66
Кесте 13-тің жалғасы
3
нөлдік
көрсеткіштермен
корпоративтiк табыс салығы мен
қосымша құн салығы бойынша
салық
есептілігін
тапсырған
кезде шот-фактураларды көшіріп
беру:
салық есептілігі мен нысандарының
айналымы мен шот-фактураларды
көшіріп
берудің
араларындағы
алшақтық 500 мың теңгеге дейін
болса, онда – 5 балл;
500 мың теңгеден 10 млн. теңгеге
дейін болса, онда – 10 балл;
10 млн. теңгеден артса, онда – 50
балл;
4
еңбекақы
төлеу
қорының
жылдық
жиынтық
табысқа
қатынасы:
0,1% кем болса, онда – 50 балл;
0,1%-тен 0,5% дейін болса, онда – 30
балл;
0,5%-тен астам 1% дейін болса, онда
– 10 балл;
5
салық төлеушілер активтерінің
жиынтық
жылдық
табысқа
қатынасы:
0,1% кем болса, онда – 50 балл;
0,1%-тен 0,5% дейін болса, онда – 30
балл;
0,5%-тен астам 1% дейін болса, онда
– 10 балл;
6
егер басшы немесе құрылтайшы
әрекет
етпейтін
салық
төлеушілердің,
жалған
кәсіпорындардың
және
сот
олардың тіркеуін заңсыз деп
таныған
кәсіпорындардың
сондай-ақ
сот
кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру ниетінсіз
мәмілелер
деп
таныған
кәсiпорынның басшысы және
(немесе) құрылтайшы болып
табылса:
егер
басшы
және
(немесе)
құрылтайшы әрекет етпейтін салық
төлеушілердің басшысы және (немесе)
құрылтайшысы болып табылса, онда –
10 балл;
егер
басшы
және
(немесе)
құрылтайшы тіркеуін заңсыз деп
таныған кәсіпорындардың басшысы
және (немесе) құрылтайшысы болып
табылса, онда – 20 балл;
егер
басшы
және
(немесе)
құрылтайшы сот кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыру ниетінсіз мәмілелер деп
таныған салық төлеушілердің және
жалған кәсіпорындардың басшысы
және (немесе) құрылтайшысы болып
табылса, онда – 30 балл.
Салық органдарында жылына 2
және (немесе) одан артық есептен
шығару және есепке қою (бiр
облыстағы есептен шығару және
басқаға есепке қою) – 30 балл.
67
Салық төлеушілерді тәуекел дәрежесіне тәуекелдiң әрбiр критерийлері
бойынша салық бақылауын жүзеге асыратын уәкiлеттi орган шектi мөлшері
болатын және белгілейтін тиiстi баллдар беріледі.
Тәуекелдер критерийлері бойынша баллдар барлық критерийлері бойынша
жалпы жиынтық қорытындысын айқындау үшін жинақталады.
Тәуекелдер
критерийлері
бойынша
жиынтық
қорытындысының
нәтижелерi
салық
төлеушілерді
тәуекелдердiң
дәрежесі
бойынша
дифференциациялау үшін қолданылады.
Салық
төлеушілерді
тәуекелдердiң
санаттары
бойынша
дифференциациялау былайша жүргізілді:
жоғары тәуекел дәрежесі – 100 (қоса алғанда) және одан астам балл;
орташа тәуекел дәрежесі – 50-ден (қоса алғанда) 100-ге дейін балл;
төмен тәуекел дәрежесі – 50 баллға дейін.
Тәуекелдердің жоғары (жоспарланған салық тексерулерінің жалпы
санынан 80%), орташа (15%) және төмен (5%) деңгей дәрежелеріне
жатқызылған салық төлеушілер салық тексерулерінің жоспарына енгізіледі.
Тәуекелдерді бағалау салық бақылауын жүзеге асыратын уәкiлеттi орган
жүзеге асырады.
Тәуекелдің бір тобы ішінде жоспарлы салық тексерулерін жүргізуге салық
төлеушілерді таңдап алу мынадай принциптер бойынша жүзеге асырылады:
тауарды (жұмысты, қызметтерді) өткізуден түскен табысы 1,0 млн. теңге
және одан астам;
берілген баллдардың барынша жоғары сомасы;
берілген баллдардың сомасы бірдей болған жағдайда, тексеру жүргізуге
жылдық жиынтық табысының мөлшері көп салық төлеуші таңдап алынады;
берілген баллдардың сомасы, сондай-ақ жылдық жиынтық табысының
мөлшері бірдей болған жағдайда, тексеру жүргізу жоспарына тексерілмеген
салық кезеңі барынша көп салық төлеуші таңдап алынады.
Салық тексерулерін жүргізуге мониторингке жататын ірі салық
төлеушілерді таңдап алу осындай тексерулер жүргізуге тиісті тәжірибесі бар
аудиторлар саны штатына сүйене отырып, өңірлер қимасында мынадай
өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:
тексерулер 4 жылдан және одан артық жүргізілмеген салық кезеңі;
егер жекелеген өңірде таңдау нәтижесiнде ірі салық төлеушілердің
айтарлықтай саны тексеруге жататын болған жағдайда, тексерулер жүргізу
үшін басымдық жылдық жиынтық табысының мөлшері ең жоғарысына берілуі
тиіс.
Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің (АӨК) дамуының ерекше шарттары,
аграрлық нарықтың ырықсыздануының артуы шаруашылық қызметінің
экономикалық тиімділігі мен тұрақтылығының ішкі және сыртқы факторларын
жүйелік талдау негізінде өндірістік-экономикалық қызметтің тәуекелді ескере
отырып дайындалған ұтымды стратегияларын қалыптастыру мен талдау
құралдарын дайындауды талап етеді.
68
Өнімділіктің тұрақсыздығы және өндірістік ресурстар нарығындағы,
әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдері нарығындағы бағаның тұрақсыздығы,
сонымен бірге кәсіпорындардың қаржы ресурстарының құрылымының оңтайлы
болмауы мен олардың жағдайының аграрлық саясаттағы өзгерістерге
тәуелділігі – аграрлық саладағы тәуекелдің неғұрлым маңызды көздері болып
саналады. Тәуекелді бағаламау мен оны төмендету тәсілдерін дұрыс қолданбау
кәсіпкерлікті күрделі қаржылық мәселелерге алып келетінін тәжірибе көрсетіп
отыр. Ел Президентінің Қазақстан халқына 2010 жылғы жолдауында да АӨК
туралы айрықша айтылып, оның дамуы арқасында еліміз үшін аса маңызды екі
міндет – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экспортты
әртараптандыру міндетін жүзеге асыру қарастырылған. Сол себепті ауыл
шаруашылығы мен тұтастай сала кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін
жоғарылату мен тұрақты дамытуда тәуекелді талдау мен оған қарсы тұру
әдістерін жетілдіру үлкен маңызға ие.
Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығында тәуекелді
басқару үшін түрлі стратегиялар қолданылуы мүмкін, атап айтсақ: салаларды
үйлестіру, өндірісті түрлі табиғи-экономикалық аудандарда орналастыру,
жергілікті табиғи-экономикалық жағдайларға бейімделген технологияларды
қолдану, сақтандыру, несиелендіру, ауыл шаруашылығы өндірісінен тыс табыс
көздерін іздестіру. Отандық экономикалық ғылымда тәуекелді төмендетудің
аталып өткен стратегияларының әрқайсысын қолданудың теориялық және
қолданбалы аспектілері жөнінде зерттеулер аз емес. АӨК экономикасында
нарықтық қатынастардың дамуына байланысты ауылшаруашылығы өндірісінің
экономикалық тиімділігін арттыруда тағы да бір маңызды стратегия – өнім
өндірісі мен оны сату көлемін тәуекелді ескере отырып уақыт бойынша
оңтайлы бөлу ерекше орынға ие болып отыр. Бұл аграрлық нарықтағы
бағалардың динамикасының ерекшелігі, бірінші кезекте, олардың маусымдық
сипаты тек тәуекелдің көзі ғана емес, өнімді сату саясатын шебер басқарған
жағдайда өндірістің экономикалық тиімділігін жоғары деңгейде ұстаудың көзі
де бола алатындығымен түсіндіріледі.
Бірақ, қазіргі күні аграрлық экономикада жиі орын алатын тәуекел мен
анықсыздық факторларын есепке ала отырып, осы мәселенің теориялық және
қолданбалы аспектілерін жан-жақты және терең зерттеулердің тапшылығы
айқын сезіледі. Ауыл шаруашылығы өндірісі мен АӨК нарығының өзіндік
ерекшеліктері осындай зерттеулер жүргізіп, өндірілген өнімнің сатылатын
көлемі мен сату уақытын оңтайландыру бойынша тиісті әдістемелер
дайындауға кеңінен мүмкіндік береді.
Анықсыздық – шаруашылықты жүргізудің ажырамас сипаттамасы
болуына байланысты, тәуекел – кез-келген шаруашылық шешімін қабылдаудың
объективті элементі болып саналады. Шаруашылық тәуекелінің ауыл
шаруашылығы өндірісіне тән келесідей түрлері мен көздерін бөліп көрсетуге
болады:
1) өндірістік тәуекел;
2) бағалық немесе нарықтық тәуекел;
Достарыңызбен бөлісу: |