Инженерлік – техникалық жабдықтар мен құрылғылар
160. Инженерлік - техникалық жабдықтар мен құрылғылар келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:
ауаның қажетті параметрлерін белгіленген нормаға сәйкес ұстап тұрып, жерасты бекетінің платформа астындағы бөлмелерін, эскалатор тоннельдері мен сатылық марштарды, кассалық залдарды, аралық және бекеттіқ тоннельдерді, жерүсті телімдері мен қызмет бөлмелерінің жабық галереясын желдетуді;
метрополитеннің бекеттері мен жерүсті объектілерін суықпен қамтамасыз ету;
ауа ағымының бағытын өзгерту үшін тоннельдік желдеткіш қондырғыларын теріс айналдыру (реверсивтеу);
топырақтық, атмосфералық және өндірістік ағын суларды жасанды құрылыстан қалалық су ағызатын желіге қарай сорып ағызу;
санитарлық тораптағы нәжістерді қалалық арна желісіне сорып шығару;
бекеттер мен тоннельдерді сумен үздіксіз қамтамасыз ету;
вестибюльдер мен қызмет бөлмелерін жылу жүйесімен және бекетті ыстық сумен қамтамасыз ету;
Қалалық жылу желілерін, суық және ыстық сумен қамтамасыз етуді қосу жерінде есептеу құралдары орнатылуы тиіс.
161. Тоннельдік желдеткіш, жергілікті желдеткіш жүйелері, «ВДУ, ПД» түтін жойғыш, су ағызатын және арналық бекеттік сору қондырғылары, әуе жылулық жамылғысы, су жинау ұңғымалары, су құбыры торабының магистралдық желілері, бекеттік желдеткіш бекітпелері және гермоклапандар бекет кезекшісінің бөлмесінен жүргізілетін автоматика құрылғысымен, ара қашықтық сигнал беру жүйесімен және диспетчерлік пункттен телебасқарумен жабдықталуы тиіс.
Тоннельдік желдеткіш жүйелерінің жұмыс тәртібі мен кестесін Метрополитен басқармасы бекітеді. Ерекше жағдайларда пойыз диспетчерінің немесе электромеханикалық қызмет диспетчерінің талабы бойынша олардың жұмыс тәртібін уақытша өзгертуге рұқсат беріледі.
162. Негізгі су ағызатын сорғыш қондырғының әрқайсысында кемінде екіден сорғышы және қалалық суағарға екіден кем емес қысымдық шығаруы, транзиттік және жергілікті де – екіден кем емес сорғыш болуы тиіс.
Әрбір сорғы судың толық дебитіне есептелген болуы тиіс.
Бекеттердің жылыту пункттерінде жылыту жүйесі екі айналма сорғылармен (жұмысшы және резервтік) жабдықталуы тиіс.
Канализациялық сорғы қондырғыларының екі сорғысы (жұмысшы және резервтік) және қақпағы бар қабылдағыш резервуары болуы керек.
Су жинағыштағы судың және су қоймасындағы сұйықтың деңгейіне байланысты сорғыштың қосылуы немесе ажыратылуы автоматты болуы тиіс.
Барлық су ағызатын және арналық сорғыш қондырғылар судың немесе сұйықтың апаттық деңгейін хабарлайтын сигнал беру жүйесімен жабдықталуы тиіс.
163. Су жинағыштағы судың ең биік деңгейі ағызатын құбырдан немесе науадан 100 мм төмен, ал төменгісі- сорғыш тор жиегінен 200 мм-ге биік болуы тиіс.
164. Су құбыры желілерінің қажеттi мөлшерде өрт сөндіретін және су ағызатын шүмектері (крандары) болуы тиіс, ал олардың тоңға айналу қаупі бар жерлерде (тоннельдік желдеткіштің желдеткіш арналары және т.б.) – тиісті қорғауы болуы тиіс.
Жолаушылар өтетін жерлердегі өрт сөндіретін және су ағызатын шүмектерге шығу мүмкiндiгiне арналған қақпақтар (люктер) бекітетін құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
Инженерлік – техникалық жабдықтар мен құрылғыларға қызмет көрсету
165. Жолаушы платформасының шетінен 60 м астам қашықтықта, тоннель жанындағы өндiрiмде орналасқан электр механикалық шаруашылық бөлмелерінде кіреберісте байланыс құралдарымен жабдықталған қызметтік көпіршелері болуы тиіс.
Желдеткіш шахталарының дүнгіршектері есіктердегі күзеттік сигнал беру жүйесімен және биіктігі 200 мм табалдырықшалармен жабдықталуы тиіс.
166. Барлық ысырмалар мен түтікше қақпақтары сәйкес түстерге боялуы тиіс:
су құбырының желілері, бекеттердегі су ағызатын және арналық қондырғылар – қызыл түске;
тоннельдердегі су құбырының желілері және арналары - қара түске;
жылу желілері – Құрылыс мөлшері мен ережесінің талаптарына сәйкес.
Сумен жабдықтау жүйесінің, жылыту жүйесінің магистарльдарындағы барлық жапқыштары нөмірленуі тиіс.
Метрополитен басқармасының шешімі бойынша жекелеген жағдайларда ысырмалар мен вентильдерін басқа түстерге бояуға рұқсат беріледі.
167. Су ағызатын желілерге қоқысты, қышқылдар мен жанар-май материалдарын төгуге жол берілмейді.
168. Электрмеханикалық қызмет дистансаларында, диспетчерлік пунктерде және апаттық құрылымдарда инженерлік- техникалық жабдықтары мен құрылғыларының сыртқы және ішкі қатынас жолдарының (коммуникациясының) сызбасы болуы тиіс.
Бұл құжаттарға барлық өзгерістер уақытында енгізілуі тиіс. Магистральдардағы ысырмалардың орналасуын көрсететін бекеттік су құбырының сызбасы диспетчерлік пунктте электрмеханикалық қызметтің диспетчерінде, сондай-ақ осы жүйелерге қызмет көрсету бойынша тиісті учаскелерде болуы тиіс.
169. Электрмеханикалық қызметтің инженерлік-техникалық құрылғыларына қызмет көрсетуге тағайындалған басқа қызмет жұмыскерлері осы құрылғыларға қызмет көрсету тәртібіне үйретіліп, олардың білімдері тексерілуі тиіс.
Электрмеханикалық қызметтің дистанса бастығы инженерлік-техникалық құрылғыларды басқаруға тағайындалатын басқа қызмет жұмыскерлерін оқытуға және жүйелі түрде олардың білімдерін және осы құрылғыларды басқару шеберлігін тексеруге тиісті тұлғаларды белгілейді.
Құрылыстар мен құрылғыларды тексеру және оларды жөндеу
Құрылыстар мен құрылғыларды тексеру
170. Құрылыстар, құрылғылар және қызметтік – техникалық ғимараттар тиісті ережелер мен нұсқаулықтарда белгіленген тәртіпке және мерзімдерге сәйкес жүйелі түрде тексерілуі тиіс.
Құрылыстарды, құрылғыларды және қызметтік – техникалық ғимараттарды тексеру оларға тікелей қызмет көрсететін жұмыскерлерге және өздерінің қарамағында есептелетін бекет, телім, дистанса, электрдепо, қызметтерінің бастықтарына жүктеледі.
171. Бағыттамалы бұрмаларды комиссия тексеруі тиіс:
кем дегенде айына бір рет бекет бастығының төрағалығымен, жол шебері және ПҚАТ телімінің жетекші инженерімен бірлесе отырып;
тоқсанына бір рет бекет басшысының немесе оның орынбасарының төрағалығымен, жол дистансасының бастығы, автоматтандыру, белгі беру және байланыс дистансасының бастығымен немесе олардың орынбасарларымен бірлесе отырып.
Қажетті жағдайларда, парктік және басқа жолдардағы бағыттамалы бұрмаларды тексеру кезіндегі комиссия жұмысына, парктік және басқа жолдарға жанасатын ауланың жүргізілуі берілген, бөлімше бастықтары қатысуы тиіс.
Басқа қызмет жұмыскерлерінің бағыттамалы бұрмаларды тексеруге қатысу қажеттілігін метрополитеннің бірінші басшысы бекітеді.
172. Бекет бастығының төрағалығымен комиссия бекетінің құрылыстары мен құрылғыларын айына бір рет тексеруі тиіс. Комиссия құрамын метрополитеннің бірінші басшысы бекітеді.
Аспалы құрылғылардың бекіткіш торабын тексеру метрополитеннің бірінші басшысы бекіткен тәртіппен және мерзімділігімен орындалады.
Жыл сайын көктемде және күзде метрополитеннің барлық ауыспалы көрсеткіштерінің, ПҚАТ құрылғыларының, байланыс және түйіспелі желісінің жағдайына комиссиялық тексеру жүргізілуі тиіс. Жүргізу тәртібі, комиссия құрамы және мерзімі метрополитеннің бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
173. Ақаулықтарды жоюдың мерзімдері және белгіленген шаралардың орындалуы жазылған комиссиялық тексеріс журналға тексеру қорытындылары және анықталған ақаулықтарды жою үшін қажетті шаралар енгізіледі.
174. Қызмет басшылары мен бөлімше басшылары бір ведомствоның қарамағындағы бөлімшелердегі шаруашылықтың жағдайын жүйелі түрде тексеруі және жұмыскерлердің технологиялық тәртіпті сақтауын және қозғалыс қауіпсіздігіне, сонымен қатар барлық құрылыстар мен құрылғылардың жарамды күйде күтіп ұсталуына кепіл беретін барлық шараларды қабылдауы тиіс.
175. Метрополитеннің бірінші басшысы және оның орынбасарлары құрылыстардың, құрылғылардың және қызметтік –техникалық ғимараттардың iрiктемелік тексеруін, сонымен қатар жұмыс технологиясының орындалуын және метрополитен бөлімшелеріндегі қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын тексерулері тиіс. Тексеру жүргізудің тәртібі мен мерзімін метрополитеннің бірінші басшысы белгілейді.
Құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу
176. Құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу жұмыстары қозғалыс қауіпсіздігі мүлтіксіз қамтамасыз етілген және ең алдымен қозғалыс кестесі бұзылмаған жағдайда жүргізілуі тиіс.
Жасанды құрылыстарды,жолдарды, түйісу рельстерін, ПҚАТ құрылғыларын және байланысты, аралықтар мен бекеттердегі энергиямен жабдықтау және басқа құрылғыларды жөндеу негізінен түнгі уақытта электрпойыз қозғалысы тоқтағанда және түйісу рельсіндегі кернеу алынғанда (түнгі «толаскез» мезгілінде) жүргізілуі тиіс. Пойыздар қозғалысына рұқсат берілмейтін жұмыстар аралықтар мен бекеттердегі қозғалыс жолдарын жапқаннан кейін жүргізілуі тиіс.
Парктік жолдардың ағымдағы күтіп ұстау бойынша жұмыстарын орындау үшін қозғалыс кестесінде және маневрлік жұмыс жоспарында технологиялық «толаскездер» қарастырылуы тиіс. «толаскез» ұзақтығын метрополитеннің бірінші басшысы белгілейді.
Эскалаторлардың ағымдағы жөндеу жұмыстары негізінен түнгі уақытта (түнгі «толаскез» мезгілінде) жүргізілуі тиіс.
177. Кабельдердегі немесе оған таяу жерлердегі, сонымен қатар пойыз радиобайланысының толқын ағызғы жанындағы кабельдің немесе толқын ағызғының зақымдану мүмкіндігі бар жердегі жұмыстар кабельдік желіге немесе толқын ағызғыға қызмет көрсететін жұмыскерлердің техникалық қадағалауы бойынша жүргізілуі тиіс. Осы жұмыстардың келісу тәртібін Метрополитен басқармасы бекітеді.
178. Метрополитен пайдаланатын құрылыстарда басқа ұйымдардың жұмыс жүргізу тәртібін Метрополитен басқармасы бекіткен нұсқаулықта белгіленеді.
Басқа ұйымдардың метрополитен құрылыстарынан 10 м қашықтықта жұмыс жүргізу тәртібі метрополитен және құрылыс ұйымы бойынша жасалған бірлескен бұйрығымен белгіленеді.
179. Жөндеу жұмыстарының басталуы мен аяқталуын мыналар белгілейді:
үлкен көлемдегі жұмыс үшін немесе күрделi жағдайдағы өндірісте - Метрополитен басқармасы;
түнгі «толаскез» мезгілінде жүргізілетін және жолдың жабылуын талап ететін басқа да жұмыстар үшін – жұмысты басқарушының пойыз диспетчерімен келісімі бойынша;
түнгі «толаскез» мезгілінде жасалатын және шаруашылық пойызын өткізуге рұқсат беретін - жұмысты басқарушымен;
Аралықтар мен бекеттердегі жолды жабуды талап ететін жұмысты басқарушы, сонымен қатар жұмыс барысында кенеттен пайда болған ақаулықты жою бойынша басқарушы пойыз диспетчерімен байланыста болуға міндетті.
180. Аралықтар мен бекеттердегі кез-келген қозғалыс кедергісі (тоқтатуды талап ететін жер), сондай-ақ тоқтатуды талап ететін немесе жылдамдықты азайтатын қозғалыс үшін қауіпті жұмыс жүргiзу орны, пойыздың келуі күтілеме жоқ па, соған қатыссыз екі жағынан да сигналдармен қоршалуы тиіс.
Жол берілмейді:
қозғалыс үшін қауіпті кедергіні немесе жұмыс жүргiзу орнын сигналдармен қоршағанға дейін жұмысты бастауға;
кедергі жойылмай, жұмыстар толығымен аяқталмай, жолдың, түйіспелік рельстің және габариттің жағдайы тексерілмей кедергіні немесе жұмыс жүргiзу орнын қоршаған сигналдарды алып тастауға.
181. Кедергіні немесе жұмыс жүргiзу орнын қоршау тәртібі сигнал беру жөніндегі Нұсқаулықпен белгіленеді.
182. Қозғалыс үшін жабылған басты жолға шығу есігі пойыз диспетчерінің бұйрығында көрсетілген жабық жол шегінде орнатылатын тасымалды тоқтау сигналдарымен барлық бағытта қоршалады.
Тасымалды тоқтау сигналдарын жұмысты басқарушы немесе оның нұсқауымен басқа жұмысшы орнатады.
183. Жұмыс жүргiзу орнын қоршайтын тасымалды сигналдарды орнату дұрыстығына, олардың көрсетімінің дұрыстығына және жарамдылығына жұмысты басқарушы және орнатқан жұмысшы жауап береді.
184. Пойыз диспетчерінің, бекет кезекшісінің, (орталықтандыру посты кезекшісінің) және жұмысты басқарушының алдын - ала тексеру Журналында жазбасы болмайынша, тоқтату сигналымен қоршауды немесе жылдамдықты азайтуды талап ететін бекет жолдарында жұмыс жүргiзуге жол берілмейді.
Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмысты басқарушы (орталықтандыру посты кезекшісі) Тексеру журналында рәсімделген жазба негізінде бекет кезекшісі, (орталықтандыру посты кезекшісі) құрылғыларды іске қосады.
Кенеттен пайда болған ақаулықтарды жою бойынша жұмыстарды орындауда жұмыстың басталуы мен аяқталуы жөніндегі жазбасы Тексеру журналында тіркелген жеделхатпен (телефонограммамен) ауыстырылуы мүмкін.
Аталған жеделхатты жұмысты басқарушы пойыз диспетчеріне, бекет кезекшісіне, (орталықтандыру посты кезекшісіне) тоннельдік байланыс бойынша тапсырады, ал парктік жолдарда – бағыттамалы байланыс бойынша жұмысты басқарушыға соңынан жеке қолын қойғызып.
185. Аралықтар мен бекеттердегі жолдардың (парктіктен басқа және бұдан өзгелерінің), сондай-ақ бекет шегіне қосылмайтын жалғастырушы тармақша жолдардың ашылуы мен жабылуы пойыз диспетчерінің бұйрығымен іске асады.
Парктік және бұдан басқа жолдардың ашылуы мен жабылуы пойыз диспетчерінің бұйрығымен жүргізіледі.
Метрополитеннің бірінші басшысына пойыз диспетчерінің өкімімен бекет жолдарының ашылуы мен жабылуы жүргізілетін тәртіпті орнатуына рұқсат беріледі.
Жолы жабылатын бекеттің немесе аралықтың (телімнің) жабылатын жолын шектейтін бекеттің Тексеру журналында жазылған жұмыс басталар кездегі өтiнiмі немесе жұмыс біткеннен кейінгі хабарландыруы аралықтар мен бекеттік жолдардың жолдарының ашылуы мен жабылуының негізі болып табылады.
Өтiнiм немесе хабарландыру жазбалары пойыз диспетчері диспетчерлік бұйрықтар журналында, ал тиісті бекеттерде - Тексеру журналында жазылған тоннельдік немесе диспетчерлік байланыс арқылы беріліп, тіркелетін жеделхатпен ауыстырылуы мүмкін.
Жұмысты қай ұйым орындағанына тәуелсіз, пойыздардың толассыз және қауіпсіз қозғалысы үшін аралықтардағы жолдардың немесе бекеттік жолдардың ашылуы жөнінде Тексеру журналында жазылған хабарландыруда немесе жеделхатта жұмыстың аяқталғаны және кедергінің жоқтығы туралы көрсетілуі тиіс.
Жұмыс аяқталғаннан кейін жеделхатты қабылдаған бекеттердің бірінде жеделхатты жіберген жұмыскер оны өз қолымен Тексеру журналында растауы қажет.
Жолдың жабылуы туралы өтiнiм мен жұмыстың аяқталғаны туралы хабарландыруды рәсімдеу құқығы берілетін жұмыскерлер лауазымының тізімін метрополитеннің бірінші басшысы бекітеді.
186. Аралықтардың (телімнің), бекеттік жолдардың жабылатын жолдарының шектері пойыз диспетчерінің келісімі бойынша жабуға өтінім рәсімдейтін жұмыскермен орнатылады және өтінімде (жеделхатта) аралықтың, бекеттің (телімнің) жолының жабылуы туралы көрсетіледі.
187. Жұмыстарды басқарушы аралықтағы жолдың немесе бекеттік жолдың жабылуы туралы пойыз диспетчерінің бұйрығын алғанға дейін және жұмыстар жүргізетін жерді тасымалды тоқтау сигналымен қоршап болғанға дейін жұмыстарды бастауға жол берілмейді.
Аралықтағы жолдың, бекеттік жолдардың жабылуы туралы бұйрықты жұмыстардың басқарушысына жазбаша түрде, ал қажетті жағдайда- диспетчерлік немесе тоннельдік байланыс арқылы беріледі.
Аралықтардың немесе бекеттік жолдардың жабылған жолдарында бағдаршамдарды пайдалану тоқтатылады, бұл жайында пойыз диспетчерінің бұйрығында міндетті түрде көрсетіледі.
188. Аралықтағы немесе бекеттік жолдардың жабылған жолдарындағы бағыттаманы бұруға тек пойыз диспетчерінің өкімімен рұқсат етіледі.
Электрпойыздар қозғалысы басталар алдында желілердегі жұмыстар аяқталуы тиіс:
аралықтың, жалғастырушы тармақшаның, бекеттік жолдардың жабылуына байланысты - пойыз диспетчерімен келіскен мерзімінен кем емес уақытта;
аралықтың, жалғастырушы тармақшаның, бекеттік жолдардың жабылуына байланысты емес – түйісу рельсіне кернеу беру туралы бірінші ескертпелік сигналдың мерзімінен кем емес уақытта;
189. Жұмыстарды басқарушы жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыстар жүргізген жерлерді тексеріп, түйісу рельсіне кернеу беруді, электр пойыздардың толассыз және қауіпсіз қозғалысын және жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететін жағдайға келтіруі тиіс.
190. Тоннельде немесе жерүсті жолдарында түнгі уақытта жұмыс жүргізген барлық жұмыскерлер түйісу рельсіне кернеу беру туралы екінші ескертпелік сигнал беретін уақытқа дейін бекетке шығулары тиіс. Адамдардың тоннельден немесе жерүсті жолдарынан бекетке уақытында шығуына жұмысты басқарушылар жауапты болады.
191. Металл құрылмаларға қызмет көрсету, жөндеу және оларды пайдалану тәртібі метрополитеннің бірінші басшысы бекіткен арнаулы нұсқаулықпен белгіленеді.
Жылжымалы құрам
192. Электрдепоның, электржылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету пунктерінің, жөндеу базаларының, мотовоз депосының және жылжымалы құрам шаруашылығының басқа құрылыстары мен құрылғыларының орналасуы мен техникалық жабдықталуы электрпойыз қозғалысының белгіленген мөлшерінің, жылжымалы құрамды дұрыс пайдаланудың, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуі тиіс.
193. Жылжымалы құрам оның толассыз жұмысын және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жарамды күйінде күтіп ұсталуы тиіс.
Ақаулықтардың пайда болуының алдын алу және жылжымалы құрамның белгіленген қызмет мерзімдерін қамтамасыз ету оның техникалық күтімі мен жөндеуі үшін жауапты тұлғалардың жұмысындағы басты міндет болуы тиіс.
194. Вагондардың барлық элементтері беріктігі, орнықтылығы және техникалық күйі бойынша метрополитен вагондарының техникалық шартымен бекітілген электрпойыздардың барынша жоғары жылдамдықтармен қауіпсіз және жатық қозғалысын қамтамасыз етуі тиіс
195. Пайдалануға қабылданған жылжымалы құрамның құралымына өзгерістер енгізуге тек метрополитеннің бірінші басшысының рұқсатымен жылжымалы құрамды жасаушының келісімі бойынша жол беріледі
196. Жаңадан құрастырылған жылжымалы құрам, оны пайдалануға беруден бұрын сынақтан өтуі және Метрополитен Басшылығы бекіткен тәртіппен жеткізуші - зауыттан қабылдануы тиіс.
197. Жылжымалы құрамның әр бірлігінің төмендегідей анық ажырату белгілері мен жазулары болуы тиіс: нөмірі, жасап шығарушы зауыттың тақтайшасы, ыдысының салмағы, резервуарлар мен бақылау құралдарын куәландыратын тақтайшалар мен жазулар. Жылжымалы құрамдағы басқа белгілер мен жазулар Метрополитен Басшылығы бекіткен тәртіппен енгізіледі.
198. Жылжымалы құрамның әр бірлігі үшін ең маңызды техникалық және пайдаланымдық сипаттамаларын қамтитын техникалық төлқұжат жүргізілуі тиіс. Электрпойыздың әр құрамына (локомотив) Вагондардың (локомотивтің) техникалық жағдайының журналы жүргізілуі тиіс. Журнал пішіні мен оның жүргізілу тәртібін Метрополитен Басшылығы бекітеді.
199. Электрпойыздар жылдамдық өлшегіштермен, АТР/АТО (RF-CBTC жүйесі кезінде пойызды басқару үшін) жылжымалы құрам қауіпсіздігі және бақылау, жылжымалы құрамның диагностикасы мен жұмыс қабiлеттiлiгін тіркеушімен, пойыздық радиобайланыспен және жолаушыларды ақпараттандырудың техникалық құралдарымен, сонымен қатар пойыз қозғалысын автоматтық басқару құрылғысымен жабдықталуы мүмкін.
200. Вагонның жолаушылар бөлмелерінде есіктерді қолмен ашу мүмкіндігін туғызу үшін электрлі-пневматикалық басқаруды ажырату крандарымен жабдықталуы тиіс.
Вагондар жолаушыларды жоғары дауысты хабарландырғыш құрылғыларымен және «жолаушы- машинис» шұғыл байланысымен жабдықталуы тиіс.
201. Вагондардың электр жабдықтарының, шамадан тыс жүктелуден, қысқа тұйықталудан және қызудан қорғайтын аппаратурасы болуы тиіс. СОБ құрылғысының және байланыстың қалыпты жұмысын бұзатын тоқтар жылжымалы құрамнан сорғыш желіге қосылмауы тиіс.
Электржылжымалы құрамның доңғалақ жұптары
202. Метрополитен басшылығы бекіткен әр доңғалақ жұбы жылжымалы құрамның доңғалақтар жұптарын тексеру, куәландыру, жөндеу және қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықта, EMU электржылжымалы құрамды (бұдан әрі - ЭЖҚ) техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша ережеде белгіленген талаптарды қанағаттандыруы және оның өсінде доңғалақ жұбының құрылуының және толығымен куәландыруының уақыты мен орны туралы анық қойылған белгілері, сондай- ақ оның құру кезінде қабылданғаны жөніндегі таңбасы болуы тиіс.
Белгілер мен таңбалар белгіленген тұстарға қойылады. Доңғалақ жұптары жылжымалы құрам астындағы тексеруден, әдеттегі және толық куәландырудан өтуі, ал жеткізу кезінде тиісті журналдарда немесе төлқұжаттарда тіркелуі тиіс.
203. Жүктелмеген доңғалақ жұбы доңғалақтарының ішкі қырларының арасындағы қашықтық 1440 мм болуы тиіс. Ауытқулар ұлғаю немесе азаю жағына 3мм, ал жаңадан дайындалған доңғалақ жұптары үшін мынадай ауытқуларға рұқсат етіледі: ұлғаю жағына қарай 1мм –ге, азаю жағына – 3мм- ге дейін.
Жүктелген доңғалақ жұбының төменгі нүктесіндегі доңғалақтардың ішкі қырларының арасындағы қашықтықты, доңғалақ жұбының төлқұжатында көрсетілген мөлшерден 2 мм асырмай азайтуға рұқсат беріледі.
204. Жылжымалы құрамның доңғалақ жұптарында ең болмағанда келесі бір тозулар мен зақымданулар бар болған жағдайда пайдалануға берілмейді:
доңғалақ жұптары өсінің кез-келген бөлігінде сызат немесе электрлік күю пайда болғанда;
домалау шеңбері бойынша резиналы доңғалақ жұптары үшін
біркелкі желіну 3 мм, тұтастай илемделген доңғалақ жұптары үшін 5мм, сонымен қатар доңғалақтардың желіну айырмашылығымен бір доңғалақ жұбы үшін 2мм болғанда;
домалау шеңбері бойынша айырғыш (жұлу) қақпақшамен орнатылған доңғалақ жұптары үшін әркелкі желіну – 0,5 мм, басқа доңғалақ жұптары үшін - 0,7 мм –ден астам болса;
жалдың биіктігі – 33мм –ден астам немесе жалдың басынан 20 мм қашықтықта өлшеген кезде 25 мм –ден аз болғанда;
арнаулы қима үлгімен өлшенетін 20мм –ден астам биіктіктегі жалдың тік қиюы және жалдың үшкір төсемі;
домалау беті бойынша тереңдігі 0,3 мм ойық (шұңқыр) болғанда;
кез-келген элементте сызат немесе жiктелу, табан темірде айрылу немесе қабыршақ болғанда, сонымен қатар домалау бетіндегі жарық торлары мөлшерден көп болса;
табан темір қондырғышының немесе құлыптау шығыршығының босауында, доңғалақ күпшегі немесе тісше доңғалағы жылжығанда;
доңғалақтың домалау үстіндегі уатылып бітуі 200мм көлемде, тереңдігі 1мм –ден астам болғанда;
Желіде тереңдігі 0,3 мм ойық анықталғанда жылжымалы құрамның қозғалу тәртібін Метрополитен басшылығы бекітеді.
205. Доңғалақ жұптарының куәландыруы мен жөндеу жұмыстары арнайы жөндеу пункттерінде осы жұмысты орындауға құқылы тұлғалармен жасалуы тиіс..
206. Жылжымалы құрамның шаруашылық бағыттағы доңғалақтар жұптарына қойылатын талаптарды Метрополитен басшылығы бекітеді.
Тежегіштік жабдық және автотіркегіш құрылғы
207. Жылжымалы құрам автоматтық - пневматикалық тежегіштермен (автотежегішпен) жабдықталуы тиіс.
Жолаушыларды және жүктерді тасымалдауға арналған электржылжымалы құрам автоматтық пневматикалық тежегіштерден басқа электр тежегіштермен де жабдықталуы тиіс. Вагонның әрбір өсі тежегіштік болуы тиіс.
Электржылжымалы құрамның автоматтық-пневматикалық және электр тежегіштері вагондардың әртүрлі жүктемесі кезінде тежегіш жолының тұрақтылығын сақтау және доңғалақ жұптарының айқасуын болдырмайтын және шұғыл тежегішпен тоқтатқан немесе 1, 2-кестелерде келтірілген есептелген арақашықтықтан аспайтын тежегіш жолындағы АТР/АТО құрылғыларынан тежеген кезде пойыздың тоқтауына кепілдік беретін тежегіш күштеуді қамтамасыз ету үшін автотәртіптік құрылғысы болуы тиіс.
208. Электржылжымалы құрам машинисінің әр кабинасында шұғыл тежеуге арналған батырма, ал вагонның қарама-қарсы жағында – тоқтату шүмегінің (кранының) батырмасы болуы тиіс.
Машинистің кабинасы жоқ вагонда тоқтату шүмектері вагонның екі шетінде, орындықтың арт жағында болуы тиіс.
Локомотивтерді тасымалдауға арналған жылжымалы құрам тоқтату шүмегімен жабдықталуы тиіс..
209. Жылжымалы құрам Метрополитен басқармасы бекіткен есептік деректер бойынша белгіленген тежегіштік басуды қамтамасыз етуі және белгіленген ереже бойынша күтіп ұсталып, тұрақталған немесе қол тежегіштерімен жабдықталуы тиіс.
210. Ажыратылған немесе сынған жағдайда габариттен шығуын немесе жолға құлауын тудыратын вагондардың барлық түйіндері (узлы) мен бөлшектерінің сақтандырғыш құрылғылары болуы тиіс.
211. Локомотивтердің тіркелетін жүк массасының есебімен нақты тежеу жолының есептілік тежеу жолдарына сәйкестігі мерзімді түрде тексерілуі тиіс.
Тежеу жолдарын тексеру тәртібі мен мерзімін метрополитеннің бірінші басшысы бекітеді.
212. Жылжымалы құрам автотіркегішпен жабдықталуы тиіс.
213. Құрамдағы вагондардың дұрыс тіркелуіне жылжымалы құрамды дайындаушы жұмыскер (аға шебер, шебер, бригадир) жауапкершiлiкті болады.
214. Шаруашылық пойыз құрамындағы жылжымалы бірліктердің дұрыс тіркелуіне шаруашылық пойыз машинисі жауапты.
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |