тәртібі мен сипаты, олардың ішіндегі басым бағыттарын айқындау және оларды іске асыру үшін қажетті құралдарды таңдау амалдары, тәсілдері;
- шешім қабылдау түрлері - демократиялық немесе авторитарлық;
- шешімдердің тәжірибелік маңыздылыгы. Мемлекеттік шешімдер көптеген белгілер бойынша топтастырылады. Соның ішінде мемлекеттік билік пен басқару жүйесіндегі субъектілер деңгейіне қарай: жалпы ұлттық, аймақтық және жергілікті органдардың шешімдері; мақсаттар мен міндеттер сипатына қарай - саяси және әкімшілік шешімдер, басқаратын және атқарушы, стратегиялық немесе оперативті-тактикалық, жалпымемлекеттік немесе мемлекеттік өмірдің жекелеген облыс-тарына қатысты шешімдер; қоғамның өмір сфералары бойынша
- шаруашылық-экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттік құрылыс және басқару мәселелері бойынша, мәдени құрылыс және т.б. бойынша шешімдер; басқару объектісін қамту масштабына қарай-жалпы жүйелік, жалпысаяси, макроэкономикалық, микроэкономикалық шешімдер; басқару функциялары бойынша
- жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және тағы басқа мәселелер бойынша шешімдер.
Саяси шешімдердің мысалы ретіндс мемлеқеттік бағдарламаларды, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси және әскери - стратегиялық тұжырымдамаларды, елдің Парламентімен қабылданған конституциялык сипаттағы заңнамалық актілерді, мемлекет қызметіне қатысты жалпы мәселелер бойынша ҚР Президентінің Жарлықтарын айтуға болады. Әкімшілік-басқарушылық шешімдер қатарына Үкіметтің қаулыларын, министрліктер мен ведомстволардың бұйрығы мен өкімдері жатады.
2 Басқару мәдениеті туралы ұғым және оның элементтері
Басқару мәдениеті - мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін аса қажет. Мемлекет қызметінің нәтижесі басқару процесінде жинақталған білім, тәжірибе, экономиканы басқарудың қандай әдістері қалай қолданылатындығына тікелей байланысты. Басқару мәдениеті алдыңғы аға буын өкілдері қалыптастырған материалдык және рухани мәдениет, ұлттық дәстүр негізінде дамиды. Адамзат қоғамының дамуы барысында ол да жинақталып, дами береді. Мысалы ғылыми басқарудың пайда болуы және қалыптасуы басқару мәдениеті деңгейінің өсуін білдіреді, себебі бұл жағдайда басқару жолдарын, әдістерін, тәсілдері мен амалдарын ғылыми бағалау жүргізіледі, әлемдік практикада қолдану үшін олардың ішінен ең тандаулысы алынады.
Басқару мәдениеті адамзат мәдениетінің кұрамдас бөлігі болып табылғанымен де, басқа мәдениет түрлері мен нысан-дарынан ажырататын оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Басқару аппаратының әрбір қызметкерінің оны білуі тек қажеттілік емес, сонымен қатар тікелей міндеті болып табылады, өйткені кез келген кұрылымның, ұйымның тиімді жұмыс жасауы оның қызметкерлерінің мәдениеті жоғары болуымен байланысты. Басқару мәдениеті — басқару процесін ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы, басқарушылық еңбекті ұйымдастырудағы жетістіктердің, сондай-ак қоғамдық мораль, этика, эстетика, құқык нормалары мен қағидаларына сай келетін басқару жүйесі мен қызметкерлерге қойылатын талаптардың жиынтығы. Ол жалпы түрде экономиканы басқару жүйесіне қойылатын талаптардың сақталу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Экономиканы басқару жүйесін жалпы жүйелік көрсеткіштермен бағалауға болады, олардың ең негізгілері болып табылатындар:
- максаткерлік (жүйенің мақсатқа қол жеткізу қабілеттілігі);
- тұтастығы (жүйенің басқа бөлігінде жоқ қасиеттердің жүйеде болуы мен қолданылуы);
- байланыстылығы (тиімді технологиялық, ақпараттық, өндірістік және басқа байланыстардың болуы);
- ашық сипатта болуы (жүйенің басқалармен өзара іс-әрекеті және сыртқы ақпаратты қабылдауы);
- серпінділік (жүйенің қандай да бір факторлардың әсерінен өзгеру жылдамдығы);
- дамуға ұмтылыс (жүйе құрамының қандай да бір факторлардың әсері негізінде күрделену тенденциясы).
Бірақ тәжірибе жүзінде басқару жүйесі мәдениетін аталған жалпы жүйелік көрсеткіштермен бағалау қиындыктар тудыратындықтан, оның деңгейі жалпы жүйелік емес, жүйенің жеке элементтерінің көрсеткіштері бойынша бағаланады. Оған қызметкерлердің, әсіресе, басқарушылардың мәдениетін, басқару процесі мәдениетін, басқару техникасын, еңбек жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жатады.
Басқару мәдениеті элементтерінің көп түрлілігі басқару процесесінде көптеген, атап айтқанда: моральдық, заңдақ, экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, эстетикалық нормалардың сақталу қажеттілігін алдын-ала айқындайды.
Моральдық нормалар адамның мінез-құлқын адамгершілік пен мораль тұрғысынан реттейді және олар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Оларға Отанға деген маххаббат, патриоттық сезім, қоғамдық парызды жоғары қою, адамдар арасындағы имандылық қатынас пен өзара сыйластық, республиканың ұлттары мен халықтары арасындағы достық жатады. Бұл нормалар елдегі барлық қатынастарды, оның ішінде басқару ісіндегі қатынастарды да реттейді. Басқару процесіндегі моральдық нормалардың қатаң сакталуы оның мәдениет деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Зандық нормалар мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастырушьшық-құқықтық нормативтік актілерде көрініс табады. Мемлекеттік органдар әрбір дейгейде басқару шегін, қоғамдық өндіріс жүйесіндегі кәсіпорынның алатын орнын, басқарушылық қызмет түрімен айналысатын адамдардың құқығы мен өкілеттіктерін белгілейді. Кәсіпорын туралы заң оны басқарудың бірнеше тұстарын анықтайды, меншік туралы заң бекітілген зандар шеңберінде әр түрлі қызмет түрімен айналысуға мүмкіндік береді. Алайда осы заңдық-нормативтік актілер әрбір кәсіпорынның өзіндік ерекшелігін ескере бермейді. Сондықтан да министрліктер мен ведомстволардың зандарын негізге ала отырып әрбір кәсіпорын өндірістің жеке ерекшеліктері мен өзіне тән қасиеттерін ескеретін өзінің жеке үйымдастырушылық-нормативтік актілерін әзірлейді, мысалы, жұмысқа уақтылы келіп, мезгілінде кету, қызмет сатысы бойынша жоғарылау және тағы басқалар. Басқару мәдениетінің деңгейі көбінесе басқарудың зандық нормаларын әзірлеу және оларды басқару процесінде қолдану жағдайына байланысты болады.
Экономикалық нормалар кәсіпорын қызметі барысында қол жеткізуге тиісті экономикалық көрсеткіштерді белгілейді. Оларға жататындар: жеке қорлар көлемін, шетелдік инвестицияларды алу және өтеу тәртібін белгілейтін қаржы-несиелік нормалар және т.б.; тиімділік және бюджетпен қарым-қатынас нормасы, бюджетке төленетін салық тәртібі мен көлемін, табыс көлемін есептеу және бөлу тәртібі. Мемлекеттің, кәсіпорынның экономикасын басқару жүйесінің қызметін реттейтін басқа да экономикалық нормалар баршылық. Бұл нормалардың болуы және басқару процесінде олардың сақталу деңгейі де басқару мәдениетін сипаттайды.
Ұйымдастырушылық нормалар мемлекетті басқару құрылымын, жекелеген министрліктердің, ведомстволардың, департаменттердің құрамы мен қызмет тәртібін, сондай-ақ олардың өзара қарым-қатынастары мен өзара іс-әрекеттерін белгілейді. Біздің елімізде ел экономикасын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының тиімділігін арттыру және оларды ұстауға қажетті шығындарды азайту мақсатында оны жетілдіру процесі үнемі жүргізілуде. ¥йымдастырушылық нормаларды әзірлеу мен қолдану барысында қызметкерлердің атқаратын міндеттері, ақпараттардың көлемі, мерзімділігі, қалыптасу орны, оларды әзірлеу мен қолдану процесі, мемлекеттік шенеуніктердің жауапкершілігі нақты айқындалып, белгіленуі тиіс.
Техникалық нормалар нақты еңбек пен затқа айналған еңбек арасындағы қатынастарды белгілейді. Басқару жүйесі кәсіпорынның басқарушылық функциясын орындайтын бөлімшелерін техникалық құралдармен жарақтандыру кезінде ғылыми ұсыныстарды негізге ала отырып, тиісті жабдыктау нормаларын қолданады. Басқару процесінде қолданылатын техникалық құралдар мен жабдықтарға да, басқару аппараты қызметкерлерін қоршаған сыртқы ортаға да эстетикалық талаптар мен нормалар қойылып, таратылады.
Басқару мәдениетінің талаптарын ескеру және жүзеге асыру басқарушылық еңбекті ұйымдастыру деңгейін көтеруге, әр түрлі басқару операциялары мен процесін ықшамдауға, басқару қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға, жұмыстарының дұрыс жолға қойылуын қамтамасыз етуге және тиісінше мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Баскару мәдениеті баскару кызметкерлерінің мәдениетінен, басқару процесінің мәдениетінен, еңбек жағдайының мәдениетінен және құжат жүргізу мәдениетінен тұрады. Олар өзара байланысты және өзара тәуелді. Бұлардың ішінде көптеген факторлардан тәуелді болатын және жалпы мәдениет деңгейімен сипатталатын басқару қызметкерлерінің мәдениеті негізгі болып саналады. Ол қызметкердің атқаратын лауазымына сәйкес келетін іскерлік қабілетінің болуымен: басқару ғылымын терең және жан-жақты білуімен, оны қызмет барысынды қолдана алуымен және жұмыс істеу стилімен байланысты. Бұл олардың біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруды, оларды оқытуды және қайта оқытуды қажет етеді. Себебі әрбір жоғары мәдениетті қызметкер өзіне жүктелген тапсырманы сапалы орындайды, басқару мәдениетін жоғары деңгейде ұстайды және өз еңбегін үйымдастыруды жетілдіруге ұмтылады.
Басқару мәдениеті үшін басқару процесін ұйымдастыру мәдениеті деңгейініц де маңызы зор және ол басқару органдарында басқарудың прогрессивті үрдісі қолданылатынын білдіреді. Прогрессивті үрдісті қолдану басқару аппаратының әрбір қызметкеріне өз жұмысының мақсатын, мазмұнын, ұйымдастыру мен құрамдас элементтерін, оны орындау тәртібі мен әдістерін нақты білуге жағдай жасайды. Басқару процесі шешім қабылдау процесін ақпараттарды жинау мен ондеу процесінен дұрыс ажырату мақсатында жан-жақты талданғаны жөн.
Сонымен қатар басқару процесінің мәдениеті басқарушылық еңбекті ұтымды ұйымдастырудан тұрады. Ол еңбекті ұтымды бөлуді, белгілі тәртіпке келтіруді, қызметкерлердің қалыпты құрамын, санын белгілеуді, кадр мәселесін дұрыс шешу мен қолдануды, прогрессивті әдістер мен амалдарды пайдалануды білдіреді. Басқарушылық еңбекті ұйымдастырудың маңызы зор, себебі басқару аппаратының қызметкерлері қай жерде ұйымдастырушылық жақсы жолға қойылса, өздерінің дамуына жағдай жасалған болса, сол жерде тиімді жұмыс атқара алады. Бұл ұйымдарда экономикалық көрсеткіштер де жоғары болады.
Келіп-кетушілерді қабылдау, телефон соққан адаммен дұрыс сөйлесе білу, отырыстарды, мәжілістерді еткізу, қызметкерлердің хаттарына жауап беру басқару процесі мәдениетінің негізгі элементтері болып табылады. Осы шаралардың ерекшеліктері олардың аз уақыт аралығында толық және әр түрлі ақпарат алмасуды қамтамасыз ететіндігінде және адамдардың басқаруға қатысуының тиімді формасы болып табылатындығында. Мемлекеттік басқарудың негізгі құралы - жоспарлау, оның ішінде бүгінгі танда үлкен мән беріліп отырған ұзақ мерзімді жоспарлау басқару процесінің негізгі кезендеріне жатады.
Еңбек жағдайы, мәдениеті де басқару мәдениетінің негізгі аспектілерінің бірін құрайды. Басқарушылық еңбектің өнімділігі, нәтижелілігі қызметкерлердің жұмыс орнының қаншалықты ыңғайлы болуымен жэне санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетіндігімен тікелей байланысты. Басқару мәдениеті қызметкерлердің қолайлы еңбек жағдайымен, жұмыс орындарының тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуінде көрініс табады.
Басқару мәдениетінің ажырамас элементі-құжат жүргізу мәдениеті. Құжат жүргізу құжаттарда көрініс табатын ақпараттарсыз мүмкін емес, себебі құжаттық ақпарат елдің ішкі және сыртқы қызметін толығымен қамтиды. Барлық басқару операциялары мен процестері құжаттаудан басталып және сонымен аяқталады. Сондықтан басқарушылық еңбектің тиімділігі елеулі дәрежеде құжаттарды дұрыс толтыруға, олардың қозғалысы мен сақталуын ұйымдастыруға және қолдануға ыңғайлы болуына байланысты. Ақпараттарды қолдану барысында көптеген операциялар орындалатыны белгілі, ал құжатпен жұмыс істеу мәдениеті болмаған жағдайда олардың көлемі одан әрі ұлғая түсуі мүмкін, сол үшін құжат жүргізу мәдениетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету қорларды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Басқару тиімділігін арттыруда басқару мәдениетінің маңызы зор. Әр түрлі басқарушылық қызметте басқару мәдениетінің аталған элементтерін ескеру - басқаруды ұйымдастыруды жақсартуға, басқару процесінің ыңғайлы да жеңіл болуына, аппараттың накты және келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, еңбек тәртібін жақсартуға мүмкіндік береді. Басқару мәдениетінің талаптарын ескермейінше басқару ғылымы эзірлеген ұсыныстардың ешқайсысын да тәжірибе жүзінде іске асыру мүмкін емес.
Басқару мәдениетін жетілдіру оның барлық элементтерін жетілдіруді білдіреді. Әрбір нақты жағдайда қандай да бір құрамдас бөліктері басқару тиімділігін арттыру үшін шешуші мәнге ие болуы мүмкін. Сондықтан басқаруды жетілдіру мәселелерін шеше отырып, жоғары тиімділікке қол жеткізетін элементтер мен бағыттарды анықтау мақсатында басқару мәдениеті деңгейін жан-жакты және кешенді талдаған жөн. Бүгінгі таңда басқару мәдениеті - ел экономикасы қызметінің нәтижесіне тікелей әсер ететін басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру тесттер
1. Мемлекеттік басқару субъектілері қандай белгілер бойынша бөлінеді?
A. барлық жауаптары дұрыс;
B. мемлекеттік билік түрі бойынша;
C. билік пен басқаруды ұйымдастыру денгейіне қарай;
D. қызмет саласына қарай, қүрамына қарай;
E. басқару субъектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, құралына қарай.
2. Мемлекеттік билікке қатысты және басқару функциясын жүзеге асыру сипатына қарай мемлекеттік басқару субъектісі қалай бөлінеді?
A. лауазымды қызмет субъектісі;
B. азаматтық құқықтық қатынас субъектісі, авторлық құқық субъектісі;
C. әкімшілік-құқықтық қатынастар субъектісі, саясат субъектісі;
D. саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі; лауазымды қызмет субъектісі;
E. авторлық құқық субъектісі, әкімшілік-құқықтық қатынастар субъектісі.
3. Мемлекеттік басқару қағидаларыныц ерекшс белгілері.
A. басқару субъектісінің біліміне, қабілетіне байланыстылығы;
B. олардың диалектикалылығы, жүйелілігі;
C. олардың диалектикалылығы, жүйелілігі, басқару субъектісінің біліміне, қабілетіне байланыстылығы өзара байланыстылығы;
D. олардың өзара байланыстылығы;
E. объективті факторларға тәуелділігі.
4. Мемлекеттік басқару қағидаларын жүйелеу қалай бөлінеді?
A. жалпы, жекелеген, ұйымдастырушылық-технологиялық;
B. жалпы мәнділік, саяси, рухани;
C. ұйымдастырушылық, экономикалық;
D. жекелеген функциейалдъщ, үйымдастырушылық-саяси, жалпы;
E. ұйымдастырушылық құқықтық, техникалык.
5. Құрылымдық қағидалардың түрлері
A. құрылымдық -мақсаттық, құрылымдық-функционалдық, құрылымдық -ұйымдастырушылық, құрылымдық-процессуалдық;
B. құрылымдық-саяси, құрылымдық-бағдарламалық, құрылымдық-технологиялық;
C. қүрылымдық-ресурстық, құрылымдық-процессуалдық;
D. сызықтық фунционалдық, аумақтық-салалық, құрылымдық-технологиялық;
E. құрылымдық-ресурстық, құрылымдық-коммуникациялық.
Достарыңызбен бөлісу: |