ІІІ.Қорытынды
Қорыта айтсақ, Базар жырау Оңдасұлы өзінің халық алдындағы қадір-қасиетін түсіне білген. Елі, халқы үшін еңбек етіп, адал жүріп анық басқан. Дұшпанын сынаудан бір тынбай, тілін тартпай өткен. Заманының шыншыл жырауы болған. Өзінің «Құмарын тарқат алқаның» атты толғауында «Халықтың аузын тұшыттым», – деуінің сыры да осы[5;27]: «Тереңдігім теңіздей, Қайратым қоңыр өгіздей. Халқымның аузын тұшыттым, Сере шыққан семіздей. Дабысым кетті алысқа Жиреншенің өзіндей». Бұл туындысында ақын өзін халыққа аңыз болған Жиренше шешенге салыстырады. Бұл жайдан-жай айтылған салыстыру деп айтуға болмайды. Шынында да, Базар – өз тұсында аты аңызға айналған шешен. Оны халық Жиреншеден кем көрмеген [1; 675]. Кез келген мәселені нақты, деректі жырлау арқылы Балқы Базар шығармалары толғаудың жанрлық мүмкіншілігін жетілдіре түсті. Көркем шығарманың өзі өмір сүріп отырған дәуірдің ділгір мәселелерін көтеруін, уақытпен үндесуін, реалистік сипатының артуын жолға қойды. Сондықтан да біз сөзімізді Базар жыраудың «Сұм дүние» атты керемет толғауындағы [5; 76-77]: «Мына қысқа дүниеден, Шайыр өлмес дер едім; Сайраған қызыл тіл берген, Көңіліне сонша жыр берген; Алжаспай сөзді ағытып, Есебін тауып үлгерген; Мәжілісінде жақсының – Дәурен сүріп, күн көрген; Ерегескен олармен – Ажалы жетпей күнде өлген», – деген бүкіл ақын атаулыға берілген тамаша бағамен аяқтағанды құп көріп отырмыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы: Оқулық. – Алматы: «Санат», 1997. – 928 бет.
2. Әлиев О. Отан тарихын оқыту: әдеби құндылықтар – рухани тәрбиенің негізі // Қазақ тарихы. – 2012. – № 1 (112). – 27-28-беттер.
3. Іскендірұлы Ғ. Жат жұртта жерленген жампоздар // «Егемен Қазақстан», 1 сәуір 2016 жыл, 11-бет.
4. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары. – Алматы: Ғылым, 1988. – 352 бет.
5. Базар жырау. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1986. – 200 бет.
6. Кәрібозұлы Б. Саңлақ сүлей – Базар жырау // «Қазақ әдебиеті», № 3 (3219), 21 қаңтар 2011 жыл, 6-бет.
7. Балқы Базар // Алаш. – 2010. – № 6 (33). – 26-29-беттер.
8. Жұмабаев М. Шығармалары: Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер / Құрастырғандар: Абдуллин Х., Дәрімбетов Б., Жұмабаева З. – Алматы: Жазушы, 1989. – 448 бет.
9. Ізтілеуов Т. Назым: Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1982. – 320 бет.
10. Алдашев Ш. Базар жырау (1841-1911) // Базар жырау. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1986, 5-20 – беттер.
11. Неталиев М. Кіші жүз шежіресі (Тарихи-этнографиялық зерттеу). – Алматы: «Арыс» баспасы, 2014. – 296 бет.
12. Үсенбаев Т. Қазақ шежіресі. Екінші том: Орта Жүз – Жан-Арыс. – Алматы: Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-і, 2007. – 376 бет.
13. Қазақ Совет энциклопедиясы. 2-том / Бас редакторы М.Қ. Қаратаев. – Алматы: «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1973. – 640 бет.
14. Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Үш томдық. Том 2 / Құрастырғандар: М. Байділдаев, М. Мағауин. – Алматы: Жазушы, 1984. – 336 бет.
15. Шәмші Ж.. Базар жырауға лайықты бағасын бере алдық па? // «Қазақ», № 48 (562), 2 желтоқсан 2011 жыл, 5-бет.
Достарыңызбен бөлісу: |