Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер


ЕМU (метрмен) Құрамдары үшін есептілік тежеу жолдары



жүктеу 2,24 Mb.
бет6/12
Дата15.05.2018
өлшемі2,24 Mb.
#13629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ЕМU (метрмен) Құрамдары үшін есептілік тежеу жолдары

Тежеудің бастапқы жылдам

дығы

Мыңбірлік ішіндегі көтерілу

Алаңша

Мыңбірлік ішіндегі түсу

40

30

20

10

10

20

30

40

80

218

226

229

254

297

318

339

396

429

75

197

206

210

230

267

285

304

351

381

70

176

185

190

205

236

251

269

306

332

65

155

164

171

181

205

195

223

252

270

60

134

143

151

156

174

183

199

216

234

55

114

122

131

136

152

160

174

188

207

50

94

101

110

115

129

136

148

160

179

45

74

80

89

95

107

113

122

132

151

40

54

59

68

74

84

89

96

104

123

35

39

41

44

46

56

59

65

72

96

30

32

34

37

39

42

48

53

60

69

25

20

21

23

26

30

35

38

44

51

20

7

8

9

12

18

21

23

28

32


2 кесте

Шұғыл тежеген кезде есептелген тежеу жолдарының ұзындығы (метрмен)

Тежеудің бастапқы жылдам

дығы

Мыңбірлік ішіндегі көтерілу

Алаңша

Мыңбірлік ішіндегі түсу

40

30

20

10

10

20

30

40

80

218

226

229

254

297

318

339

396

429

75

197

206

210

230

267

285

304

351

381

70

176

185

190

205

236

251

269

306

332

65

155

164

171

181

205

195

223

252

270

60

134

143

151

156

174

183

199

216

234

55

114

122

131

136

152

160

174

188

207

50

94

101

110

115

129

136

148

160

179

45

74

80

89

95

107

113

122

132

151

40

54

59

68

74

84

89

96

104

123

35

39

41

44

46

56

59

65

72

96

30

32

34

37

39

42

48

53

60

69

25

20

21

23

26

30

35

38

44

51

20

7

8

9

12

18

21

23

28

32


Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу
215. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулықтары бар жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға және пойыздарда жүруге жіберілмейді.

Жылжымалы құрамның техникалық жағдайына, күтіп ұсталу тәртібіне, жөндеу түрлері мен техникалық қызмет көрсетулерге қойылатын талаптар Метрополитен басшылығы бекіткен тиісті жөндеу Ережесімен және Нұсқаулықтармен, ал жөндеу арасындағы мерзімдері мен жүрiс мөлшері жылжымалы құрамның техникалық шарттарына сәйкес белгіленеді.

216. Орындалған техникалық қызмет көрсету мен жөндеу сапасына және жылжымалы құрамның қауіпсіз қозғалуына тікелей техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізген жұмыскерлер, шеберлер және тиісті бөлімше басшылары жауапты болады.
Электржылжымалы құрамға

техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу тәртібі
217. Электржылжымалы құрамның техникалық жағдайын оның машинистері (локомотивті бригадалармен), техникалық қызмет көрсету орындарының жұмыскерлері және жөндеу бригадалары мерзімді түрде тексеруі, сондай-ақ электродепо және жылжымалы құрам қызметінің басшылары мерзімді түрде бақылауы тиіс. Техникалық қызмет көрсету кезінде тексеруге жататындар:


  1. түйіндер мен бөлшектердің күйі және тозуы, олардың белгіленген өлшемдерге сәйкестігі;

  2. тежегіш құрал-жабдықтың, автотежегіш құрылғысының АТР/АТО құрылғыларының, бақылау, өлшеу, сигнал беру аспаптары мен қауіпсіздік аспаптарының, автобақылау әрекеттерінің жарамдылығын;

218. Төменде көрсетілген ақаулықтардың ең болмағанда біреуі бар жылжымалы құрамды пайдалануға шығарылмайды:

  1. пневматикалық, электрлі, тұрақталған немесе қол тежегішінің ақаулылығы;

  2. автотіркегіш құрылғыларының ақаулылығы;

  3. сигнал беру аспаптарының, жылдамдық өлшегіштің ақаулылығы;

  4. автотоқтау құрылғысының ақаулылығы;

  5. АТР/АТО пойыз құрылғысының ақаулылығы;

  6. пойыздық радиобайланыстың, жоғары дауысты хабарландырғыштың, «жолаушы-машинис» шұғыл байланысының ақаулылығы.

Арбаша қаңқасында және (Метрополитен басшылығы бекіткен тізім бойынша) қауіпсіздік аспаптарының пломбылары жоқ вагон асты жабдығының басқа да бөлшектерінде жарығы бар немесе сынған, сондай-ақ пайдалануға беруге жарамды деп танылып, тексергенге дейін рельстен шыққан немесе қақтығысқан электржылжымалы құрамды пайдалануға болмайды.

219. Электржылжымалы құрамды желіге техникалық тексеруден (жөндеуден) өтпейінше және арнаулы журналда дайындығы туралы жазбасы болмайынша пайдаланылмайды.

220. Электржылжымалы құрамдағы электрлік қорғаныс құралдары, ауа резервуары, манометрлер мен пневматикалық аспаптар белгіленген мерзімдерде куәландырудан және тексеруден өткізілуі тиіс. Манометрлер, сақтандырғыш клапандар, әмбебаб автоматты ажыратқыш және Метрополитен басшылығы бекіткен тізім бойынша басқа қауіпсіздік аспаптары пломбылануы тиіс.

221. Электрпойыздар өрт сөндіру құралдарымен, құрал-сайман жиынтығымен және Метрополитен басқармасы бекіткен ереже бойынша басқа да саймандармен жабдықталуы тиіс.

222. Машинис және машинис көмекшісі (локомотивті бригада) электрпойызға мына жағдайда қызмет көрсетулері тиіс:


  1. пойызда АТР/АТО құрылғылары болмаған кезде;

  2. АТР/АТО пойыздық құрылғылары жұмыс істемеген кезде;

  3. пойызды басты емес кабинадан басқарғанда.

Бекет жолдарында жылжымалы құрам басты кабинадан басқарылған жағдайда машиниске көмекшісіз маневрлік қозғалыс жасауға рұқсат беріледі.

Бекет жолдарындағы басты емес кабинадан басқарылатын маневрлік қозғалысты локомотивтік бригада жасайды.

Машинистің пойызға және маневрлік құрамға машинис көмекшісінсіз қызмет көрсету тәртібін Метрополитен басқармасы бекітеді.

223. Машиниске жұмыс күйіндегі электржылжымалы құрамды оған қызмет көрсету ережелерін және оны қалай тоқтатуды білетін қызметкердің бақылауынсыз қалдырмауы керек. Машинистің жолға шығуын талап ететін жұмысты атқаруы үшін (құрамды қарау, көмекші пойызын қарсы алу және т.б.), тік тұратын немесе қол тежегішімен жол пішініне байланысты тежеу санымен құрам вагондарын тежеп, құрамның жүріп кетуін тексергеннен кейін электржылжымалы құрамды қалдыруға рұқсат беріледі. Қажетті жағдайда машинистің өтініші бойынша түйісу рельсіндегі кернеуді алуға болады.

224. Ақауланған құрамның депоға жеткізілуі лауазымды тұлғалар басшылығымен және алып жүруімен жүргізілуі тиіс. Жылжымалы құрамды алып жүруді талап ететін ақаулықтардың тізімін және алып жүруші лауазымды тұлғалардың тізімін Метрополитен басқармасы бекітеді.

225. Күрделі, орта немесе көтергіш жөндеуден шыққан вагондар тексеріліп, жаттықтыруға арналған желілер мен жолдарда сынақтан өтіп, электржылжымалы құрамды қабылдаушымен қабылдануы тиіс.


Бөлінген пункттер
226. Резервтік автоблоктау жұмысы кезінде пойыздар қозғалысы бағдаршамдары бар бекеттер болып табылатын, ал RF - СВТС жүйесінде сигнал берудің негізгі құралы, қорғаныс блок учаскелерінің шекаралары ретінде пайдаланатын бөлінген пункттерді межелеу арқылы жүргізіледі.

227. Бекеттің шектерін құрайтындар:



  1. жолаушы платформасында орналасқан автоматтық әрекеттегі кіру және шығу бағдаршамдары, егер оның алды мен артында жартылай автоматтық әрекеттегі бағдаршамдар орналаспаған болса, жолаушы платформасында орналасқан кіру бағдаршамы жоқ кезде - жолаушы платформасының шет жағы;

  2. жолаушы платформасынан неғұрлым алыстап кеткен жартылай автоматтық әрекеттегі кіру бағдаршамы;

  3. жартылай автоматтық әрекеттегі шығу бағдаршамы, ал оның артында бағыттағыш бұрмасы бар болғанда - соңғы шығу бағыттағыш бұрмасының ортасынан 180 м қашықтықтан асырмай орнатылған «Бекет шекарасы» сигналдық белгісі;

  4. парктік жолдардан бас жолға немесе жалғастырушы тармақша жолдарына шығуды қоршайтын жартылай автоматтық әрекеттегі шығу бағдаршамы.

Бекет шекаралары бекеттің техникалық – жарлық актілерінде көрсетіледі.

228. Әрбір бөлім бекетінің атауы немесе нөмірі болуы тиіс.

Атаулар жолаушылар ғимаратындағы жерүсті вестибюлінің алдыңғы бетінде немесе вестибюльге көше жағындағы өткелден кіре берісте, ал жол қабырғаларда - жолаушылар платформасының бойында орналастырылуы тиіс.

229. Метрополитен жолдары аралықтардағы басты, бекеттік (соның ішінде бекет ішіндегі бастысы) және арнаулы мақсаттағы жолдар болып бөлінеді.

Басқа қызметтер мен ұйымдардың жүргізуіне берілгендерінен басқа бекет шекараларының шегіндегі барлық жолдар бекет бастығының иеленуінде болады.

230. Бекеттерде әр жолдың, бағыттамалы бұрманың және бағыттамалық постының, ал аралықтарда әр басты жолдың нөмірі болуы тиіс. Бір бекеттің шегінде орналасқан жолдарға, бағыттамалық бұрмаларға және бағыттамалық посттарға бірдей нөмірлер беруге тыйым салынады.

Жолдарды және бағыттамалы бұрмаларды нөмірлеу тәртібін Метрополитен басшылығы бекітеді.


Бекеттің техниқалық жұмысын ұйымдастыру
231. Бекеттің техникалық құралдарын пайдалану тәртібі пойыздардың қауіпсіз және кедергісіз қабылдануын, жөнелтілуін және бекет арқылы жүріп өтуін, сонымен қатар маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін реттейтін техникалық - жарлық актісімен белгіленеді.

Техникалық- жарлық актімен белгіленген тәртіп талаптарын метрополитеннің барлық бөлімше жұмысшылары міндетті түрде орындауы тиіс.

232. Бекеттің техникалық- жарлық актісі Пойыздар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі ережелерге, нұсқаулыққа сәйкес құрылып, қозғалыс қызметінің бастығымен бекітіледі.

Техникалық- жарлық актісінің түрі мен оны құру жөніндегі нұсқаулықты, сонымен қатар оның қосымшаларының тізбесін Метрополитен басшылығы өңдеп бекітеді.

Бекеттің техникалық- жарлық актілері және оның қосымшалары бекеттің жол дамуын, ПҚАТ құрылғысын, байланысын қайта құрған кезде, сондай-ақ пойыздарды қабылдап, жөнелту немесе маневрлік жұмыс жүргізу тәртібі өзгергенде, қайта құрылуы немесе өзгертілуі тиіс.

Техникалық-жарлық актінің бірінші данасы және оның қосымшасы орталықтандыру постында, ал бекет бастығы бекіткен бекеттегі техникалық жұмыстың жергілікті ерекшеліктері және жол дамуының жоспары қосылып берілген техникалық- жарлық актіден алынған үзінді көшірмелер- электродеподағы желілік пункт бойынша кезекшілердің, мотовоз депосы шеберінің бөлмелерінде және қозғалыс қызметі бастығының нұсқауымен басқа жерлерде болуы тиіс.

233. Бағыттамалардың, сигналдардың және бағыттардың өзара тәуелділігінің кестесі және электрлік орталықтандыру құрылғыларын пайдалану тәртібі туралы жергілікті нұсқаулықтар сигнал беру және байланыс қызметімен құрылып, қозғалыс қызметінің бастығымен, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизормен келісіледі және метрополитеннің бірінші басшысымен бекітіледі.
Бағыттамалық бұрмаларды пайдалану
234. Бағыттамалардың жағдайы қозғалыс бағытымен анықталады және негізінен түзу жолдағы қозғалыс үшін – плюс (қалыпты) және бағыттамалық бұру ауытқуы бар қозғалыс үшін - минус (ауыстырмалы) белгілерімен көрсетіледі.

Басты жолда орналасқан бағыттамалар басты жолға апаратын қозғалыс үшін қалпында, ал сақтандырғыш тұйық жолдарға апаратын бағыттамалар– осы жолдар бағытында болуы тиіс.

Белгіленген бағыттар жоқ кезде басқа да орталықтандырылған бағыттамалар плюс немесе минус жағдайында болуы мүмкін.

Бағыттамалардың, сигналдардың және бағыттардың өзара тәуелділік кестесінде бағыттағы орталықтандырылған бағыттамалардың және күзет бағыттамаларының қалпы көрсетіледі.

Бағыттамалардың плюс қалпы орталықтандырылған бағыттаманың электржетек корпусында және бағыттамаларды плюс қалпына ауыстыруда үшкірдің қозғалыс бағытын көрсететін белгісімен көрсетіледі.

Бағыттамалар басқа қалпына төмендегі жағдайларда ауыстырылуы мүмкін:

пойыздарды қабылдау және жөнелту үшін бағыттар әзірлеген кезде;

маневрлік жұмыстар кезінде;

бекеттік жолдардағы кедергілерді және жұмыстар жүргізілетін орындарды қоршау қажет болғанда;

бағыттағыштарды тазартқанда, тексергенде және жөндегенде.



235. Бағыттамаларды және сигналдарды басқаратын әрбір пост өзі басқаратын бағыттамалар мен сигналдардың ауыстырылуына, сигналдарды басқаруға және қозғалыс қауіпсіздігі үшін жауапты болып келетін тек бір ғана қызметкердің жүргізуінде болуы тиіс:

1) орталықтандыру посты – бекет кезекшісінің жүргізуінде;

2) диспетчерлік орталықтандыру посты – пойыз диспетчерінің жүргізуінде;

3) бекеттік орталықтандыру посты – бекет бойынша кезекшінің жүргізуінде;

236. Орталықтандырылған бағыттамаға қызмет көрсетуші жұмыскер оны ауыстыру алдында АЖО мониторы бойынша немесе жекелей өзі, ал қажетті жағдайда жұмыскерлердің біреуі арқылы: бекет бастығы, бағыттамалық посты кезекшісі, орталықтандыру постының операторы, бекет кезекшісі (орталықтандыру постының кезекшісі), пойыздарды қабылдау және жөнелту бойынша кезекші, ПҚАТ электрмеханигі, жол шебері бағыттамалық бұрмада жылжымалы құрамның жоқ екендігіне көз жеткізуі тиіс.

237. Орталықтандырылған бағыттамамен басқаруға көшу алдында олардың ауыстыруын және құлыптануын бекет кезекшісінің (орталықтандыру постының кезекшісінің) өкімімен дәл осы бағыттамаларды ауыстыру қалпына жауапты болып келетін тек бір ғана жұмыскер: бекет бастығы, стрелкалық пост кезекшісі, орталықтандыру постының операторы, бекет кезекшісі (орталықтандыру постының кезекшісі), пойыздарды қабылдау және жөнелту бойынша кезекші немесе метрополитеннің бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған басқа жұмыскер іске асырады.

Аталған бұйрық жеке түрде немесе тоннельдік байланыс немесе радиобайланыс телефоны арқылы, ал аталған байланыс түрлері ақауланған немесе болмаған кезде бағыттамалық байланыс бойынша беріледі.

238. Орталықтандырылған бағыттамалардың электржетегінің кілттері (курбелдері) қозғалыс қызметінің кезекші жұмыскерінің бөлмесінде пломбыланған жәшікте сақталуы тиіс.

239. Аспалы құлыппен жабылатын бағыттамалардың тізімі бекеттің техникалық- жарлық актісімен белгіленеді

240. Бағыттамаларды ауыстыру туралы бұйрықты қабылдаған жұмыскер оны қайталап ауызша айтуы тиіс. Бұйрықты қабылдаған жұмыскер оның орындалғаны туралы бұйрықты берген тұлғаға дереу баяндауы тиіс.

241. Бағыттамалық бұрмалар, басқа қызметтер мен ұйымдардың жүргізуіне берілгендерінен басқасы, бекет бастығының қарауына тапсырылған. Жол дистансасының бастығы бағыттамалық нұсқағыштардың таза және жарамды күйде күтіп ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті, ал бекет бастығы бақылау жүргізуі тиіс.

242. Бағыттамалық бұрмалардың, айқаспалы жолдағы тұйық қиылыстардың жөнделуі мен ағымдағы жарамды күйде күтіп ұсталуын жол дистансасы, ал бағыттамалық бұрмалардағы СОБ құрылғысының жөнделуі мен жарамды күйде күтіп ұсталуын – сигнал беру дистансасы орындайды.


жүктеу 2,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау