Тест спецификациясы
Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын ағылшын тілі пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест.
2. Мақсаты: жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізу.
3. Міндеттері: жалпы білім беретін орта мектептердің 9-сынып оқушыларының ағылшын тілі пәні бойынша білім деңгейлерін анықтау.
4. Тест мазмұны. Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгей – 10, екінші деңгей – 6 тапсырма, үшінші деңгей – 4 тапсырма.
Тест мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпшалары
|
01
|
Лексика мен орфография
|
01
|
Синонимдер, антонимдер
|
02
|
Лексикалық бірліктердің тіркестігі.Ауызекі сөйлем лексикасы, орфография.фонетика
|
03
|
Аударма
|
04
|
Фразалық етістіктер
|
05
|
Идиомалар. Мақалдар
|
02
|
Морфология
|
01
|
Артикль, предлогтар
|
02
|
Туынды сөздер.Приставкалар, жұрнақтар, жалғаулар. Күрделі сөздер
|
03
|
Зат есім. Зат есім түрлері. Зат есімнің тәуелденуі
|
04
|
Есімдіктер: жіктік, тәуелділік, сілтеу, белгісіздік, сұраулы
|
05
|
Сын есім мен үстеу. Сын есім мен үстеудің салыстырмалы шырайлары
|
06
|
Cан есім. Есептік және реттік сан есімдер
|
07
|
Етістік. Етістіктің негізгі түрлері: 'to be', Indefinite Tense (present, past, future), Continuous Tense (present, past, future), Perfect tense (present, past), Passive Voice. Can, could, must модальды етістіктері
|
08
|
Gerund, Participle
|
03
|
Синтаксис
|
01
|
Сөйлемдер: жай, болымсыз және сұраулы сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
|
02
|
Төл сөз, төлеу сөз. Шақтардың қиысуы
|
03
|
Құрылым, айналым.there is/there are, to be going to.Complex object
|
04
|
Мәтінмен жұмыс
|
01
|
Мәтінмен жұмыс
|
05
|
Елтану
|
01
|
Қазақстан
|
02
|
Ұлыбритания, ағылшын тілінде сөйлейтін елдер
|
5.Тест жоспары:
1 жартыжылдық: Лексика мен орфография– 10 тапсырма
Морфология – 10 тапсырма
2 жартыжылдық: Лексика мен орфография– 5 тапсырма
Морфология – 5 тапсырма
Синтаксис - 5 тапсырма
Мәтінмен жұмыс - 1 тапсырма
Елтану - 4 тапсырма
6. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Лексика мен орфография: өтілген лексикалық бірліктердің (сөз, сөз тіркестері) негізгі мағыналары; тілді оқытатын елдегі сөздік этикеттің негізгі шамалары (репликалар, кең таралған лексикалар); өтілген сөздердің дұрыс жазылуы.
Морфология: сөз тіркестерінің (аффиксация, күрделі сөздер, конверсия) негізгі әдіс-тәсілдері; өтілген грамматикалық көріністердің белгілері (етістіктің шақ формалары, ырықты және ырықсыз етістер, модальды етістіктер және оның эквиваленттері, артикльдер, зат есімдер, сын есім мен үстеудің салыстырмалы шырайлары, есімдік, сан есім (реттік, жинақтауыш), предлог.
Синтаксис: жай және күрделі сөйлемнің құрылымының өзгешеліктері; төл сөзді төлеу сөзге аударудың ережелері; етістіктің формалары (причастие және герундий);
Мәтінмен жұмыс: түпнұсқа мәтіннің негізгі мазмұнын түсіне отырып оқу (тақырыпты анықтау, негізгі ойды белгілеу, басты фактілерді анықтау, мәтіндегі негізгі фактілердің логикалық тізбектілігі)
Елтану: Ұлыбританияның Бірікккен Корольдігінің және солтүстік Ирландияның мемлекеттік құрылымы; АҚШ, мектептердегі білімінің өзгешеліктері және мектептің үлгілері; ағылшын тілді елдердің және Қазақстанның мәдениеттік мұрасы; бүкіләлемдік белгілі көрікті орындар, Қазақстанның және оқылатын тілдің елінің мәдениетінің үздік қайраткерлері.
7. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 30 минут.
8. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:
Бір нұсқада 20 тест тапсырмасы беріледі.
Тест нұсқаларының баламалылығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
9. Тапсырмалар формасы:
Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
10. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін 1 балл беріледі. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда оқушы 20 балл алады.
Достарыңызбен бөлісу: |