Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет49/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   219

110 

 

жоғары ұрпақтың бойына дарыту - мектеп міндеті. 



Егемен  еліміздің  келешегі  –  кемел  білім  мен  ұлағатты  тәрбиеге 

байланысты.  Сондықтан  мектеп  ұжымы  алдында  атқарылар  міндеттер 

анықталды: 

- мектептің жалпы құрылымын жаңарту; 

- мектеп басқару жүйесін ӛзгерту; 

- оқу, тәрбие үрдісін демократияландыру, ізгілендіру; 

- білім мазмұны мен оны оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім 

сапасын арттыру; 

-  ұжымда  ғылыми  ізденіске,  зерттеу  жұмыстарына  жағдай  жасау, 

педагогикалық ынтымақтастықты нығайту. 

Осы міндеттер негізінде анықталған мектептің негізгі мақсаттары ұлттық 

зиялы  қауымды  қалыптастыру,  логикалық  шығармашылықпен    ойлауға 

қабілетті, ұлттық сана-сезімі жоғары, білімге құштар мектеп  түлегін дайындау. 

Мектеп  философиясы:  ӛз  ұлттық  тамырынан  жалпы  адамзаттық  құндылыққа 

ұмтылу, саясаты – бала дарындылығын анықтап, қолдау және дамыту. Мектеп 

дамуының    мақсатты  бағдарламасы  мемлекеттік  тілдің  дамуын  ұрпақтар 

сабақтастығын,  ұлттық  нақышта  ӛмірге  енуін  қамтиды.  Әрине,  бүгінгі  таңда 

даму  – уақыттың ең басты талабы. Дамудың басыңқы бағыттарын есте сақтай 

отырып, мына бір сәттерді ұмытуға болмайды: 

-  ұлттық  мектептің  қазақстандық  ӛз  даму  үлгісін  таңдауы,  ӛйткені  кӛп 

қырлы ӛзгеріс кезінде білімнің дамуы – қиын іс; 

- білімді – баланың даму жолына түсуі үшін беру; 

-  мектеп  әлеуметтік  –  педагогикалық  ашық  жүйе  ретінде  қоғам  арқылы 

қалыптасады; 

Қоғамда  жүргізіліп  жатқан  ӛзгерістер  білім  сапасы  мен  мұғалім 

шеберлігін  жетілдіруді  талап  етеді.  ―Білім  Заңын‖  іске  асыруда  білім 

стандартын терең меңгерген, дайын мұғалім қай мектепте болсын кӛп кездесе 

бермейді.  Ондай  мұғалімнің  қалыптасуын,  шеберлігінің  шыңдалуын  –  мектеп 

басшылығы иығымен кӛтеріп, жағдай жасап шешетін мәселе. 

Білім  берудегі  басты  мәселе  –  сапа  десек,  оны  басқару  жүйелікті 

айқындайды.  Ал  жалпы  мамандардың  пікірі  бойынша  мұғалімдер  – 

басқарудағы күрделі объект болып табылады. Инновациялық жаңалықтың енуі 

тӛменнен  басталып,  бақылау  ӛзін-ӛзі  бақылауға  айналса  ғана  соңғы  нәтиже 

жоғары болмақ. Біз ұстанған негізгі айқындаушы ұстаным – осы. 

Қазіргі  уақытта  мектеп  тек  жаңалық  енгізу  арқылы,  яғни  инновацияны 

еркін  меңгеру  арқылы  ізденіс,  талпыныста  болғанда  ғана  дамиды.  Мектептің 

ғылыми  әдістемелік  жұмысы  ӛзгермелі  қоғамдағы  мектептерге  ортақ 

ӛзгерістерге  орай  жаңаша  кӛзқарас  талап  етеді,  әдістемелік  жұмыстың 

мазмұнын  жаңарту,  ғылыми  негізде  ұйымдастыру  қазақстандық  әр  мектепке 

қойылар талап. 

Әдістемелік жұмыс субъектісі  – мұғалім, ӛз әрекетін, шығармашылығын 

жасаушы. Оның кәсіптік деңгейі мен жауапкершілігіне оқушы білімінің сапасы 

ғана емес, мектеп жұмысының соңғы нәтижесі тәуелді. Мектептегі әдістемелік 



111 

 

қызмет, білім беру процесін ғылыми негізде басқаруға бағытталған. 



Дамыту кеңістігін жасауда негізгі екі  ӛзекті мәселе шешілді: 

1.  Мазмұн мәселесі (оның жүйелігі, ұйымдастырылуы, нақты мӛлшері); 

2.  Оқытушы мен оқушының ӛзара әрекет технологиясы – мәселесінің ең  

негізгі механизмі. 

Оқу мазмұны мен технологияның бірлігі оқушының  ӛзін-ӛзі дамытудағы 

ең  негізгі  бӛлігі  болып  есептеледі.  Дамыта  оқыту  мазмұнын  екі  түрлі 

ұйымдастыру кеңістігінде қарастыруға болады: 

1.  Әртүрлі жүйедегі заңдардың атқаратын қызметін түсіндіріп, оқытуды  

қамтамасыз ету; 

2.  Күнделікті ӛмір талабына сай әрекет етуге үйрету. 

Сондықтан  әдістемелік  қызметтің  мақсаты:  мұғалімнің  ғылыми 

әдістемелік  ойлау  шығармашылығын  қалыптастыру.  Мұғалімнің  кәсіби 

дамуына,  ӛзін-ӛзі  дамытуына  жағдай  жасай  отырып,  олардың  жеке 

ерекшеліктерін ескереді: 

- педагогтің білімге қажеттілігін қанағаттандыру; 

- білім стандартымен жұмыс жасау; 

- деңгейлік тексеру жұмыстарын жүйелеу; 

- қорытынды бақылау жұмыстарының  әртүрлілігі; 

-  жаңа  технологияны  мектеп  ӛміріне  енгізу  проблемалары,  халықаралық 

бағдарламаларды меңгеру; 

- дарынды балалармен жұмыстағы жүйелік; 

- тӛл оқулықтарды байқаудан ӛткізу; 

-  мемлекеттік  және  аймақтық  даму  бағдарламасының  іске  асуын 

қамтамасыз ету. 

Әр  жетістік  үлкен  еңбек  пен  ізденістің  нәтижесі,  сондықтан  да  педагог 

шеберлігін және мұғалімдерді ынталандыру жүйесін қалыптастырған жӛн. 

Мұғалім  шығармашылығы,  ізденімпаздығы  шындыққа  қалай  жетудің 

жолын  үйретіп  әдістеменің  әр  түрін  пайдалану  арқылы  шыңға  жетеді. 

Педагогикалық  еңбек  үнемі  шығармашылық  ізденісті  психологиялық, 

дидактикалық жағынан ӛз деңгейін жетілдіруді талап етеді.  

Ғылыми  ауқымды  білім  беру  тәжірибесін  қалыптастырып,  оқушының 

ғылыми  жұмысына  жетекшілік  ету,  ӛзі  зерттеуші  болуы  керек.  Ол  үшін 

мектепте  оқу-танымдық,  ғылыми  ізденушілік  қызметін  жандандыру 

мақсатында  ғылыми  қоғам  құрып,  жұмыс  істеуі  шарт,  оқушыларды  ғылыми-

кӛпшілік  журналдармен, әдебиетпен жұмыс істеуге үйрету. 

Ю.К.Бабанскийдің 

кӛзқарасы 

бойынша 


оқытудың 

тиімділігі 

тәрбиеленушінің  оқытылуы,  білім  мазмұны,  мұғалімнің  педагогикалық 

шеберлігі  –  осылардың  ӛзара  байланысынан  келіп  туындайды.  Л.В.Занков, 

И.И.Давыдов,  Д.Е.Элькониннің  кӛзқарастары  бойынша  да  баланы  тәрбиелеу 

мен  дамыту  оқытудың  әдіс-тәсілі,  жабдықталуы  жағдайына  ғана  емес, 

мұғалімнің жеке басына: 

- білім; 

- біліктілігі; 



жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау