91
Экономикалық қызметтестік және дамуды ұйымдастыру елдерінде барлық
фирмалардың 99% - бұл жұмыс орындарының қайнар көзі болып табылатын
(жұмысбастылықтың 40% - 80%) және ЖІӨ-нің 30%-70%-ын қамтамаыз ететін
шағын және орта кәсіпорындар. Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының 1552-
нен (1989-1993жж. аралықтары) немесе «Өнеркәсіптік субсидиялардың
бағдарламалары» ішінен 359 шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған.
Еуропалық Одақтың 12 елдерінде 1990 ж. 15,8 млн. ауылшаруашылықтық емес
жеке кәсіпорындар есептелген. Олардың 14,7 млн. микрокәсіпорындар болды, 1
млн-ға жуығы шағын кәсіпорындар, шамамен 70000 кәсіпорында 100-500
жұмыскерлер қызмет етсе, тек 13000 кәсіпорын 500-ден астам қызметкерлерге
ие болды. Микрокәсіпорындар үлесіне ауылшаруашылықтық сектордан тыс
жұмыспен қамтылғандардың 31,8%-ы тиесілі, шағын - 24,9% және орта - 15,1%.
Шағын бизнес көптеген елдердің экономикасындағы базалық негіздеме
болып табылады.
1993 жылы Еуропалық Қауымдастық жеке секторының шамамен 15,7
млн.кәсіпорындары шағын және орта бизнес кәсіпорындары ретінде қызмет
етті. Еуропалық Қауымдастық елдеріндегі бизнес үшін неғұрлым тиімділері
микрокәсіпорындар болып табылады (1-9 адам). Мұнда олар шамамен 14,5 млн.
1989-1992 жж. Аталмыш кәсіпорындардың айтарлықтай ұлғаю көзге түсті,
әсіресе шағын кәсіпкерлік есебінен. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары
Еуропалық Қауымдастық гүлденуіне айтарлықтай салым енгізе отырып, жұмыс
орындарының 70%-ын қамтамасыз етті.
Еуропалық Қауымдастық деңгейінде шағын бизнестің артушы рөлі
дамыған елдердің көбісінде мақсаттары төмендегілер болып табылатын арнайы
саясатты өңдеу қажеттілігі танылғанына әкелді:
- ұлттық шағын кәсіпорындардың халықаралық бәсекеқабілеттілігін
дамыту;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- шағын кәсіпорындардың экономикалық өсімі;
- шетел компаниялары мен инвестицияларын тарту;
- инновациялық
іс-әрекет;
- технология трансферті.
Еуропалық Қауымдастықтың көптеген мүше елдерінде шағын және орта
бизнеске қатысты саясат тұжырымдамасы федералды биліктің прерогативасы
болып табылады, ал нақты шаралар жергілікті биліктер деңгейінде жүзеге
асырылады.
Саясаттың жекелеген салалары бойынша Еуропалық Қауымдастық
елдеріндегі шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың жалпыланған
тәжірибесін келтірейік.
1. Шағын кәсіпорынды құру. Барлық айтылғандардан шағын кәсіпорындар
санын арттырып, саласын кеңейтуге мемлекеттің тікелей қызығушылық
танытуы туралы сөз қозғауға болады. Еуропалық Қауымдастықтағы білім алу
жүйесі мынадай: мұнда азаматтар кәсіпкер болу мүмкіндігі туралы тіпті мектеп
жасынан біле бастайды. Өз жолында бастаушы кәсіпкер қандай қиындықтарды