Жолаушы автоматикасының құрылғылары
109. Жолаушы автоматикасының құрылғылары (автоматты турникеттер) бекеттің келешекте дамуына қажетті резерв есебімен ең үлкен 15 минуттық есептік жолаушылар ағымының өткізгіштігін қамтамасыз етуі тиіс.
110. Жекелеген станциялар кіру немесе шығуға қосылатын автоматтық бақылау пункттерімен (турникеттермен) жабдықталуы мүмкін.
111. Бақылаушылардың кабиналары кіру бойынша автоматты бақылау пункттерін басқаратын, жұмысты және бақылау өткізу орнына өту жерін жабатын, ал касса бөлмелері – билеттерді сату бойынша автоматтардың жұмыстарын бақылайтын құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
112. Кіру және шығу бойынша автоматтық бақылау пункттері және бақылау өткізгіш пункттер жолаушыларды өткізуді автоматты есепке алу құрылғыларымен жабдықталуы мүмкін.
ПҚАТ және байланыс желілері
113. Салынып жатқан және қалпына келтірілетін желілерде диспетчерлік орталықтандырудың, пойыз қозғалысын автоматты басқарудың, диспетчерлік байланыстардың, қосымша бекеттерді, эскалаторларды телебасқарудың, инженерлі-техникалық қамтамасыз ету құрылғыларының өзара резервте сақтау сымдары коллекторлардың әртүрлі бөлігінде және көбінесе әртүрлі аралық тоннелдерде төселетін жеке кабельдерге қосылуы тиіс.
114. ПҚАТ және байланыс желісі бұзылған кезде олардың қалпына келтірілуі төмендегідей кезектілікте жүргізілуі тиіс:
электрлік орталықтандырудың және автоблоктаудың желілерін;
диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесін;
пойыздың диспетчерлік байланыс және пойыздық радиобайланыс желілерін;
электрлідиспетчерлік байланыс желілерін;
тоннелдік және бағыттамалық байланыс желілерін;
ПҚАТ-тың, байланыс және өрт сигналын берудің басқа желілерін.
ПҚАТ және байланыс құрылғыларына
техниқалық қызмет көрсету
115. Әртүрлі тәуелділіктерді жүзеге асыратын ПҚАТ құрылғылары, курбельдік тұтқалар жабық болып, парольмен қорғалып немесе пломбылануы тиіс. Пломбыларды бұзу қозғалыс қызметінің, автоматтандыру, белгі беру және байланыс қызметінің уәкілетті жұмыскері жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс және түйіскен торап құрылғыларын тексеру журналына (Тексеру журналына) міндетті түрде алдын ала жазба енгізе отырып, жүргізуіне рұқсат етіледі.
СОБ және байланыс аппараттарындағы пломбылардың бүтіндігі үшін осы аппараттарды пайдаланатын кезекші қызметкерлер жауапты болады.
Қажетті жағдайларда ПҚАТ құрылғыларының көмекші қызметтерімен қолдану үшін пломбыларды шешуге немесе пароль енгізуге бекет бойынша кезекшіге, орталықтандыру посты кезекшісіне, ол туралы дереу пойыз диспетчеріне және СОБ электрмеханигіне, сондай-ақ АББ диспетчеріне дереу хабарлай отырып, пойыз диспетчеріне рұқсат беріледі. Парольды енгізе отырып, көмекші басқармасын қолдану туралы Тексеру журналында жазба жасалуы тиіс.
116. Автоматтандыру, белгі беру және байланыс дистансаларында оларда бар ПҚАТ пен байланыс құрылғыларының және олар қызмет көрсететін басқа құрылғылардың сызбалары мен сипаттамалары, тиісті стандарттары және нормалары болуы тиіс. Бұл құжаттарға барлық өзгерістер дер кезінде енгізілуі тиіс.
ПҚАТ құрылғыларын жобалау жөнінде мамандандырылған (құқығы бар) ұйымның қорытындысы бар кезде, ПҚАТ құрылғылары бойынша типтік шешімдерді Метрополитен басқармасы бекітеді.
117. ПҚАТ құрылғылары тәуелдіктерінің уақытша өзгертілуіне тек, қозғалыс қызметі бастығының келісімі бойынша, автоматтандыру, белгі беру және байланыс қызметі бастығының рұқсатымен бір тәуліктен аспайтын уақытқа, ал одан артық мерзімге метрополитеннің бірінші бастығының рұқсатымен ғана жол беріледі.
118. ПҚАТ құрылғылары мен аспаптарын қайта жабдықтау, орнын ауыстыру, жөндеу, сынау және СОБ құрылғыларының жұмысының бұзылуын тудыратын немесе олардың әрекетін уақытша тоқтатуға әкелетін басқа да жұмыстарды, сондай-ақ ақаулықтарды жою бойынша жұмыстарды орталықтандыру посты кезекшісінің келісімінсіз және осы жөнінде Тексеру журналында жұмыс басқарушысы алдын ала жазуысыз, ал жол дамуы жоқ бекетте – бекет кезекшісінің келісімінсіз және осы жөнінде аталған журналда мұндай жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді. Диспетчерлік орталықтандыруы бар желілерде ұқсас жұмыстар тек пойыз диспетчерінің келісімімен жүргізілуі тиіс.
Құрылғылар бекеттен едәуір қашықтықта орналасқан жағдайда бұл құрылғыларды іске қосу жөніндегі жазба, сондай-ақ ақаулықтарды жою бойынша күтпеген жұмыстардың жүргізілуі үшін бұл құрылғыларды уақытша ажырату жөніндегі жазба осы журналдың өзінде тіркелетін, тоннелдік байланыс арқылы жұмыс басшысымен пойыз диспетчеріне және орталықтандыру посты кезекшісіне жіберіліп, (жол дамуы жоқ бекетте – бекет кезекшісіне) соңынан Тексеру журналында жұмыстарды басқарушының жеке қолы қойылатын жеделхатпен ауыстырылуы мүмкін.
Белгіленген тәуелділіктерді бұзбайтын ПҚАТ жекелеген құрылғылары мен аспаптарын ауыстыру және ажырату Тексеру журналына жазба енгізусіз орталықтандыру посты кезекшісінің, жол дамуы жоқ бекетте - бекет кезекшісінің (диспетчерлік орталықтандыруы бар телімдерде – пойыз диспетчерінің) келісімімен Тексеру журналында жазба жасамай-ақ жүргізе алады. Осындай құрылғылар мен аспаптарды ауыстыру және ажырату жөніндегі жұмыстар тізімін Метрополитен басқармасы бекітеді.
119. Қолданыстағы ПҚАТ құрылғыларын сынау барлық жағдайларда бекет бойынша кезекшінің, орталықтандыру посты кезекшісінің келісімімен және бақылауымен, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар желілерде - пойыз диспетчерінің келісімімен жүргізілуі тиіс.
120. Сигналдық аспаптардың көрсеткіштері пойыз (құрам) машинисінің жұмыс орнынан анық ажыратылып көрінуі тиіс.
Бағдаршамдар сигналдарының, шақыру сигналдарының және бағыттама нұсқағыштарының анық көрінуін қамтамасыз ету жауапкершілігі автоматтандыру, белгі беру және байланыс дистансасының бастықтарына жүктеледі. Бағыттама нұсқағыштарын және жолдық қоршау нұсқағыштарын жарықтандыру жауапкершілігі бекет бастықтарына жүктеледі.
Бекет жолдарындағы сигналдық аспаптарды (электрлік орталықтандыруға қосылмаған) жарықтандыру құрылғыларын электрмен жабдықтау тәртібін Метрополитен басқармасы бекітеді.
121. Автоматтандыру, белгі беру және байланыс дистансасының жұмыскерлері резервтік автоблоктау (АВS) жұмысы және осы ережелердің 6.12-тармағында көрсетілген шарттардың орындалуы кезінде, пойыздар қозғалысын басқарудың негізгі жүйесінің - RF - СВТС жұмысы кезінде бағдаршамдар сигналдарының және бағыттық нұсқағыштардың тұрақты түрде дұрыс көрінімділігін, бағыттамалар мен сигналдардың өзара тәуелділіктерін тексеруді қамтамасыз етуге міндетті.
Бағдаршамдардың сигналдық көрсетулерінің көрінімділігін ай сайын, сондай-ақ ШУ-60М формасындағы көрінімділікті тексеру актісін құра отырып, жарықдиодты сигналдық жүйенің ауыстырылуынан кейін СОБ электрмеханигі жолдың үстінде тексеруі тиіс.
Бағдаршамдар сигналдарының және бағыттық нұсқағыштардың және АТР/АТО құрылғыларының басты жолдар және құрамдардың айналым жолдары бойынша тұрақтылығы электрпойызды басқарудың басты кабинасынан тексерілуі тиіс:
ПҚАТ учаскесінің жетекші инженері нұсқаушы-машиниспен бірлесіп, айына бір реттен жиі емес, сонымен қатар жұмыстардан соң, бағдаршамдар қалпақшаларының қалпының өзгеруіне байланысты;
сигнал беру дистансасының бастығы немесе оның орынбасары электрдепо бастығының орынбасарымен бірлесіп және жанадан орналатылған сигналдық аспаптар (немесе бұрыннан ажыратылған) қосылғаннан кейін, тоқсан сайын бір реттен кем емес.
Пойыз және маневрлік радиобайланыс жұмысының орнықтылығы электрпойыз басқармасының басты кабинасынан тексерілуі тиіс:
радиобайланыс учаскесінің жетекші инженерінің электрдепо шеберімен бірлесіп, айына бір реттен жиі емес.
Метрополитенде зертхана вагоны бар болғанда АЛС-АРС, пойыз қозғалысын автоматтандырылған басқару және пойыздық радиобайланыс құрылғыларының іс-әрекетінің жарамдылығы Метрополитен басқармасы бекіткен кесте бойынша зертхана вагонымен мерзімді түрде тексеріліп тұруы тиіс.
Тексеру қортындылары сигнал беру және байланыс қызметімен және электрдепо басшылығымен бірлесіп қаралуы тиіс.
122. Рельстік тізбектердің және сорғыш желілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін жеке элементтердің күтіп ұсталуына жауапкершілік төмендегілерге жүктеледі:
1) сигнал беру дистансасына - рельстік тізбектердің аспаптарын (жол релесі, трансформаторлар, сүзгілер, генераторлар және т.б.), дроссельдерді, дроссель-трансформаторларды және олардың арасындағы аралық шиналарды, жол жәшіктерін, аталған құрылғылармен рельстердің арасындағы барлық бөгеттерді, электртартқыш қосқыштарды, қосылатын жолдардың рельстерінің арасындағы және үшкірдің тамырындағы бағыттамалық қосқыштарды, бағыттамалық гарнитураның негізгі бұрыштарының орнын ауыстыруды, оқшаулануын, ПҚАТ құрылғыларын жерлендірудің, сондай-ақ рельстік тізбектердің шунттық сезгіштігін автоматтандыру, белгі беру және байланыс дистансасына қамтамасыз етуге;
2) жол дистансасына – оқшаулағыш түйіспелерді, түйіспе қосқыштарын, айқастырманың бұратын жақтарының бағыттамалық қосқыштары, қиғаштарды, тоқ ағымының кедергі мөлшеріне сәйкес шпалдарды және балласт қабатын; үрлеу құбырын және бағыттамаларды жылыту арматурасын, үшкір сырғаларының және байланыс жолақтарының оқшаулағыш бөлшектері, сондай-ақ жүрістік рельстердің қалпақшаларын таза күйде күтіп ұсталуын;
3) қосымша бекеттердің негізгі және қосымша сорғыштар кабельдерін дроссель- трансформаторлардың аралық шиналарына немесе рельстердің тартымдық тіндеріне; дроссельдер арасындағы көлденең және тік кабельдері, бекеттік жолдардың рельстік тізбектері бар басты жолдардың және тармақшалардың рельстік тізбектерін қосатын кабельдері мен ажыратқыштарын; электржылжымалы құрамдарды және басты жолдарды тексеру үшін жолдардың арасындағы оқшаулағыш түйіспелерді шунттайтын құрылғылар мен кабельдерді; 825В кабельдердің нөлге ауыстырылуы, электродепоға кірер алдындағы парктік жолдарындағы кабельдік жолдар арасындағы қосқыштарды – электрмен жабдықтау дистансасына1;
4) парктік жолдар мен депо жолдарының арасындағы оқшаулағыш түйіспелерді шунттайтын ажыратқыштар мен кабельдерді, олардан парк жолдарының рельстеріне дейін түсетін кабельдік құламалары мен минустық шиналары – электрдепоға.
Жылжымалы құрамның доңғалақ жұптарын рельстік тізбектерді сенімді түрде шунтталуын қамтамасыз ететін күйде күтіп ұстау жауапкершілігі метрополитеннің жылжымалы құрамға қызмет көрсетуге жауапты бөлімшелеріне жүктеледі.
123. ПҚАТ және байланыс құрылғыларын пайдаланатын жұмыскерлерді пайдалану тәртібіне оқытып, білімдері тексерілуі тиіс.
Автоматтандыру, белгі беру және байланыс дистансасының бастығы ПҚАТ және байланыс құрылғыларын пайдаланатын басқа қызметтердің жұмыскерлерін оқытуы үшін тиісті адамдарды тағайындайды және осы құрылғыларды пайдалану жөніндегі білімдері мен шеберлігін жүйелі түрде тексеруі тиіс.
Электрмен жабдықтау құрылыстары мен құрылғылары
124. Электрмен жабдықтау құрылғылары мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
1) талап етілген қозғалыс көлемінде пойыздардың белгіленген жылдамдығымен және жүрiс аралығымен пойыздар қозғалысы үшін электржылжымалы құрамды сенiмдi түрде электрмен жабдықтау;
2) метрополитеннің барлық тұтынушыларын электр қуатымен сенiмдi түрде қамтамасыз ету және қажетті қорының бар болуы.
125. Қосымша бекет шинасындағы тұрақты тоқ кернеуі 975В аспауы, ал электржылжымалы құрамның тоққабылдағышында – 550В кем болмауы тиіс.
126. ПҚАТ және АББ жүйелері құрылғыларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін айнымалы тоқ электрэнергиясының тәуелсіз үш қуат көзі болуы тиіс.
Су төкпе және желдеткіш қондырғылардың, өрт сөндіргіш қысым беретін сорғының, эскалаторлардың электржетегі, автоматты бақылау пунктерінің, телемеханика және өрт автоматикасы құрылғыларының, СЖБЖ (бекет жұмысын басқару жүйесі), МЖАТБАЖ (метрода жол ақысын төлеуді бақылаудың автоматтық жүйесі), ТӨБҚ (тоннельге өтуді бақылау құрылғысы) электрқозғалтқыштары электрэнергиясын айнымалы тоқтың тәуелсіз екі қуат көзінен алуы тиіс.
Байланыстың, электр сағаттарының, қоңыраулы сигнал беру жүйесінің және жоғары дауысты хабарландырғыштардың құрылғылары электрэнергиясын қосымша бекеттен ауыспалы тоқтың екі желісі бойынша бөлу қалқанының әртүрлі секциясынан және тұрақты тоқтың бір желісінен алуы тиіс.
ДБАЖ (диспетчерлік басқарудың автоматтық жүйесі) құрылғылары электрэнергияны қосымша бекеттен ауыспалы тоқтың екі желісі бойынша тәуелсіз екі қуат көзінен алуы және үздіксіз қуат көзінің қоры болуы тиіс. Үздіксіз қуат көзі ДБАЖ құрылғыларын электрэнергиясымен апаттық жағдайда 2 сағаттан кем емес уақыт бойы қамтамасыз етуі керек (айнымалы тоқ жоқ кезде) және басқа бағытқа бұрудың нөлдік уақыты болуы тиіс.
СОБ және байланыс, СЖБЖ, МЖАТБАЖ, ТӨБҚ құрылғыларына бір көзден қорек беру тоқтаған кезде автоматты түрде осы құрылғылардың қондырғыларында басқа қорек көзіне ауыстыру қамтамасыз етілуі тиіс. ПҚАТ құрылғыларына бір қосымша бекеттен қорек беру тоқтаған кезде автоматты түрде басқа қосымша бекеттен қорек беруге ауысуы қамтамасыз етілуі тиіс.
ПҚАТ құрылғыларында айнымалы тоқтың нақтылы кернеуі ~ 220 В немесе ~ 380В болуы тиіс. Сонымен қатар нақты кернеудің аталған мәндерден ауытқулардың азаю жағына қарай 10 % - дан көп емес, ал ұлғаю жағына қарай 5% - дан аспауына рұқсат беріледі.
127. Метрополитеннің құрылыстары мен құрылғыларының металдық құралымдары тоттанудан кезеген тоқтар арқылы қорғалуы тиіс. Қосымша бекеттің, түйіспелі және кабельдік желілердің құрылғыларының қысқа тұйықталу тоқтарынан, кернеулер мен жүктемелердің белгіленген шамадан асуынан қорғайтын жүйесі болуы тиіс.
Қосарланған тартымдық - азайту қосымша бекеттері ПҚАТ құрылғыларының және байланыстың қалыпты жұмысын бұзатын тоқтардың түйісу желісіне енуінен қорғанысы болуы тиіс.
128. Қосарланған тартымдық - азайту қосымша бекеттерінің әрқайсысының энергожүйесі тәуелсіз үш қуат көзінен электрэнергиямен қоректендірілуі тиіс.
129. Қосарланған тартымдық - азайту қосымша бекеттері автоматика, телебасқару, телеөлшеу және телесигнал беру құрылғыларымен, сонымен қатар 825 В шиналарын телебасқаратын жерлендіруші ажыратқыштармен жабдықталуы тиіс. Телемеханика құрылғыларының тәуелсіз үш қуат көзі болуы және қосымша бекеттің өзінде жергілікті басқаруға ауысу мүмкіндігі болуы тиіс.
Қосымша бекеттің автоматты құрылғылары берілген жұмыс тәртібін қолдауын, сонымен қатар қордағы жабдықтың тез және сенімді түрде қосылуын қамтамасыз етуі тиіс.
130. Барлық үлгідегі жаңа кабельдердің жер үсті телімдерінде және тоннельдерде төселуі, соның ішінде басқа ұйымдардың, метрополитеннің бірінші басшысының рұқсатымен жүргізіледі. Жаңадан төселетін электржабдықтау кабельдері өрт жаймайтын болуы тиіс.
Өзара резервтелетін кабельдерді әртүрлі аралық тоннельдерде төсеу қажет.
131. Бекеттің, қызметтік кеңселердің, тоннельдердің, жабылған жерүсті телімдерінің және негізгі инженерлік-техникалық қондырғылар кеңселерінің жарықтанатын бөлімі айнымалы тоқпен қоректенуі тоқтаған кезде автоматты түрде аккумуляторлы батареядан қоректенуге көшуі тиіс.
Аккумуляторлы батарея сыйымдылығы осы нысандарды апаттық жарықтандыруды бір сағат бойы қуат көзімен қамтамасыз етуі тиіс.
132. Электрдеполардың түйісу желісіндегі, жылжымалы құрам тұратын және айналатын жолдардағы ажыратқыштарын, ара қашықтық басқару ажыратқыштарын ауыстырып- қосуды, сондай- ақ қысқа тұйықталуды қосу мен өшіруді Метрополитен басшылығы бекітеді.
133. Электрмен жабдықтау дистансасында және энергодиспетчерлік бөлімде метрополитен тұтынушыларының электрмен жабдықтау сызбасы болуы тиіс.Тұтынушылардың қосымша жүктеме қосылған электрлік қоректендіру сызбасындағы барлық өзгерістері Метрополитен басқармасы бекіткен тәртіппен келісілген болуы тиіс.
134. Электрмен жабдықтау құрылғыларын пайдаланатын жұмыскерлер пайдалану тәртібіне оқытылуы және білімдері тексерілуі тиіс. Электрмен жабдықтау дистансасының бастықтары ажыратқыштарды ауыстыру үшін тағайындалған басқа қызмет жұмыскерлерін оқытуға және олардың ауыстыру жасау жөніндегі білімі мен шеберлігін жүйелі түрде тексеруге тиісті тұлғаларды белгілейді.
135. Электрпойыз қозғалысы аяқталғаннан кейін түйісу рельсіндегі кернеуді алуды және құрамды түнгі тұрақтауға орналастыруды пойыз диспетчерінің бұйрығымен энергия диспетчері іске асырады.
Энергия диспетчерінен кернеуді алу туралы хабарландыруды (бұйрықты) алғаннан кейін пойыз диспетчері осы бұйрықты желідегі барлық бекеттерге, сонымен қатар электрдепоның парктік жолдарындағы электрлік орталықтандыру посттарына жібереді.
136. Электрпойыздар қозғалысы алдындағы түйісу рельсіне кернеу беруді, электрпойыздарды өткiзуге желінің дайындығы және жұмыскерлердің тоннельден және жерүсті телімдерінен шығуы туралы хабарды айтуға құқылы қызметкерлердің хабарлауынан кейін пойыз диспетчерінің бұйрығымен энергия диспетчері іске асырады.
Аталған хабарлар пойыз диспетчерінің бұйрығымен пойыздың диспетчерлік немесе тоннельдік байланысы арқылы бірмезгілде пойыз диспетчері мен энергия диспетчеріне беріледі. Электрпойыздарын өткiзуге желінің дайындығы туралы хабарды айтуға құқылы қызметкерлердің тізімін жол қызметінің бастығы бекітеді.
137. Түйісу рельсіндегі кернеуді шұғыл ажыратуды машинистің, машинис көмекшісінің немесе бекет кезекшісінің талабының негізінде, ал адамдардың жазатайым оқиғасы немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төнетін жағдайларда- пойыз диспетчерінің пойыздық диспетчерлік, тоннельдік байланысы немесе пойыздың радио байланысы арқылы алынған метрополитеннің кез- келген жұмыскерінің талабы бойынша іске асырады.
138. Түйісу рельсіндегі кернеудің шұғыл ажыратылуынан кейінгі берілуін пойыздың диспетчерлік, тоннельдік байланысы немесе пойыздың радио байланысы арқылы кернеуді алуды талап еткен жұмыс басқарушысының немесе жұмыскерінің талабының негізінде жұмыскерлер тоннельден немесе жерүсті телімінен шыққаннан кейін, пойыз диспетчерінің бұйрығымен энергия диспетчері жүзеге асырады.
Тоннельде немесе жерүсті телімінде жылжымалы құрамның қозғалысы кезінде құралдарды бақылауға құқығы бар жұмыскерлердің қалуына рұқсат беріледі.
139. Түйісу рельсіндегі кернеуді ажырату мен қосу тәртібін метрополитеннің бірінші басшысы бекітеді.
Эскалатор шаруашылығының құрылыстары мен құрылғылары
140. Эскалаторлар жолаушылардың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз етуі тиіс.
141. Эскалатордың төлқұжатын өнім беруші - зауыт оның бөлек түйіндерін және бөлшектерін дайындаған кәсіпорынның құжаттамасымен бірге береді.
142. Әрбір эскалатордың толық жүктеу кезінде көтерілуін қамтамасыз ететін жиілік түрлендіргіші және жөндеу - тексеру жұмысын атқару үшін сатылық төсемнің 0,25 м/с жылдамдықпен жылжуы үшін көмекші жетегі болуы тиіс.
143. Эскалаторларды сатылық төсемдегі жолаушылардың қалпын бақылайтын автоматтық қондырғылармен жабдықтауға рұқсат беріледі.
144. Эскалатор бәсеңдеткіштің кіріс білігінде орнатылған, қалыпты тұйықталған үлгідегі автоматты әрекет етуші жұмыс тежегішімен жабдықталуы тиіс. Бұл тежегіш пайдаланатын жүктеменің екі еседен кем емес қорын күштеп қамтамасыз ететін басты немесе көмекші жетегінің электр қозғалтқышын әрбір ажыратқан сайын және эскалатордың белгіленген тежеу жолы шегіндегі тоқтауы кезінде әрекет етуі тиіс. Екі немесе одан көп тежегішті қолданғанда олардың әрқайсысының тежеу мезетінің 1,1 көп емес қоры болуы тиіс. Бұдан басқа, әрбір эскалатор басты білікте орналасқан және мөлшерлі жылдамдықтан 30% және одан көп жылдамдықпен жұмыс істейтін, еңіске қарай қозғалған сатылық төсемнің жылдамдығы көбейгенде төсемді тежейтін, сонымен қатар эскалатордың көтерілуін қамтамасыз ететін сатылық төсем қозғалысының бағыты өз бетімен өзгергенде және жұмыс тежегіші істен шыққанда, автоматты түрде әрекет етуші апаттық тежегішпен жабдықталуы тиіс.
Жетекте механикалық байланысы ажыратылған эскалаторда жұмыс жүргізгенде, сондай-ақ жұмыс тежегіші істен шыққанда эскалатордың сатылық төсемі тоқтатылуы тиіс.
145. Эскалатор мына жағдайларда эскалатордың электрқозғалтқышын ажырататын блоктау құрылғыларымен жабдықталуы тиіс:
тұтқаның үзілуі немесе қатты созылуында;
ұстағыш тоқтағанда;
керуші бекеттің күймешелерінің бір немесе екі жұлдызшасы жетек жағына немесе қарсы бағытқа 30 мм астам жылжығанда;
апаттық тежегіш сомы (гайкасы) өз бетімен бұралғанда;
апаттық немесе жұмыс тежегіші іске қосылғанда;
жатық кіру алаңшасы көтерілгенде;
кіру алаңшасының алдындағы сатыны көтергенде немесе түсіру кезінде;
«тоқта» құрылғысына эскалаторлар арасындағы кез-келген өтпелі жерде әсер еткенде;
жұмыс істеп тұрған эскалаторды шаппа қосқышпен ажыратқанда.
Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін көтеретін басқа да блоктаулар орнатылуы мүмкін.
Осы блоктық құрылғылардың орындалуы, олардың кез-келгені іске қосылғанда (кіру алаңшасының жұмыстық немесе апаттық тежегішінен, блоктауынан басқа) оларды бастапқы жағдайға тек мәжбүрлі түрде келтіргенде ғана эскалаторды іске қосу мүмкін болатындай болып, орындалуы тиіс.
Эскалаторды тоқтату үшін балюстраданың жоғарғы (төменгі) басында, сонымен қатар төменгі ж
ал кабинасында эскалаторды шұғыл тоқтату үшін «ТОҚТА» жазуы бар, өздігінен қайтпайтын ажыратқыштар орнатылуы тиіс. Осындай ажыратқыштарды бақылау пунктінде де орнатуға рұқсат беріледі.
Өздігінен қайтатын ажыратқыштарды өздігінен қайтпайтын блоктау құрылғыларымен қосып орнатуға рұқсат беріледі; блоктау іске қосылған кезде эскалатордың тоқтауын қай блоктау туғызатынын көрсететін сигнал да қосылуы тиіс.
146. Эскалатор қызмет көрсетуші жұмыскерлердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін қорғаныс қоршауларымен және алаңшалармен жабдықталуы тиіс.
147. Машина бөлмесі мен оған жанасқан бөлшектеу шахтасы құрастыру, бөлшектеу және эскалатор элементтерін тасымалдау үшін жүккөтергіш құралдармен жабдықталуы тиіс.
148. Эскалаторлардың электржетек сызбалары машина бөлмесінде көрінетін жерлерде ілініп тұруы тиіс. Осы құжаттарға барлық өзгерістер уақытында енгізілуі тиіс.
Эскалаторға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
149. Жергілікті басқаруда жолаушыларды тасымалдау үшін эскалаторлардың іске қосылуы, тек қызмет көрсетуші жұмыскерлерге ғана рұқсат берілген, жоғарғы немесе төменгі басқару пультінен жүргізіледі.
150. Эскалатордың дистансалық немесе телемеханикалық басқарылуына эскалатордағы жолаушылардың жылжуын немесе эскалатор жанындағы жұмыскермен келіссөз байланысын бақылау мүмкіндігі болғанда рұқсат беріледі.
Жөндеу жұмыстары кезінде эскалаторды машина бөлмесінен бас жетектен іске қосуға рұқсат беріледі; бұл жағдайда машинис сатылы төсемде және эскалатор ішінде адамдардың және басқа бөтен заттардың жоқтығына, сонымен қатар эскалаторға кіру есігінің жабық екендігіне көз жеткізуі тиіс. Түнгі үзіліс кезінде эскалаторды іске қосу тәртібін Метрополитен басшылығы белгілейді.
151. Эскалатор қызметінің диспетчерінің рұқсатынсыз эскалаторда ағымдағы қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
Эскалаторды жөндеу жұмыстарына қоюды, сонымен қатар оларды жөндеуден кейін пайдалануға беру тәртібін Метрополитен басшылығы белгілейді.
152. Түнгі үзілістен кейін жолаушыларды тасымалдау үшін эскалатор бойынша кезекші тексергеннен кейін ғана іске қосуға, рұқсат береді:
1) жұмыстық тежегіш электрмагнитінің зәкірі мен корпусындағы саңылауын;
2) тежеуіш жолды;
3) апаттық тежегіштің әрекетке дайындығын;
4) «Тоқта» («Стоп») ажыратқыштың әрекетін;
5) сатылық төсемнің екі айналымындағы бос жүрісіндегі эскалатордың жұмыс жарамдылығын.
Аталған технологиялық операциялардың тексерілуі Метрополитен басшылығы бекіткен тәртіппен іске асырылады.
153. Эскалатор жұмысы кезінде оны пайдалануға қауіпті ақаулылық пайда болғанда, эскалатор тоқтатылып, ондағы жолаушылар түсірілуі қажет.
154. Эскалатор кенеттен тоқтағанда, себептерін анықтап, жойғаннан кейін ғана оның іске қосылуына, рұқсат беріледі.
155. Эскалатордың теріс бағытта іске қосылуы сатылы төсемде жолаушылар жоқ болғанда ғана жүргізілуі тиіс.
Ерекше жағдайларда сатылы төсемнен жолаушылардың түсірілуі қиындағанда немесе жолаушы киімі қысылып, оның өміріне қауіп төнгенде және оны дереу босату қажет болғанда, эскалаторды теріс бағытта сатының жартысынан көп емес қашықтыққа іске қосуға рұқсат беріледі, бұл жағдайда жолаушылар алдағы іске қосылу жайында ескертілуі керек.
156. Эскалаторларды басқару пультінің есікшелері эскалаторларды басқару пульттерінен (ЭСБЕ) кілтке жабық болуы тиіс, ал кілті эскалатор бойынша кезекшіде болып және ауысым бойынша берілуі тиіс.
157. Эскалаторлардың техникалық жағдайына қойылатын талаптар, оларды ұстау тәртібі, жөндеу түрі және техникалық қызмет көрсетулер тиісті нормативтік құжаттармен белгіленеді және метрополитеннің Басқармасымен бекітіледі.
158. Орындалған жөндеудің сапасына, эскалатор жұмысының толассыздығы мен қауіпсіздігіне тікелей қадағалау мен жөндеуді жүргізетін жұмыскерлер, шеберлер және тиісті бөлім басшылары жауапты болады.
159. Эскалаторлардағы жолаушыларға көзбен бақылау жүргізетін жұмыскерлер эскалатор құрылғысының негіздері мен жұмыс істеу принциптеріне, эскалатордағы жолаушылардың орнын ауыстыру ережесіне оқытылып- үйретіліп, білімдері тексерілуі тиіс.
Эскалаторлардың ЭМ телімінің басшысы эскалаторларға қызмет көрсететін басқа қызмет жұмыскерлерін оқытатын тұлғаларды белгілеуі және олардың эскалаторларға қызмет көрсету білімі мен шеберлігін жүйелі түрде тексеруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |