61
берілген [16]. Тәуекелділік шаруашылық шешімнің элементі ретінде, оған
мынандай анықтама беруге болады - бұл нарықтық қатынастың кез-келген
субъектісі қызметінің ситуациялық сипаты. Өйткені, кәсіпкерлік іс нәтижесі
бұл жағдайда анықталмаған, өз іс әрекетінің нәтижесі жағымды немесе
жағымсыз, пайдалы немесе зиянды болуы ықтимал. Сондықтан да кәсіпкер
өзінің нақты экономикалық шаруашылық қызметінде қажетті нәтижені алу
немесе ала алмау мүмкіндігінің дәрежесін еске алуы қажет.
Неғұрлым тәуекелділік деңгейі төмен болса, соғұрлым жоғары. Пайда алу
мүмкіндігі төмен. Сондықтанда кәсіпкерлік қызмет субъектілер міндеті -
тәуекелділік теориясына сәйкес, - тәуекелділікті ең төменгі деңгейге жеткізбей,
қабылданатын шешім мен тәуекелділік деңгейі және нәтижесінің пайдалылығы
арасындағы қатынастың ең жоғарғы деңгейін табу [17].
Тәуекелділік кез-келген экономикалық қызмет түрлерінде кездеседі,
сондықтан да олардың түрлері аса көп және күрделі. Оның негізгілеріне
мыналарды атауға болады: өндірістік, қаржылық, инвестициялық және
нарықтық.
Өндірістік тәуекелділік - өндірістік қызметтің кез-келген түрін жүргізетін
өндіріс және өнімді өткізумен байланысты. Тәуекелділіктің бұл түрі өндіріс
және өнімді өткізу көлеміне материалдық және еңбек шығындарының
өзгерісіне, баға өзгерісіне байланысты. Өндірістік тәуекелділіктің құрамы:
- шаруашылық келісімінің орындалмай қалуы қауіпсіздігіне тәуекелділік;
- нарық
конъюнктурасының
өзгерісіне,
бәсекелестіктің
күшеюі
қауіптілігіне
тәуекелділік жасау;
- ойламаған шығындардың болуына тәуекелділік жасау;
- кәсіпорынды жоғалту мүмкіндігіне тәуекелділік.
Шаруашылық келісімінің орындалмауының себебі серіктестерінің төлем
қабілеттілігінің болмауынан туындайды. Ал, нарық конъюнктурасының өзгеруі
және бәсекелестіктің шиелене түсу себебі маркетингтік саясаттың жетілмеуінен
болуы мүмкін. Өнім өткізу нарығын дұрыс таңдай алмауы, бәсекелестер
жөніндегі ақпараттардың дұрыс болмауы, құпия ақпараттардың қолды
болуынан болады. Сонымен қатар қазіргі дағдарыс жағдайында ресурстарға
бағаның өсуі ойланбаған, жобаланбаған шығындарды тудырады. Ресурстар
нарығының конъюнктураларын жобалау және талдау арқылы мұндай
тәуекелділік түрлерінен келетін зиян шегуді азайтуға тіптен жоюға да болады.
Кәсіпорынның өз мүлкін жоғалту себебі әртүрлі апаттық жағдайлардан
болады: жер сілкінуі, су тасқынынан өрттен және т.б. ұрлықтан, өндіріс
апатынан т.б. Бұдан сақтану жолдары: мүлікті сақтандыру (өрттен, апаттан т.б.)
Қаржы саласындағы тәуекелділік - осы салада субъектілер кәсіпкерлік іс
жүргізгенде немесе қаржы келісім жасағанда валюта- ақша операцияларының
шектеулі болуынан да болуы мүмкін.
Инвестициялық тәуекелділіктің
болу себебі өзінің және алынған бағалы
қағаздардың құнсыздануынан болады [18]. Сонымен кәсіпкерлік қызмет
субъектілері тәуекел жасау тән. Бірақта, сол іске тәуекел жасағанда, ол негізге
сүйенуі керек. Ойланбаған шығындардың кездесуі мүмкін, әңгіме оны