92
кездестіруі мүмкін? Олар мынадай: қаржылық қаражаттардың жетіспеуі, нақты
бизнес-жоспардың болмауы, заң білмеу және нарықтық жағдайлар.
Осыны ескере отырып, Еуропалық Қауымдастық барлық елдерінде белгілі
бір дәрежеде меншік ісі бар адамдарды ынталандыратын түрлі бағдарламалар
жүзеге асырылады. Оларға қаржылық, ақпараттық және кеңес берушілік көмек
көрсетіліп, оқыту ұйымдастырылады. Мысалы, Дания меншік іс ашуға
талаптары бар, бірақ жұмыссыз отырғандарға арналған бастаушы
кәсіпкерлердің Сызбасын өмірге енгізген. Мұндай адамдар меншік іспен
айналысу барысында өз жәрдемақыларының жартысын алып отырады,
максималды төлем мерзімі 3,5 жыл.
2. Субподрядтар. Сонымен қатар, тұтынушылар мен жабдықтаушылар
арасындағы неғұрлым тұрақты қатынастарды қалыптастыру қарқыны
байқалады. Олардың көбісі шағын кәсіпорындар. Субподряд осылайша ірі
фирмалардың технологиялық және коммерциялық «ноу-хауына» жол ашылған
шағын кәсіпорындарға тиімді. Жабдықтаушы
ретінде әрекет ете отырып, шағын
кәсіпорындар зор көлемдегі экономикалық дербестікке қол жеткізе отырып, өзі
өндіретін соңғы өнім өндірісін жақсарта алады.
Бірақ бұл салада да шағын кәсіпкерлік қатаң халықаралық бәсекелестік,
нарықтық коньюнектураның жағдайы және өзгеруі туралы толық ақпараттың
болмауы сияқты проблемалармен қақтығысады. Сәйкесінше осы саладағы
шағын бизнесті қолдаудың негізгі шаралары ақпараттандыру және кеңес
берумен байланысты.
3. Экспорт. Соңғы жылдары тиімді шекаралық сауда-саттық жолында
тұрған көптеген тосқауылдардың көбісі ЕҚ-да жойылды, бұл, әрине,
экспорттың кеңеюіне ықпал етеді. Осында туындайтын мәселелер
субподрядтық салада аталғандарға ұқсас.
Ұлыбританиядағы «Экспорттық инициатива» мемлекеттік қолдауды
жүзеге асырудың мысалы бола алады. Ол халықаралық саудадағы потенциалды
экспортерлердің қызығушылығын арттыруға және олардың көлемін арттыруға
бағдарланған. Экспорттық инициатива мыналарды қамтиды:
- жеке сектормен байланысты және тәжірибесі жоқ экспортерлерге
мамандардың кеңес берушілік қызметтерін ұсынатын сауда-саттық пен
өнеркәсіп бөлімі;
- «өзіндік көмек көрсетуді» қамтамасыз ететін ақпараттық орталық, яғни
фирма үшін нарықтарды іздеумен байланысты ақпараттық мүмкіндіктерді
ұсыну;
- фирмамен көрсетілген өнімдер және нарықтар бойынша экспорттық
ізденіс;
- өнімге сұраныс, жергілікті бәсекелік жағдай, маркетингтік зерттеу өткізу
жөнінде кеңес беру және ақпараттық қызметтерді ұсынатын анықтамалар
қызметі.
4. Қаржыландыру. Еуропалық Қауымдастық барлық елдері шағын және
орта бизнеске түрлі тетіктерді қолдана отырып, қаржыландыру көздерін табуға
қатысты мәселелерді шешуге көмектеседі. Кейбір мемлекеттер (Ұлыбритания,