Антон Семенович Макаренко (1888-1939) - кеңестік педагог. Педогогика тәжірибедегі бұрын болмаған қараусыз калған жетім балаларды жалпылай қайта тәрбиелеудің тәжірибесін жүзеге асырды. Авторитарлық пен анархизмге бағытталған тәрбие теориясын сынаған. Өз жұмысында тұлға мен қоғамның диалектикалық бірлігі және адамның шығармашылық күшіне деген сенім қағидасын басшылыққа алды. Балалардың оқуы мен оларды еркін өндірістік шығармашылық жұмыспен тәрбиелеуді біріктіре алды. Ұжымдық тәрбие теоретиктерінің бірі, ол: ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу; тұлғаны сыйлау мен оған талап қою; параллельді әрекет ету қағидаларын жасаушы. Отбасылық тәрбие теориясын дамытқан. Адамгершілікке тәрбиелеу үшін бала бойында жауапкершілікті, жігерді, намысты, мінезді және тәртіпті тәрбиелеу керек деп түсінген. Жыныстық тәрбие мәселесін азаматты тәрбиелеудің жалпы жүйесінен бөлмеуді ұсынған.
Ұжым мәселесін зерттеуде А.С.Макаренко елеулі үлес қосты. Ұжымдық тәрбие теориясын талдай отырып, А.С.Макаренко: “Жеке тұлғаны қоғамнан, ұжымнан бөліп қарауға болмайды, тек ғана ұжымда жеке тұлғаның нышандарын жан-жақты дамыту, оның нағыз еркіндігі және қызығулары мен қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін”. А.С.Макаренко балалар ұжымын ұйымдастыру және топтастырудың педагогикалық жүйесін негіздеді және тәжірибеде ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу әдістемесін байқап көрді, педагогика ғылымын байытуға ерекше үлес қосты. 30-жылдары негізгі көңіл дидактиканың жалпы проблемалары мен жеке пәндердің әдістемесіне бөлінді. 30-жылдары қабылданағн мектеп туралы қаулылар білім беру мен оқытудың теориясы дамуының негізгі бағыттарын анықтап берді.
Федор Филиппович Королев (19 қыркүйек (1 қазан) 1898 жыл — 13 маусым 1971 жыл, Мәскеу, РСФСР, КСРО) — Кеңестік ғалым-педагог, РСФСР АПН академигі (1965), КСРО АПН академигі (1968). Педагогика теоретигі және тарихшысы педагогика тарихының, тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістерінің әртүрлі өзекті мәселелеріне тоқталды.
Ертедегі жұмыстар балалар коммунистік қозғалысының теориясына (Королев кеңестік педагогикалық ғылымда ерекше бағыт ретінде қарастырған), мектеп оқушыларын тәрбиелеуге, политехнизм мәселелеріне арналған.
"Педагогиканың жалпы негіздері" ұжымдық іргелі еңбегін дайындауға басшылық еткен (1967 ж., В. Е. Гмурманмен бірлескен редактор), онда отандық педагогикалық теорияны дамытудың негізгі мәселелері қойылған.
"В.И. Ленин және педагогика" монографиясының (1971) және "марксистік-лениндік педагогиканың әдіснамалық мәселелері" кітабының (1971 ж., А. М. Арсеньевпен бірге) авторы.
1917 ж. — 1918 ж. жазы; 1918-1920 жж.; 1921-1931 жж.; 1931-1940 жж.; 1941-1945 жж.; 1945 — 1950 жылдардың соңы. Бұл октябтан кейін қайта құру және халықтық білім беруді дамыту процесін егжей-тегжейлі қарастыруға мүмкіндік берді
Достарыңызбен бөлісу: |