Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет90/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   219

192 

 

үрдістерін  айқындау  –  кезек  күттірмейтін  мәселе.  Сонымен,  Қазақстандағы 



этномәдени білім беру идеяларының, теориясы мен практикасының қалыптасуы 

мен даму тарихын зерделеу кӛкейкестілігі арта түсуде [2].  

«Этномәдени  білім  беру»  ұғымын  біз  қалыптасқан  ғылыми  кӛзқарастан 

кеңірек  қарап,  бұл  мәселеленің  ауқымы  халық  педагогикасы  құндылықтарын, 

этнопедагогика,  этнопсихология,  этномәдениеттану  ғылымдарының  мазмұнын 

қамтитынын  ескердік.  Зерттеу  жұмысында  «этномәдениет»,  «этномәдени 

білім»,  «этномәдени  білім  беру»  терминдерін  қолдану,  біздіңше,  Қазақстанда 

ұлттық-мәдени  білім  беру  ісінің  қалыптасуы  мен  даму  кезеңдерін  анықтауға 

мүмкіндік  береді  әрі  қазіргі  күнгі  толерантты  жаңа  ғылыми  және  этносаяси 

бағыттарға сәйкес келеді. 

Біз этностық мәдениетті ел тарихында ғасырлар бойы халқымыздың еркін 

және  ерікті  шығармашылығы  процесінде  жасалған  ұлттық  рухани  және 

материалдық  құндылықтар  ретінде  қарастырамыз.  Этностық-мәдени  білім  – 

осы  ұлттық  құндылықтарымызды,  түркі  әлемінің  ортақ  мәдени  мұраларын, 

қазақстандық этностар мен этностық топтардың рухани-адамгершілік әлеуетін, 

жалпыадамзаттық  құндылықтарды  бойына  сіңірген  ұлттық  қазына.  Этностық-

мәдени  білім  беруді  осы  баға  жетпес  байлықты  сақтаушы,  дамытушы  және 

келесі  ұрпаққа  жеткізуші  бірден  бір  құрал  деп  есептейміз.  Осы  тұрғыдан 

келгенде,  тақырыбымызға  қатысты  мәселелер  бірқатар  зерттелгенін  атап  ӛту 

керек.  


ХІХғ.-ХХғ.  басында  ұлттық  білім  беру  проблемалары  Ы.Алтынсарин, 

А.Байтұрсынов,  С.И.Гессен,  М.Жұмабаев,    Н.И.Ильминский,  П.Ф.Каптерев, 

В.В.Розанов, 

К.Д.Ушинский, 

Ш.Уәлиханов 

және 


т.б. 

еңбектерінде 

қарастырылды. 

ХХ-ХХІ  ғ.ғ.  педагогикалық  теория  мен  практикада  этнопедагогика 

ғылымы қанат жайып, этномәдени білім беру қайта жаңғыртылып, дамытылды. 

Бұл М.В.Богуславский, Л.Н.Беленчук, Қ.Бӛлеев, Г.Н.Волков, Р.Қ.Дюсембинова, 

Ш.И.Джанзакова, 

Б.А.Жетпісбаева, 

С.Т.Иманбаева, 

С.Қалиев, 

К.Ж.Қожахметова, 

Ш.М.Мұхтарова, 

Ж.Ж.Наурызбай, 

Ә.Қ.Нұрғалиева, 

Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, В.К.Шаповалов және т.б. зерттеулерінде  кеңінен 

кӛрініс тапты. 

Қазақстанда  оқушыларға  этномәдени  білім  берудің  қалыптасуы  мен 

дамуын  сӛз  етпес  бұрын,  «этнос»,  «мәдениет»,  «этномәдениет»,  «білім  беру 

мазмұны»,  «ұлт»,  «ұлттық  құндылықтар»,  «салт-дәстүрлер»,  «этникалық 

сәйкестілік»  және  т.б.  терминдердің  ұғымдық  деңгейлерін,  қолданылу  аясын 

анықтап алу қажет. 

«Этнос» термині байырғы грек тілінде сӛз орайына қарай «үйір», «топ», 

«тайпа»,  «халық»  мағынасында  қолданылған,  ғылыми  әдебиетте  XVIII 

ғасырдан  бергі  кезеңде  кӛріне  бастады.  Алғашқы  кезде  ғалым-зерттеушілер 

«этнос»  сӛзін  «тайпа»,  «ұлт»,  тіптен,  «нәсіл»  мағынасында  қолданды. 

Әсіресе,«этникалық»  деп  келетін  туынды  сӛздің  мән-мағынасы  XIX  ғасырдың 

соңына  дейінгі  ғылыми  еңбектерде  бір  ізге  түсе  қойған  жоқ.  ХХ  ғасырдың 

екінші жартысында әр салалы этнологиялық зерттеулер «этнос» сӛзінің аясын 




193 

 

едәуір  кеңейтті.  Атап  айтқанда,  этностардың  тарихи  типологиясы 



(С.А.Токарев),  этникалық  сана-сезім  (М.Г.Левин),  этностың  биологиялық 

даралығы  (Л.Н.Гумилев),  этностың  ерекшелігі  (Н.Н.Чебоксаров),  этнос 

мүшелерінің эндогамиялық тектестігі (Ю.В.Бромлей), этностың аумақтық және 

экономикалық  байланысы  (В.И.Козлов),  этносаралық,  синхронды  және 

диахронды  байланыстардың  маңызы  (С.А.Арутюнов),  этносаралық  кірігу 

немесе ассимиляция (В.К.Гарданов, И.С.Гурвич) т.б. тақырып ӛрістері «этнос» 

сӛзінің мән-мағынасын анағұрлым тереңдетті[2].  

«Этнос»  сӛзінің  қазіргі  ғылыми  айналымдағы  мән-мағынасын  былайша 

тұжырымдауға  болады:  бір  мекенде  тарихи  ӛсіп-ӛнген,  ортақ  және  орныққан 

тілі,  мәдениеті,  психикасы  бар,  сондай-ақ  ӛздерінің  әрі  біртұтастығын,  әрі 

ӛзгелерден  ерекшелігін  сезінетін,  сана-сезімі  қалыптасқан,  ӛзіндік  атауға 

(этноним) ие адамдар қауымын «этнос» дейді. 



«Мәдениет»  терминінің  де  ғылыми  еңбектерде  анықтамасы  алуан  түрлі. 

Әсіресе,  мәдениеттің  жергілікті,  аймақтық,  ұлттық  және  халықаралық  аядағы 

мәні  мен  болмысы  туралы  пікірлер  сан  сала.  Тек  қана  ағылшын  тіліндегі 

әдебиеттерде  50-ші  жылдардың  бас  кезінде  «мәдениетке»  160-тан  астам 

анықтама беріліпті. Ал жалпы, батысеуропалық әдебиеттерде мәдениеттің 250-

ден  астам  анықтамасы  бар  екені  айтылады.  Мәдениет  терминінің  кӛп  мәнді, 

алуан  мағыналы  екені  сонша,  жарық  жалған,  кең  дүние  деңгейіндегі 

ұғымдардан  бастап,  тұлғаның  тал  бойындағы  қасиетіне  дейін  қамтитын  алуан 

түрлі  тұжырымдарды  білдіреді.  Мәдениет  адамзат  әрекетінің  құралы,  адам 

қолынан  шыққан  нәрсе  сияқты  қарапайым  пікірлерден  бастап,  қоғамдағы 

адамның қоршаған ортаға бейімделуі тудырған биологиядан тыс құралдар мен 

механизмдер  жиынтығы  деп  анықтайтын  таза  абстракциялық  тұжырымдар 

мәнінде де кеңінен қолданылып жүр. 

Мәдениет  ұғымына  берілген  анықтамалар  мен  пікірлердің  кӛптігіне 

қарамастан, барлығына тән ұқсастықтары оның мазмұнының сабақтастығынан, 

оның  құндылықтары  ұрпақтан  ұрпаққа  ауысып,  жалғасып  жатқандығынан, 

тұрақтылығынан кӛрінеді.  

Сӛйтіп,  мәдениетке  адамдардың  бірлесе  ғылыми,  моральдық-әлеуметтік, 

кӛркем  және  техникалық  құндылықтар  жасаудағы  қарым-қатынастар 

жиынтығы  деген  тұжырымды  құптауға  болады.  Мәдениеттің  мәні  адамның 

дербес еңбегіне байланысты туындайтын дүние деп санаймыз.  

Этникалық  мәдениет  –  мәдениеттің  базасы  және  құрамдас  бӛлігі,  ол 

белгілі бір қызмет атқарады және ӛзіне тән мазмұндық компоненттері бар.  

Этникалық  мәдениет  тарихи  қалыптасқан  іс-әрекет  тәсілі,  соның 

нәтижесінде түрлі халықтардың ӛздерін қоршаған табиғат пен әлеуметтік орта 

жағдайына бейімделуін қамтамасыз етеді. 

Этномәдени білім берудің құрылымдық бӛліктеріне мыналарды жатады: 

• 

ӛзінің тӛл мәдениетін саналы, сыни тұрғыдан игеру; 



• 

этномэдени дәстүрлерді танып-білу; 

        •  тұлғаның  этномәдени  сабақтастығының  траекториясы  мен  оны 

мәдениетаралык диалогка дайындау жағдайы. 




жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау