Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Агротехнология» институты
«Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Зерттеу нәтижелерін дисперсиялық талдау
Орындаған: ЗКР-31 топ студенті
Бисембина Г.Ә
Тексерген: а.ш.ғ.д, профессор Насиев.Б.Н
Тапсырма №1 Математикалық статистика негіздері
Қандай да бір сапалық немесе сандық белгілермен сипатталатын нысандар жиыны статистикалық жиынтық деп аталады. Тексерілуге жататын (ең болмағанда, теория жүзінде) барлық нысандардан тұратын статистикалық жиынтық бас статистикалық жиынтық деп аталады. Бас жиынтықтан кездейсоқ түрде таңдалынып алынған қандай да бір нысандар санынан тұратын статистикалық жиынтық таңдама жиынтық немесе жәй таңдама деп аталады. Бас жиынтық деп таңдама жүргізілетін объектілер жиының айтамыз. Бас жиынтықтағы элементер санының оның көлемі деп аталады. Таңдама элементтерінің саны оның көлемі деп аталады. Таңдама жиынтықты зерттеу арқылы барлық бас жиынтық жөнінде қорытынды жасалынатын статистикалық зерттеу әдісі таңдама әдіс деп аталады. Статистикалық әдістердің көмегімен таңдама қасиеттері бойынша бас жиынтықтың қасиеттері туралы анық тұжырым жасау үшін, таңдама репрезентативті болу керек, яғни мүмкіндігі бойынша бізге қажет бас жиынтықтың қасиеттерін бейнелеу керек.
Таңдау тәсілдері:
І. Бас жиынтықты бөлшектерге бөлуді талап етпейтін таңдау, бұған жататындар:
а) жәй кездейсоқ қайталанбайтын таңдау;
б) жәй кездейсоқ қайталанатын таңдау;.
II. Бас жиынтық бөлшектерге бөлінетін таңдау, бұған жататындар:
а) типтік таңдау;
б) механикалық таңдау;
в) сериялық таңдау.
Жай кездейсоқ таңдама деп барлық бас жиынтықтан обьектілерді бір-бірден алатын таңдаманы атайды. Егер алынған карточкаларды бумаға қайтармаса, онда таңдама жай кездейсоқ қайталанымсыз болады. Типтік таңдама деп, обьектілер бас жиынтықтың барлығынан емес, оның әрбір «типтік» бөлігінен алынатын таңдаманы атайды. Механикалық таңдама деп бас жиынтық таңдамаға қанша обьект қажет болса, сонша топқа бөлінетін таңдаманы атайды, әрбір топтан бір обьект алынады. Сериялық таңдама деп бас жиынтықтан обьектілерді бір-бірден емес, жаппай зерттеуге ұшырайтын обьектілер «сериялармен» таңдап алатын таңдаманы атайды.
Таңдаманың статистикалық таралуы.
Алынған таңдамалық зерттеулерді жүйелендіруде таралудың статистикалық дискретті және интервалды қатарлар қолданылады.
1. Дискретті статистикалық таралу. Полигон. Бас жиынтықтан таңдама алынсын, және х1-n1 рет, х2-n2 рет, ..., хk-nk рет қайталанады, х1 мәндерін варианталар деп, ал өсу ретімен жазылған варианталар тізбегін вариациялық қатар деп атайды.
-таңдама көлемі.
Қарастырылатын мәндер санын жиіліктер, ал олардың таңдама көлеміне қатынасын салыстырмалы жиіліктер
- деп айтады.
Таңдаманың статистикалық таралуы деп варианталар мен оларға
сәйкес жиіліктер немесе салыстырмалы жиіліктердің тізбегін айтады.
түріндегі кесте дискретті статистикалық қатар деп аталады. Жиіліктердің қосындысы тандама көлеміне тең
кестесі салыстырмалы жиілік статастикалық заңы деп аталады. Салыстырмалы жиіліктердің қосындысы 1-ге тең
Көрнекілік үшін статистикалық таралудың түрлі графиктер салынады, соның ішінде полигон мен гистограмма тұрғызылады. Жиіліктер полигоны деп (х1, n1), (х2, n2), ..., (хк, nк) нүктелерін қосатын сынық сызықты айтады жиіліктер полигонын тұрғызу үшін абциссалар осінде хі варианталарын, ал ординаталр осінде-оларға сәйкес nі жиіліктерді орналастырады.
(хі, nі) нүктелерін түзудің кесінділерімен қосып, жиіліктер полигонын салады.
Салыстырмалы жиіліктер полигоны деп кесінділері (x1,w1), (x2,w2),..., (xк,wк), нүктелерін қосатын сынық сызықты айтады. Салыстырмалы жиіліктер полигонын тұрғызу үшін абциссалар осінде xі варианталарын, ал ординаталар осінде оларға сәйкес Wі салыстырмалы жиіліктер полигонын тұрғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |