Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет72/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   219

156 

 

профессионалды тұрғыда ӛзін-ӛзі бағалауын дамытуға болады, яғни жай ғана 



«атап қою» дәрежесінде қалып қоймай, ӛзін жетілдіру сатысына кӛтерілу.  

 

Профессионалдық  жағынан  ӛзін-ӛзі  жетілдіруде  (мамандыққа  қатысты 

кӛзқарасы  жағымды  ма  әлде  теріс  пе)  студент  пен  оқытушының  ара 

қатынасының  маңызы  болады,  біріншіден,  ӛзін-ӛзі  ашып,  әрбір  қатысушының 

ӛзін-ӛзі  жетілдіруі;  екіншіден,  студент  болған  жағдайды  қабылдауы,  басқа 

адамдармен  жақсы  қарым-қатынас  орнату,  бағалау;    үшіншіден,  ортақ 

қызығушылықтары  бар  жағымды  атмосфераны  сезіне  білу.                              Ал  ең 

бастысы - әрбір студенттің «мен»-ін қалыптастыру болып табылады.  

Демек,  кәсіби  жетілдіруді  кешенді  процесс  ретінде,  бір-бірімен  тығыз 

байланыстағы  прогрессивті  ӛзгерістерді  тұлғалық,  заттық,  функционалдық, 

әлеуметтік,  субъектінің  кәсіби  қызметіндегі  компоненттердің  жиынтығы  деп 

қарастырған  дұрыс.  Біздің  ойымызша  Ж.Пиаженің  ұсынған  жеке  тұлғаның 

жаңа  жағдайда  немесе  іс-әрекеттің  түрлерінде  ӛзін-ӛзі  анықтау  механизмінің 

біртұтасты  туралы  пайымдауларының  мазмұнын  ашады.    Ғалым  ӛзін-ӛзі 

анықтау  процесінің  тепе-теңдігін  бір-біріне  қарама-қарсы  екі  процесті 

қарастырады  (ассимиляция  және  аккомодация).  Бұлар  органикалық  ӛмірдің  

жалпы даму заңдылықтарын баланың іс-әрекетіндегі танымның дамуы ретінде 

қарастырады.  

Ассимиляция  (лат.  assimilation  –  ұқсас,  сіңісу,  сіңу)  –  индивидттің  іс-

әрекетіндегі  схемаға  жаңа  проблемалық  ситуациялардағы  жаңа  объектіні 

кіріктіру процесі. 

Аккомодация – жаңа міндеттердің талаптарына сәйкес схеманың ӛзгеруі. 

Ж.Пиаже:  «Жеке  тұлға  ойлауы  құрылымының  ӛзі  әлеуметтік  ортаға 

тәуелді. Қай кезде жеке тұлға тек ӛзі үшін ойласа, эгоцентрлік тұрғыда ойласа, 

бұл  сәбиге  тән  жағдай,  оның  ойы  оның  қиялының,  жеке  тұлғасының,  оның 

тілегінің үкімінде болады. Осы кезде баланың тиімді ойлауында мүлдем бӛлек 

бірқатар ерекшеліктер байқалады.  

 Жеке  тұлға  –  белгілі  бір  әлеуметтік  орта  тарапынан  жүйелі  әсерді 

сезгенде  (мысалы:  ересектер  мәртебесін  сезінген  бала),  оның  ойы  арнайы 

сыртқы  ережелерге  сәйкес  құрылады.  Жеке  тұлғалардың  бірлесе  отырып, 

серіктесуі  арқылы  ақылдың  теориялық  және  тәжірибелік  екі  аспектісін 

құрайтын ойлауға қатысты тәртіпті хабарлайтын осы серіктестіктің ережесі де 

дамиды.  

Ж.Пиаженің  бұл  идеясынан,  бала  ойлауының  дамуын  анықтайтын  күш 

ретіндегі  нақты  да  анық  маңызды  әлеуметтік  фактордың  маңызын  байқауға 

болады.  Сондықтан    Ж.Пиаже  теориясында  бала  ойлауы  дамуына  әлеуметтік 

және  биологиялық  фактордық  қандай  да  бір  қатысының  барлығы.  Ж.Пиаже 

теориясындағы  осы  мәселенің  маңыздысы  –  биологиялық  пен  әлеуметтіктің 

арасындағы айырмашылық. Биологиялық – баланың психологиялық түп негізін 

құрайтын, алғашқы, бастапқы сияқты ойланады. Әлеуметтік – балаға тән және 

баланың ішкі табиғатына сай ойлау тәсілдерін итермелеуші, балаға қатысы жоқ 

күшті  қыспақтау  арқылы  әрекет  жасайды,  баланың  ойлау  тәсіліне  сәйкес 




157 

 

келмейтін,  оған  сырттан  жабысатын  ойлау  нұсқасымен  ауыстыру  арқылы 



әрекет жасайды. Осыған байланысты Ж.Пиаже ӛзінің жаңа схемасында үшінші 

бӛлік – қыспақтау кӛмегімен екі шеткі пункт – эгоцентризм мен серіктестіктің 

ӛзара    байланыстылығына  тоқталады.  Яғни,  әлеуметтік  ортаның  бала  ойлауы 

дамуын  бағыттайды.  Нәтижесінде,  сыртқы  орта  жеке  тұлғаға  қатысты  сыртқы 

ретінде, осы жеке тұлғаға қысымдық білдіруші және ӛз құштарлығын шектеп, 

ӛзгертіп және айналмалы жолмен бағыттаушы ретінде қарастырылады [1: 69].  

Қорыта  келгенде,  Ж.Пиаже  бойынша,  субъект  үнемі  қоршаған  ортамен 

ӛзара  әрекеттесуде  болады;  оған  бейнелеудің  функционалды  белсенділігі  тән, 

оның  кӛмегімен  субъект  ӛзіне  әсер  етуші  ортаны  құрылымдайды.  Белсенділік 

әрекеттерден  байқалады,  олардың  арасында  әр  түрлі  ӛзгертулер,  объектілерді 

түрлендіру  (орын  алмастыру,  комбинациялау,  жою  т.б.)  және  құрылымдар 

жасау  жетекші  болып  табылады.    Ж.Пиаже,  объект  пен  субъект  арасында 

қашанда, субъектінің алдыңғы ӛзара әрекеттесуі, алдыңғы реакциясы контексте 

жүретін ӛзара әрекеттесу бар екеніне қатысты болатындығын ӛз зерттеулерінде 

дәлелдеген. 

Оқуды  оқушылардың  білімді  меңгеруі,  оларды  ӛз  бетінше  игеру 

тәсілдеріне байланысты белсенді іс-әрекет ретінде қарастырған дұрыс. Белсенді 

оқуды  жүзеге  асыру,  оқушылардың  ӛзін-ӛзі  тексеру,  бағалау  ептілігін,  яғни 

ӛзін-ӛзі бақылау және ӛзін-ӛзі бағалау әрекетін орындауды талап етеді.  

Оқушылардың  ӛзін-ӛзі  бақылау  және  ӛзін-ӛзі  бағалауды  жүзеге  асыруы 

оқу әрекетін табысты орындау үшін қажет.  

Психологияда ӛзін-ӛзі бақылаудың үш түрін ажыратады. 

1. 

Қорытынды  -  жұмыстың  нәтижесі  бойынша.  Мысалы,  оқушы 



жұмысты  орындайды  және  оны  үлгідегі  нәтижемен  салыстырады  (жауабы 

кітапта, үлгісі тақтада). 

2. 

 Қадамдық,  операциялық  -  жұмыстың  барысы  бойынша.  Мысалы, 



оқушы  жұмысты  орындайды  және  оны  орындау  процесінде  (ӛзі  немесе 

мұғалімнің сұрағына) ӛзінің не істеп отырғанын, тапсырманы қандай тәсілмен 

орындайтынын  айта  алады.  Ӛзін-ӛзі  бақылаудың  осы  тәсілі  толық  пісіп-

жетілген  болып  табылады,  ӛйткені  оқушының  жұмысты  аяқтауына  дейінгі 

қатені жеңуіне, жұмысты түзетуіне мүмкіндік береді. 

3. 


 Болжамды,  перспективалы,  жоспарлаушы,  озып  шығушы  - 

жұмыстың  басталуы  алдында.  Ол  оқушының  (ӛзі  немесе  мұғалімнің  ӛтініші 

бойынша)  жұмысты  қандай  кезеңдерден  тұратынын  анықтай  алуынан  тұрады. 

Ӛзін-ӛзі бақылаудың бұл түрі ӛз оқу жұмысын реттеудің ең күрделі түрі болып 

табылады,  ол  қатені  ескертуге,  оқу  жұмысын  толығымен  жоспарлауға 

мүмкіндік береді.  

Егер  ӛзін-ӛзі  бақылау  -  оқушының  жұмыс  кезеңдерін  және  олардың 

бірізділігін  бӛлу  болса,  онда  ӛзін-ӛзі  бағалау  -  бұл  оқушының  ӛзінің  осы 

кезеңдерді  меңгеру  ӛлшемін  (қиындықпен,  жеңілдікпен)  бағалау.  Ӛзін-ӛзі 

бағалаудың  сан  түрлері  ажыратылады.  Бұл  ӛзекті  мәселе  -  барлық  жұмысқа 

қатысты («бұл жұмысты орындау маған қиын») немесе дифференциалды - оның 

жекелеген кезеңдеріне, бӛлімдеріне қатысты («маған жұмыстың бірінші кезеңін 




жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау