Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер



жүктеу 2,24 Mb.
бет3/12
Дата15.05.2018
өлшемі2,24 Mb.
#13629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Автоматтандыру, белгі беру және

байланыс құрылыстары мен құрылғылары
69. Сигналдар қозғалыс қауіпсіздігін, сондай-ақ пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыстарды нақты ұйымдастыру үшін қызмет етеді.

Сигнал бұйрық болып табылады және сөзсіз орындалуы тиіс. Метрополитен қызметкерлері сигнал талабын орындау үшін мүмкіндік беретін барлық құралдарды пайдалануы тиіс.

70. Пойыз қозғалысына қатысты сигнал беруде төмендегідей негізгі сигналдық түстер қолданылады:

1) жасыл – белгіленген жылдамдықпен қозғалысты рұқсат ететін;

2) сары – қозғалуға рұқсат беретін және жылдамдықты азайтуды талап ететін;

3) көк – RF-CBTC жүйесімен жұмыс істеген кезде құрам машинисіне бағыттың дайын екендігі жөнінде көрсетеді және автожүргізу режимінде оның басып өтуін талап етеді, көк сигнал резервтік автоблоктау жұмысы кезінде қолданылмайды;

4) қызыл – тоқтауды талап ететін;

71. Маневрлік жұмыстар кезіндегі сигнал беруде келесі түстер қолданылады:

1) айдай-ақ – маневрлерді жүргізуге рұқсат етуші;

2) қызыл – тоқтауды талап ететін;

72. Автожүргізу режимінде (RF-СВТС) құрам қозғалысын бақылау мен басқару машиниске ұсынылатын ақпараттың MMI интерфейстің көмегімен жүзеге асырылады.

73. Машинистің интерфейс дисплейінде - MMI келесідей ақпарат бейнеленеді:

1) құрам қозғалысының бекітілген жылдамдығы;

2) құрам қозғалысының нақты жылдамдығы;

3) ағымдағы, келесі және соңғы бекеттің атауы;

4) АТР/АТО (құрамның автожүргізуі) жүйелерінің жағдайы;

5) сымсыз желінің болуы/болмауы;

6) нысаналық тежеу нүктесінде құрамның болуы;

7) жолдың алдында жатқан бос емес немесе қоршауда қалған учаскесіне дейін арақашықтықты индикациялау.

Резервтік автоблоктау – ABS жұмысы кезінде, қозғалысты автоматты және жартылай автоматты іс-әрекеттегі бағдаршамдардың көрсеткіштері бойынша машинис жүргізеді

74. Қызыл шамы бар бағдаршамнан, түсініксіз көрсеткішімен жүріп өтуге резервтік автоблоктау бойынша пойыздар қозғалысын жүзеге асырған кезде сөнген жарықтарымен бағдаршам) тыйым салынады.

Сигналдар басқа сигнал аспаптарымен түсініксіз берілгенде тоқтау талап етіледі.

Ерекше жағдайларда бағдаршамның тыйым салушы көрсеткішінен жүріп өтуге (қызыл шам, сөнген шам, түсініксіз көрсеткіш), бұзылған MMI кезінде жүруге осы Ережеде және Пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықта бекітілген тәртіпке сәйкес тоқтаудан кейін рұқсат беріледі.

Қоршау бағдаршамдарының тыйым салушы көрсеткіші кезіндегі қозғалыс тәртібі метрополитеннің бірінші басшысы бекіткен нұсқаулыққа сәйкес бекітіледі.

75. Метрополитенде Сигнал беру жөніндегі нұсқаулықпен қарастырылған сигналдар ғана қолданылуы керек.

Метрополитенде қолданылатын сигналдық аспаптардың түрлері Метрополитен басқармасының келісімі бойынша СОБ құрылғыларын жобалау бойынша мамандандырылған ұйымдармен орнатылады. Сигналдық шынылар мен линзалардың, жарықдиодты сигналдық жүйелер түсі бекітілген стандарттарға сәйкес келуі тиіс.

76. Тұрақты түрде сигнал беретін аспап ретінде келесілер қолданылады:

1) негізгі қозғалысты басқару жүйесінің жұмысы кезінде - RF-СВТС - MMI интерфейсі және жартылай автоматты/автоматты іс-әрекеттегі бағдаршамдар;

2) қозғалысты басқарудың резервтік жүйесі кезінде (ABS) - автоматты және жартылай автоматты іс-әрекеттегі бағдаршамдар.

77. Бағдаршамдар пойыздар (құрамдар) қозғалысының бағыты бойынша оң жағынан немесе жол өсінің үстінен орнатылады.

Бір жолды тоннелдерде кіші радиустардың оң жақ қисығында, сондай-ақ, оң жақтан бағдаршам орнату үшін габарит жоқ болған жағдайда бағдаршамды қозғалыстың бағыты бойынша сол жағынан орнатуға рұқсат беріледі.

Бағдаршамдар, олардың берген сигналдарын пойыз (құрам) үстінен қабылдаған кезде іргелес жолға қатысты сигналдар ретінде қабылдана алмайтындай етіп орнатылуы тиіс.

78. Бағдаршам көрсеткіштері пойыз (құрам) машинисінің жұмыс орнынан есептік тежеу жолынан кем емес қашықтықта осы жол үшін анықталған барынша көп орнатылған жылдамдығынан толық жұмыстық тежеу кезінде нақты көрінуі тиіс. Жол пішінінің жағдайы бойынша барынша көп орнатылған қозғалыс жылдамдығын жүзеге асыру мүмкін емес жерлерде (тік өрде), бұл қашықтық пойыздың осы телімде жүзеге асыра алатын ең үлкен жылдамдығымен анықталады.

Жолдың жоспар-жобасы немесе пішіні бойынша жоғарыда көрсетілген талаптарды орындау мүмкін болмаған жағдайда ескертпелік бағдаршам немесе алдындағы бағдаршамда ескертпелік сигналдық көрсеткіш «сары шам» орнатылады.

Егер сары шамы бар бағдаршамның көрінімділігі жеткіліксіз болса, алдындағы сары шамы бар бағдаршамға бір мезгілде жанатын сигналдық көрсеткіштері - сары және жасыл шам орнатылады.

79. Аралықтардағы іргелес бағдаршамдардың арақашықтығы осы жол үшін анықталған барынша көп жылдамдығынан толық жұмыстық тежеу кезінде осы орын үшін анықталған есептік тежегіш жолының ұзындығынан кем болмауы тиіс.

Жол пішініне қарай қозғалыстың (тік өрде) ең көп жылдамдығына жету мүмкіндігі жоқ жерлердегі іргелес бағдаршамдардың арақашықтығы осы жол телімінде пойыздың жүзеге асыра алатын ең жоғары жылдамдығымен анықталады.

Бекетке таяу жерлерде өткізу мүмкіндігінің жағдайы бойынша іргелес бағдаршамдар арақашықтығының пойыз қозғалысының 35 км/сағ кем емес жылдамдығынан, ал ашық жер үсті және оларға тең телімдерде - пойыз қозғалысының 25 км/сағ кем емес жылдамдығынан толық жұмыстық тежеу кезіндегі тежеу жолына тең ұзындығына рұқсат беріледі. Осындай жағдайларда алдындағы бағдаршамдарда пойыз жүрісіне сәйкес сары және жасыл (бір мезгілде жанатын) және сары шамдар орналастырылуы тиіс.

80. Бір деңгейдегі басты жолдардың қиылысулары, шектік тақтайшалардан (бағаншалардан) осы желі үшін орнатылған ең жоғары жылдамдығынан шұғыл тоқтату кезіндегі есептік тежеу жолдан кем емес қашықтықта орналасқан бағдаршамдармен қоршалуы тиіс.

81. Аралықтарда немесе жалғастырушы тармақшаларда төселген бағыттамалар, оң бағытты бағыттаманың немесе теріс бағытты бағыттаманың рамалық рельсі түйіспесінің шектік тақтайшаларынан (бағаншаларынан) орналасқан бағдаршамдармен мына қашықтықта орналастырылуы тиіс:

1) басты жол бойынша - осы желі үшін орнатылған ең жоғары жылдамдығынан шұғыл тоқтату кезіндегі есептік тежегіш жолдан кем емес қашықтықта;

2) жалғастырушы тармақша жолымен немесе басты жолға жанасатын

бекеттік жолдар бойынша – осы жанасатын жол бойынша бекітілген жылдамдығынан шұғыл тежеу кезіндегі есептік тежегіш жолдан кем емес.

Бағдаршамнан қоршалатын бағыттамаға дейінгі қашықтық жолдың есептік тежегішінен кем болған жерлерде сақтандырғыш тұйық жол қарастырылуы тиіс.

82. Резервтік автоблоктау жұмысы кезінде автоматтық әрекеттегі бағдаршамдардағы белгілердің ауысуы, пойыздың екі доңғалағы әсерінен, оларды қоршаған жол телімдерінің рельстік тізбектеріне әсер етуіне қарай автоматты түрде жасалуы тиіс.

Жартылай автоматтық бағдаршамдардағы сигналдардың тыйым салатын көрсеткішіне ауысуы пойыздың (құрамның) оларды қоршаған жол телімдеріне әсер етуіне қарай автоматты түрде, ал рұқсат беретін көрсеткішіне ауысуы - орталықтандыру посты кезекшісінің немесе пойыз диспетчерінің әрекетімен болуы тиіс.

Қажет болған жағдайларда орталықтандыру посты кезекшісі немесе пойыз диспетчері жартылай автоматтық әрекеттегі бағдаршамдарды автоматтық әрекетке ауыстыру мүмкіндіктері болуы тиіс. Автоматтық әрекеттегі бағдаршамдардың қалыпты көрсеткіші – рұқсат беруші, ал жартылай автоматтық әрекеттегі – тыйым салушы болып табылады.

Тәуелсіз әрекеттегі бағдаршамдарда сигналдардың ауысуы (металл құрылымдарды қоршайтын бағдаршамдар) пойыздың қоршаған телімге әсер етуінен және орталықтандыру посты кезекшісінің әрекетінен тәуелсіз жүзеге асуы тиіс.

Шығу және өтпелі бағдаршамдармен қосарланған қоршау бағдаршамдары, тыйым салушы көрсеткіштерге автоматты түрде жабылуы тиіс, ал олардың автотоқтауы металл құрылымның кілтін блоктық ажыратқыштан алған кезде немесе металл құрылым габариттен шыққан кезде қоршау қалпында болуы тиіс. Бұл жағдайда шығу немесе өтпелі бағдаршам алдындағы рельстік тізбекке қозғалысқа тыйым салатын АЛС-ЖАР бұйрықтары берілуі тиіс.

Жетілдіруге дейін қолданыстағы желілерде металдық құрылым және СОБ құрылғыларының арасындағы тәуелділігі бар құрылғыларды пайдалануға рұқсат беріледі.
АТР/АТО Бақылау мен қауіпсіздіктің борттық қондырғылары
83. АТР/АТО бақылау мен қауіпсіздіктің борттық қондырғылары келесілерді қамтамасыз етуі керек:

1) +/-50 см максимал рұқсат етілген ауытқуы бар берілген жерде құрам тоқтауының дәлдігі;

2) Берілген шектеулерде құрамның қозғалыс жылдамдығын автоматты шектеу;

3) Келесі жағдайларда құрамның автоматты шұғыл тежеуішін қолдану:

жолдың бос емес учаскесіне құрамның кіруіне әрекет еткен кезде;

MMI қондырғыларында ақаулар туындаған жағдайда;

АТР/АТО борттық жүйенің электрқоректендіргішін ажыратқан/жұмыс істемей тұрған кезде (қолдық және автоматты басқару режимінде);

қозғалыс кезінде сымсыз байланыстың жұмыс істемей қалу кезінде;

жылдамдық датчигінің жұмыс істемей тұрған кезінде;

бас бақылаушының және құрамды басқару режимін ажыратып қосқыш жағдайының сәйкес еместігін анықтаған кезде;

пойыз қозғалысы кезінде ағымдағы бағытпен, қозғалыс бағытын бақылаушы жағдайының сәйкес еместігін анықтаған кезде;

пойыз қозғалысы кезінде басқару режимі ажыратып қосқышының сәйкес еместігін анықтаған кезде;

қатарынан 2 жұмыс істемейтін тэгтерді анықтаған кезде;

4) MMI және ОДБ қондырғыларында құрам қозғалысының жылдамдығы және бағыты туралы ақпараттың сәйкестігі;

5) Орталық диспетчерлік басқарудан (ОДБ) пойыздың орналасқан жерін және құрамдарды басқару режимін анықтаудың дұрыстығы;

6) Пойыз диспетчерінің АЖО-дан ағымдағы немесе алдында жатқан блок-учаскені блоктау кезінде құрамды автоматты қызметтік тежегішті қолдану;

84. Құрамдарды автоматты жүргізу жүйесі (RF-CBTC) келесілерге рұқсат етіпеуі керек:

1) Жолдың бекеттік учаскесінде екі метрден астам жерге артқы жүріспен қозғалысы;

2) Жолдың аралық учаскесінде сегіз метрден астам жерге артқы жүріспен қозғалысы;

3) Құрамның өздігінен кейін шегінуі;

4) Кіре-беріс есігі ашық құрамның қозғалысы.
Жолдық автоматтық блоктау

85. Автотоқтату және қорғаныс телімдері бар автоматтық блоктау құрылғылары, (кіру, шығу және өтпелі) бағдаршамның тыйым салушы көрсеткішінің бағдаршамнан кейінгі блок-телімді және қызыл шаммен жабылатын, ал оның автотоқтауы қоршау қалпында болатын келесі бағдаршамнан кейінгі қорғаныс телімін пойыз босатқанға дейін рұқсат беруші көрсеткішіне ауысуына жол бермеуі тиіс. Бағдаршамның тыйым салушы көрсеткіші рұқсат беру көрсеткішіне ауысқанға дейін онда орнатылған автотоқтату рұқсат беру қалпына түсуі тиіс.

Автотоқтату және қорғаныс телімдері жоқ автоматтық блоктау құрылғылары бағдаршамның тыйым салу көрсеткішін осы бағдаршамнан кейінгі блок-телімді пойыз босатқанға дейін және келесі бағдаршамды қызыл шаммен жапқанға дейін рұқсат беру көрсеткішіне ауысуына жол бермеуі тиіс.

86. Барлық бағдаршамдар автоматты түрде қызыл шаммен жабылуы тиіс:

пойыз олар қоршаған жол теліміне кіргенде;

осы телімдердегі рельс тізбегінің бүтіндігі бұзылған кезде;

бағдаршамды басқару тізбектерінің ақаулылығында.

87. Қорғаныс телімдерінің ұзындығы төмендегідей болуы тиіс:

1) шығу бағдаршамынан кейін—35 км /сағ жылдамдықтан шұғыл тежеу кезінде есептік тежеу жолынан кем емес;

2) аралықтарда орналасқан бағдаршамдардан кейін— осы желі үшін орнатылған барынша жоғары жылдамдықтан шұғыл тежеу кезіндегі есептік тежеу жолынан кем емес;

3) бекетке таяу жерлерде орналасқан бағдаршамдардан кейін - пойызды жүргізудің есептік тәртібімен қарастырылған, бірақ 60 км /сағ кем емес жылдамдықтан, жедел тежеу кезіндегі есептік тежеу жолынан кем емес;

Жол пішінінің жағдайы бойынша осы желі үшін бекітілген ең жоғары қозғалыс жылдамдығына жету мүмкін болмаған жерлердегі қорғаныс телімдерінің ұзындығы осы телімде пойыздың жүзеге асыра алатын ең жоғары жылдамдығымен анықталады.

88. Тоннельдік және жабық жерүсті телімдеріндегі автотоқтату және қорғаныс телімдері бар автоматты блоктау кезіндегі сигнал беру көбінесе екі немесе үш таңбалы, ашық жерүсті телімдерінде – үш таңбалы, ал автотоқтатуы және қорғаныс телімдері жоқ автоблоктау кезінде – төрт таңбалы болуы тиіс.

89. Өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында автоблоктауды, келесі бағдаршам артындағы қорғау телімін пойыз түгел босатпағанда бағдаршамды ашуға рұқсат беретін пойыздың қозғалыс жылдамдығын пойыздан тыс бақылау құрылғыларымен толықтыруға рұқсат етіледі.

АЛС-ЖАР жабдықталмаған желілерде, егер бекетке таяу жерде, жолаушы платформасы басталғанға дейін бұл еңістер 250 м кем қашықтықта аяқталатын болса, жылдамдықты пойыздан тыс бақылау құрылғылары 800 м-ден астам ұзындықтағы 0,025-тен тік емес құлама бұрылысында қарастырылуы тиіс.

Осындай телімдердегі пойыз қозғалысының жылдамдығын, пойыздан тыс бақылау құрылғысымен жабдықталғанға дейін метрополитеннің бірінші басшысымен бекітіледі.

Құрамдардың айналуына арналған бекеттік жолдарда, осы жолға кіре берісте жылдамдықты пойыздан тыс бақылау құрылғысы қолданылуы мүмкін.
Бағыттамалар мен сигналдардың микропроцессорлық орталықтандырылуы
90. Микропроцессорлық орталықтандыру құрылғылары төмендегілерді болдырмауы қажет:

1) егер бағыттамалар, оның ішінде күзеттік, тиісті қалыпқа келтірілмеген, ал қарсы бағыттың бағдаршамдары жабылмаған болса, осы бағытты қоршайтын бағдаршамның ашық болуын;

2) бағытқа кіретін бағыттаманың ауысуын немесе бағдаршам ашық кезінде бекітілген бағытты қоршайтын қарсы бағыттың бағдаршамдарының ашылуын;

3) бос емес жолға бекітілген бағыт кезінде бағдаршамды ашуды;

4) жылжымалы құрам астындағы бағыттаманы ауыстыруды.

91. Микропроцессорлық орталықтандыру құрылғысы төмендегілерді қамтамасыз етуі тиіс:

1) бағыттамалар мен сигналдардың өзара тұйықталуын;

2) осы бағытты қоршайтын бағдаршамды бір мезгілде жаба отырып, бағыттаманың кіруін (кесуін) бақылау;

3) басқару аппаратында жолдар мен бағыттамалардың бос еместігін бақылау.

92. Микропроцессорлық орталықтандырылған бағыттамалары мен сигналдары бар және екі жақты қозғалыс үшін жабдықталған бекетке жалғасып жатқан аралық (жалғастырушы тармақша) жолдарда бір бағыт бойынша бағдаршам ашылғаннан кейін қарсы бағыттағы бағдаршамның ашылу мүмкіндігі жоқ болуы тиіс.

93. Орталықтандырылған бағыттамалардың электржетектері мен тұйықтағыштары мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

1) бағыттамалардың шеткі жағдайларында қысылған рамалық рельске басылған үшкірдің тығыз жанасуын қамтамасыз ету;

2) басылған үшкір мен рамалық рельстің арасындағы саңылау 4 мм және одан астам болған кезде бағыттаманың тұйықталуына рұқсат етпеу;

3) басқа үшкірді рамалық рельстен 125 мм-ден кем емес қашықтыққа алып тастау.

Орталықтандырылған бағыттамалар ойып орнатылатын үлгідегі электр жетектерімен жабдықталуы тиіс. Бағыттамаларды ойып орнатылмайтын үлгідегі электр жетектерімен жабдықтауға рұқсат етіледі.

94. Жартылай автоматты әрекеттегі бағдаршамдар шақыру сигналдарымен жабдықталуы тиіс. Шақыру сигналдары мына жағдайларда ашылмауы тиіс:

1) теріс бағыттағы басты жолға қозғалу үшін;

2) егер бағытқа кіретін бағыттамалар қалпының бақылауы жоқ болса.

Парктік жолдарда шақыру сигналы жоқ маневрлік бағдаршамдарды қолдануға рұқсат етіледі.

Басты жолдарда орналасқан жартылай автоматты әрекеттегі бағдаршамдарды автоматты әрекетке ауыстыру кезінде автоматты жұмысқа олардың шақыру сигналдары да бір мезгілде ауысуы тиіс.


Диспетчерлік орталықтандыру
95. Метрополитен желілері диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталуы тиіс.

Диспетчерлік орталықтандыру желісі мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

1) аға пойыздық және пойыздық диспетчер АЖО-да барлық бағыттамалардың жағдайын бақылауды, бекеттердегі және оларға жанасатын аралықтардағы жолдардың бос еместігін, сондай-ақ жолдық дамуы бар бекеттердегі автоблоктау сигналдары мен бағдаршамдар көрсеткіштерінің қайталауын бақылауды;

2) бекеттің өзінде бағыттамалар мен сигналдарды жергілікті басқару және ОДБ-дан берілу мүмкіндігіне өтуін;

3) сигнал берудің өзіндік құралы ретінде қолданылатын микропроцессорлық орталықтандыруға, автоматты блоктау жүйесіне және RF-СВТС режимінде қозғалысты басқарудың негізгі жүйесіне қойылатын талаптарын орындауды.

Диспетчерлік орталықтандыру, пойыздардың орындалған қозғалыс кестесін автоматты жазу құрылғысымен, жолдық дамуы бар бекеттерге келетін пойыздардың немесе бағыттардың нөмірлерін бақылауды және техникалық құралдардың жұмысын және оперативті қызметкерлердің әрекеттерін хаттамалау құрылғыларымен толықтырылуы керек.


Электропойыздар қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесі
96. Метрополитен желілері пойыздар қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталуы керек. Автоматтандырылған басқару құрылғыларымен бұл жағдайда басты жолдар, құрамдардың айналым жолдары, сондай-ақ, электржылжымалы құрамдар жабдықталуы тиіс.

97. Пойыздар қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесі мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

1) пойыздардың қозғалыс кестесінің орындалуын;

2) пойыздардың бекеттерінде және құрамдардың берілген нақтылығымен айналым жолында тоқтауын;

3) бекеттердегі пойыздардың вагон есіктерінің және жабық үлгідегі бекеттерде белгіленген жерде пойыз тоқтаған кезде автоматты есіктердің ашылуы мен жабылуын;

4) шығу бағдаршамының (автоблоктау бағдаршамдары) тыйым салушы көрсеткіші кезінде пойызды автоматты түрде қозғалысқа келтірудің және вагондар есіктерін жабудың, ал маневрлік бағдаршамның немесе жартылай автоматты әрекет ететін бағдаршамдардың тыйым салушы көрсеткіші кезінде - құрам айналуының мүмкiн еместiгi;

5) пойызды жүргізудің берілген тәртібін орындау үшін тартымдық қозғалтқыштарды қосу мен ажыратуын және аралықтарда сәл тежеуін;

6) аралық бойынша пойыздың жүру уақытын және пойыздың қозғалыс кестесінен ауытқыған кезде бекеттерде тұру уақытын қысқарту немесе ұзарту;

7) желінің соңғы бекеттеріндегі құрамдардың автоматтандырылған айналымы;

8) жолаушыларды хабарландыру құрылғысын автоматты түрде қосу және ажырату.

98. Пойыздар қозғалысын автоматтандырылған басқаруда мыналар болуы тиіс:

1) аралық бойынша пойыздар жүрісінің уақытының автоматты тапсырмасын және қозғалыс кестесіне сәйкес олардың арасындағы үзiлiсін, пойыздар қозғалысының кестесі бұзылған кезде осы уақыттың автоматты өзгеруін қамтамасыз ететін диспетчерлік басқару орталығы (ДБО);

2) пойыз құрылғыларына пойыздарды аралық, бекеттік және құрамдардың айналма жолдармен жүргізуге тиісті бұйрықтарды беруін қамтамасыз ететін бекеттік және жол құрылғылары;

3) жол құрылғыларынан бұйрықтарды қабылдауын, олардың орындалуын, сондай-ақ, пойыздың машиниспен басқарылуына ауысуына рұқсат етуді қамтамасыз ететін – пойыздық құрылғылар.


Букстардың қызуын анықтаушы

және электржылжымалы құрамның габаритін

бақылау құрылғылары

99. Метрополитен желілері букстардың қызуын автоматты түйісусіз табатын және жүріп өтетін пойыздардың жылжымалы құрамының вагон астындағы жабдықтардың габариттерін бақылап, тиісті ақпараттарды жақын бекеттердегі орталықтандыру постына немесе пойыз диспетчеріне жеткізуші құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

Жылжымалы құрамның вагон астындағы жабдықтарының габаритін бақылау құрылғысы ПҚАТ құрылғыларымен үйлестірілуі тиіс.

Осындай құрылғыларды орналастыру тәртібін, пайдалануын және техникалық қызмет көрсетуін Метрополитен басқармасы бекітеді.

100. Адамдардың жол бойымен тоннельге өтуін бақылау үшін автоматтық сигналдық құрылғылар орнатылуы тиіс.


Байланыс

101. Желілердің барлығында байланыстың мына түрлері болуы тиіс: пойыздық диспетчерлік, пойыздық радиобайланыс, тоннелдік, энергодиспетчерлік, электромеханикалық, диспетчерлік, эскалаторлық диспетчерлік, диспетчерлердің әскерилендірілген апаттан құтқару қызметімен радиобайланысы, бағыттамалық, метрополитен жиындарының байланысы, полициялық, диспетчерлік пункттер мен СОБ, автоматика, телемеханика нысандары арасындағы қызметтік, нысандар шегіндегі жергілікті, әкімшілік-шаруашылық (автоматтық телефондық), ақпараттық. Метрополитен желілерінде жедел байланыс қарастырылуы мүмкін.

Төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде байланысты ұйымдастыру үшін ауысым кезекшісінің бөлмелерінде және вестибюл бөлмелерінің бірінде немесе платформаларда пойыздық диспетчерлік, әкімшілік-шаруашылық (қалалық телефон желісіне шығатын) және жергілікті байланыс желісіне, тікелей қосылу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

Парктік жолдарда құрамдардың (локомотивтердің) машинистерімен маневрлік радиобайланыс қолданылуы тиіс.

Бекеттерде бекет кезекшісінің пойыз диспетчерімен радиобайланысын қолдануға болады.

Байланыс құрылғыларының құрамына диспетчерлік байланыстың, тоннелдік байланыстың, пойыздық және маневрлік радиобайланыстың сондай-ақ, метрополитеннің бірінші басшысының нұсқауы бойынша байланыстың басқа түрлерінің құрамына дыбыстық жазу құрылғылары кіруі тиіс.

Радиобайланысты пайдалану тәртібі, Метрополитен басқармасы бекіткен нұсқаулықпен бекітіледі.

Әрбір телефондық аппаратта байланыс түрінің шартты белгісі немесе қысқаша аталуы көрсетілуі тиіс.

102. Пойыздық диспетчерлік байланыс, аралық пункттердің барлық аппараттарында сөйлесудің бір мезгілде жақсы естілуін қамтамасыз етуі тиіс.

Пойыздық радиобайланыс құрылғысы, желі шегіндегі сондай-ақ, желімен іргелес жалғастырушы тармақша шегіндегі пойыз диспетчерінің және пойыз (құрам) машинистерінің арасында екі жақты үздіксіз сенімді байланыстың болуын қамтамасыз етуі тиіс.

«Энергия диспетчерлігі» терминін қолдануға рұқсат беріледі.

Пойыздық диспетчерлік байланыстың шұғыл диспетчерлік пультына мыналар қосылуы тиіс: пойыздық радиобайланыс, орталықтандыру посты кезекшісінің және бекет кезекшілерінің, электрдепо кезекшілерінің, желілік пункттер операторларының, техникалық қызмет көрсету пункттерінің және әскерилендірілген апаттан құтқару қызметі, тоннелдік байланыс, ПҚАТ аппарат бөлмесінің телефондары.

Пойыз диспетчері, шұғыл диспетчерлік пультына желідегі басқа диспетчерлердің сымдарын қосу мүмкіндігі болуы тиіс.

Шұғыл диспетчерлік байланыс пультына қызметтер диспетчерлерінің, орталықтандыру посты кезекшілерінің, бекет кезекшілерінің, электрдепо кезекшілерінің, желілік пункттер операторларының, техникалық қызмет көрсету пункттерінің, электрдепо бастықтарының, қызметтердің бастықтарының, метрополитеннің бірінші басшысы мен оның орынбасарларының телефондары қосылады.

103. Бағыттамалық байланыс желісіне бағыттамалардың, бағыттамалық постының, бекет кезекшілерінің, орталықтандыру посты бойынша кезекшіде орнатылған телефондар қосылады.

Бекет жұмысының жергілікті ерекшеліктеріне сәйкес бағыттамалық байланыс желісіне электрдепо кезекшісінің, желілік пункттер операторларының, техникалық қызмет көрсету пункттерінің, бекет кезекшісінің немесе іргелес бекеттердің орталықтандыру посты кезекшілерінің телефондарын қосуға рұқсат етіледі.

104. Бекеттерде тоннелдік байланыс телефондары жолаушы платформасының шетінде пойыздың басты вагонының аялдамасы жағынан және ПҚАТ аппарат бөлмесінде орнатылуы тиіс.

Жол дамуы бар бекеттерде (деподан басқа) тоннелдік байланыс телефондары жартылай автоматты бағдаршамдардың және бағыттамалық бұрмалардың жанында орнатылуы тиіс. Депо бекеттерінде тоннелдік байланыс телефондары кіру және шығу бағдаршамдарының жанында орнатылуы тиіс.

Тоннелдік байланыс телефондарын жол шеберлерінің бөлмелерінде орнатуға болады.

Еденүсті құрылғыларының және ПҚАТ аппарат бөлмесі арасында қызметтік байланыс бар болған жағдайда ПҚАТ аппарат бөлмесінде тоннелдік байланыс телефондары орнатылмайды.

Аралықтарда тоннелдік байланыс телефондары мен СОБ шкафтарының жанында автоматты телефондық байланысқа қосылған розеткалары болуы тиіс.

Әрбір телефондық аппаратта шартты белгісі немесе байланыс түрінің қысқаша атауы көрсетілуі тиіс.

105. Бекеттердегі, құрамдардың айналма және тұрақ жолдарындағы, парктік жолдардағы, арнаулы мақсаттағы жолдардағы, электрдеподағы, тоннелдердегі, сондай-ақ, пойыздар мен бекеттердегі жолаушыларға ақпарат жеткізу үшін дыбыскүшейткіш құлақтандыру құрылғыларын қолдануға болады. Орталықтандыру постындағы және ПҚАТ аппарат бөлмесіндегі жұмыскерлердің арасындағы екі жақты байланыс үшін дыбыскүшейткіш байланыс құрылғысын пайдалануға болады.

Бекет платформасынан жолаушыларды ақпараттандыру үшін дыбыскүшейткіш хабарландыру желісіне шығатын радиохабар құрылғыларын пайдалануға болады.

106. Бекеттерде, құрамның айналма жолдарында және қызметтік бөлмелерде электр сағаттары орнатылуы тиіс.

Бекет шетінен пойыз жүретін жағында уақыттық есептеуі бес секундты немесе секундты электр сағаты және пойыз арасындағы аралықтарды есептеуiштер (аралық сағаттар) орнатылуы тиіс. Олардың көрсеткіштерінің көрінімділігі, пойыздың ең көп есептік ұзындығында тоқтауы кезінде, машинистің жұмыс орнынан қамтылуы тиіс.



Жабық үлгідегі бекеттерде жолаушылар залының соңында және тоннелдерде «Бірінші вагон аялдамасы» белгісінің жанында уақыттық есептеуі бес секундты немесе секундты электр сағаты және пойыздар арасындағы аралықтарды есептеуiштер орнатылуы тиіс.

Орталықтандыру постындағы және пойыз диспетчері бөлмелерінде уақыттық есептеуі бес секундты немесе секундты электр сағаты болуы тиіс.



107. Құрамның қолданысы аз бағыт бойынша жүрісі жөнінде, сондай-ақ желінің жерүсті теліміндегі түйіскен рельске кернеу беру туралы бекет жолдарындағы (парктік жолдардан басқа) жұмыскерлерді хабарландыру үшін қоңыраулы хабарландырғыш сигнал беру жүйесі болуы тиіс. Жұмыскерлерді хабарландыру үшін бекет жолдарын қоңыраулы сигнал берумен жабдықтағанға дейін дыбыскүшейткіш хабарлау құрылғысы қолданылуы тиіс.

Парктік жолдардағы жаяу жүрушінің өтпе жолы (және қажетті жағдайда өткелдер) дыбыстық жарықтық хабарландырғыш сигнал берумен жабдықталуы тиіс.

108. Бекеттің қызметтік бөлмелері қоңыраулы сигнал берумен (бекет кезекшісінен кассаға, вестибюлдер бақылау пункттеріне, орталықтандыру посты кезекшісінен СОБ электрмеханигіне және бекет кезекшісін касса және медициналық жәрдем бөлмесінен полиция қызметкерлерін шақыру үшін, сондай-ақ, түнгі уақытта вестибюль есіктерін ашуға арналған дыбыстық сигналдарды беру үшін) немесе тікелей телефон байланысымен, сондай-ақ, күзеттік сигнал беру құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.


жүктеу 2,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау