Республикасында



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет29/48
Дата10.11.2018
өлшемі1,49 Mb.
#18865
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48

 
71 
 
тұтынуындағы  міндетті  және  айырбасталмайтын  тағам.  Соңғы  жылдары 
республикамызда  сүт  өндірісі  тұрақтанып,  сүт  және  сүт  өнімдері  нарығының 
дамуы  байқалуда.  Оның  жыл  сайынғы  орташа  өсімі  4,9%  құрап  отыр.  Сүт 
өндірісі  жыл  сайын  өсіп  отырғанымен,  ол  ішкі  сұранысты  толық  қамтамасыз 
ете 
алмайды. 
Ішкі 
нарықтағы 
жетіспеушілік 
импорт 
есебінен 
қанағаттандырылып отыр. Елімізге әкелінетін сүт өнімдерінің импортының көп 
бөлігін  сыр,  қойытылған  сүт,  құрғақ  сүт,  сары  май  алады.  Ал  экспорт  көлемі 
жыл сайын кеміп келеді. Оның көлемі 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 
төрт еседей кеміген. Оның негізгі себептері ретінде ішкі нарықта құрғақ сүтті 
тұтыну көлемінің өсуі мен  отандық өнімдердің бағалық бәсеке қабілетсіздігін 
атап өтуге болады. Сонымен бірге, сүт өнімдерінің ішкі нарығын зерттей келе, 
сүт өндірісіне қатысты екі мәселені атап өту керек: шикі сүттің сапасы және сүт 
өндірісінің  маусымдылығы.  Бұл  сүт  өндірісінің  аз  көлемде  ұсақ 
шаруашылықтарда шоғырлануына,  сүтті  өңдеу  технологиясының  дамымауына 
байланысты. 
Республикамызда  ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  бағаларын  реттеу 
тетіктерінің  болмауына, сүт  және  сүт өнімдерінің ассортиментінің көптігі  мен 
өндірістің түрлі технологияларын қолдануға байланысты бір облыстың шегінде 
бағаның түрлі болуы орын алады: 1 л сүттің бағасы 60 теңге болуы немесе 250 
теңгеден  (ультрапастерленген)  артып  кетуі  де  мүмкін.  Ал  аймақтар  бойынша 
баға айырмашылығы өте күшті. Мысалы, 2009 жылдың наурыз айында 1 л шикі 
сүттің  нарықтық  бағасы  Ақтауда  165  тг,  Павлодарда  76  тг  болды;  1  л  қаймақ 
бағасы  Алматыда  700  тг,  Петропавлда  376  тг  болды,  яғни  айырмашылық  екі 
еседей.  
ҚР  бойынша  1л  сүт  бағасының  соңғы  5  жылдағы  деңгейі  туралы 
мәліметтерді  өңдеу  негізінде  сүт  бағасының  маусымдық  құбылуын 
сипаттайтын  келесідей  алынды:  ауытқу  амплитудасы  (R)  41,5тг;  орташа 
квадраттық  ауытқу  (

)  9,5тг;  құбылу  коэффициенті  (V)  16,8%,  демек  жеке 
айлардағы бағаның тренд бойынша есептелген теңестірілген баға айналасында 
құбылуы орта есеппен  алғанда 9,5 теңгені немесе 16,8%-ды құрайды. 
Баға  деңгейінің  құбылуына  маусымдық  ауытқулар  ғана  емес, 
экономикадағы  инфляциялық  үрдістер  де  әсер  етуі  мүмкін.  Жүргізілген 
есептеулер бойынша ҚР бойынша 1л сүттің орташа бөлшек сауда  бағасының 
динамикасы  келесідей  сызықтық  теңдеумен  сипатталады: 
ij
у

=36,137+0,672
ij
t

демек 2004-2008 жылдар аралығында сүт бағасы орта есеппен  ай сайын 0,672 
теңгеге  жоғарылап  отырған.  Сонымен  қатар,  2009  жылы  баға  деңгейінің 
алдыңғы  жылдармен  салыстырғанда  жоғары  қарқынмен  өсуі  байқалады.  Сол 
себепті 2009 жылғы нақты деңгей  мен сызықтық теңдеу арқылы теңестірілген 
деңгей арасындағы айырмашылық басқа жылдарға қарағанда айқын. 
Құбылыстардың  өзгерісіне  құбылыстың  даму  тенденциясы  да  әсер  етуіне 
байланысты,  динамика  қатарын  маусымдылықты  ескере  отырып  талдауда 
динамика  қатарын  үш  құрамдас  бөлікке:  трендке,  маусымдық  құбылулар 
есебінен  болған  ауытқу  мен  кездейсоқ  ауытқуға  бөле  отырып  талдау  қажет. 
Қазақстан  Республикасы  бойынша  2004-2009  жылдардағы  1л  сүт  бағасының 


 
72 
 
нақты  деңгейінің  орташадан  ауытқуында  тренд  үлесі  60,8%,  маусымдық 
құбылулардың  үлесі  31,6%  болса,  жалпы  ауытқуға  кездейсоқ  факторлардың 
әсері  үлкен  емес.  Демек,  сүт  өндірісінің  маусымдылығы  сүт  нарығындағы 
бағаның  динамикалық  ерекшеліктерін  анықтайтын  негізгі  фактордың  бірі 
болып санала алады.  
Сонымен, тәуекел жағдайында шешім қабылдау барысында кәсіпорынның 
максималды  табыс  алуға  деген  ынтасы  ғана  емес,  сонымен  қатар  оған  қол 
жеткізудің  кепілдендірілген  деңгейі  де  ескерілуі  тиіс.  Сол  себепті  жоспарлы 
шешімдердің  тиімділігін  бағалаудың  ең  ұтымды  критерийі  болып  – 
кепілдендірілген максималды күтілетін табыс санала алады.   
 
 
2.3 Кәсіпкерліктің 
іскерлік 
субъектілерінің 
этикалық 
және 
мәдениеттілік деңгейінің нәтижелігі   
 
 
Этика  проблемалары  туралы  адамдар  ұстанатын  айқындамалардың  сан 
қырлы  көптігі  біздің  моральдық  ережелерімізді  бұзатын  қарсы  қимылдардың 
болуынан  деп  түсіндіріледі.  Іскерлік  қимылдардың  меркантильдік  мүдделерін 
қолдайтын адамдар, егер бұл проблема болса, онда мұны қатал өзіндік бақылау 
жолымен  жақсырақ  шешуге  болады  деп  есептейді.  Бұл  айқындаманы  сы-
наушылар  адамдардың  қылықтарын  сырттан  реттеу  арқылы  шешуге  болады 
деп  есептейді.  Өкінішке  орай,  адам  тәртібін  реттеудің  тікелей  әдісіне  көшуге 
асыққандықпен қараған тәртіпке қатал өзіндік бақылау болуын сынағандар да, 
жақтаушыларда  жұмыс  орындағы  тәртіптің  дұрыс  болуы  сияқты  маңызды 
мәселені  көзден  таса  қалдырып  отыр.  Осының  салдарынан  бизнес  этикасы 
жөніндегі  кең  тараған  әдебиеттердің  көпшілігі  адам  үшін  пайдасыз  болып 
қалуда. 
Іскерлік өмірде орныққан  тәртіптерді сынаушылар  әрқилы  ситуацияларда 
қалай  дұрыс  әрекет  жасауға  болатыны  хақында  сұрақтар  беретін  көрінеді. 
Рольф  Нейдер  іскерлік  өңірдегі  тәртіптердің  сыналатыны  туралы  айта  келіп, 
сыншы  корпорацияны  тұрғылықты  тоқтатуға,  монополизмді  жоюға  өнімді 
сатпауға,  қызметшілерді  қорқынышты  қатерге  душар  етпеуге,  корпорацияда 
жұмыс  істейтін  саналы  адамдарға  зорлық  жасамауға  және  бүгінгі  адамдармен 
болашақ  ұрпақтардың  өмір  сүру  құкын  қорғауды  бастауға  шақырады  деп 
жазады. 
Нейдер  бүтіндей  барлық  корпорацияларда  адамдар  тәртібін  едәуір 
өзгертуге  шақырады.  Бұған  жету  құралы  оның  пікірі  бойынша,  іскерлік 
белсенділікке бақылау жасау жөніндегі шараларға адамдардын неғұрлым кең де 
белсенді қатысуы, сондай-ақ осындай бақылаудың тиімділігі көп болуына жету 
болмақ.  Алайда  Нейдердің  әдісі  нақты  ұйым  шеңберінде  қызмет  бабындағы 
міндеттерді  орындау  кезінде  әрқилы  жағдайларға  кезіккен  адамдар  алдында 
тұрған тікелей диллемаға (екі ұдайға) қатысы жоқ. Бұл адамдар өз ұйымының 


жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау