Реферат тақырыбы: Зерттеу нәтижелерін дисперсиялық талдау Орындаған: зкр-31 топ студенті Бисембина Г.Ә


Тапсырма №3 Ноқат дақылының ауруларына бақылау жүргізу және күресу шаралары



жүктеу 297,99 Kb.
бет8/9
Дата24.04.2020
өлшемі297,99 Kb.
#29969
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бисембина Г-ЗКР31

Тапсырма №3 Ноқат дақылының ауруларына бақылау жүргізу және күресу шаралары

Ноқат әртүрлі 15–тен астам өсімдік ауруларымен зақымдалады. Олардың ішінде кең таралғандары: фузариоз, антракноз, переноспороз, бактериоз, аскохитоз, ақ және сұр шірік, мозайка, т.б. сондай –ақ ноқаттың егіс алқабында арамшөптердің 20-дан астам түрлері кездеседі. Олардың ең зияндылары: шырмауықты таран, ақ алабота. Кәдімгі қарасұлы, ошаған, егіс қышасы, жусанды ойраншөп, дала шырмауығы, т.б.

Ноқат дақылының переноспороз ауруы барлық аймақта кездеседі, әсіресе республиканың шығысындакең таралған. Ауруға негізінен өсімдіктің жапырағы, кейде басқа топырақ үсті мүшелері шалдағады. Кесел жергілікті және диффузды күйде таралуы мүмкін. Ауруға шалдыққан өсімдік жапырағының үстіңгі бетінде пішіні дөңгелек, түсі ашық-жасыл, сарғыш жайылған дақтар пайда болады. Жапырақтың астыңғы бетінде, дақтардың тұсында күлгін – сұр түсті өңез түзіледі. Дақ кейін қоңырланып, ұлпасы жансызданады. Кеселге шалдыққан жас өсімдіктер нашар жетіліп, буынаралықтары қысқарып, жапырақтары майдаланып, дәндері жетілмей семіп, биіктеп өспей қалады. Аурудың қоздырғыштары – Perenospora туысының саңырауқұлақтары. Бұл саңырауқұлақтар арнайы бейімделген өсімдіктерді залалдайды.

Аскохитоз ноқат өсімдігінің ең негізгі ауруларының бірі болып саналады. Ауру грибоктары өсімдік қалдықтарының дәнінде қыстап шығады. Оның таралуы астыңғы жапырақтан басталады. Содан кейін сарғылт теңбіл дақтар өсімдік сабағын, жапырағын, бұршаққабын қаптап басып кетеді. Сонымен аскохитоз ноқат өсімдігінің фотосинтезін төмендетеді, өсуін нашарлатып, дән құруые азайтады да жалпы түсімге кері әсерін тигізеді. Егер өсімдік түгелдей зақымдалса, ол солып, соңынан кеуіп қалады. Бұл ауру ылғалы көп жылдары мол зиян келтіреді. Кесел оған душар болған өсімдіктердің дәндері мен аңыз қалдықтары арқылы таралады. Тұқымды мұқият кептіру бұл кеселге қарсы күресте жақсы нәтиже береді. Күресу шараларына аскохитозға төзімді ноқат сорттарын егу, ауыспалы егіс енгізу, егіске аурудан таза тұқымдарды пайдалану жатады.

Фузариоз шірік кеселінен азықтық бұршақ дақылдарының және басқа кейбір бұршақты өсімдіктердің тамырындағы, тамыр сағағындағы тканьдар қоңыр тартып бұзыла бастайды. Кесел ұлғая келе өсімдіктің жапырақтары мен сабақтары қарайып, қурайды. Кесел аңыз қалдықтары және тұқым арқылы таралады. Бұған қарсы шаралары: дұрыс ауыспалы егіс енгізу, тұқымды дәрілеу, аңыз қалдықтарын жою.

Антракноз кеселі көбінесе өсімдіктің бұршақтарына түседі. Бұршақтарда дөңгелек, сәл қысыңқы, айналасы көтеріңкі қоңыр жиекті, қоңыр – қызыл кең жолақты, қоңырқай теңбілдер пайда болады. Теңбілдер көп уақытта қосылып кетеді, онда бұршақтың қапталы шұрық тесілген болады. Кесел тұқым және егіннің топырақтағы қалдықтары арқылы таралады. Мұнда фузариоз шірікке қарсы күрестің шаралары қолданылады.



Бактериоз жапырақтарда, бейне екі жағынан қысып шығарғандай, майланып тұрған үлкен теңбілдер пайда болады. Бұршақтарда қызғылт жиекті суланған жұмсақ теңбілдер пайда болады. Бактериоз көбінесе кесел түскен тұқым және егіннің топырақтағы қалдықтары арқылы таралады. Мұнда да фузариоз шірікке қарсы күрестегі шаралар қолданылады.


жүктеу 297,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау