Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007
2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007
3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2008
Дәріс №12 Басқарушылық қызмет стилін жетілдіру және оны жүзеге асырудағы жауапкершілік
Басқару қызметінің стилі: түсінігі, мазмұны, түрлері және жетілдіре беру қажеттілігі
Мемлекеттік басқару қызметіндегі стиль мен жауапкершіліктің өзара байланысы
1 Басқару қызметінің стилі: түсінігі, мазмұны, түрлері және жетілдіре беру қажеттілігі
Басқару қызметкерлерінің мәдениеті әр түрлі қасиеттері бойынша көрініс тапса да, олардың мәдениетінің толық және нақты бағасын жұмыс істеу стиліне қарап беруге болады. Басқарушылық қызмет стилі дегеніміз - билік органдарының, қызметкерлерінің күнделікті қызметінде қолданатын әдіс -тәсілдер, құралдар жүйесі, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс - тұрыс үлгісі. Оның қоғамның басқа салаларындағы қызмет стилінен ерекшеліктері мемлекеттік-биліктік өкілеттіктерге сүйеніп, оны қолданумен байланысты болатын, нақтылай және толықтай нормативтік реттеліп отыратын, басқару әсерін қалыптастыруды және іске асыруды мақсат тұтатын басқару қызметкерлерінің әлеуметтік белсенділігімен айқындалады.
Мемлекеттік басқару стилі келесі элементтерден тұрады:
1. Мемлекеттік билік органдарының мақсаттық, функционалдық және ұйымдық сипаттамалары;
2. Басқару органдары қызметтерінің заңды түрде бекітілген және жүзеге асырылатын әдістері, процедуралары, ны-сандары;
3. Қызметкерлердің жалпы мәдени, кәсіби және жеке қабілет деңгейі.
Басқарушылық қызмет стилі саяси режимдерге байланысты және соған сәйкес қалыптасады. Осыған орай ғылыми әдебиеттерде бірнеше басқару стилдері қарастырылған, атап айтқанда, директивті (әкімшілік, автократиялық, авторитарлық), демократиялық (ұжымдық, кооперативтік) және либералдық.
Директивті стильге биліктің шектен тыс орталықтандырылуы, көпшілікпен және бағыныштылармен санаспаушылық тән, мұнда нені қалай істеу керектігін басшы өзі шешеді.
Демократиялық стильде - бағыныштыларға еркіндік беру арқылы, олардың белсенді түрде араласуы нәтижесінде шешімдер әзірленіп, қабылданады. Жұмысты орындауға қажетті алғышарттар жасалып,оның нәтижесі әділ бағаланады.Адамдармен сыйласымды қатынастар орнатылады.
Либералдық стиль - басшының бағыныштылардың іс-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті ұжым қызметінің ең күрделі мәселелерін шешуге де қатыспайды.
Аталып өткен стильдерден басқа әркім нені және қалай істегісі келсе өз бетінше орындайтын анархиялық стиль; белгілі бір шараны орындау, атқару кезінде ғана аса белсенділік танытатын, келесі жағдайларға дейін салғыртсу, әрекетсіздік білдірілетін кампаниялық стиль (кампанейский), көбінесе бұйрыққа, кызметтік тәуелділікке негізделіп, дөрекі психологиялық қысым жасалатын еріктілік стиль түрлері белгілі. Сонымен қатар нормативтік, яғни көпшілік мойындаған, қоғам қолдайтын жалпы ортақ стильді, нақтылы басқару қызметінің жағдайларына, түрлеріне және қызметкерлердің қабілетіне байланысты қалыптасатын жеке стилъдерді де атауға болады.
Американдық психолог Курт Левин (1890-1947 жж.) директивті басқарудағы қызметті ең өнімді деп санаған. Демократиялық басқару ең көп тараған және өнімділік пен сапа көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Басқарудың либералды стилі барлық жағынан нашар болып шықты. Левин мінез-құлыктық бағыттың өкілі болып табылады, себебі оған дейін басқару тиімділігін басқарушының жеке қасиеттерімен емес, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс-тұрыс үлгісімен анықтайтын тұлғалық және жағдайлық теориялар орын алған болатын. Осыған байланысты стильдер автократиялық және демократиялық болып жіктеледі. Авторлар сәйкесінше оларды «барлық күш-жігерін жұмысқа жұмылдырған» және «барлық күш-жігерін адамдарға бағыттаған» деп бөледі.
Барлық күш-жігерін жұмысқа жұмылдырған басшы үнемі мәселенің дұрыс қойылуы мен еңбек өнімділігін арттыру жайлы ойлайды. Ал «барлық күш-жігерін адамдарға бағыттаған» басшы еңбек өнімділігінің өсуін тек адами қатынастарды жетілдіру жолдары арқылы ғана өз мақсаты етіп қояды.
Бірақ басшы тек жұмысқа ғана өз назарын аударып, қызметкерлеріне мүлдем көңіл бөлмеуге болмайтындығы кейіннен белгілі болды. Ол қандай да бір дәрежеде адами қатынастарды ынталандыруға, қарамағындағылардың кажеттілігін қанағаттандыруға мәжбүрлі. Авторитарлық бағыттың да, адами қатынастар позициясын ұстанушылардың да жақтаушылары бар. Бұл екі бағыт та тәжірибе жүзінде оң қолдаута ие болды және олар жұмыспен қанағаттанушылық, жоғары еңбек өнімділігінің болуымен бағаланады. Алайда, тәжірибе жүзінде бұл көрсеткіштердің өсуін қандай да бір стильмен байланыстыруға болмайды. Жұмыспен қанағаттанушылық пен еңбек өнімділігінің жоғары болуы авторитарлық басқарудың нәтижесінде және керісінше, қарама-қарсы нәтижелер демократиялық басқару стилінде де болуы мүмкін.
Накты өмірде аталмыш басқару стильдерінің ешбірі де таза күйінде көрініс таппайды. Әрбір басшының мінез-құлқынан (жүріс-тұрысынан) аталған үш стильдің барлығына тән жалпы ерекшелікгерді кездестіруге болады. Әр түрлі адамдар мен ұжымдарды басқаруға сәйкес келе беретін әмбебап басқару стилі жоқ. Көбіне олар ұштасып, сабақтасып, қандай да бір стильдің басымдыққа ие болуымен сипатталады. Дегенмен мемлекеттік басқарудың демократиялық стилінің мақсатқа сай, нәтижелі және перспективалы екендігін тарихи тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл стиль басқарушылық процестерді тұрактандыруға және сол арқылы ұтымды әрі тиімді қоғамдық дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2 Мемлекеттік басқару қызметіндегі стиль мен жауапкершіліктің өзара байланысы
Қандай да бір стильді дұрыс тандау басқарушылардың оларга тән қасиеттері мен жеке ерекшеліктері, бағыныштылардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері сияқты көптеген факторларға байланысты. Ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде басқарушының әр түрлі бағыныштылармен өзара қарым-қатынас орнату барысында бірнеше басқару стильдерін ұстанатындығы аныкталған. Ал ол басқару ісіндегі бағыныштылардың жауап-кершілігіне байланысты болған.
Жалпы түрде жауапкершілік өзара байланысты жақтардың мүдделері мен бостандықтарын қамтамасыз ететін қатынасты, адам бойындағы қасиетті білдіреді. Ол үш кұрамдас бөліктердің өзара байланысының нәтижесінде қалыптасады: а) борыштық сезім; ә) іс-әрекетті бағалау; б) шектеу қою, жазалау шараларын қолдану.
Жауапкершілік алғышарттардан, объектіден, мазмұн мен өлшемнен тұрады. Алғышарттар қоғамдық қатынастардың, адамдардың жүріс-тұрысының және қызметінің нақты деңгейін және сапасын қамтамасыз етуге деген қоғамның (мемлекеттің), азаматтардың қажеттіліктерінен туындайды. Мұндай қажеттіліктер қоғамның нормативтік жүйесінде көрініс тауып, бекітіледі. Жауапкершіліктің маңызды элементін оның объектісі құрайды, себебі үнемі бір нәрсеге жауап беруге тура келеді, мысалы, материалдық, моральдық, құкықтық, саяси, жеке, ұжымдық жауапкершілік болады. Жауапкершіліктің мазмұны міндетті және мақсатты әлеуметтік байланыстарды қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерде көрініс табады. Осыдан жауапкершілікті барлық аспектісі түрғысынан жүзеге асырмайынша азамат та, қоғам да, мемлекет те қанағаттана алмайтынын білдіретін оның кешенді сипаты туындайды. Жауапкершіліктің өлшемі субъектінің өз іс-әрекетінің әлеуметтік салдарларын немесе нәтижесін түсінумен байланысты. Ол қорғалатын қоғамдық қатынастардың әлеуметтік мәнділігіне, қоғамның адамға артатын сеніміне, тұлғаның даму деңгейіне, өзінің жасаған іс-әрекеттерінің әлеуметтік маңыздылығын сезінумен аныкталады. Басқару ісіндегі жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін мәжбүр ету, шара қолдану, жазалау, ынталандыру шаралары қолданылып, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі басқару стилін айқындайды.
Осыған байлансты өткен ғасырдың 60-шы жылдары американдық профессор Дуглас Мак Грегор адамдардың тұрпатын ажырататын «X» теориясы мен «У» теориясына негізделген, басқаруды ұйымдастырудың екі тұжырымдамасын ұсынған.
«X» теориясы бойынша қатардағы адамның жұмыс істеуге ынтасының болмауы және одан жалтару жолдарын іздеуі тән, сондықтан белгіленген мақсаттарға жету үшін адамдардың көпшілігін мәжбүр ету, бақылау, бағыттау қажет; қатардағы адам көбінесе оны бақылап отыруды қалайды, жауапкершіліктен аулақ болуға, өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылады, атаққұмарлыққа талпынбайды; адамдар көбінесе қауіпсіздікті қажет етеді. Д. Мак Грегордың пікірінше мұндай адамдарға қатысты басшы авторитарлық стильді және формальды емес әдістерді қолдануды ұйғарады. Ол осыларды ескере отырып, қарамағындағыларға психологиялық әсер етеді, өкілеттіктерді орталықтандырып, бір жерден шешім қабылдайды. Авторитарлық лидер билік арқылы өзінің еркін қарамағындағыларға жүктейді, мойындатады.
«У» теориясы бойынша қатардағы адамға атқаратын жұмысынан жалтару міндет емес, себебі ол еңбек белгілі жағ-дайларға байланысты тиісті жаза алу немесе табыс көзі болуы мүмкін; қызметкерлердің қызметіне сыртқы бақылау орнату олардың күш-жігерін жұмылдырудың жалғыз құралы емес, егер адам мақсатының орындалуына мүдделі болса өзін-өзі басқару мен бакылауды жүзеге асыра алады; ынталы қызметкер үшін ең жоғары марапат - оның өзін-өзі көрсетуін жүзеге асыру; қызметкердің өзін-өзі көрсетуін жүзеге асыру барысында ұжымның мақсаттарына қол жеткізіледі; қатардағы адам тиісті жағдайларда жауапкершілікті өз мойнына алуға үйренеді; көптеген адамдар ұйымның мәселелерін шешуге елеулі үлестерін қоса алады. Осындай қызметкерлерге қатысты басшы басқарудың демократиялық стилін және формальды емес әдістерін қолданады. Басшы-демократ өз еркін қол астындағыларға міндеттемейді, орындаушылардың өзін-өзі көрсетуге деген ұмтылыстарын жоғары мақсаттарға жету жолының басты кепілі деп біледі. Ол ұйымның мақсаты мен топ мақсаты арасында байланыс орнатып, кейін атқарылған жұмыстарға баға береді. Бүл басқару стилінің ашық түрі, мүнда сенімділік орын алып, адамдар мәселені өздері шешіп, басшыға тек керек кезде ғана барады.
Мак Грегордың пайымдауынша «X» теориясына сәйкес әкімшілік қызметкерлер тек «сызыктық» қызметкерлерді бақылау үшін қолданылса, онда олардың өзара байланыстарында түсінбеушілік туындауы мүмкін. Ал «У» теориясына байланысты әкімшілік қызметкерлердің рөлі қалған басқару деңгейлеріне тек қана кәсіби көмек көрсетумен шектеледі.
Қазіргі кезде басшыға қабылданған стильдердің тек біреуін ғана ұстану міндет емес, әр уақытта оның әрекеті нақты қалыптасқан жағдайға қарай анықталады. Орын алып отырған жағдайды дұрыс қолдана алса ғана ол жақсы көшбасшы бола алады. Ол үшін қарамағындағылардың қабілетін, олардың қойылған мәселені шешу мүмкіндігін, өз өкілеттігін жақсы білуі қажет.
Міндеттерді атқару барысында қалыптасқан жағдай өзгеруі мүмкін, ал бұл қол астындағыларға ықпал ету тәсілдерін, яғни басқару стилін өзгертуді талап етеді. Жалпы басқару сияқты көшбасшылық та (лидерлік) өнер, сондыктан керек кезінде басқару стилін өзгерте алатын, яғни өндіріс пен сыртқы ортада орын алған жағдайға бейімделе алатын адам тиімді басшы болып табылады. Ал бұл өз кезегінде бейімделген басқару стилі туралы сөз етуге мүмкіндік береді. Ол көп жағдайда басқару стилін жетілдіру қажеттілігін тудырады.
Мемлекеттік басқару стилін жетілдіру көптеген мәселелерді талдап, шешуді көздейді. Бірақ осы мәселелерді жинактай, зерделей келе ең алдымен, қызметтің дұрыс, тиімді ұйымдастырылуына басты мэн берілуі қажет екендігін аңғаруға болады. Себебі басқару жүйесінің дұрыс үйымдастырылуы мемлекеттік басқарудың ұтымдылығы мен тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретіні мәлім. Бұл процесс біріншіден, билік органдарындағы мемлекетгік лауазым мен жұмыс орнын ұйымдастырудан басталады. Лауазымның мемлекеттік орган құрылымындағы орны мен рөлі аныкталып, ол атқаратын жұмыстың мазмұны (қызмет ауқымы, нысаны, әдістері, өкілеттігі, ынталандыру мен санкция және т. б) көрсетіледі, басқа лауазымдармен сыртқы өзара байланысы (қарым-қатынас тәртібі, ақпараттық, техникалық және тағы басқа қызмет көрсету) ұйымдастырылады. Осыған қоса мемлекеттік органдағы әрбір лауазым праксеологиялық (кабинетпен, жұмыс орнына қажет құрал-жабдықпен, жарықпен жабдықтау және т.б.) және эргономикалық (байланыс құралдары, қол астындағылармен байланыс жүйесі, компьютер және т.б.) тұрғыдан жабдықтауды қажет етеді. Қазіргі таңда әрбір адамның өзін толыктай көрсете білуіне, қабілет мүмкіндігін қолдана алуына жағдай жасау арқылы лауазымдық қызметтің тиімділігін арттыруға көңіл бөлінуде. Келесі атқаратын міндет органдардың буындары (звенолары) мен құрылымдарын ұйымдастырумен байланысты. Бұл жерде сөз басқару функцияларын көлденеңнен құрылымдық бөлімшелерге шоғырландыру туралы болып отыр. Мұндай шоғырландырудың өзіндік артықшылықтары бар: басқару ісіне мазмұнды, мәнді сипат береді, ақпараттармен өзара алмасуға мүмкіндік береді, басқарушылар мен орындаушылардың арасында байланысты нығайтады, мемлекеттік басқару стилін жетілдірудің көптеген мәселелерін шешуге ықпалын тигізеді. Бұдан кейін жетекші қызметін атқару барысын ұйымдық қамтамасыз ету міндеті туындайды. Жетекшінің қызметін үйымдастыру басқарылатын органның қызмет ету стилін қалыптастыруда шешуші рөль атқарады және ол басқару қызметінің стратегиясын әзірлеуге, қарастырылатын мәселелердің тәртібін белгілеуге, қоршаған ортамен айланыс орнатуға, жиналыс, пікір алмасулар өткізуге мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылуы қажет.
Басқару қызметімен айналысатын жеке адамдардың бойынан ынталандыру мен жауапкершілік іспетті қасиеттердің үнемі табылуы бүл процесте қажетті нәтижелерге қол жеткізудің басты негізін қүрайды. Дегенмен тек жеке адамдардың ізденгіштігіне, өзін-өзі дамытуға ұмтылыс жасауына ғана үміт артпай, басқару тәжірибесін игеру ұйымдасқан түрде жүргізіліп, ол өз кезегінде басқару стилінің ажырағысыз бөлігіне айналганы дұрыс. Осыған байланысты мемлекеттік басқару стилін жетілдірудің төменгідей негізгі бағыттарына тоқталып өткен жөн. Алдымен басқару қызметінің басқару әсеріне багытталуьш қарастырайық. Басқарудың накты сипаты, болмысы тек тиісті үрдістерге оның тигізетін ықпалында көрініс табады. Басқару ықпалы қоғамдық даму үрдістерінде бір қалыпты, тиімді жағдайды қалыптастырып, дамытқан, өзгерткен жағдайда ғана орын алады. Егер басқару ықпалы қабылданған шешімдерге, жүргізілген ұйымдастырушылық шараларға, басшының жұмсаған күш-жігеріне қарамастан объектіге жетіп, жүзеге асырылмаса, онда басқару да болмайды.
Бұл жерде әңгіме мемлекеттік басқару стилін дамыту бағыты ретіндегі басқару ісінің нәтижелілігі жөнінде болып отыр.
Басқару қызметімен айналысатын адамдардың еңбегін бекітілген нормалар арқылы өлшеу мүмкін емес, себебі бұл үрдісте жұмсалатын күш-жігер интеллектуалдық, шығармашылық (творчестволық), коммуникациялық сипатта болады. Бірақ аталмыш қызмет ой мен істің бір жерден шығуын сипаттайтын, нақты тәжірибе жүзінде іске асатын жасампаздық, шығармашылық (творчестволық) қызмет. Сондыктан басқару әсерін қамтамасыз етудің келесідей: «ой-пікір (идея) - әрекет - әсер—нәтиже» жүйесін қалыптастыру орынды. Бұл жүйе тиісті лауазымды тұлғалар қызметінің жасампаздық, тәжірибелік тұстарын үнемі талдап және бағалап отыруға мүмкіндік береді. Басқару қызметінің нәтижелілігі қолданылатын әдістерге, процедураларға, нысандарға, лауазымды тұлғалардың білім-біліктілігіне, қабілетіне, талантына байланысты екені белгілі. Практикалық қызмет талданып, ой елегінен өткізілмесе, оны жетілдіру қиындық тудырады және керісінше, теориялық ой-пікірлер тәжірибе жүзінде туындап және онда жүзеге аспаса, олар тек тілек түрінде ешбір нәтижесіз қалып қояды. Сондықтан басқару қызметінің шығармашылық, ізденгіштік, практикалық тұстарын бірге қарастырған жөн.
Басқару қызметін ұйымдастыруда ұжымдық (коллегиялық) нысан кеңінен қолданылуы тиіс. Басқару ақпаратының күрделілігі және көп түрлі болуы, басқару үрдістерінің өзгермелілігі, шешілуін күтетін мәселелердің кешенділігі, жүйелік өзара байланыстылығы жағдайында басқару қызметінің аталмыш нысаны оның ұтымдылығының негізгі алғашарты болып табылады. Тек мазмұны жағынан әр түрлі білімнің, біліктіліктің, тәжірибенің бірігуі, сан қилы мақсаттарды, мүдделер мен құндылықтарды, себеп-салдарларды жан-жакты ескерудің нәтижесінде ғана тиімді басқару шешімдерін немесе іс-әрекеттерін әзірлеп, жүзеге асыруға болады.
Басқару қызметінің жағдайы мен сапасын талдау және бағалау басқару стилін жетілдірудің келесі бағытын құрайды. Оның басты мақсаты — басқарылатын үрдістер жөнінде шындыққа жанасатын мәліметтер алу негізінде қабылданатын басқару шешімдері мен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің тиімділігін қамтамасыз ету.
Басқару қызметкерлерінің қоғаммен, әр түрлі ұйымдармен, топтармен, бірлестіктермен байланыстарын күшейтудің де баскару стилін жетілдіруде маңызы зор. Лауазымды тұлғалардың азаматтармен өзара байланыстар, қарым-қатынастар орнатуы арқылы басқару тікелей қабылданып, кездесу барысында алған әсер негізінде басқарудың мән-мағынасы айқындалады.
Басқару қызметкерлерінің саяси, басқару және құқыктық мәдениетін арттыру да басқару қызметінің стиліне өзінің әсерін тигізеді.
Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру тесттері
1.Жұмысшылардың қызметі бабы шегіне негізделетін жалға алу принципі, жұмысты бағалау көрсеткіштері, нақты басқарушылық тәртіп және иерархиямен сипатталатын ұйым құрылымы былай аталады:
A. Бюрократия;
B. Дебюрократизация;
C. Бюрократизм;
D. Анархия;
E. Автократия.
2.Қоғамның қажеттілігінен және бастапқа алдына қойылған мақсаттан басқарушылық аппараттың үзілу процессі - бұл:
A. Бюрократия;
B. Дебюрократизациялау;
C. Бюрократизм;
D. Анархия;
E. Бюрократизациялау.
3.Басқару билігі бар шенеуніктерден тұратын, арнайы аппараттар арқылы жүзеге асыратын басқару жүйесі - бұл:
A. Бюрократия;
B. Дебюрократизациялау;
C. Бюрократизм;
D. Анархия;
E. Бюрократизациялау.
4.Қоғамда бюрократияның қызмет сферасын және функциясын шектеу – бұл:
A. Бюрократия;
B. Дебюрократизациялау;
C. Бюрократизм;
D. Анархия;
E. Автократия.
5.Бюрократқа тән қылықтарын көрсетіңіз:
A. Компетентті болмау;
B. Қағазға көмілу;
C. Басқару және билік монополиясына ұмтылу;
D. Жеке бас протекционизмі;
E. Жоғарыдағының барлығы.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007
2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007
3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2008
3.Практикалық сабақтың құрылымы
1 Практикалық сабақтың тақырыбы №1 Мемлекеттік басақарудың теориялық астары
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1
Сабақтың мақсаты: Басқаружәне оның қоғамдағы рөлі, мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері, басқаруда қоғам мен табиғат заңдарын пайдалану мехнаизмдері, басқарудағы дамудың әлеуметтік экономикалық заңдарының механизмдерімен студенттерді таныстыру.
Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтар №1
1.Басқару ғылымының анықтамасы, обьектісі мен әдістері
2.Басқару ғылымы мектептерінің қалыптасуы мен айырмашылқтары
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007
2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007
3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2008
Практикалық сабақтың тақырыбы №2 Басқарудағы жүйелілік көзқарас, басқару функциялары мен құрылымы
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2
Сабақтың мақсаты: Басқаруда объективті заңдарды қолдану механизмі, басқарудың функциялары, оның құрылымы, мемлекеттік басқару принципін жүйелеу, мемлекеттік басқару принциптерінің түрлері және оларды қолданумен студенттерді таныстыру.
Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтары №2
1.«Мемлекеттік басқарудың жалпы басқарудан айырмашылығы»
2. Мемлекеттік басқарудағы принцип жүйесінің сызбасын жасау.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007
2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007
3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2008
Практикалық сабақтың тақырыбы №3 Мемлекеттік басқару үрдісінде мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуі
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырып бойынша студенттерге мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субьектісі ретінде, мемлекеттің негізгі сипаттамалары, қоғамдық функциялары мен мемлекеттік басқару түрлері, мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың әлеуметтік механизмі әкімшілік- мемлекеттік мекемелердегі бюрократия мен бюрократияшылдық туралы қарастырылады.
Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтар №3
1.Мемлекеттік басқарудағы өзара тәуелділік элементтерін талдау
2. «Мемлекеттің қоғаммен әрекеттесуіндегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі»
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007
2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007
3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2008
Практикалық сабақтың тақырыбы №4 Мемлекеттік басқару үрдісінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4
Сабақтың мақсаты: Студенттерге мемлекеттік саясатты жасақтау негіздері, мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысатын басқару органдары, мемлекеттік шешімдердің түрлері мен ннысандары, басқарушылық шешімдерді жасақтаудың әдістемелік негіздері және тиімділігін бағалау түсініктемелер ұсынылады.
Студенттің білімін бағалау сұрақтары №4
1.«Мемлекет және саясат»
2.Мемлекет саясаты және олардың реттеу құралдары қандай?
3. Мемлекеттік басқарудағы заңдылық мәні
4. ҚР сот билігі статусын анықтау
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007
2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007
3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2008
Практикалық сабақтың тақырыбы №5 Мемлекеттік билік пен мемлкеттік басқару: қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесу механизмі
Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5
Достарыңызбен бөлісу: |