"Шығу
парағы"
|
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
Ұнады/ ұнамады
|
Сұрақтар
ым
|
Пікір ім
|
Тілектерім
|
Өз жұмысыма
деген көзқарас
|
Өзіме
|
Мұғалімге
|
Басқа оқушыға
|
Өзіме
|
Мұғалімге
|
Басқа оқушыға
|
Мен қалайша жұмыс жасадым?
|
Өз жұмысыма көңілім тола ма?
|
Сəтті шыққан
əрекетім қандай болды?
|
|
|
|
|
|
|
|
Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жеткенін білу үшін оқушылар өзін- өзі бағалауды үйрену керек. Ол үшін өзін- өзі бағалау жəне бірін- бірі бағалау парақтарын, өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.
Жеке кездесу
Оқушылардың көбісі мұғалімнің ол жайлы не ойлатынына үлкен мəн береді. Одан басқа олар кері байланыстағы ескертулерді өзінің жеке тұлғасына бағытталған ескертулермен шатастырады. Бұл мəселені шешу үшін оқушыны жеке кездесуге шақырып, сенімді қарым-қатынасқа түсіп, оның жұмысына жазылған пікірлерді көрсету жəне қызықты мəселені шешу.Оқытушының жеке кездесудегі басты міндеті болып оқушының білім сапасын жақсарту жəне ұсыныс беру. Жеке кездесулер оқушымен диалог құрастыруға көмектеседі, яғни оқудағы прогресстің жоғарлауына əкеледі.
«Сенің көбірек оқуың керек!», «Сен өте жақсы жазғансың!», «Жақсы жұмыс» əдетте, мұғалімдер өз оқушыларының еңбектерін қолдау немесе қолдамау мақсатында осындай сөздерді жиі қолданады. Бірақ мұндай кері байланыс оқушыға берілетін шекті баға іспеттес жəне оқушылардың оқуға деген ынтасына кері əсерін тигізуі мүмкін. Сондай-ақ дəстүрлі таңбалық бағалау белгілері 2,3,4,5– оқушылардың нені жақсы істеп, қай жағын жақсарту қажеттігін анықтауға көп көмегін тигізе қоймайды. Керісінше, бұл жалпы оқушылардың біліміне бағытталады да, жеке оқушының қызығушылығын тудырып, оның ынтасын арттыруға бағытталмайды.
Блэк жəне Уильям (1998) «айыптаушы» (бұрынғы дəстүрлі) кері байланысты нақты, сипаттамалық жəне сол мезетте жасалатын кері байланысқа ауыстырудың тиімділігіне назар аударуды ұсынады. Егер мақсат
–оқушының ынтасы мен табысты оқуына бағытталса, табысты
(продуктивный) кері байланыс оқушыларға нені жақсы істегенін, олардың қабілеттерін көрсетіп, сол қабілеттерін одан əрі қалай шыңдауға болатынын көрсетуге бағытталады. Кейбір оқушыларға мұндай кері байланыстың жазбаша жасалғаны тиімдірек, себебі олар оны оқып шығып, ой елегінен өткізуіне мүмкіндік алады. Ал кейбір оқушылар, керісінше, өздерінің нені жақсы орындағандарын мұғалімнің ауызша кері байланысынан көргісі келеді [17].
«Оқушыларға сипаттамалық кері байланыс ұсыну өздерінің қай деңгейде екендігін жəне оны реттеп, түзетуге мүмкіндік береді» [18,19].
Мұғалімнің табысты кері байланысы оқушылардың түсінуіндегі арнайы мағыналар бойынша дұрыс немесе бұрыс жауапты басып айтпай, сипаттап беруі болып табылады. Оқушылар сондай-ақ мұғалімнің сипаттамалық кері байланысымен немесе үлгі жұмыстармен өз жұмыстарын салыстыра алады. Оқушыларға сипаттамалық кері байланыс анық, түсінікті жəне сындарлы тілмен берілуі тиіс. Оқушының жіберген қателері мен кемшілігін тек көрсетіп қойғанға қарағанда, оқудың тиімді жақтары туралы кері байланыс оқушыларды тұтас оқу үдерісі кезінде əлдеқайда табыстырақ оқуға бағыттайды. Мұны одан да табыстырақ етудің тағы бір жолы – белгілі бір уақытта бір бағытты ғана жақсартып отыру.
Достарыңызбен бөлісу: |