32
бөлінді. Шағын кәсіпкерліктің республикалық ақпараттық-жәрмеңкелік
орталығында жеке сайт ашу және шағын кәсіпкерліктің сұрақтары бойынша
ақпараттық мәліметтер базасын кұру жұмыстары атқарылуда. Бұл жылдары
шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны 2001 жылы 116 пайызды және 2002 жылы 113
пайызды кұрады
2005 жылдың 12 мамырында өкіметтің №450 жарғылығына сәйкес 2005-
2007 жылдарға Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті
жедел дамытуына бағдарлама бекітілді, оның негізгі мақсаттары және
міндеттері институционалдық шарттарды жетілдіру есебінен Қазақстанның
бәсеке қабілеттілігін көтеруге бағытталынған, шағын және орта бизнестің
субъектілерінің іс-әрекеттерінің аясын максималды кеңейтуге және олардың
әрекеттерін жетілдіруге бағытталынған болып табылады.
Жаңа кәсіпкерлікті қалыптастыру қиын үрдістен өтіп нақты экономикалық
және әлеуметтік күшке айналуда, кәсіпкерліктің бұдан әрі дамуының екі негізгі
міндеті тұр. Ол біріншіден, әлемдік тәжірбиені ескере отырып, қажетті
ұйымдық экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету; екіншіден, Қазақстан
экономикасының басты тұлғалары ретінде кәсіпкерлердің, яғни іскер
адамдардың ерекше тобының пайда болуы. Осыған байланысты, бүгінгі
кәсіпкерлік теориясының бірінші кезектегі мәселесі – кәсіпкерлікті қолдау мен
реттеу.
Нарықтық экономикадағы сектордың негізгі бөлігі жеке меншік
кәсіпорындары мемлекеттің тиімді араласуын қажет етеді. Бұл туралы мысал,
өзінің «өркениетті синтез» үлгісінде (жаңа классикалық теория) У.Ростоу
көрсеткен. Бұл үлгі бойынша жеке меншік кәсіпкерлікті еркін нарықты
барынша жоғары пайдаланып, инициативаны мемлекет жағынан әкімшілік
және қаржылық қолдауымен үйлестірілуі керек. Мемлекет кәсіпкерлікті
барынша қолдауы және ынталандыруы тиіс. Ал экономикалық ғылым
кәсіпкерліктің ұйымдастыруы мен басқаруына ғылыми ұсыныстарымен көмек
беруі қажет.
Елімізде 90-шы жылдардың басында жекешелендіру үрдісінің белсенді
өтуі шағын кәсіпкерліктің пайда болуы және оның дамуы үшін база жасады.
Республикада шағын бизнестің дамуы экономиканы табысты реформалау
индикаторының бірі болып табылады. Кәсіпкерлік нарықтың дамуының
айырылмас атрибуты және экономикалық қатынастар субъектісі. Шағын
кәсіпкерлік экономикасы дамыған көптеген елдерде елеулі орын алады: шағын
бизнес үлесіне барлық жұмысбастылықтың 50-60%, жаңа жұмыс орнының 70-
80%, ал өнім өндіру және қызмет көрсетуден ЖІӨ жартысына жуығы жатады.
Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы күрделі қаржы салымының тез
қайтарымдылығы, өндірушілердің неғұрлым аймақтық нарыққа бағытталуы,
сұраныс өзгерісіне тез икемделуі, жұмысқа қамтудың өсуі. Міне, сондықтан да
Қазақстан Республикасының жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық
саясатының негізгі бағытының бірі - шағын кәсіпкерлікті дамыту.
33
«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы қаңтардың 31-і, №124-III
Қазақстан Республикасының заңында, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
мен дамыту былайша атап көрсетілген:
1) қаржылық қолдау көрсету;
2) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;
3) бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру;
4) бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру;
5) өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету сапасын
дамыту үшін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген объектілерді
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне Қазақстан Республикасының
үкіметі белгілеген тәртіппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда
шарт жасасқан кезден бастап бір жыл өткен соң өтеусіз беру жолымен жүзеге
асырылады.
Республикадағы тиімді нарықтық экономиканың дамуы үшін шағын
кәсіпкерліктің маңызы, оның құрылымды қалыптастырушы факторы ретіндегі
рөлімен анықталады және мына жағдайларды қамтамасыз етеді:
халықтың барынша жұмыспен қамтылуын;
бәсекелестік ортаның дамуын;
нарықтың тауарлар мен қызмет көрсету түрлерімен толығуы және халық
кәсіпшілігін қайта жаңарту;
жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайту;
ауылды, кіші және орташа қалаларды дамыту.
Жұмыстың осы бөлімінде жүргізілген талдау нәтижесінде мынандай
қорытынды жасауға болады:
-
кәсіпкерліктің
мәні
туралы
ғалым-зерттеушілердің
теориялық
көзқарастары, оның қалыптасуы мен даму эволюциясын сипаттайды;
-
кәсіпкерліктің қалыптасуы кезеңдермен талданып, әртүрлі ғылыми
көзқарастарға өзіндік пікір айтылып бағаланды;
-
Ресей және отандық ғалымдардың кәсіпкерлік, оның мәні, түрлері және
теориялары жөніндегі пікірлері қаралды;
-
Кәсіпкер - жаңа мүмкіншіліктерді іздеудің қозғаушы күші ретінде
болатыны көптеген зерттеушілер пікірімен мақұлданды.
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің мәні, жүйесі және қағидаттары
Кәсіпкерлік қызмет - бұл тұлғаның ерекше қабілеттілігін жүзеге асыру.
Мұның өзі өндіріс факторларын инновациялық тәуекел тәсілі негізінде ұтымды
біріктіріп, жалғастыру түрінде көрінеді. Кәсіпкер өндірісте жаңа техниканы
және технологияны пайдаланады, еңбекті жаңаша ұйымдастырады, басқаша
басқарады, мұның өзі өндірістік жеке шығындарды азайтуға мүмкіндік
туғызады және соның негізінде баға белгіленеді. Кәсіпкер маркетингтік
Достарыңызбен бөлісу: |