Реферат Тақырыбы: Химия әдістемесінің қалыатасуы мен дамуы. 20-21 ғасырлардағы жетекші педагогтар мен психологтар


Блонский Павел Петрович (1884-1941)



жүктеу 29,94 Kb.
бет4/7
Дата07.02.2023
өлшемі29,94 Kb.
#41177
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Реферат Орынбекова Инабат

Блонский Павел Петрович (1884-1941) - орыс және кеңес педагогы, психологы, философия бойынша 200-ден астам ғылыми еңбек жазған. Психология, педагогика («Еңбек мектебі», «Педагогика», «Халық мектептерінің мәселелері мен әдістері», «Балалар жынысы туралы очерк» және т.б.), еңбектері жарық көрді. Блонский байырғы мектептерді сынады, еңбек және өздік білім алуға бағытталған жаңа мектептер құрудың негізін дәйектеді. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ой еңбегінің, эстетикалық, адамгершілік және атеистік тәрбиенің ерекеше рөлі бар деп санады. Мұғалімдерді даярлау, педагогиканы оқыту әдістері мәселелерін жазды. Блонский көптеген психологиялық еңбектері педагогикалық бағытта болды.
РИВЕС Соломон Маркович-Одесса мектеп-коммунасында гуманистік педагогика принциптері негізінде тәрбиеленген. Ата-анасының қамқорлығынсыз.Бұл жүйенің негізгі буыны бала болды. Ұжым еңбек тәрбиесі, өзіне-өзі қызмет көрсету, оқушылардың шығармашылық мәдени өмірі негізінде құрылды. Пед. р. тұжырымдары кн-да жинақталған. "Коммунистік тәжірибе. тәрбие. Мектеп-коммунадан балалар қалашығына дейін. Қазан төңкерісі " (1924, совм. н. М. Шульманмен бірге).
Дидактика, мектеп ісі, тарих мәселелерін зерттеген. 1917 жылдан кейінгі педагогика. Оның жаңа әдістер мен ұйымдар мәселелері жөніндегі жұмыстары. ат-да оқыту формалары. 20-шы жж., оның ішінде кн. "I кезең мектебіндегі мақсатты тапсырмалар әдісі және Дальтон жоспары" (1927), мұғалімдер арасында өте танымал болды. Өмірінің соңғы жылдарында ол оқу процесінде оқушыларды тәрбиелеу мәселесін зерттеумен айналысты.
Шацкий Станислав Теофилович (1878-1934) - кеңес педагогы. Педагогика іс-әрекетін 1905 жылы Мәскеудің жұмысшылар шеттерінің балалар мен жасөспірімдері арасында бастады, онда басқа педагогтармен бірге Ресейдегі алғашқы балалар клубтарын ашты. 1911 жылы Калуга губерниясында «Сергек өмір» атты жазғы еңбек колониясын ұйымдастырды, онда жыл сайын жазға балалар клубтарынын 60- 80 ең белсенді балалары баратын. Колонияның негізгі міндеті бала ұжымын ұйымдастыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларға қоғамдық өмір дағдыларын еңбек негізінде үйрету үшін жағдай жасау болды. 1919 жылы «Халық ағарту бойынша бірінші тәжірибелік станция» ұйымдастырды. Шацкий тәрбиені дене өсуінен, еңбектен, ойыннан, өнерден, ақыл-ой іс-әрекетінен, әлеуметтік өмірден тұратын балалар өмірін ұйымдастыру деп түсінді. Ұжым үшін қажеттілігі түсініле отырып орындалатын еңбекке ең жоғары тәрбиелік мән берді. Оқытуды еңбекпен біріктіру оқу процесінің саналылығын аттырады деп есептеді.
С.Т.Шацкий мектеп ортаны өзгертуге қатысуы қажет деп санайды. Тұлғаның шығармашылық дамуына ортаның теріс ықпалы байқалатын болса, онда оқу-тәрбие үдерісін арнайы ұйымдастырылған ортада жүргізу қажеттігін ұсынды.
Еркіндік ұстанымына құрылған оқу-тәрбие үдерісі мемлекеттік мектептерден өзгеше болуы тиіс, мектепішілік жұмыста білімді бағалаудан, емтиханнан бас тарту, қайырымдылыққа негізделген орта құру, баланың күш-қуаты мен мүмкіндігіне сенім арту, оқыту талаптарының табиғи болуы, балаларға ешқандай тәндік жаза мен моральдық қысым көрсетілмеуі, оқушылардың оқу әдістері мен мұғалімдерді таңдауына ерік берілуі керек деп есептеді.
Оқуды еркіндік ұстанымына негіздеуді ұстанған педагог мектепті үкімет бақылауынан босату керек деді.
Еркін тәрбие тұжырымдамасы бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ортаның ықпалы күшті деп ескертеді. Баланың ерік сапасын қалыптасыруда ақыл-ой, адамгершілік, дене дамуын қамтамасыз ететін өнімді еңбектің маңызын ерекше атап көрсетеді.
С.Т.Шацкийдің педагогикалық еңбектерінде баланы еңбекке тәрбиелеудің теориялық және тәжірибелік қыры жан-жақты ашылып көрсетіледі. Ол баланың жас кезіндегі еңбегін өнермен және ойынмен тығыз байланысты дамыту қажеттігі туралы құнды пікірлер ұсынады.

жүктеу 29,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау