69
3) институционалдық тәуекел;
4) адам факторы тәуекелі;
5) қаржылық тәуекел;
6) мүліктік тәуекел;
7) келісім-шартты орындамау тәуекелі.
Аталып өткен тәуекел түрлері мен олардың көздерінің ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары үшін маңыздылығы олардың өндірістік бағытына байланысты
әртүрлі болғанымен, сүт-ет бағытындағы шаруашылықтар тәуекелдің ең
маңызды көзі ретінде өнім бағасын көрсетеді, себебі мал шаруашылығы
өнімдері нарығында бағаның маусымдық құбылуы айқын байқалады.
Мал шаруашылығы өнімдерінің бағаларының тұрақсыздығы сала
өнімдеріне сұраныс пен ұсыныстың икемсіздігімен, өндіріс көлемі мен бағаның
маусымдық сипатымен байланысты. Сұраныс пен ұсыныстың салыстырмалы
түрдегі елеусіз өзгерісінің өзі бағаның күрт өзгеруіне алып келеді. Мал
шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өндіріс циклының ұзақтығына
байланысты сұраныс пен ұсыныстың өзгерісіне, оның нәтижесінде туындайтын
баға құбылуына жылдам икемделе алмайды. Сонымен қатар, елімізде «өндіріс-
сату-өңдеу» үрдістерінің баға тізбегінде тауар өндіруші бағасы мен өңдеуші
кәсіпорындардың сатып алу бағасы, өнімді соңғы тұтынушы сатып алатын баға
арасында үлкен алшақтық байқалады. Мал шаруашылығының негізгі өнім
түрлерінің бөлшек саудадағы бағасы фермерлік бағадан орта есеппен алғанда
60%-ға жоғары болса, осындай алшақтық сүт өндірісінде 2 еседен астам.
Мұндай жағдай ең алдымен тауар қозғалысында сауда-делдалдық
құрылымдардың санының артықшылығымен, өнімді тасымалдау мен сақтауға
кететін шығындардың жоғары болуымен байланысты. Мұның барлығы соңғы
өнім бағасының жоғарылап, пайданың негізгі бөлігінің айналыс аясында қалып
коюына ықпал етеді, демек баға қалыптастыру жүйесі соңғы өнім бағасының
төмендеуіне ықпал етуге бағытталмаған. Сауда саласында бөлшек сауда
бағалары реттелмейді және олар бір сауда орнының өзінде елеулі ерекшеленеді.
Сонымен бірге, мал шаруашылығы өнімдерінің импорттық бағаларының
фермерлік бағадан төмен болуына орай, көтерме құрылымдар үшін импорттық
өніммен сауда жасаған тиімді. Осы жағдай Отандық мал шаруашылығы
өнімдерін өткізуде қиыншылықтар тудырып, нарықта импорттық өнімнің
үлесінің өсуіне өзіндік ықпалын тигізіп отыр.
Қазіргі күні елімізде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің табысын
қолдау мақсатында өсімдіктер мен малдарды қорғау шараларына, элиталы
тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға
мемлекеттік қолдау көрсетіледі, жанар-жағар май, тыңайтқыш алуға кеткен
шығындардың бір бөлігі мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі. Бірақ, қазіргі
уақытта ҚР Үкіметінің аграрлық өндірістің тәуекелділігін ескере отырып ауыл
шаруашылығы өндірісін кең көлемде бағалық қолдау саясаты жоқ.
Осындай жағдайда ауыл шаруашылығы нарығында тәуекелді басқарудың
мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылатын, тиімді және ауыл кәсіпкерлеріне
тәуекелді басқару үрдісін адекватты ұғынуға мүмкіндік беретін құралдарын
70
ұсыну мәселесі туындап отыр. Оған жауап ретінде - өнімді сату көлемін уақыт
бойынша оңтайландыруды атап өтуге болады. Себебі ауылшаруашылық
дақылдарының көбінің нарығына бағаның маусымдық құбылуы тән, өйткені
саладағы өндірістің өзі маусымдық сипатқа ие. Мұндай жағдайда
ауылшаруашылық кәсіпорнының табысын өнім бағасының динамикалық
ерекшеліктерін максималды ұтымды ескеретін нарықтық стратегиялар арқылы
барынша жоғарылатуға ұмтылу қажет. Ол үшін ауылшаруашылық дақылдары
нарығындағы баға тұрақсыздығын ескере отырып өнімді сақтау мен сату
саясатын оңтайландыру есебін шешу керек. Бұл мәселе бір қарағанда жеңіл
болып көрінгенімен, өте күрделі мәселе болып саналады. Себебі өнімді жинау
кезеңі аралығындағы уақытта өнім бағасы тұрақты болмайды, ол үнемі
құбылып тұрады. Ұзақ уақыт бойы сақтауға келетін астық, картоп, кейбір
көкөніс түрлері секілді ауыл шаруашылығы өнімдері үшін бұл есеп өнім
жиналғаннан кейінгі кезеңде дайын өнім қорын басқару есебі болып саналады.
Ал өнімі негізінен сақтауға келмейтін мал шаруашылығында өнімді өткізуді
басқару есебі өндірістің өзін уақыт бойынша жоспарлауға қатысты. Мал
шаруашылығы өнімдері нарығына тән осындай ерекшеліктерді ескере отырып,
жыл маусымдары бойынша сүт өндіру жоспарын оңтайландыруға бағытталған
әдістемелерде сүт өндіруді жоспарлаумен байланысты басқару шешімдерін
қабылдауда маңызды орынға ие екі негізгі фактор: сүт өнімдері нарығына тән
баға анықсыздығы мен кәсіпкердің шаруашылық (кәсіпкерлік) қызметте ауыл
шаруашылығы өнімдері мен ауыл шаруашылығы ресурстарының бағасының
анықсыздығына байланысты туындайтын тәуекелге қатынасы ескерілмеген.
Мал шаруашылығы саласының аталып өткен ерекшеліктері өнімді өткізу
саясатын оңтайландыру есебін шешуде тәуекелді есепке алудың сәйкес
әдістемелерін қолдануды көздейді.
Соңғы жылдары жүргізілген экономикалық реформалардың нәтижесінде
ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі өсу тенденциясына ие болып, мал
шаруашылығы саласында соңғы жылдары мал басы мен құс санының өсімі 3-
5%, мал шаруашылығы өнімдерін жеке түрлерін өндіру көлемінің өсімі 3-7%
құрады.
Дегенмен, саланың өндірістік, қаржылық көрсеткіштері жақсарғанымен,
ауыл шаруашылығы өзінің құлдырау алдындағы 1990-жылғы деңгейіне жете
алған жоқ, 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1990 жылдың
79,5% деңгейінде болса, бұл көрсеткіш өсімдік шаруашылығында 105,2%, ал
мал шаруашылығында 60,3% болды. Өндіріс көлемінің артуы мен ауыл
шаруашылығының
дамуының
тұрақтануына
қарамастан
ауыл
шаруашылығының жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) құрылымындағы үлесі 1990 жылғы
34%-дан 2009 жылы 6%-ға дейін кеміп отыр, оның себебі басқа салалардағы
экономикалық өсімнің аграрлық саладағы өсімнен жоғары болуына орай орын
алған экономикадағы құрылымдық өзгерістер.
Мал шаруашылығында сүт өндірісінің маңызы үлкен, біріншіден, 2009
жылғы ауыл шаруашылығы өндірісіндегі сүт өндірісінің үлесі 14,2%, ал мал
шаруашылығы өніміндегі үлесі 32,4% болса, екіншіден, сүт адамзаттың
Достарыңызбен бөлісу: |